Алоэның пайдасы
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы
"№3 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-нің
биология пәнінің мұғалімі Куанбекова Жупар Жуматовна
Тақырыбы: Алоэның пайдасы
Шығармашылықтың мақсаты: Мектеп оқушыларының денінің сау және үйлесімді түрде дамуы үшін оларға салауатты өмір сүруге, алу үшін, дәрілік өсімдіктерді пайдаланып,оның құрамындағы биологиялық әсерлі заттардың ағзаға әсері бар екендігін қалыптастыру.
Шығармашылық міндеттері:
- Салауатты өмір салтын сақтауға баулу, сауығудың практикалық әдіс-тәсілдерін қолдану.
- Ғылымның соңғы жетістіктері негізінде денсаулық нығайту мен салауатты өмір салтын сақтау тәсілдерін оқып үйрену.
Болжам:
- Егер оқушының салауатты өмір сүру салтын арттырса, оқушының өмірге деген көзқарасы қалыптасады.
- Денсаулық нығайту мақсатында дәрілік өсімдіктердің бірі алоэны пайдалану жолдарын жүзеге асырады.
Күтілетін нәтиже:
- Емдік қасиетіне байланысты «Үй гүлдерінің королі» алоэны баптап күтуге атсалыса білуі.
- Алоэ шырынын әр түрлі ауруларға қолдана білуге қол жеткізу.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері:
- сұхбат
- сауалнама
- пікірталас
- ақпарат жинау
- мәселені шешу
Жоспары:
І бөлім: Кіріспе
ІІ бөлім; Зерттеу бөлімі.
- Алоэ туралы не білеміз?
- Алоэның емдік қасиеттері жайында түсінік беру.
- Алоэны қандай ауруларға ем екендігін анықтау.
ІІІ бөлімі; Қорытынды.
«Дана көптен шығады, дәрі шөптен шығады»
(халық даналығы).
І. Кіріспе.
Қазақстан жері әр түрлі табиғи жағдайда орманды далалы, таулы аймақтан тұрады. Міне осындай ұланғайыр өлкемізде алуан түрлі өсімдіктер өседі. Қай заманда болмасын, адамзат баласы өсімдік өнімдерінің тағамдық жағын ғана емес, емдік, шипалық жағынан да көңіл бөлген.
Ерте заманнан бері мал бағумен айналысқан көшпелі қазақ халқы шөптердің жалпы өсімдіктердің емдік қасиеттерін ертеден білген.
Әбу-Насыр әл-Фараби, Әбу-Әли ибн-Сина, Беруни. Әл-Джуржани және орта ғасырда өмір сүрген т.б. ғылымдар халық медицинасының дамуына, әсіресе дәрілік өсімдіктерді тауып пайдалануға зор ықпал етті. Жер жүзіндегі дәрілердің 40% өсімдіктен дайындалады. Жанға шипа, дертке дауа дәрілердің көпшілігі өсімдіктен алынады.
Жер бетінде өсетін барлық өсімдіктердің пайдасына көз жіберіп қарасақ, жүрек ауруларын емдейтін дәрі-дәрмектің 78%, ішек-қарын, бауыр дәрілерінің 75%, ауруларының шипалы дәрі-дәрмектерінің 80%, қақырық түсіретін дәрілерінің 80%, қан тоқтататын дәрілердің 65% тек өсімдіктен алынады.
Шипалы өсімдіктер қатарына әр түрлі сәнді өсімдіктерде жатады. Сондай-ақ, бау-бақшамызда аяқ астында қаптап өсетін арамшөптер жөнінде де осыны айтуға болады. Өздерінің жер үстінде және жер астында өсетін мүшелерінде аса бағалы «үй дәріханасына» қажетті заттардың болуы арқылы олардың көпшілігі аса пайдалы.
Адам баласы ақылы мен еңбегінің арқасында жабайы өсімдіктерден тұқым алып 20 мыңнан астам мәдени өсімдіктерді қолдан өсіріп шығарды. Сөйтіп қазіргі кезде олар адамның игілігіне айналады.
Ерте заманнан-ақ ата-бабаларымыз дәрілік өсімдіктерді тани біліп, оның емдік қасиеттерін және тиімді пайдалану жолдарын өз тәжірибелерінен өткізген.
Осындай ғасырлар бойы тәжірибеден өтіп сұрыптала келіп, адам баласына орасан зор пайдасын тигізетін қарапайым өз ауламызда немесе ауыл маңында, үйде өсетін дәрілік өсімдіктерді неге пайдаланбасқа? Дәрілік өсімдіктерден жаңа дайындалған тұнбалар мен ерітінділердің химиялық жолмен жасалған дәрі-дәрмектерден анағұрлым тиімді болады.
Кейінгі жылдары медицинада шөптердің емдік қасиеттері, оларды кеңінен пайдалануға ерекше назар аударылуда. Қазіргі кезде шөппен емдеу-фитотерапияны үй жағдайында кеңінен қолдануға мүмкіндік жеткілікті. Ол үшін дәрісіз ем-домды жасауды дәрілік өсімдіктерден іздеуіміз керек. Өсімдіктер сарқылмайтын қазына емес, сондықтан оларды орынды пайдаланып, қорғай білудің өмірлік маңызы зор. «Мың теңге тұратын дәрі шарбағыңның дәл түбінде өсіп тұр» деген халық даналығы бекер айтылмаған. Дәрі-дәрмек жасау ісінде өсімдіктердің алатын рөлі аса зор екені тәжірибеден мәлім. Сонымен қатар химиялық тәсілмен жасалатын дәрі-дәрмектерге қарағанда дәрілік өсімдіктердің артықшылығы өз алдында.
Өсімдіктерден жасалатын дәрі-дәрмектердің адам организміне әсерін анықтау үшін ең алдымен оларды жан-жануарларға қолдану жолымен тәжірибе жасау арқылы зерттеп тексереді.
Қазақ емшілерінің ауру-сырқауларымен ұзақ жылдар күресу барысында қолданып келе жатқан алуан түрлі дәрі-дәрмектерінің қайнар көзі – ұлы табиғат және табиғат дүниесіндегі хайуанаттар мен жәндіктер. Нақтылап айтқанда бұлар 3 топқа бөлінеді.
- Өсімдіктер
- Хайуанаттар мен жәндіктер
- Минералды заттар
Өсімдіктердің сабағы, тамыры, гүлі, жапырағы, қабығы, жемісі, шәйірі және тұқымынан дәрі-дәрмекке жасалады. Хайуанаттардың сүйегі,еті, сүті, майы, жүні, т.б. дәрі-дәрмекке пайдаланылады. Мысалы:аю еті, бұғы мүйізі, жолбарыс сүйегі, сиыр сүті, шаян, сүлік т.т.
Сол сияқты мыс, сынап, күкірт, ашудас тәрізді минералдық заттардың да емдік қасиеттері бар.
Қазақ емшілерінің қолданатын дәрілерінің басым көпшілігі-өсімдіктер. Сондықтан оларды емдік қуаты ең күшті болатын мезгілде жинағанда ғана сапалы дәрі-дәрмек алуға болады. Дәрілік өсімдіктер жиналып алынғаннан кейін, жас күйінде пайдалану және кептіріп, жақсы сақтай білу оның емдік қасиеті мен сапасының жоғалмауының басты кепілі болып табылады.
Мұндай өсімдіктердің дәріге бірден пайдаланылмайтын бөліктерін топырақтан арылтқаннан кейін, әрқайсысының ерекшелігіне қарай күнде кептіру, самалдатып кептіру әдістері қолданылады. Шөптік дәрі-дәрмекті ұзақ уақыт ұстағанда құрт түсуден, көгеріп шіруден сақтауға ерекше көңіл бөлінуі керек.
Осындай дәрілік мақсатта қолданылатын өсімдіктердің бірі бөлмеде өсірілетін алоэ өсімдігіне тоқталайық.
ІІ бөлім: Зерттеу бөлімі.
Шипалы өсімдіктің бірі –алоэ.
Өте көп өсімдіктердің бірі – алоэ. Оның осы күнде 350-ге жақын түрі бар. Шығыс елдерінде, Египетте бұл өсімдікті есіктен кіре беріс маңдайшасына, ыдысқа өсіріп, іліп қоятын болған. Себебі дәл осылай өсірілген алоэ өсімдігі сол үй ішіндегілерге денсаулық тілеп, ұзақ өмір сүруге көмектеседі деп жорамалдайды. Осымен қатар бұл өсімдік көп уақыт сусыз өмір сүріп гүлдей беретін, өте шыдамды болған. Сол себепті одан алынатын емдік шырынды арабша «сабыр», «шыдамды» деп атайды екен.
Алоэ — суккулентті (ылғалдылықты сақтай алатын арнайы ұлпасы бар) өсімдіктер тобына жататын гүл. Шыққан жері Оңтүстік Африка аймағы болып саналады. Негізінен, құрғақ әрі құмды шөлдерде өседі. Алоэ сөзі араб тілінен шыққан. Мағынасы ”ащы” деген сөзді білдіреді. Сондай-ақ, емдік қасиетіне байланысты ”Үй гүлдерінің королі” деген де балама атқа ие.
Алоэның етті, семсер тәріздес жасыл, жалпақ әрі жуан жапырақтары бар. Жапырақтары гүл бойында су қорын сақтауда үлкен маңызға ие.
Алоэ гүлі үйде тек декоративті мақсатта ғана емес, емдік мақсатта да өсіріледі. Емдік практикада алоэның жапырағы мен шырыны және де алоэ экстракты (механикалық және химиялық әдістермен бұзылған ұлпа) пайдаланылады.
Алоэның түрлері.
Алоэ вера
Үйде өсірілетін алоэның ең көп тараған түрі — Нағыз алоэ (Aloe Vera). Оның барбадостық алоэ (Aloe barbadensis), кәдімгі алоэ (Aloe vulgaris), сары алоэ деген аттары бар. Алоэнің бұл түрі әлем бойынша емдік мақсаттарда кеңінен пайдаланылады.
Шұбар алоэ
Шұбар немесе жолбарыс алоэ (Aloe variegata) ең әдемі алоэ болып саналады, Бойы да үлкен емес, . шамасында. Қошқыл (темный), қоңыр-жасыл түсті, ақ түсті дақтар мен сызықтары бар. Сол себептен де оны шұбар алоэ атаған. Жазда сарғылт-қызыл гүлдері болады. Гүлдері қарапайым әрі кішкентай болып шығады.
Сабын алоэ
Сабын алоэ (Aloe saponaria) – үйде өсірілетін бұталы алоэ. Жапырақ сабақшасы жуан болып келеді. Бойы 50–70 см., мамыр және маусым айларында гүлдейді. Гүлі ашық сары немесе қызғыш сары болып келеді.
Қорқынышты алоэ (Aloe ferox)
Бұл алоэның табиғи түрінің бойы 3 метрге дейін жетеді. Ал үй жағдайында өсірілетін түрінің бойы небары 10-. Жапырағының түсі көкшілдеу, кейде қызғыштау болып келеді. Жапырақтарының ұштарында тікірейген тікенектері болғандықтан оны қорқынышты алоэ деп атайды.
Ағаш тәріздес алоэ
Ағаш тәріздес алоэ (Aloe arborescens) — көбімізге белгілі, үйде өсетін алоэ. Бойы бір метрге дейін жетеді. Өскенде жан-жағына бұтақтары жайылып өседі.
Алоэ – үй ішінде өсірілетін әсем де пайдалы әрі кең тараған өсімдік түрі. Бұл өсімдік халықтық және медициналық тәжірибеде кең қолданылады.
Алоэ –лалагүлдер тұқымдасына жататын өсімдік. Отаны – Оңтүстік Африка. Жапырағы шырынды, кедір-бұдырлы, кейбіреуінің түрі алабажақ болады. Ұзындығы 60 см-дей. Шырыны алоэ негізінен Оңтүстік Африкада өсетін жабайы алоэдан алынады. Құрғақшылық жылдары бұл өсімдік жапырағының шырышты өзегіне қоймалжың шырын жинайды да, ол өсімдікті солып қалудан сақтайды. Үйде өсетін алоэның ағаш тәріздес, сондай-ақ ақ жолақ жапырақты сәндік түрі болады. Бүгінде алоэның ғылымға белгілі болған 180-дей түрі бар.
Алоэның химиялық құрамы, қасиетті, түрлері. Алоэ шырынында ферментер, витаминдер көп, оның әр түрлі бактерияларды өлтіретін күші бар.
Қасиеті: кермек дәмді, усыз келеді. Алоэның қалыпты мөлшерде суғарып отыру қажет. Жақсы өсіп келе жатқан алоэны аммиак селитрасымен ( қосып қоректендіру керек. Оны өсіретін топырақ құрамы 2 үлес шым, 1 үлес жапырақ аралас топырақ, 0,5 үлес өзен құмы болуға тиіс. Бұларға үгітілген кірпіш ұнтағы мен ағаш көмірі қосылады.)
Алоэдан алынатын дәрі-дәрмектер. Жас алоэ жапырағынан емдік – сабур ұнтағы алынады. Сабур қара, қоңыр түсті, өте ащы болады. Сабур басқа дәрі-дәрмектердің құрамына да араластырылады.
Алоэның басты ем болатын аурулары және қолданылуы.
- Еркектер және балалар талма ауруына алоэдан , шикі пинелин 30г, байжу , қызылмия ұнтақтап оқ-дәрі жасайды. Әр ретте ішеді.
- Түсті құрт жеп ауырғанда алдымен тұзды сумен жуып, алоэның 1г ұнтақтап, оны тіске басады.
- Сыртқы жарақаттан қан шыққанда: алоэдан лайықты мөлшерде алып, жаншып жарақатқа тамады.
- Кеңірдекшілер демікпесіне жас алоэны езіп, шырының күніне 3 рет, әр ретте 5 мг ішеді.
- Шиқан шыққанда, іріңді жараларды алоэның жапырағың тіліп, жаның ауызына тартады. Шиқанның соқтасын соруға тез жазылуына, әрі қарай созылмауына, алоэ жапырағы көп көмектеседі.
Сондай ақ адамның тәбетін ашуға, іш тоқтатқанға, асқазан ауруына ішек аурулары мен баспаға жақсы ем. Бал қосылған алоэ шырыны туберкулез ауруына бірден-бір ем болып табылады.
Туберкулезге алоэның емдік әсері.
Тұмау, бронхит, гайморит, фарингит, демікпе,өкпенің қабынуы,туберкулез – тыныс алу мүшелерінде болатын жұқпалы аурулар. Бұлардың алдын алып, сақтық жасамаса, насырға шауып, індетке айналады. Сондықтан туберкулез - өкпе құрты деп тегін айтпаған.Мәселен өкпе ғасырдың басында Қазақстанда әр жүз мың адамның 400-500 туберкулез ауруына шалдығып, өмірлерімен қош айтысқан. Елімізде осындай індет жайлап кетпеуі үшін өкпе туберкулезінің қалай өтіп, әсер етуін ,зерттейтін, оның алдын алып, сақтандыру шараларының әдісін жүзеге асыратын медицина саласы – фтизиатрия қажырлы еңбек етуде. Қазіргі фтизиатрияның негізгі мақсаты - өкпе туберкулезіне шалдыққандарды неғұрлым қысқа мерзімде құлан-таза емдеп жазып шығару.
Соңғы 30 жыл ішінде Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер арасында дүниеге келгеннен 17 жасқа дейінгі мерзімде 5-6 жылдар бір рет туберкулезге қарсы егу нәтижесінде айтарлықтай күрес жүргізілді. Француз микробиологі Альберт Шарль Кальмет тұңғыш рет туберкулезге қарсы егілетін вакцина жасап, 1921 жылы нәрестелерге ең алғаш екті. Вакцина енген балаға туберкулез жұқпайтыны, жұққанда да баланың ауруға шалдыға бермейтінін ғалымдар анықтады. Егу нәтижесінде соңғы жылдары аталған сырқаттың 2,5 есе азаюына септігі тигендігі мәлім болды.
Өкпе туберкулезі – кедейлік кесепаты, соның салдарынан бүгінгі таңда әлжуаз адамдар туберкулезге жиі ұшырайды. Аурдың алдын алу үшін туберкулезге қарсы бүкіл халық қызу қолдап, күрес жүргізу қажет. Халықты жылына екі рет арнайы дәрігерлік тексеруден өткізу негізгі міндет.
Денсаулығымыз мықты болу үшін мысқылдап кіріп, батпандап шығатын аурудың дәрісіз-ақ үй жағдайына айналада өсетін дәрілік өсімдіктермен-ақ емдеп жазуға болады.
Алоэны ел арасында емге ерте кезден пайдаланған. Оны Ұлы Отан соғысы кезінде жаралы солдаттарды емдеуге қолданылған. Қазіргі кезде алоэдан әр түрлі препараттар даярлап көз, асқазан, ішек ауруларын емдеуге қолданады.
Бұл ауруды емдеуге алоэ сөлі төмендегідей жолмен дайындалады: Алоэның төменгі, болмаса ортаңғы жапырағын кесіп алып, қайнаған сумен жуып, тазалап 02- етіп уақтап,дәкеге орап, сығып сөлін жинайды. Осылай алынған жаңа сөлді күніне 2-3 мезгіл тамақтанар алдында 20-30 минут бұрын 1 шай қасықтан ішу керек. Ал дәріханада алоэның сыртқы жараны емдеуге, ішкі жараны емдеуге арнайы препараттары сатылады.
Алоэның тоқсаннан астам түрі бар. Табиғи алоэның отаны Африкадағы Капландия жері. Бұл жерде биіктігі 20 метрдей ірі ағаш, қызғылт-сары шашақты, жағымсыз иісті гүл ашады. Оның иісінің нашарлығы сонша қасына барған адамның басы ауыра бастайды. Жергілікті халықтар алоэның кейбір түрлерінің талшықтарынан кілем тоқиды және теңіз кемелеріне керекті арқан жасайды. Алоэ талшықтарынан жасалған осы арқандар теңіздің тұзды суына өте шыдамды.
Қорытынды.
Дәрілік өсімдіктер туралы көптеген мәліметтерді Оңтүстік Батыс Азия халықтары да біздің заманымызға жеткізген. Соның ішінде Индия фармакологтары өз елінің флорасынан өсімдіктің сегіз жүзге жуық түрін тапқан. Тибет дәрігерлерінің емдеу әдістері осы Индия, Қытай, Жапон, Монғол елдеріндегі білім негізінде құрылған. Осының арқасында болу керек, тибеттіктерде ауру-сырқауды емдеуге пайдаланатын дәрі-дәрмек түрлері өте көп.
Фармаколог Ли Ши-Чжень Но алтыншы ғасырда, өзінің жиырма жеті жылдық зерттеу жұмысын жинақтап, 52 томдық дәрігерлік еңбегін шығарған. Бұл еңбекте дәрілік өсімдіктердің екі мыңға жуық түрі жазылған. Сонымен қатар дәрілік өсімдіктерді жинау, кептіру, одан дәрі жасау әдісі, қандай ауруға қалай пайдалануға болатыны туралы көптеген мәліметтер берілген.
Осындай әр елде жүргізілген зерттеулер арап елінің дәрігерлеріне де үлкен әсерін тигізген. Бұдан тоғыз жүз жыл бұрын араб фармакологы Бируни «Китаб – ас - сайдана» деген еңбегінде дәрілік өсімдіктің алты жүзге жуық түрін жазған.
Біздің елімізде де әр түрлі ауруларды емдеуге өсімдіктерді пайдалану ерте уақытта басталған. Иван Грозный тұсында дәрілік өсімдіктерді пайдалану үшін тұңғыш дәріхана ашылып, осы бағытта мамандар дайындауға, керекті оқулықтар жазып шығаруға көп көңіл бөлінген. Петр І кезінде Петербург қаласында дәрілік бау-бақша ұйымдастырылған. Сол мезгілден бастап дәрілік өсімдіктерді өсіру, жинау, кептіру жұмыстары қолға алынды. Арнайы экспедициялар құрылып, табиғаттан дәрілік өсімдіктерді жинай бастаған. Осы уақытта жергілікті жерде өсетін көптеген өсімдіктерді (кенеден, адыраспан т.б.) плантацияларда өсіру шаралары жасалған.
Жалпы қолданылып жүрген препараттардың 40 проценті осы дәрілік өсімдіктерден жасалған.
Пайдаланылған әдебиеттер.
- «Жасыл аптека» Авторы: Л. К. Сафина,
Е. П. Петров.1995 жыл
2. «Өсімдіктер сыр шертеді» Авторы: Қ Сыбанбеков 2003 жыл
3. Өсімдік – жанға шипа, дертке дауа. Авторы: М Османова
Ж.Лұқпанов 1997 жыл
4. Денсаулық журналы 2006 жыл
5. Өсімдік – табиғат қазынасы Авторлары: Р. Ә. Әлімқұлова
М. А. Тәртенова
6. «Дәрілік өсімдіктер» Авторы: М. Қожабеков
Г. Қожабекова Алматы 1982 жыл.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру