Менің Әлемім қазақ тіліне аударылды

26.08.2014ж. Менің Әлемім әлеуметтік желісінің командасы Қазақстандағы үш миллион пайдаланушы үшін туған тіл болып табылатын қазақ тіліне интерфейсін аударды және бейімдеді.
Соңғы бірнеше жыл бойы Қазақстанда қазақ тілінде сөйлейтін аудитория өсіп келеді. Қазақ тілінің іскери және тұрмыстық, соның ішінде, әлеуметтік желілердегі қатысымдағы рөлі біртіндеп өсіп жатыр. Бұл тенденцияларға мемлекеттік деңгейде де белсенді түрде қолдау көрсетіледі: қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалардың мақсаты — мемлекеттік тілді Қазақстанның барлық өмір салаларында басым ету.
Бұл жағдайларда республикадағы ең танымал әлеуметтік желілердің біреуі Менің Әлемімнің командасы қазақ тіліне локализациялауды жүзеге асырды. Енді Қазақстандағы пайдаланушылар Менің Әлемімде....
Жаңалықтар
Толық

Ағылшын тілі сабағында оқушыларды ағылшын халық ертегілері арқылы тәрбиелеу

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы
Сарышаған кенті КММ ЖОББ мектебінің
ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Гурленбаева Жумабике Ражабовна



Тақырыбы: Ағылшын тілі сабағында оқушыларды ағылшын халық ертегілері арқылы тәрбиелеу

Мазмұны:
1. Кіріспе.................................................................................................................................3
2. Ағылшын халық ертегілеріне жалпы талдау жасау.......................................................4
3. Оқушыларды тәрбиелеу барысында ағылшын халық ертегілерімен жұмыс жасаудың негізгі әдістері.........6
4. Оқушылармен ағылшын халық ертегілерін үйрену барысында қолданылатын жұмыс әдістері..................10
5. Қорытынды.......................................................................................................................13
6. Қолданылған әдебиеттер тізімі.......................................................................................14


Кіріспе

Осы зерттеудiң өзектiлiгi балаларды шет тiлiне бастауыш сыныптан бастап үйрету қажеттілігінен келіп шықты. Баланың тiлдiк тосқауылын барынша ерте жеңуге көмектесетiн және шет тiлiне болған махаббаттың оянуына ұластыратын, ерте жастан ағылшын тiлiне үйретудiң тиiмдiлiгiн ең жоғары деңгейiне жеткізуге ағылшын халық ертегiлерiн пайдасы өте үлкен.
Білікті және білімді жастарды тәрбиелеп жеткізу - ұстаздардың ең алғашқы мақсаты. Қоғамда өмiрге дағдылануды кiшi ұрпақтан бастап дайындау қажет. Жеткiншектер тәрбиесі барысында қоғаммен мәдениетті және білікті түрде қарым-қатынас жасауды меңгеруi керек, өйткенi жастардың дамуына қол жеткiзетін деңгей - өнер-бiлiмді меңгеру. Белгiлi бір еңбек тәрбиесіне ие болу үшін, қоғамдағы мiнез-құлықтың нормаларын меңгере отырып және тәжiрибелерге сүйене отырып, алдағы үлкен өмiрге оқушылардың пiкiрлерінің жоғары деңгейдегі жүйесiн дамыту қажет. Жас жеткiншектердің алғашқы тәрбиесiне үлкен әсер ететін бұл халық ертегілері және оның кейіпкерлері болып есептеледі.
Ертегiлер ерте замандағы салт-дәстүрлер, тәрбие әдістері және.....
Ғылыми жобалар
Толық

Көптілділік - Қазақстандағы халықтар достығының негізі

Тақырыбы: Көптілділік - Қазақстандағы халықтар достығының негізі.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды мақал-мәтелді дұрыс қолдана білуге үйрету, сөз байлығын арттыру. Патриоттық тәрбие беру, ойлау қабілетін дамыту, қазақ тілін құрметтеуге баулу.
Сабақтың көрнектілігі: Қабырға газет буклет. (Ана тілі – азығым. Таусылмас қазығым)
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды
1. Ана тілі – кімнің тілі?
2. Тілді адамдар, ең алдымен кімнен үйренеді?
3. Қазақ тілі бұл күнде қандай мәртебеге ие болды?
4. Қазақ халқының мағынасы не?

Кіріспе сөз: Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл – қазақ тілін білу - әрбір азаматтың
міндеті. Бүгінгі таңда мемлекеттік тілді үйрену....
Тәрбие сағаттар
Толық