Жер бетіндегі климат неге тәуелді? Дүниетану, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

1-бөлім «Жанды табиғат»

Мектеп:

Мерзімі: 1-тоқсан

Модератор: Сейтахметова Ж.М.

Сынып: 3

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жер бетіндегі климат неге тәуелді?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.2.1 Жер климатының негізгі түрлерінің сипаттамаларын анықтау.

Сабақ мақсаттары

Оқушылар

  • климат ұғымын түсінідіре алады;
  • жер климатының негізгі түрлерінің сипаттамаларын анықтай алады.

Бағалау критерийлері

  • оқушылар климат пен ауа райының айырмашылығын айтады;
  • жер климатының белдеулерін ажыратады және сипаттайды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • климат пен ауа-райы айырмашылығын ауызша әңгімелей алады;
  • климаттық белдеулерді атай алады;
  • жазбаша сұрақтарға жауап бере алады.

Терминология:

Климат,климаттық белдеулер

Пайдалы сөз тіркестер:

Климаттық жағдайлар өсімдіктердің, жан-жануарлар мен жәндіктердің, адамдардың тіршілігіне ....

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық – бірлесе ұжым мен топ болып жұмыс жасау арқылы, жауапкершілік – оқушылардың әр тапсырмаға мұқият болып, нәтижеге ұмтылу арқылы көрініс табады.

Пәнаралық байланыстар

География:Экватор, полюс ұғымдары талданады

Жаратылыстану:оқушылар климаттық белдеулерде өмір сүретін жануарларды анықтайды

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушыларда ауа райы, ауа райының болжамы туралы түсініктері бар. Ауа райын бақылай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-3

4-5

5-7

  • Топқа бөлу Оқушылар жыл мезгілдері бойынша төрт топқа бөлінеді. Ол үшін арнайы жыл мезгілдерінің суреттері бірнеше бөлікке бөлініп таратылады. Оқушылар сурет кесінділерінен тұтас бейне құрастыру үшін ортаға шығып, топтарға бөлінеді.
  • Топта талқылау және ой білдіру Әр топтың оқушылары таңдаған жыл мезгіліне сипаттама береді. Сол мезгілдегі ауа-райына ерекше тоқталады.
  • Болжау Оқушылардан «климат» ұғымын естігендері бар ма деп сұралады. Білетін оқушылар бар болса олардың ой-пікірлері ортаға салынады
  • Сабақ мақсатын анықтау
  • Сабақ тақырыбы мен мақсаты жайлы оқушылардың болжамдары айтылады
  • Сабақ мақсаты ұсынылады:

-климат ұғымын түсінеміз;

-климаттық белдеулерді сипаттауды үйренеміз;

Жыл мезгілдерінің қима суреттері.

Презентация Слайд№2

Сабақ ортасы

7-12

12-15

16-21

22-29

30-34

  • Салыстыру (Топта)

Оқушыларға өзбеттерінше оқулықтағы материалды оқу ұсынылады. Әр топ ауа райы мен климаттың ұқсастығы мен айырмашылығын көрсету үшін Венн диаграммасын толтырады. Ауа райының неге жиі өзгеретіндігін және оның немен байланыстылығын топта талқылап, мысалдар келтіріп, дәлелдейді.Әр топ жұмыстарын 2 минут уақытта қорғайды. Ұстазбен бірлесе «климат» ұғымы бекітіледі.

  • Дүниежүзінің климат картасымен жұмыс (Ұжымда)

Оқушыларды тақтада ілінген дүниежүзінің климат картасына жақындап келеді. Өз еріктерімен 2-3 минут жақсылап танысып, өзара ой бөлісу ұсынылады. Бұл карта нені көрсетеді? Не үшін осы түстермен белгіленген?

  • Мәтінмен жұмыс Инсерт әдісіұпта)

Оқушыларға климаттық белдеулер туралы ақпарат бар парақтар таратылады. Оқушылар материалды оқи отыра төмендегидей белгілер қояды: + ақпарат маған таныс; !ақпарат мен үшін қызықты; ? ақпарат мен үшін сұрақ тудырды; * ақпарат мен үшін жаңа

Толтырылған парақтар бойынша ең алдымен жаңа және қызықты болып табылған ақпарат талданады, кейннен сұрақ тудырған тұстар талқыланады. Ұстазбен бірлесе климаттық белдеулер атаулары қайталанып, пысықталады.

  • Дидактикалық ойын «Мекенін тап» (топта)

Климаттық белдеулерде (экваторлық, тропиктік, полярлық, қоңыржай) өмір сүретін жануарлар суреттері 4 топқа таратылады. Оқушылар жануарлардың мекенін тауып магнит арқылы (скотч) тақтадағы картаға жабыстырады. Әр топ жануардың не себепті сол белдеуде мекендейтінін дәлелдейді.Топта оқушылар бір-бірінің жұмыстарын бағалап, кері байланыс береді.

.

  • «Сәйкестендір» тапсырмасы (жеке)

Білімді пысықтау және бағалау мақсатында қолданылады. Әр оқушыға парақ таратылды.Оқушылар сабақта алған білімдерін қолданып, берілген сипаттама мен климаттық белдеуді сәйкестендіреді.

Бағалау критерийлері:

  • оқушылар климат пен ауа райының айырмашылығын біледі;
  • жер климатының белдеулерін ажыратады және сипаттайды.

Венн диаграммасы сызылған 4 А3 парағы

Оқулық, 6бет

Дүниежүзінің климат картасы (плакат)

Таратпа материал

Дүниежүзінің климат картасы (плакат)

Жануарлардың суреттері

Тапсырма парағы (бала санына) /дидактикалық материалға қараңыз/

Сабақтың соңы

35-40

  • Рефлексия «Оңтүстік және солтүстік»

Тақырыпты өте жақсы түсіндім деген оқушылар оңтүстік жаққа, ал әлі де көмек қажет деген оқушылар солтүстік жаққа жиналады. Солтүстікке жиналған оқушылар оңтүстікке «қонаққа» барып, сұрақтарына жауап алады.

Қима сөздер

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ барысында оқушылардың бұрыңғы білімі мен тәжірибесін бөлісуге көп мән беріледі. Бұл қабілеті жоғары оқушыларға өз деңгейінде жұмыс жасауға көп мүмкіндік береді.(3,4,5,6 тапсырмалар) Оқуда кедергісі бар оқушылар үшін жұпта жұмыс жасау қорқынышты басып, сенімді жауап беруге жағдай жасайды.(7,10 тапсырма)

Қабілеті жоғары оқушылар үшін қосымша «Климаттық белдеулерде өсетін негізгі өсімдік түрлерін анықтап,таныстырылым жаса» тапсырмасын ұсынуға болады

Бағалау және кері байланыс беру сабақтың өн бойында жүріп отырады.

Салыстыру тапсырмасында оқушылар жұмысының нәтижесі оқулықтағы бірінші мәтін мазмұнына сәйкестендіру арқылы бағаланады.

Дидактикалық ойын соңында оқушылар бір-бірінің жұмыстарын бағалап, кері байланыс береді.

Оқушылар сынып бөлмесінде қозғалу барысында, топтық жұмыс барысында қауіпсіздік техникасы сақталады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу