Құқық | Конституциялық құқық ұғымы

Адам әр түрлі әлеуметтік қатынастарға түседі. Қарым-қатынас нәтижесінде адамдар арасында өзара әрекеттестік қалыптасады, түсіністік пайда болады, қамқорлық жасау және көмек беру жүзеге асады. Қоғамдық қатынастар әлеуметтік нормалар арқылы реттеледі, олардың арасында құқық нормалары ерекше орын иеленеді. Құқық нормалары заңдар мен нормативті құқықтық актілерге көрініс табады. Жалпы адамзаттық құндылықтар және әділеттілік, ізгілік, теңдік, бостандық идеялары құқықтың негізі болып табылады.
Құқық дегеніміз – мемлекет арқылы қамтамасыз етілетін, әділеттілік туралы адамдардың көзқарастарынан көрініс табатын, жалпыға бірдей міндетті нормалардың жиынтығы.
Құқық нормалары өзара үйлесімді жұмыс істеуі қажет. Осы мақсатта олар салаларға, салашықтарға және құқық институттарына бөлінеді. Мұндай құрылым құқық жүйесі деп аталады.
Құкық жүйесі құкық нормаларынан тұрады, аталған нормалар құқық саласын кұрайды, салалар ішінде құқық нормалары құкық институттарына топтастырылады. Біркатар іргелі құқық салалары құқық, салашықтарына бөлінеді.
Кез келген құкық саласы өзінің пәні мен құкықтық реттеу әдістеріне ие. Құкық нормалары арқылы реттелінетін біртектес қоғамдық қатынастар құкықтық реттеу пәні болып табылады. Құкықтық реттеу әдісі дегеніміз - біртектес қоғамдық қатынастарды сапалы құкықтық ретттеуді жүзеге асыруға көмектесетін заңдық тәсілдер.
Құкықтық реттеудің мынадай негізгі әдістері бар:
 имперактивті (тегеуірінді түрде) - тыйым салу, міндеттеу және жазалауға негізделген жазбаша өкім әдісі;
 диспозитивті - рұқсат етілуге, үйлестіруге, бостандық пен теңдікке негізделген тараптардың тең құкықты әдісі.
Сондай-ақ қосымша әдістер де болалы:
 көтермелейтін – құрметтеуге лайықты іс-әрекет үшін марапаттау әдісі;
 ұсынылатын - мемлекет пен коғам үшін лайықты мінез-құлықты жүзеге асыруға кеңес беру әдісі.....
Рефераттар
Толық

Құқық | Конституциялық құқық негіздері

Конституциямен бекітіліп, реттелетін қоғамдық қатынастар маңызды болғандықтан, коституциялық құқық, Қазақстан құқық салаларының арасында жетекші рөл атқарады. Құқық жүйесіндегі конституциялық құқықтың жетекші рөлі төмендегі мәселелер арқылы көрінеді: біріншіден, конституциялық құқық қоғам мен мемлекет құрлысының негізгі қағидаларын құқықтық формада бекітеді; екіншіден, конституциялық құқық барлық қоғамдық үрдістерді басқарудың жалпы негіздерін анықтайды; үшіншіден, конституциялық құқықтың нормалары құқықтық актілердің түрлерін, оларды қабылдайтын органдарды, актілердің заңдық күштерінің ара салмағын анықтайтындықтан, конституциялық құқықтың нормалары құқықтың жасалу үрдісін реттейді.
Конституциялық құқық ғылымы қоғамдық ғылымдар жүйесіне жататын заң ғылымдарының құрамдас бөлігі. Конституциялық құқық ғылым болғандықтан оның өзіне оқытылатын пәні, зерттейтін объектісі, әдістері, деректік негіздері бар. Конституциялық құқық салалық заң ғылымдарына кіреді. Конституциялық құқық ғылымы – конституциялық құрылыстың институттарында бекітілген мемлекеттік-құқықтық және мемлекеттік биліктің іске асырылуына байланысты болатын – ерікті қоғамдық қатынастардың дамуы заңдылықтары жайындағы ғылыми білімдер жүйесі. Конституциялық құқық жүйесіне: 1) конституциялық құқықтың құқық саласы екендігі жайындағы білімдер; 2) Қазақстан Республикасы Конституциясының мәні, мазмұны, құрылымы жайындағы білімдер; 3) Қазақстан Республикасы конституциялық құрылысының негіздері және олардың қоғамдағы үстем қатынастарымен қарым-қатынасы жайлы білімдер; 4) Қазақстан Республикасы азаматының, адамның құқықтары мен бостандықтары туралы білімдер; 5) Қазақстан Республикасының ұлттық-мемлкеттік және әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы білімдер; 6) Қазақстан Республикасының билік органдары жүйесі, жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы білімдер жатады.
Көрсетілген объектілер ғылыми зерттеудің пәні болып табылып ғылыми әдістемелік қағидаларға сүйеніп, тарихи, қисынды, салыстырмалы-құқықтық , жүйелік, статистикалық, нақты-әлеуметтік сияқты әдістерінің көмегімен оқытылады.
Теориялық қортындылар жасай отырып, конституциялық құқық ғылымы, ғылыми танымның негізін құрайтын барынша кең деректер жүйесіне сүйенеді. Осындай деректердің қатарына Конституция, конституциялық және қатардағы заңдар, Президенттің, Парламенттің; Үкіметтің, жергілікті атқару және өзін-өзі басқару органдардың нормативті актілері жатады. Сонымен бірге конституциялық құқықтың деректері көздеріне отандық, шетел оқымыстылары, ғалымдары, зерттеушілерінің конституциялық құқық саласына байланысты жазған еңбектері жатады.....
Рефераттар
Толық

Құқық | Конституция және Сот билігі

Заңды қорғау дегеніміз бұзылған құқықты орнына келтіруге, заң бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекет органының мәжбүрлеу қызметі. Заңды қорғау үшін мемлекетімізде заңды қорғау органдары құрылған. Оларға Сот, Прокуратура, Ішкі Істер Органдары, Ұлттық Қауыпсіздік Комитеті жатады.
Сот билігі Қазақстан Республикасы атынан жүзеге асырылады. Оның алдына қойылған мақсат – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заңдылық пен әділеттілікті қамтамасыз ету. Сот істерді соттасушы жақтардың тікелей қатысуымен жүргізеді. Сотта іс қазақ тілінде немесе қатысушыларға түсінікті басқа тілде жүргізіледі. Сот ісі жүргізілетін тілді білмейтін адам ана тілінде сөйлеуге хақы бар. Мұндай адамның сөзін сот аудармамен қамтамасыз етеді. Сотта іс ашық жүргізіледі. Тек мемлекеттің құпиясын, отбасының сырын сақтау керек болса, іс соттың жабық мәжілісінде қаралады ....
Рефераттар
Толық

Құқық | Конститутцияның түрлері

Конститутциялық құқық ғылымында конститутцияны әртүрлі негіздер бойынша топтастыруға, бірнеше мәрте әрекет жасалды. Айталық, мемлекетті құрылыс нысанына қарай Конститутцияның бір тұтас және федерациялық, саяси рижимнің сипатына қарай демакратиялық және демакратиялық емес, қолдану ұзақтығына қарай тұрақты және уақытынша деген түрлері ұсынылған. Алайда, уақыт сыны көрсеткеніндей, өткен ғасырда ұсынылып қазіргі күнге дейін қолданып келе жатқан ескі топтастыру тұрақты екндігін байқатты.
Конститутцияны: 1) нысанына 2) қолдану тәртібіне 3) өзгерту әдісіне қарай осындай түрлерге, белгілерге бөлу қабылданған.
Нысанына қарай Конститутцияның екі түрі бар, олар: жазбалы және жазбалы емес конститутциялар. Жазбалы Конститутция тұтас жинақталған кадификациялық акт (Финляндияда, Ресей Федерациясында, Қазақыстан Республикасында), бұлар осы елдердің заңдары деп ресмей түрде жарияланған. Әдетте жазбалы Конститутциялар кіріспеде негізгі мәтіннен және өтпелі кезең ережелернен тұрады. Жазбалы Конститутция бұл бырынғай тұтас, американдар бинелеп айтқандай, «қалтаға салуға болатын құжат». Кейбір жағдайларда жазбалы Конститутция белгілі бір жүйеге келтірілген бірнеше құжаттан тұруы мүмкін. Осындай жазбалы Конститутция – бұл актілер жиынтығынан немесе конститутциялық әдет – ғұрптардың жинтығынанда құрлумүмкін.
Жазбалы емес конститутция – сирек қолданылатын әртүрлі заңдардың, сот үрдістерінің және әдет – ғұрыптардың жинтығы. Қазіргі кезде бұл Ұлыбританияда және Жаңа Зеландияда бар. Жазбалы емес Конститутция жазбалы Конститутция сияқты басқару нысаны, мемлекттік құрлыс нысанын, мемлекттік жоғарғы және жергілікті органдардың құрлымын, жеке адамның құқықтық жағдайын және тағы басқа белгілейді, бірақ сол елдердің басқару актілері деп формальды түрде болсада жарияланбаған. Өйткені қазіргі кезде тұтастай жазбалы емес конститутция ешбір елде жоқ. ....
Рефераттар
Толық

Биотехнология | Консерванттар Ароматизаторлар Тағам бояулары және тағам қоспалары

Тамақ өнеркәсібінде, аспаздықта, тамақты үй жағдайында даярлағанда өте ертеден тамаққа тәтті дәм беретін қосылыстар қолданылған. Ең бірінші қолданылған бал, өсімдіктер шырыны, жемісі. Біздің күнделікті жағдайда негізінен қолданатынымыз – қант.
Соңғы кезде ғылымның тамақтануға қойған талабымен байланысты, төмен колориялы азық-түліктің өндірісін кеңейту, сол сияқты кейбір аурулармен ауыратын, әсіресе диабет ауруымен ауыратын адамдар үшін арнайы тағам қажет екеніне байланысты, табибғи және жасанды қанттарды ауыстыратын заттардың өндірісін кеңейту қажет болды. Осымен байланысты, тамақ өнеркәсібінде тәтті дәм беретін өнімдерді крахмалдан алу кең өріс алды, олар: сірне (төмен қантты, карамелді, глюкозды), глюко-фруктоза шырыны, глюкоза. Енді осы топқа жататындардың ішінен кеңінен қолданылатындары:
Бал – құрамында балы бар гүлдерді аралардың өңдеуімен алынған өнім. Жағымды дәмі, иісі бар зат. Құрамы: түсі және хош иісі араның өңдеп алған өсімдіктерінің табиғатымен байланысты. Құрамында 7,5 пайыз моно және дисахарид бар, оның ішінде 40 пайыз фруктоза, 35 пайыз глюкоза және 2 пайыз сахароза, 5,5 пайыз крахмалдан тұрады. Құрамындағы витаминдер: С-2, В6- 0, 10, фолатцин 15,00 мкг, аз мөлшерде В2 , В1 микроэлементтерден: темір – 800, йод – 2, фтор – 100, қалғандары өте аз мөлшерде. Органикалық қышқылдар 1,2 пайыз.
Бал тамақтанғанда және дәрі ретінде, сол сияқты тәтті тағам және нан пісіру өндірісінде, сусындар даиярлағанда қолданылады.
Солод экстракциясы - арпа солодының сулы сығындысы – моно және олигосахаридттердің (глюкоза, фруктоза, малтоза, сахароза), белоктардың, минералды заттардың, ферменттердің қоспасы. Құрамындағы сахарозаның мөлшері - 5 пайыз. Тәтті тағам өндірісінде, балалар үшін даярланған тағамдар да қолданылады.
Лактоза сүт қанты. Балалар тағамына және арнайы тәтті тағамдар өнімін даярлағанда қолданылады.
Көп атомды спирттер (полиолдар)....
Рефераттар
Толық

Информатика | Компьютерлік қауіпсіздік мәселелері

Адамзат өзінің индустриялық даму сатысынан постиндустриялық даму сатысына, дәлірек айтсақ, информациялық сатыға біртіндеп көшіп келеді, өйткені мемлекеттің экономикасын, техникасын, ғылымын осы заманның одан арғы даму кезеңінде информатиканың соңғы жетістіктерін кеңінен пайдаланусыз елестету қиын. Әрбір жеке адамның да өмірі уақыт өткен сайын информатикамен тығыз байланысып келеді. Информация, информацияландыру – стратегиялық ұлттық ресурстардың ең маңызды түрлерінің біріне жатады, оның ішінде осы көрсеткіштер бойынша мемлекеттің экономикалық және әскери қуаты анықталады. Сондықтан да информатика курсын оқып білуді осы ұғымдар туралы түсініктемелерден бастаған жөн. ....
Рефераттар
Толық

Қыста тоңазытқышты пайдаланбайтын болсаңыз мынаны ескеріңіз

Тоңазытқыш ұзақ әрі сапалы қызмет етуі үшін... Тоңазытқыш – адам денсаулығына маңызды азық-түліктің бұзылмай сақталуы үшін пайдаланылатын, электр қуатымен жұмыс істейтін құрылғы екенін барлығымыз жақсы білеміз. Ал қазіргі үйлерді тоңазытқышсыз елестету мүмкін емес. Дегенмен салқын түсіп, қысқы мезгілге ауысқан шақта күннің ыстығында кейбіріміз талай керегімізге жараған тоңазытқышты көктемге дейін уақытша өшіріп қойып немесе орын болмай балконға, жылуы жоқ бос бөлмелерге қойып жатамыз. Бірақ, бұлай жасауға бола ма? "Кейбір жағдайларға байланысты тоңазытқышты уақытша пайдаланбайтын болғанда не істеу керек? Кейін керек кезінде қосқаннан кейін дәл бұрынғысынша жұмыс жасай бере ме?"деген сансыз сұрақтар алаңдатып қоятыны белгілі. Сондықтан кішігірім бола да маңызы бар осы сұрақтардың жауаптарын қарастырып көрелік.......
Кеңестер
Толық

Бет терісін ылғалдандыратын маскалар

Адам ағзасының көп бөлігі судан тұрады. Су ағзаның әрбір жасушасын қандырып, саулығы мен әдемілігіне ықпал етеді. Сол себепті ылғалдылықтың табиғи балансын сақтауға үйде жасалатын ылғалдандырғыш маскалар көмекке келеді.

✅ Құрғақ теріге арналған маскалар
Құрғақ теріге арналған, ылғалдандыратын, ең оңай жасалатын маска бір үлкен қасық бал, өсімдік майы мен бір жұмыртқаның сарысынан тұрады. Бұл маска сонымен қатар теріні қоректендіреді. Масканы бетте кемінде 15-20 минут ұстап, жылы сумен жуып тастаңыз. ......
Кеңестер
Толық

Бағдарламалау | Adobe Photoshop программасын тиімді оқып –үйрену әдістері

Мазмұны Кіріспе............................................................................................................3  Бірінші бөлім 1.1 Информатика курсы бойынша мектепте өткізілетін сабақтан тыс іс-шаралардың мақсаты және міндеті ................................................
Дипломдық жұмыстар
Толық