Қазақстандағы дидактика мен жеке пән әдістемесінің негізін салушылар


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОҚУ – АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ

“ СӘРСЕН АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ” ҚЕАҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: “Қазақстандағы дидактика мен жеке пән әдістемесінің негізін салушылар”

Өскемен қ. 2024 ж

Жоспары:

  • Кіріспе
  • Негізгі бөлім. Негізін салушылар
  • Қорытынды
  • Пайдаланылған әдебиеттер

 

 Кіріспе

 

   «Дидактика» - бұл ежелгі грек сөзі, яғни didasko – оқыту, түсіндіру, дәлелдеу, оқу деген ұғымды білдіреді. Дидактика білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы. Әл-Фараби оқыту дегеніміз - үйрету, дағдыландыру, әрекеттендіру.         

       Оқыту – мұғалім мен оқушылардың белгіленген мақсатқа жетуге бағытталған, реттелген, бірлескен іс-әрекеті, оқушылардың танымдық іс-әрекетін арнайы ұйымдастыру. Оқыту процесі – мұғалім мен оқушының бірлескен іс-әрекеті.Көбіне оқыту деп мұғалім мен оқушының бірлескен, мақсатқа жетуге бағытталған іс-әрекетін айтады. Оның барысында жеке тұлға дамып, білім алады, тәрбиеленеді. Дәстүр бойынша оқыту екі бөліктен тұрады – оқыту және білім алу. Оқыту – оқыту мазмұнын алу процесі. Дәстүрлі оқытуда білім алуға қарағанда оқыту басым болғандықтан оқу материалын оқытуға баса назар аударылып, оқушылардың іс-әрекетіне назар аударылмайды. 

      «Оқыту – үйрету және білім алу» деген парадигманың ұзақ тарихы бар. Ол әлі сақталуда. Себебі, мұғалім ұзақ уақыт оқушыға ақпарат беретін негізгі тұлға болып келді. Осы кезге дейін «білім беру», «оқыту» терминдері жиі қолданылады.Білім, іскерлік, дағды оқушыға бере салатын зат болмағандықтан оқыту мәнін нақты ашпай, көптеген сұрақтарға жауап бере алмаймыз. «Қандай іс-әрекет?», «Өзара іс-әрекет барысында білім қалай меңгеріледі, даму, тәрбие қалай жүреді?» - деген  көптеген сұрақтарға жауап берілмеген.Әрине мұғалім мен оқушы оқыту процесінде өзара әрекет жасайды, оның негізі, оқыту мәні – мұғалім ұйымдастырған таным іс - әрекетін оқушылардың атқаруы нәтижесінде мәліметтерді меңгеруі, дамуы, тәрбиеленуі.Демек, оқыту дегеніміз – оқушылардың ғылыми білім, іскерлік, дағдыларды меңгеруі, шығармашылық қабілеттерін дамыту, адамгершілік, эстетикалық көзқарастары мен сенімдерін қалыптастыру үшін мұғалімнің белсенді оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру және ынталандыру іс-әрекеті.

      Оқыту процесі – екі жақты процес болғандықтан, мұғалім мен оқушылардың бірлескен іс-әрекетін, мұғалім тарапынан тарапынан оқушы іс-әрекетіне басшылық етуді, жоспарлауды, ұйымдастыруды, басқаруды талап етеді.

     Оқытудың маңызды міндеттері:Оқушылардың танымдық белсенділігін ынталандыру.Оқушылардың ғылыми білім, іскерлік, дағдыларды меңгеруіне керекті оқу – танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру. Ақыл-ойды, ұғымталдықты, қабілетті, дарындылықты дамыту.Осы процесте оқушылар ғылыми білімдер алып, іс-әрекет жасауға үйреніп, жақсы мен жаман туралы көзқарастарын қалыптастырады. Оқыту баланы дамытады. Ол мынадай бөліктерден тұрады: мақсат, міндет, мазмұн, нәтижелері, оны бағалау.Білім беру деп – табиғат және қоғам жайында ғылымда жиналған білім жүйесін жеке адамның меңгеруін және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуін айтады. Дидактиканың міндеті – білім мазмұнын, оқыту әдістерін және оқытуды ұйымдастыруды ғылыми тұрғыдан негіздеу.Дидактика «Нені оқыту керек?» «Қалай оқыту керек?» деген үлкен сұраққа жауап береді. Осы сұрақтардан басқа да сұрақтар туындайды: «Оқыту қалай жүргізіледі, оның заңдылықтары қандай?», «Кімдерді оқыту керек?», «Не үшін оқыту керек?» және «Қайда оқыту керек?».Осы сұрақтарға жауап беру үшін дидактика үздік педагогикалық тәжірибені зерттеп, қорытындылап, мектептің тәжірибесіне енгізумен айналысады.Әрбір мұғалім дидактиканы білу керек, өйткені мектептің алдында тұрған ірі тәжірибелік міндеттерді теориялық білімсіз шешу мүмкін емес

