Менеджмент | Ұйымның ішкі айнымалы

Кіріспе.
Басқару объектісі - ұйым болып табылады, яғни жеке және мемлекеттік фирмалар, мемлекет мекемелері, қоғамдық бірлестіктер, мәдени және оқу-ағарту мекемелері және т.б. соғамның әлеуметтік институттары.
Басқару ғылымында ұйымдардың құрылымы және қызмет етуінің комплексті жалпы теориясы жан-жақты ғылыми реттеулер пәні болғанына қарамастан осы күнге дейін аяқты анықталмаған.
Басқару теориясы мен практикасы басқа ғылымдар жетістіктерін жинақтай отыра ұйымдық басқарудың бірыңғай принциптерін жасауға ұмтылады.
Басқаруға арналған әдебиетте "бизнес ұйымдарын", өндірістік-шаруашылық ұйымдарын зерттеудің ең күрделі объектілері қатарына - әлеуметтік-экономикалық жүйелер класына жатқызады. Осы тұрғыдан ұйымды жүйелік баппен қарастырудың маңызы зор.
"Ұйым" термині әдетте екі мағынада қолданылады:
1.Ұйым - белгілі бір объектінің бар элементтерін кеңістікте және уақыт бойынша рационалды үйлестіру. БҰЛ үйлестіру барысында әр элемент тұтас объект табысқа жетуге итеру керек.
2.Ұйымның өзі күрделі, белгілі бір реттелген ішкі құрылымға
болатын объект ретінде қарастырылады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Бухгалтерлік есеп | Ұйымның қысқа мерзімді міндеттемелер есебінің аудиті

КІРІСПЕ
Еліміздің даму кездерінің қай сатыларында болмасын дамудың объективті экономикалық заңдылықтарын анықтау және ол заңдылықтарды пайдалану шараларын дұрыс белгілеу үшін есеп жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор. Бухгалтерлік есеп және есеп беру мәліметтері шаруашылық жүргізуші субъектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық жоспарлар жасап, оның орындалуын бақылау үшін қолданылады. Қаржылық есептілік, аудиттің маңызды объектісі болып табылады, ол оның мәліметтерінің дұрыстығын анықтау үшін арналған. Аудит ғылымның жаңа саласы ретінде пайдаланылып, оның теориялық және практикалық бағыттарын дамыту қажет етеді. Елімізде 1997 жылы 1 қаңтардан бастап 2003 жылдың 1 қаңтарына дейін қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттары басшылыққа алынып келді, 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарын қабылдадық. 2004 жылы бухгалтерлік есеп методология департаменті қаржылық есеп беру ұлтық стандарты жасақталынды. Қаржылық есеп бере екі бөліммнен түрады. Бірінші бөлім жеке кәсіпкерлер және орташа кәсіпорындарға арналған, екінші бөлімі Қазақстан территориясындағы үлкен кәсіпорындарға және шетелдік серіптестік ұйымдарға арналған. 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық қаржылық шаруашылық қызметке ие Қазақстандағы кәсіпорындар қаржылық есеп берудің ұлттық стандарттарына көшті.....
Курстық жұмыстар
Толық

Кәсіпорын | Ұйымдастыру процесі

Кіріспе.
Басқарудың маңызды функциясының бірі -ұйымдастыру.
Ұйымдастыру дегеніміз- ол мақсаттарға жету үшін адамдарға бірге тиімді жұмыс істеуге мүмкіншілік беретін кәсіпорын құрлымын таңдау және жасау процесі.
Ұйымдастыру функциясы жоспарлау функциясымен тығыз байланыста.Жоспарлау функциясы мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталған.ал ұйымдастыру функциясы басты компоненті адамдар болатын жұмыс құрлымымен құрастыру.
Әрбір ұйым жұмыс түрлері мен олардың көлемдеріне байланыссыз белгілі бір тәртіппен ұйымдастыруға тиісті.
Ұйымдастыру процесі көп жағдайда ұйымның мақсатына жауап бере алатын, оның ішкі және сыртқы ортасынан ықпал ететін тиімді құрылымды құрумен байланыстырылады.
Ұйымдастыру функциясын орындау процесінде басшылыққа алатын қағидалар жиынтығы бар.олар .
-ұйым мақсаттарын анықтау және нақтылау.
-мақсаттарға жету ,әрекет түрлерін анықтау.
-еңбек бөлінісі және мамандандыру.
-жұмыстың әр-түрлі түрлерін үйлестіру.....
Курстық жұмыстар
Толық

Менеджмент | ҰЙЫМДАРДЫ БАСҚАРУДЫҢ МЕТОДИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Кіріспе
Жалпы басқару ғылымдарының бір бөлігі ретінде ұйымдардың құрылуы мен қызмет жасауының теориялық негіздері бірнеше ілімдер саласында зерттелінді-менеджменте, социологияда, антропологияда, психологияда, әлеуметтік психологияда, экономикалық ғылымдарда, құқықтануда және басқаларда.
Ұйымдардың іс-әрекетінің объективті жағдайының өзгеруі, көптеген жаңа көзқарастардың дамуына, ғылыми концепциялардың көбеюі, басқарудың меншіктен бөлінуі, нақты ғылым және адам жәйлі ғылымдардың дамуы ұйымдардың ғылыми тәсілдерін құруына, ықпалын тигізді. Бұл өмірге көптеген ғылыми идеялар мен ұйымның құрылу заңдылықтар туралы мектептерді, формальді және формальді емес, адамдың қатынастар туралы, әлеуметтік жүйелер туралы, жауапкершілік және қызметтердің бқлінуі туралы, шешім қабылдау теориясы туралы, басқару процесінің математикалық апраты туралы алып келді.
Қазақстанның қазіргі жағдайындағы әлеуметтік экономикалық жүйелердің қиын және жантақгы ауысу процессі барысында үйымның калыптасуы мен тиімді қызмет етуінің кешенді негіздеудің маңызы зор.....
Курстық жұмыстар
Толық

Менеджмент | ҰЙЫМДАРДА БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТЕРДІҢ ЖҮРГІЗІЛУІ

КІРІСПЕ
Кәсіпорын жұмысының жетістіктерінің өркендеуі кәсіпорында еңбек ететін жұмыскерлерге байланысты. Сондықтан қазіргі уақыттағы кәсіпорындарды басқару тұжырымдары көптеген басқару іс-әрекеттерінен персоналды басқаруды ерекше бөліп қарастырады. Әрбір кәсіпорындарда: персоналдардың санын анықтау, таңдау жүйесіндегі тиімділік, кадрларды жіктеу және оларды біліктілік талаптарына сай бөлу, өнеркәсіпті және жұмысшылардың өзін мүдделеріне қарай айналысатын жұмыстарымен қамтамасыз ету, жұмыскерлерді еңбегінің нәтижесі үшін марапаттау, жұмысшылардың қозғалысы, еңбек мотивация жүйесінде, жұмысшылардың жеке мәселесін қатерге алу, олардың тұрмыстық жағдайын жақсарту және еңбек демалыстарымен қамтамасыз ету және т.б. қажеттіліктер туады.60-80 жылдар аралығында адами факторлардың мүддесінің көтерілуіне байланысты кәсіпорындарда әлеуметтік жоспарлаудың тәжірибесі мен теориясын өңдеу мақсатында еңбек ұжымын басқару саласы қамтамасыз етті. Жоғарғы оқу орындарында (тәжірибе ретінде) “Еңбек ұжымын басқару” тақырыбында курстар кірістірілді және оқулықтар шығарылды. Кадрлармен жұмыс істеуде практика мен теориясын қарауда монография санының көбеюі пайда болды.Сол жылдары ғылыми әдебиеттерде әр түрлі әлеуметтік және әлеуметтік-психологиялық факторлардың және олардың ұжымдық іс-әрекетінің сапалы мінездемесіне әсер етуін зерттеу нәтижесінде өзгерістің нышандарын тапты.....
Курстық жұмыстар
Толық

Іс жүргізу | Ұйымдағы құжат және құжат жүйесінің мәні.

Кіріспе
Қазақстан республикасында тәжірибемен тұжырымдалған жасалатын және қолданылатын құжаттарға деген жауапкершілікті шектейтін бірыңғай заңды орган жоқ. Бұл жауапкершілік атқаратын қызыметтеріне байланысты бірқатар мемлекеттік басқару және билік органдарына үйлестірілген. Ал арнайы осы органдарды құжаттандыру жүйесіне келетін болсақ, ол әрбір саланың министрліктері мен ведомстволарына жүктелген. Бұл министрліктер мен ведомстволар басқа да салаларды қамтитын нормативтік құжаттарды қабылдауы мүмкін. Кез келген ұйым немесе мекемеде және басқада да олардың құрылымдық бөлімшелерінде құжаттандыруды атқару үшін Республикада енгізілген нормативтік құқықтық актілер ескеріледі. Себебі құжаттандыруды және іс жүргізуді айналасын арнайы қабылданған, заңмен бекітілген нормативтік құқықтық актілерге байланысты атқарған жөн. Жалпы құжаттандыру дегеніміз басқару саласындағы қызметтерінің құжатталуы бойынша мәселелерді реттеуші. Құжаттану қолжазба немесе арнайы тасымалдаушыға түсірілген ақпараттар мен қамтамасыз ету болып табылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Бухгалтерлік есеп | Ұйымда өндірістік қызмет пен бухгалтерлік есепті ұйымдастыру

Кіріспе
Нарықтық қатынастар жағдайында ұйымдардың қаржылық жағдайы, төлем қабілеттілігі тікелей ақшамен қамтамасыз етілуіне байланысты.
Ұйымның ақшасы мен олардың қалыптасу көздерінің орналасуы – оның қаржылық жағдайын сипаттайды, сондықтан қолданыстағы ресурстарды тиімді пайдаланудың әсерін жоққа шығаруға болмайды. Ол жеткізушілер, банк мекемелері және бюджет алдындағы міндеттемелерді дер кезінде өтеуге мүмкіндік береді.
Ақшаның жетіспеушілігі, есептесулердің тоқтап қалуы, тауарлы – материалдық қорлардың кем болуы ұйымның қызмет процесіне кері ықпалын тигізеді.
Ұйымда өткізілуі қиын тауарлы – материалдық қорлардың шамадан тыс көп болуы, дебиторлық қарыздардың, әсіресе, оның күдікті бөлігінің жоғары болуы, ақшаның айналымдылығын бәсеңдетіп, ұйымның қаржы жағдайына кері әсерін тигізетіні сөзсіз.
Сондықтан «Қамқоршы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын маңызды көрсеткіштерді – ағымдағы активтерін талдауға үлкен көңіл бөлген дұрыс, әсіресе, ақшаның нысаналы мақсаттарға тиімді жұмсалуына баса назар аударған жөн.....
Курстық жұмыстар
Толық

Медицина | Ұйқы безінің адам организміндегі қызметі

Кіріспе
Ағзадағы барлық жасушалар, ұлпалар мен мүшелер бір – бірімен байланысып , олардың қызметі және сыртқы ортамен қарым – қатынасы жүйке және гуморальді жолмен реттеулі арқылы іске асады. Нейрогуморальді реттеу жүйесі біртұтас, тығыз байланысқан механизм. Нерв және гуморальді жүйе бір- бірімен тығыз байланысын келесі мысалдар дәлелдейді:
- Биоэлектрлік процестердің табиғаты физико – химиялық, иондардың трансмембраналық жылжуы;
- Нерв жасушадан келесі нерв жасушаға , немесе атқарушы мүшеге қозу медиаторлар арқылы іске асады;
- Нерв және гуморальді жүйенің тығыз байланысы гипоталамо-гипофизарлық деңгейінде айқын байқалады.
Орталық нерв жүйесінің ішкі секреция бездерінің қызметін реттеу гипоталамус арқылы жүзеге асады. Гипоталамус афференттік жолдары арқылы орталық нерв жүйесінің басқа бөлімдерімен байланысқан, атап айтсақ , жұлын , сопақша ми, ортаңғы ми, таламус, базальдік түйіндер, ми қыртысының белгілі аймақтарымен . Сондықтан гипоталамусқа бүкіл ағзадан ақпарат келеді, содан барлық ішкі секреция бездеріне жіберіледі. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Бухгалтерлік есеп | ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ АКТИВТЕРДІҢ ЕСЕБІ

КІРІСПЕ
Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екендгін республикамыздың тәуелсіздігінің 16 жылы ішінде атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер енгізді және сайып келгенде әрбір еңбекшінің мүддесін қамтыды. Сондықтан бұған дейінгі ынта-ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігін, қайта арта түсетіндігін өмір көрсетіп отыр.
Нарықтық экономика жағдайында өндірілетін өнім мен көрсетілетін қызметтің негізгі, яғни оның тиімділігі мен ұқыптылығы - бұл кәсіпорындағы бухгалтерлік есептің дұрыс жолға қойылуынан бастау алатындығы сөзсіз. Міне, сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі үшін бухгалтерлік есепті дамытуымыз қажет. Өнімдерді өндіру барысында ресурстарды үнемдеп жұмсап, жоғарғы өнімді техникалар мен технологияларды қолдану мәселелері кең түрде шешімін тапса, онда кәспорындарда өнім өндіру және оны сатуға қатысты кететін шығындарды мейлінше азайтуға қол жетеді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Педагогика | Ұжымдық-танымдық іс-әрекеттер және олардың білімділік және тәрбиелік мүмкіндіктері

Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер жөнінде түсінік.
Диалектиканың қарама-қайшылықтарының бірлігі мен күресідеп аталатын заңына сәйкес кез келген нәрсені, құбылыс, процесс қарама-қарсы жақтардың қарама-қайшылықты бірлігі болып табылады. Белгілі бір құбылысты, нәрсені дамыту процесінде соңында күрес арқылы шешілетін қарама-қайшылықтардың арасында сәйкессіз элементтер пайда болады. Олай болса, дамытудың қозғаушы күші де, қозғалыс көзі де қарама-қайшылық.
Оқушылардың танымдық іс - әрекеті адамдық танымның әртүрлілігі және оқыту процесінің қарама-қайшылықтарымен сипатталады. Практик мұғалімдер оқу процесінде қарама-қайшылықтарды таза интуитивті түрде туғызады.. Олар бұл қарама-қайшылықтарды оқушыларға білімді меңгерту барысындағы қиыншылық ретінде қабылдайды. Белгілі дидакт М. А. Данилов оқу процесінде объективті түрде пайда болатын және оның басты қозғаушы күші болып табылатын жетекші қарама-қайшылықты алғашқылардың бірі болып анықтады. Бұл оқыту барысында алға қойылатын оқу және практикалық міндеттері мен білім, білік және ақыл-ой дамуының деңгейінің арасындағы қарама-қайшылық. Сонымен бірге, ол карама-қайшылықтың, қозғаушы күштің қалыптасуының шешуші шарты болып оқушының өзінің санасында ішкі сипатқа ие болатын және оған қиыншылық ретінде танылатын қарама-қайшылықтың қалыптасуы болып табылады.
Осы көрсетілген қарама-қайшылықты шешудің мәні әрбір балаға қоршаған ортаны танып-білуіне, өзінің тұлғалық ресурстарын іске асыруына, өзін-өзі танытуына көмектесуде.....
Курстық жұмыстар
Толық