СПИД және оны болдырмау сақтану жолдары

Ғасыр дерті аталған дерт төңірегінде қалыптасып отырған тауқымет әр жерде әр түрлі. Бұл ретте Теміртау мен Павлодар өңірлері көш басында тұрса, Астана да қауіпті дертке ауыздықтала бастапты. 1997 мен 2005 жылдардың арасында Астанада 55 адамның ВИЧ індетін жұқтырғаны анықталған.

– Алматыда ВИЧ індетін жұқтырғандардың динамикасында қандай өзгерістер бар?
– Алматыда СПИД дертіне ауыздықталғандардың қалғандардың динамикалық өсімі 2000-2001 жылдары ерекше байқалды. Ал 2002-2003 жылдары жағдай тұрақтала бастағандай сыңай байқалды. ВИЧ-тің ең жоғарғы сатысы – СПИД-ті жұқтырған 7 адам о дүниелік болып кетті. 2003 жылы ВИЧ індетін жұқтырған 183 науқас тіркелсе, 2004 жылы олардың қатары 196-ға жетті. Соңғы екі жылда ғана ВИЧ індетін жұқтырған әйелдерден туған баланың саны – 10, олардың 5-уі туыла салысымен профилактикалық ем қабылдап, індетті жұқтырудың ықтималдылық мүмкіндігін 10 пайызға төмендетсе, қалған 4-уі дәрігерлердің бақылауында тұр, ал 10-шы бала өзбекстандық анасымен бірге еліне қайтарылды.
Ал жалпы есепте, Алматы қаласында 668 диагнозы дәлелденген науқас ресми түрде тіркелген. Науқастың таралу көзі бұрынғыдай – нашақорлар, жезөкшелер және кездейсоқ жандармен сақтанбай жыныстық қатынас жасаған жеңіл жүрісті жандар. Ал олардың өз еркімен орталыққа келіп, «мені тексер» демейтіні белгілі. Науқасқа шалдыққаны кездейсоқ тексерілген кезінде ғана анықталады. Демек, біздің есебіміздегі 668-ден әлденеше есе көп, 4-5-мыңның шамасында болуы да мүмкін.
Ертеректе індетті тасымалдаушылардың 50 пайызы сырттан келгендер болса, ол қазір 20 пайызға кеміді, қазір дертті жұқтырушылардың 80 пайызы алматылықтар, бұл дегеніңіз ғасыр дерті «алматылық» бола бастады деген сөз. Көңілге медеу тұтатынымыз, індетке шалдыққандардың арасында жасөспірімдер жоқ.
– Індетті ауыздықтау мақсатында қандай шаралар қолданып жатырсыздар?
– ВИЧ індетін тасымалдаушылардың 80 пайызы ортақ шприцті қолданатын нашақорлар. Оларға көмек көрсету мақсатында 10 жерден жедел жәрдем кабинеттерін аштық, олардың 3-уі көшпелі. Онда нашақорларға бір ретті шприцтер беріледі, бұған қоса індеттің зардабы туралы әдебиеттермен танысады.
Қуыс-қуыстарда, үй аулаларында қан дағы бар уколдардың шашылып жататыны ешкімге таңсық емес. Біраз ата-аналар ойын балаларының сол уколдарды қызық көріп, ауыздарына салатыны, тіпті денелерін түйреп көруге әрекеттенетіндері жөнінде шағымданып жатады. Түрлі қайырымдылық орталықтарынан тартылған (волонтерлер) еріктілер нашақорлармен әңгіме жүргізу барысында, қолданылған шприцтердің қайтарылуына да баса көңіл бөледі.
– Медицина терапиясы ВИЧ індетін жұқтырғандардың өмірін қанша жылға ұзарта алады, соңғы жаңалықтары не дейді?
– Әлемдік медицина қауымдастығында СПИД созылмалы дерт ретінде ғана қаралады. Дәрі-дәрмектердің СПИД вирустарына қарсы тұра алатын құрамы олардың мөлшерін қысқартып, адам өмірін ұзартуға мүмкіндік береді. Қазір ВИЧ індетін жұқтырғандардың жағдайы үнемі инсулинмен жүретін қант диберіне шалдыққан науқастардікімен бірдей.
Қазір әлемдік қауымдастық «үшке-бес» деген ұсыныс төңірегінде көбірек айтып жүр. Таратып айтар болсақ, 2005 жылы 3 миллион адамның өмірін арашалау. Ал Қазақстан жағдайында 250 адамға медициналық жәрдем көрсетіледі. ДСҰ ұйымынан да, әлемдік қауымдастық қорынан да 2008 жылға дейін жететін жеткілікті қаржы бөлінді.
Құрамына ВИЧ вирустарын алатын дәрілер Үндістанға жеткізіледі. Індетке байланысты үнді терапиясының ерекшелігі, ем қабылдаушы науқастан аса дәлдікті қажет етеді. Егер грамынан қателессе – соған дейін қабылданған дәрілердің дәрулік қасиеті жойылады. ....
Рефераттар
Толық

Сөйлеудің оқыту процесінде дамуы

Адамзаттың жануарлар дүниесінен ерекшеленуі мен табиғатты меңгерудегі басты іс-әрекеттің бірі және өзіндік қасиеті – оның дыбысты анық тілі. Дыбысты тіл арқылы адамзат өзара қарым-қатынас жасап, іс-қимылы мен өмір-тіршілігінің бейнесін қалыптастырады, өмір тәжірибелерін ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдырып отырады.Тіл – дегеніміз сөздік белгілердің жүйесі. Ал белгі – шындық пен болмысты білдіретін бөлшек.Осы белгінің қасиеттеріне орай әр алуан іс-әрекеттер орындалып, жүзеге асады. Белгілердің немесе тілдің екі түрлі мәні бар. Жалпы тілдік белгілерді психологиялық фактор әрі құралдеуге де болады. Тілдік белгінің бірінші мәні – оның қоғамдық-әлеуметтік мәні. Адамзат тарихында бұл белгілер қоғам арқылы қабылданып, әр түрлі нәрселердің мән-жайын түсіндіреді. Мысалы, көшелерде жүріп-тұру мен жол белгілері. Бұл – белгі, ал сөз – қару. Тілдік белгілердің екінші мәні – олар арқылы адамдар бір-бірімен қарым-қатынас жасап, пікір алысатындығы. Соған орай дара адам үшін әрбір белгінің мәні бар, олар оның саналы түрдегі іс-әрекетіне әсер етеді.
Тіл үш түрлі қызмет атқарады: 1. Адамзаттың қоғамдық тәжірибесі. Бұл қызмет адамның тіл арқылы білімді меңгеріп, дүниені танып білуін қамтамасыз етеді. 2. Тілдік қатынас нәтижесінде адамдар тілдесіп, бір-бірімен түсініседі. Тілдің мұндай қызметін ғылыми атауда коммуникативті қызмет деп атайды. 3. Әрбір адамның өз мінез-құлқы мен іс-әрекетіндегі даралық тәжірибелерді күнделікті тіршілікте қолданып отыруы, сөйтіп, сыртқы орта мен жағдайлардың өзгеруіне бейімделуі. Адам өзінің ғана емес, өзгелердің де тәжірибелерін қолданады, алға қойған мақсат-міндеттерін шешеді. Мұндай әрекеттер адамның ақыл-ойымен байланысты.....
Рефераттар
Толық

Сөйлеу мәдениеті жеке адамның білімдік және тәрбиелік көрсеткіші

Сөйлеу мәдениеті- адамның жалпы мәдениетінің ажырамайтын және құрама бөлімі. Сөйлеу мәдениеті сипаттамасы, ұғымның теориялық қорытындысын талдау.
Мұғалім сөзі –оқыту, тәрбиелеу әдісі. Сөйлеу мәдениетінің тәрбие теориясы біліміненғ, жұмыстағы ептілік, дағды оқу пәнінің және оған шектес пәндер материалдарын игеруге өз бетінше жетілуге үздіксіз талаптануға негізделген мұғалімнің жан-жақты қызметімен байланысты.
Жеке адамның сөйлеу мәдениетін көтеруде мұғалімге қойылатын жауапкершілік.
Сөйлеу техникасы - көркем сөз оқу өнері сөйлеу техникасын әбден меңгеруді талап етеді. Сөйлеу техникасы сөйлеу мүшелерінің қызметімен тығыз байланысты. Сөйлеу техникасына жақсы жаттықпаған, дағдыланбаған адам көркем шығарма тексін таңдыушыларына ауызша мәнеріне, мақамына келтіріп жеткізе алмақ емес. Сөйлеу техникасын игеру тәсілі музыкалық аспаптарды күйіне келтіру сияқты. Егер аспап күйіне келмесе, орындалатын шығарманың әуезділік сапасы төмендейді, тыңдаушылардың, құлағына жағымсыз тиеді. Демек, тексті оқыр алдында сөйлеу техникасына біршама көңіл бөліп, дайындық жұмысын жүргізу қажет.
Сөйлеу техникасына: тыныс алу, (ауына ішке жүту, сыртқа шығару), дауыс, дикция (үн реңкі) жатады.
Мәнерлі сөйлей білу мен оқи білу деңгейіне көтерілу үшін, тілдің дыбыс шығаратын мүшелерін көп жаттықтыру, сөйлеу техникасы біліп, игеру міндеті қойылады. Бұл мәселеге қазақ тілінің фонетикасын өткенде, дыбыстардың шығу, жасалу орнына айрықша көңіл бөлінеді. Сөйлеу мүшелері және оның дыбыс жасаудағы қызметі баса айтылады.
Мектеп жасына дейінгі балдырғандардың дыбыстау мәдениетін тәрбиелеу жөнінде арнайы оқу құралы қазақ тілінде жоқ, сондықтан қазақ тілі дыбыстарының жасалу жолдарын жогары оқу орнына арналған оқулықтан қараңыздар. ....
Рефераттар
Толық

Сөйлеу

Адам өзінің өмір қажетін өтеуге байланысты басқа біреулермен пікірлеседі, өз қимыл – қозғалыстарын басқару, реттестіру үшін басқалармен қарым – қатынасқа түседі.Бұл үшін ол белгілі бір ұлттың, ана тілінің грамматикалық ерекшелігіне сәйкес сөз тіркестерін пайдаланады.
Адам баласының сана – сезімінің дамуында дыбысты тілдің пайда болуы – ның маңызы зор болды.Ф.Энгельс «маймылдың адамға айналу процесіндегі еңбектің шешуші ролінкөрсете келіп, сөз коллективтік еңбек процесінде қа – лыптасып келе жатқан адамдардың бір – біріне бірдеңе айтқысы келу мұқта- жынан» пайда болғандығын айтты.Тілдің пайда болуы мидың даму организмінің анатомиялық өзгерістерге түсуіне де қолайлы жағдай жасады. Соның нәтижесінде адамдарда дыбыс артикуляциясында қабілеті бар сөйлеу аппараты пайда болды.Осының арқасында адам жеке дыбыстарды ғана емес, түрлі дыбыс тіркестерін, тиісті мән – мағынасы бар сөздерді айта алатын қа – білетке ие болды.
Дыбысты тіл еңбекпен бірге адам санасы дамуының негізгі бір факторы болып табылады.Сондай – ақ тіл арқылы жеке адамның тәжірибесі, санасы ұжымның басқа мүшелерінің игілігіне айналады.Ал, кісінің санасы сыртқы ортаның ықпалымен, оқу – тәрбие процесінің әсерінің нәтижесінде үздіксіз дамып отырады.Бұл екеуінің дамуы бірімен – бірі шарттас.Тіл қатынас құралы ретінде коммуникативтік қызмет атқаруы,тілдің негізгі функциясы. Тіл сондай – ақ адам баласының қандай екендігінің психологиясының көрсеткіші де.Тіл адамды қимыл - әрекетке де итермелейді.Онда белгілі мән – мағына болады.Бұл оның атқаратын экспрессивтік сигналдық қызметі деп атайды.Тілдің бұл екі қызметі өзара тығыз байланыста болады.Олар үнемі қосақтаса, бірі екіншісін демеп, толықтырып отырады.Мысалы: «Мұғалім келді» деген сөйлемде мұғалімнің келгені жөнінде айтылса, «мұғалім келді ме?» деген сөйлем екінші бір адамды осыған жауап қайтаруға мәжбүр етеді.
Әрбір адам кішкентай кезінен бастап айналасындағы адамдармен пікірле – седі, өзінің күнбе – күнгі сөйлеу тәжірибесінде тілдің мағыналық жағын меңгереді,біртіндеп оның сөздік қоры молайып отырады.Бала алғашқы кезде көптеген дыбыстарды, жекелеген сөздерді үлкенденден еліктеу арқылы үйренеді.Ол өсе келе өз ана тілінің негізгі сөздік қорын, сол тілдің ішкі заңдылықтарын алдымен стихиялық түрде мектепке барған соң саналылық – пен үйрене бастайды.Бала есейе келе тілдің дамуы қоғам дамуының көп ғасырлық тарихи кезеңдерінде қалыптасып отыратын құбылыс екенін аңғара- ды.....
Рефераттар
Толық

Сөздің ауыспалы мағынасы

Бір көп мағыналы сөздің ішінде қарама-қарсылыққа негізделген семантикалық байланысты көрсететін аспект ретінде қарастыратын құбылыс – сөзішілік байланыс, энантиосемия.
Қарама-қарсылықтың осындай ерекше түрін алғаш ашып зерттеген В.Шерцль болатын. Ғалымның пайымдауынша, түбірлер және олардан пайда болған сөздер ежелгі дүниеде жалпы, ортақ, өте кең және көмексі мағыналы болған. Сол сөздерден уақыт өте келе әр түрлі реңдердің және өзіндік категорияларға бөлінудің нәтижесінде бірдей бір салаға жататындығына қарамастан, бір-біріне қарама-қарсы мағына бере бастайды. «Так из общего значения идти, двигаться», могли образоваться более конкретные «приходить» и «уходить» и. т.д. /Л.Новиковтан алынды/».
Жоғарыдағы пікірді жандандыра түсу үшін, сонымен қатар осы құбылысты сипаттаудағы терминдерді тәртіпке келтіру мақсатымен кейбір ойларды ортаға салсақ дейміз.
Семантикалық қарама-қарсылықты туындатудың бірден-бір оңтайлы әдісі деп В.Шерцльден соң Б.Г.Бобылев энантиосемияны айрықша атап өтеді. Алайда ғалымның зерттеген құбылысының өрісі энантиосемиядан тар.
Айды аспанға бір шығарды -
1. Даңқы жер жарды, аты шықты, даңғазалай жария етіп, таң қалдырды. Мұндағысы оның атақты саудагер Көк Орда ишік-атасы Мұхаммед әкім әл Таразидің мұрагері бар екен деп, жер-жиһанға дәріптеумен қатар, айды аспанға шығарға той жасап, атақ құмар саудагер, өзінің атын да өзгеге таныту еді /І.Е./.
2. Жағымсыз, ұнамсыз мағынада орынсыз әрекет еткен кісілерге қатысты берілген баға. Бүгін… бүгін, көрсетуіміз керек. Айды аспанға бір шығармасақ па?!/Т.А./.
Исіну 1. Жылқының сүт беруі; 2. Жылқының сүт бермеуі; (Бұл сөздің еш бағалауыштық қасиеті өзгермей-ақ қарама-қарсы мағынада жұмсалуы жайында Х.Нұрмұханов «Сөз және шеберлік» еңбегінде тоқталған болатын). ....
Рефераттар
Толық

Сөз таптары

Сөз тiркестерiнiң бағыныңқы, басыңқы сыңарының атауы сөз тiркестерiнiң басқа категорияларына қарағанда кейiн қалыптасты. С.Аманжоловтың грамматикасында сөз тiркестерiнiң бағыныңқы, басыңқы сыңарлары деген атау жоқ. Автор көбiне ондай терминнiң орнына: бастауыш пен баяндауыштың байланысы, толықтауыш пен баяндауыштың байланысы, анықтауыштың анықталатын сөзiмен байланысы, пысықтауыштың пысықталатын сөзiмен байланысы, деп, олардың сыңарларын сөйлем мүшелерiнiң байланысы тұрғысынан баяндап, сөз тiркесiнiң өзiн сөз таптары мен сөз таптарының тiркесi тұрғысынан емес, сөйлем мүшелерiнiң тұрғысынан қарастырады Автордың еңбектерiнде сөз тiркестерi мен сөйлем мүшелерiнiң жiгiнiң ажыратылмауынан, түптеп келгенде, сөз тiркесiне тiкелей қатысты басыңқы, бағыныңқы сыңарлар елеусiз қалған. Негiзiнде сөз тiркесiне қатысты әрбiр термин, оның негiзгi қасиеттерi қай уақытта болса да арнайы зерттеудiң объектiсi болуы керек.
Сөз тiркесiнен негiзгi мағлұматты 1939 жылдан бастап С.Аманжолов және оның шәкiрттерi жазған қазақ тiлiнiң синтаксисi кiтабынан ала аламыз және ол үлкен роль атқарады, сонымен бiрге, мұнда авторлардың сөз тiркестерiнiң басыңқы сыңары туралы пiкiрлерi толық келтiрiледi. “Басыңқы сөзiнiң қай сөз табынан болғанына қарай сөз тiркесi екiге бөлiнедi: есiмдi тiркес және етiстiктi тiркес. Басыңқы сөз зат есiмнен, сын есiмнен, кейде үстеуден болған тiркестi есiмдi деймiз. Мұндай тiркестiң бағыныңқы сөзi зат есiм, сын есiм, сан есiм, есiмдiк, етiстiктiң есiмше, тұйық етiстiк, - мақ, -мек жұрнақты түрi болады”- деп, әсiресе, есiмдiк басыңқы сыңарлардың қай сөзтаптарынан болатынын және бағыныңқы сыңарда жұмсалатын сөз таптарын көрсеткен [1. 60б]. ....
Рефераттар
Толық

Сөз және оның контексте қолданылуы

Сөз мағынасынан әр тілдің өзіңдік ерекшелігі мен өзіндік бояуы, ұлттық сипаты болады. Сөздің мағыналық жағынан дамуына сыртқы себептер де, ішкі себептер де ықпал етеді. Әсіресе, сөздің мағынасының өзгеруіне ішкі себептерден гөрі сыртқы себептер көбірек әсер ететіндігі байқалады. Сөз мағынасының ішкі (лингвистикалық) өзгерістерінің бір себебі, жаңа сөз немесе жаңа мағына сөздік құрамға келіп косылғанда, бұрыннан тілде бар сөздердің мағыналарымен өзара қарым-қатынасқа түсіп, солармен синонимдік байланыста жұмсалады. Мұндай жағдайда байланыс екі жақты болуы мумкін. Сөздік құрамға келіп қосылған жаңа сөз не жаңа мағына бұрыннан тілде өмір сүріп келе жатқан байырғы сөздер мен мағыналарға қандай әсері болса, байырғы сөздер мен байырғы мағыналардың жаңа сөздер мен жаңа мағыналарға да соңдай әсер етуі ықтимал.
Сөз мағынасының дамуы нәтижесінде мағына не кеңейіп, не тарайып отыру заңдылықтары туады.
Сөз мағынасының кеңеюі деп сөздің тұлғасын өзгертпей-ақ бұрыннан белгілі мағынасының үстіне жаңа қосымша мағыналарға ие болуын айтамыз. Ол негізінде метафоралық, метонимиялық және синекдохалық тәсілдер арқылы іске асады. Осы күні жиі айтылатын талқылау, қарау, табыс, жарыс, мүше, құру, құрылыс, қатынас, байланыс, жұрнақ, жалғау, тасымал, айналым, құн т.б. — бәрі де халықтық бұрынғы мағынасының негізінде жаңа мағынаға ие болған сөздер. Мысалы, талқылау бұрын «теріні талқыға салып жұмсарту» мәнінде қолданылса, кейін оған қоса «мәселені жан-жақты тексеріп, пікір алысу» мәнінде айтылатын болды. Байланыс — бұрынғы «қарым-қатынас, аралас» мәнінің үстіне кейін «хат-хабар, телефон, телеграф арқылы қатынас жасау орны, мекеме» мәніне ие болды. Күн - бұрын «кісі өлтіргені үшін айыпкердің не оның руының мал басымен беретін төлемі»
мәніңде болса, қазір саяси экономиканың термин ретінде қолданылады. Халық тілінде ежелден белгілі айдар сөзінің («адамның төбесіне қойылатын бір шоқ шаш») мағынасы кеңейіп, қазір газет-журналдарда «бір тақырып төңірегінде ұдайы берілетін материалдардың жалпы атауын» білдіретін болды.
Сөз мағынасының тараюы тарихи, қоғамдық, әлеуметтік т.б. жағдайларға байланысты сөздің кейбір мағынасының қолданыстан шығып қалуын білдіреді. Мысалы, көне түркі тілінде тон, тары деген атаулар кең мағынасыңда қолданылған. Тон — тек «қой терісінен тігілген киімді» ғана емес, «жалпы киім» атаулыны, тары — тек «дәнді дақылдардың бір түрін» емес, «егін, астық» атаулыны білдірген. Қол — «адамның дене мүшесі» ұғымымен бірге, тарихи, «әскер, жасак» ұғымында да қолданылған. Қарындас — көне түркі тілінде, ежелгі қазақ тілінде, қазіргі кейбір түркі тілдерінде «туысқан, бір тектес адамдар» мәнін білдірсе, қазіргі қазақ тілінде «бірге туған кіші қыздың ағасына туыстық қатынасын», болмаса «жасы үлкен ер адамның әйел балаға айтатын сөзін» білдіріп, мағынасы тарылған. Бірқатар сөздің қолданылу өрісі, мағынасы тарылғаны соншалық, олар тек бірен-саран фразеологиялық тіркестерде ғана сақталып қалған: міз бақпау, түлен түрту, қаншырдай қату, мұрны қолақпандай т.б.....
Рефераттар
Толық

Социологиялық зерттеу

Социологиялық зерттеуге – қоғам және оның өмір сүру, даму заңдылықтыры жатады.
Социологиялық нысан ретінде әлеуметтік өмірдің бір бөлшегін социологиялық зерттеу пәні етіп алу проблемалық жағдайдан, яғни кейбір әлеуметтік қайшылықтарды бөліп қарастыру қажеттілігінен туындайды. Проблемалық жағдай зерттеу пәнін құрайды, ал әлеуметтік өмір құбылыстарындағы проблемалық жағдайды шектеу – зерттеу нысанын бөліп алуға онтологиялық негіз болады.
Социология – тарихи қалыптасқан әлеуметтік жүйелердің дамуының, өмір сүруінің өзіндік заңдары мен заңдылықтары, жекелеген адамдардың, әлеуметтік топтардың, таптардың, халықтардың өміріндегі осы заңдардың әрекет ету механизмдері мен көріну формалары туралы ғылым.
Социологияны қоғамдық өмірдің бір ғана саласымен шектеуге болмайды. Социологияның зерттеу нысаны – индивидтердің қауымдастығы, олардың өзара қарым-қатынастарының ортасы түрінде қарастырылатын қоғам.
П. Сорокин ұзақ жылғы ғылыми ізденістерінің барысында социологияның пәні мәселесіне әлденеше рет қайта соғып, «Түрлі теориялық методологияның шекарасы мен пәні» (1913) атты арнайы жазылған көлемді мақаласында, «Қылмыс пен жаза» (1914), «Социология жүйесі» (1920) кітаптарының жеке тарауларында бұл мәселеге кеңінен тоқталды. Оның бұл мәселе туралы зерттеулері пікірлерінің сабақтастығымен, жүйелілігімен, талдауларының жаңашылдылығымен ерекшеленеді. П. Сорокин «Социология жүйесі» атты еңбегінде «әрбір социология теоретигінің бірінші міндеті бұл – пәннің анықтамасын айқындап алу, бұлай болмаған жағдайда айтқандардаң бәрі анық емес, бұлыңғыр деген кінә тағылуы мүмкін» деп жазды.
Қазіргі заманғы социология ғылымының зерттеу нысаны мен пәні бұл ғылымның ұзақ тарихи дамуының нәтижесі, ғалымдардың толқын-толқын ұрпақтары зерделеген ғылыми ізденістердің жемісі.....
Рефераттар
Толық

Социологиялық парадигмалар

Кез келген ғылым белгілі бір теориялық жүйелерге сүйеніп қалыптасады. Мұндай жүйелер жалпы мойындалған бір немесе бірнеше теорияларды қамтып отыруы мүмкін. Сол сияқты өзінің қалыптасу сәтінен бастап, социология бірнеше теорияларға негізделіп дамып отырды. Социолог-ғалымдардын әр топтары өздерінің ғылыми бағыт-бағдарына қарай, идеялық мақсат, мұраттарына қарай ор түрлі теорияларды басшылыққа алып отырды. Олардың әркайсысының өз методологиялық және методикалық принциптік негіздері болды. Міне, сол теорияларға негіз болған басты шарттар мен принциптердің жиынтығыи парадигмалар деп атайды. Кең мағынада парадигмаларды социологиядағы теориялық концепциядар деп карауға болады. Әр парадигма өзіндік талғампаздық симатымен ерекшеленеді. Олардың коғамдағы әртүрлі факторларға, адамдардың мінез-құлықтарына талдау жасауда маңызы зор. Сондықтан олардың ешқайсысы жеке-дара коғамға толық синаттама бере алмайды. Бірақ олардың әркайсы сының қоғамды тануда білгілі бір косатын үлесі бар.
Барлық социологиялық парадигмаларды қоғамды анализ жасау тәсілдеріне және өздерінің методологиялық принциптеріне қарай үлкен екі топқа бөлуге болады: 1) құрылымдық немесе макросоциологиялық парадигмалар; 2) интерпретатипті немесе микросоциологиялық парадигмалар. Бірінші топтағы, (кұрылымдық) парадигмалар қоғамды тұтас жүйе ретінде, оны ұйымдастыру, қызметтік мәселелерін және дамуын қарастырады. Ал екінші топтағы парадигмалар негізінен әлеуметтік іс-әрекет ретінде адамның мінез-құлқына баса көңіл бөледі.
Бірінші топтағы құрылымдық парадигмаға жататын парадигмаларға тоқталатын болсақ., олар төмендегідей:
1)функционалдық (қызметтік) парадигмалар;
2)конфликтік (конфликтологиялык) парадигмалар.
Конфликтологиялық парадигманын өзі үш тармаққа бөлінеді:
а) марксистік, б) неомарксистік, в) беймарксистік конфликтологиялық социология.
Екінші топтағы интерпретативті парадигмаларға жататындар:
1) әлеуметтік әрекетті қарастыратын парадигмалар;
2) символикалык интеракционизм;
3) феноменологиялык парадигма;
4) этнометодологиялык парадигмалар.
Олардың әркайсысына кысқаша тоқталатын болсақ, макросоциологиялық парадигмалардың бірі – фуңкционалдық парадигма.....
Рефераттар
Толық

Социология пәні және оның нысаны


Социологияның ғылым ретінде қалыптасуы қоғамды зерттеу барысында қалыптасқан дәстүрлер негізінде өрбіді. Ежелгі грек және ежелгі шығыс ойшылдарының еңбектерінде жалпы философиялық мәселелермен бірге қоғамның тууы мен мәні, оның ұйымдасуы мен дамуы туралы мәселелер қарастырылады. Ежелгі оқымыстылар шынайы қоғамға тән сипаттамаларды анықтап қана қоймай,әлеуметтік процестерді “улгілеу” принциптерін қалыптастыруға негіз қалап , жекеленген әлеуметтік фактілер мен процестерге, қоғам құрылысына, адамдар, әр түрлі әлеуметтік топтар арасындағы байланыстар мен қатынастарға нақты эмпирикалық талдау жасауға тырысты.
Әрбір дәстүр социологияға қоғам мәселелерінің, социологиялық білімді жетілдірудің, құру және қолданудың, зерттеу пәні мен нысанын анықтаудың өзіндік зерттеу әдістерін әкелді.
Социологияның ғылым ретінде тууы XIX ғасырдың ортасында француз оқымыстысы Огюст Конт (1798-1857) есімімен байланысты, өйткені ол тұңғыш рет “Социология” терминін енгізген, алайда оның қалыптасуына Батыс Еуропа (Г.Спенсер,
К. Маркс, Э. Дюркгейм, М. Вебер және т.б.) мен Американың
(А. Смолл, Дж. Винсент, В.Томас, П.Сорокин, Т.Парсонс және т.б.) көптеген оқымыстылары айтарлықтай үлес қосқан.
Социология пәні мен нысанын негіздей отырып, О. Конт сол кездегі ғылым жүйесіне иерархиялық баспалдақ түрінде түсінік береді, оның ойынша, бұл білімнің қарапайымнан күрделіге, төменнен жоғарыға жалпыдан өзіндік ерекшелікке қарапайым дамуының тарихи процесін логикалық жүйемен бере алады. Білім дамуындағы әр басқыш, Конт бойынша, -өзінің алдыңғысының алғы шарт ретінде есептейтін – жоғары тәртіптегі ғылым болып саналады.
Онда негізгі ғылымдардың иерархиясы төмендегіше көрінеді: математика, астрономия, физика, химия, биология (соңғы терминде- О.Конттың үлесі) және социология.
Берілген сызбадан көрінетіндей, социология басқа да ғылымдардың заңдарына негізделеді. Конт социологияның өзіндік, бұл заңдардың түрін өзгертеріндей және индивидтердің бір-біріне өзара әсерінен шығатындай қасиеті бар екендігіне айрықша мән береді. Бұл өзара әсер адамзат қауымында әр ұрпақтың келесісіне өтуі нәтижесіенде күрделене түседі.
Осылайша, социология ғылыми білімнің дамуын қорытындылай отырып, қай кезде де өмір сүрген нысандардың ең күрделісін зерттейді. Мұндай нысан қоғам және индивидтердің бір-біріне әсері болып табылады.
Қоғам жағдайы лайықты әсер еткенде ғана адам өзін жеке тұлға ретінде таниды. Адамның қоғамда бірнеше әлеуметтік ұстанымы болады , оның әрқайсысының белгілі бір құқығы, міндеттері болады, ол мәртебе (статус) деп аталады. Қоғамда алған әлеуметтік мәртебесіне сәйкес, адам қоғамда әлеуметтік роль атқарады. Роль дегеніміз- адам мәртебесімен көрінетін күтілетін мінез-құлық. Әр мәртебеге бірнеше роль енеді. Берілген мәртебеге әсер ететін рольдердің жиынтығы рольдер жиынтығы деп аталады.
Белгілі бір әлеуметтік мұқтаждықтарды қанағаттандыруға арналған рольдер мен мәртебелердің ірі бірлестігі әлеуметтік институттар (отбасы, дін, білім беру, экономикалық , саяси жүйелер және т.б.) деп аталады. Арнайы институттар (латынша –institutum-нұсқама, мекеме) мен ұйымдар құра отырып, қоғам сол арқылы өзінің өмір сүруінің маңызды салалары мен мәселелерін әлеуметтік өзара қарым- қатынас түрлерін нақтылап, бекітеді, оны берілген қоғамның әр мүшесі үшін тұрақты және міндетті етеді.
Әлеуметтік институттар негізіне жататын әлеуметтік байланыстар институционалды деп аталалды, ал бұл байланыстарға тәртіптелген, нормативті сипат беру процесі институттандыру деп аталады.
Әлеуметтік институттармен бірге қоғамда көптеген әртүрлі әлеуметтік (қауымдар) ұйымдар болады: әлеуметтік топтар, этникалық қауымдар, өмір сүру кезеңдері сияқты қауымдар (жыныстық, жас топтары), қоныстық, аймақтық қауымдар.
Жоғарыда аталған әлеуметтік қауымдардың, олардың өзара әсерінің, даму және қызмет ету заңдарының барлық жиынтығы социология пәні болып табылады. Жоғарыда аталған қауымдар түрін біріктіруші әлеуметтік ұйым қоғам деп аталады және бұл социологияның нысаны болып табылады. ....
Рефераттар
Толық