       Дидактиканың пайда болып дамуы. Оқыту теориясының негізін қалаушылар: Я.А.Коменский, И.Г.Песталоций, Ж.Ж.Руссо, К.Д.Ушинский, В.Сухомлинский, А.С.Макаренко, т.б. қосқан үлесі.Дидактиканың негізін салушы чех педагогы Ян Амос Коменский  (1592 - 1670). Оның 1632 жылы шыққан «Ұлы Дидактика» кітабында оқыту мақсаты, әдістері, принциптері, сынып-сабақ жүйесі туралы жазылды. Ол басты мақсат – адамшылық, оған жету жолы – білім беру және оқыту деп санады. «Көп емес, өмірге керекті білімдерді» беруге шақырып, оны түсіндіру үшін жаттығу, тәжірибелік әдістерді қолдануды ұсынды. Оқушыны  жақсы сезімге бөлейтін әдістердің пайдалылығын дәлелдеді. Я.А.Коменский саналылық және белсенділік, көрнекілік, жүйелілік және сабақтастық, жаттығу және түсініктілік принциптерін ұсынды. Я.А.Коменский сынып-сабақ жүйесін терең зерттеді. «Жақсы ұйымдастырылған мектеп заңдары» деген еңбегінде сынып-сабақ жүйесінің бөліктерін атады. Олар:оқушыларды мектепке белгілі бір уақытта қабылдау, сабақ аяқталмай, ешкімді одан босатпау;оқушыларды сыныпқа бөлу;әр сыныпқа бөлме беру;күніне 4 сабақ өткізу;әрбір сағатта істелетін  жұмыстарды жоспарлау;қоңыраудың соғылуы;тәртіп;бір сабақтың ұзақтығы бір сағаттан аспау керек;сабақты күзде бастау.Мұғалім оқушыларға жаңабілімдерді түсіндіреді, жаттығулар орындатады. Бұл қазіргі аралас сабаққа ұқсайды. Я.А.Коменский тақырыпты қайталауды апта, тоқсан соңына қойған. Сабақты 3 бөлікке бөлген: басы, жалғасы, соңы. Басында оқушылар ескі білімдерін еске түсіреді, мұғалім үй жұмысын тексереді, жаңа тақырыпты түсіндіреді.     

      Я.А.Коменский «Мұғалім – сабақты жаратушы, оның жүрегі», - деп түсінген. Оқушының өз күшіне деген сенімін арттыру, еңбекті сүюге тәрбиелеу, үй жұмысы туралы да мәселелер ұлы педагогтың назарынан тыс қалған жоқ.Я.А.Коменский экскурсияны кең қолданып, оны білім берудің маңызды құралы деп санаған.

     Иоганн Генрих Песталоций (1746-1827) «Гертруда өз балаларын қалай оқытады?» (1801ж.) деген еңбегінде дамытып оқыту принциптерін ұсынып, бастауыш мектептегі оқыту әдістерінің негіздерін қалады. Қоршаған дүниені сезім арқылы қабылдау – білім негізі. Одан әрі нәтиже – дерексіздік. Білімді қажетсіну ынтаны туғызады. Сөз, сан, шама – ақыл жемісі, оның негізі, оқытудың қарапайым құралдары.Жаратушы балаға күш береді. Ол баланы дамуға итермелейді. «Көз көргісі келеді, құлақ естігісі, аяқ жүргісі, қол ұстағысы, жүрек сенгісі, жақсы көргісі, ми ойланғысы келеді»-деген. Осы тұжырымдарға сай  

     И.Г.Песталоций буынға бөліп оқыту, алдымен сурет салуға үйрету, содан кейін жазуға үйрету тәсілдерін қолданған. Бақылау әдісін, баланың бақылаудан алған әсерлерін талқылатуды қолданған. Оның пікірінше «заттар мен құбылыстарды бақылаған баланың ойы оянып, сөйлегісі келеді».Адамның дүние туралы түсінігі алғашқыда анық емес, оны реттейтін оқыту арқылы жиналатын білім қоры, өйткені ол ақыл-ой жұмысын туғызады. Бірақ білімді бере беру жеткіліксіз, ақылдың қуатын арттыру керек. Ол үшін түрлі жаттығулар, балаға сөйлеу, ойлату, сұрақ-жауап тәсілдері қолданылған.Пәндерді көрнекілік арқылы оқыту тиімді екендігін дәлелдеген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Қазақстанда дидактика мен жеке пән әдістемесінің негізін салушылар

 

 Ыбырай Алтынсарин (1841-1889жж.) орыс тілін қазақтарға үйрету курсының, оқу жоспарларының, бағдарламаларының авторы.

 Ол орыс тілі мен қазақ тілінің айырмашылықтарын анықтады. Оқыту процесінде көрнекілік, әңгімелеу, кітаппен жұмыс әдістерін кең қолданды. Ы.Алтынсарин орыс тілін үйрету үшін дайындық сыныптарын ашты, ауызша сөйлеу тәсілі қолданылып, орыс әдебиеті, грамматиканы оқытқанда казақ тілінде аз сөйлеткен, сөздік жұмыстары жүргізілген.

 1879 жылы оқу құралы "Қырғыз хрестоматиясы" шықты. Бұл бірінші, қазақ тіліндегі оқу құралы, оған ауыз әдебиеті шығармалары, өсімдік, техника атаулары енгізілді.

 Ахмет Байтұрсынов (1873-1937 жж.) қазақша оқыту әдістемесінің негізін салушы. "Оқу ана тілінде жүргізілсін" — деген талапты бастаушы.

 1912 жылы тұңғыш рет "Әліппе" жазды, ол халықты сауаттандырудың басты құралы болды. Бұл оқу құралы әрі сауат ашу, өрі ұлттық дүниетінымды іске асыру мақсатын қойды. 1926 жылы бұл "Әліппенің" жете өңделген жаңа түрі жарияланып, қазақ халқының сауат ашу мектебінің басты құралы болды. Әдіскер оқушыларға ереже жаттатудық тиімсіз екенін дәлелдеп, түсіндіру, талдау, қорыту тәсілдерін қолдануды ұсынды. Сол сияқты әдебиет сабағын оқытқанда әсерлендіру, талдау, бейнелеу, тұжырымдау тәсілдерін қолдану қажет екенін "Қай әдіс жақсы" (1928ж.) деген мақаласында айңын баяндайды. Халыққа білім беру ісі үшін халықтың (ұлттың) ана тіліндегі жазуы, оқу құралдары болуы керек. Міне, осындай өзекті мәселелерге Ахмет Байтұрсынов ерекше мән беріп, ұлттық емлені, грамматиканы ғылыми негізде жаңадан құрып, оны жүзеге асыруға басшы болды. Халықты надандық түнегінен шығару үшін оған білім беру қажеттігін дәлелдеді. 1913 жылғы "қазақша оқу жайынан" деген мақаласында "бала оқытатын адам оған үйрететінін, оның көңіл сарайын, мұғалімдік ғылымды жақсы білу керек", - дейді.

 

 

 Жүсіпбек Аймауытов (1890-1931 жж.)- "Тәрбиеге жетекші" (1924) деген еңбегінде баланы оқытудық ережелерін, заңдарын баяндайтын, оқытудық дұрыс жүйесін тауып, білім берудің шарттарын көрсететін педагогика бөлімі "дидактика" деп, дидактикаға қазақ тілінде тұңғыш ғылыми анықтама берген.

 Ж. Аймауытов баланың ақылын, сезімін, ерік-жігерін, мінезін тәрбиелеу керектігін атап көрсетті. Балаға туған елдің салт-санасын, әдет-ғұрпын көрсетуді ұсынды. Баланың тіл байлығын арттыруға ерекше көңіл бөлді.

 Мағжан Жұмабаев (1893-1938 жж.)- Ол зейінді тәрбиелеу жолдарын көрсетті. Олар:

 • мұғалімнің қатты сөйлеуі;

 • суреттердің бояуының ашықтығы;

 • әсердің күштілігі;

 • затты көрсету, суретін салдыру, балшықтан сол затты жасату.

 Баланың ойын бөлетін сабаққа қатысы жоқ заттар, мұғалімнен қорқу, не көзге түскісі келу сияңты сезімдер. Осы құбылыстарға жол бермеу үшін М.Жұмабаев сабақтарды түрлендіруді, әсерді жаңалауды, оқуды енді бастаған балаларды 5-10 минут оқытуды, жіща білім мен ескі білімдерді байланыстыруды, жақыннан алысқа, таныстан бөтенге қарай оқытуды ұсынды.

 Сонымен дидактика бойынша көптеген зерттеу жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар одан әрі жүргізілуде. Қазір дидактиканың алдында көптеген міндеттер тұр. Олар:

 • І-ХІ сыныптарға арналған жаңа оқулықтарды жазуды бітіріп, оларды мектепке енгізу;

 • аз комплектілі мектептердегі, мектепке дейінгі мекемелердегі оқу процесін жетілдіру;

 • білімдік процеске жаңа технологиялар енгізу;

 • мектептерді комьютрлендіруді 2002 жылы аяқтау;

 • мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды жасауды аяқтау, оларды кезең-кезеңмен мектептерге енгізу;

 • ерекше дарынды балаларды оқыту бағдарламаларын ғылыми негіздеу;

 • білім беруді ізгілендірудің ғылыми әдістерін жасау.

 

Сонымен дидактика бойынша көптеген зерттеу жұмыстарыжүргізілді. Бұл жұмыстар одан әрі жүргізілуде. Қазір дидактиканың алдындакөптеген міндеттер тұр. Олар:

  • I-XI класстарғаарналғанжаңа оқулықтарды, жазуды бітіріп, оларды мектепке енгізу.
  • Шағын жинақталған мектептердегі, мектепке дейінгі мекемелердегі оқу процесін жетілдіру.
  • Білімдік процеске жаңа технологиялар енгізу;
  • Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды жасауды аяқтау, оларды кезең-кезеңімен мектептерге енгізуі;
  • Ерекше дарынды балаларды оқыту бағдарламаларынғылыми негіздеу;
  • Білім берудіізгілендірудіңғылыми әдістерін жасау.

 

 

 Пайдаланылған әдебиеттер:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
---



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу