Экономика | Еңбек нарығының қалыптастыру мен әлеуметтік жағдайы

Кіріспе
Еңбек адам өміріне қажетті материалдық және рухани игіліктерді жасаудағы адамның белгілі бір мақсаттағы іс әрекетін білдіреді. Табиғат адамдардың осы игіліктерді қажетсінуін қамтамасыз ететін негізгі материалды берсе, ал оның өзі еңбек процесі арқылы, еңбек құралдарын пайдалану нәтижесінде материалдық игіліктерге айналады. Нақты еңбек іс әрекетінде адамның табиғатпен қарым- қатынасы, адам күшінің табиғат күшінен үстемдігі көрінеді. Хайуанаттар табиғатқа тек қажеттілікпен ғана әрекет етіп, оған түйсік ықпалымен өзгерістер енгізеді. Ал еңбек процесінде тек сыртқы табиғат өзгеріп қоймайды, сонымен бірге білім, тәжірибе жинақталады, адамдардың біліктілігі артады, адамның өзі өзгереді. Еңбек мақсатқа сәйкестікпен, іс- әрекеттің ұғынылуымен сипатталады, ол қашанда белгілі бір нәтижеге жетуге бағытталып, бұл нәтиженің бейнесі адамның басындағы ойға алған мақсаты ретінде алдын- ала қалыптасады.
Еңбек дегеніміз шығармашылық процесс, яғни еңбек өзінің даму жолында адамдардың қабілетін дамытады. Сонда ғана еңбектің мәні, оның адамдық негізі ашылады.
Еңбекті түсіну үшін оның обьективті және субьективті жақтарын білуіміз керек. Обьективті жағынан,еңбек шынвнда да материалды және рухани игіліктерді тудыратын, тудырып отырған және тудыра беретін процесс. Бұл жағынан алғанда ол адамдардың өмір сүруі үшін жаратылған, олардың мәңгі серігі. Ал екінші субьективті жағынан, еңбек қоғамдық қатынастар арқылы қалыптасқан шын мәніндегі адамдардың « мәнді күштерінің» көрінуі. Яғни еңбек арқылы адамдардың қабілеттігі, дарыны, біліктілігі, бір сөзбен айтқанда- шығармашылығына жол ашылады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Әлеуметтану | Еңбек әлеуметтануы

Кіріспе
Нарыққа өту кезеңінде экономикалық өмір әлеуметтану зерттеуінің ең маңызды обьектілерінің біріне айналды. Экономикалық әлеуметтану жеке ғылыми пән ретінде өндірістік қатынастарға экономикалық факторлармен қатар адам факторы да әсер ететіндігін көрсеткен басқару тәжірибиесіне жауап ретінде ХХ ғасырдың ортасында АҚШ-та пайда болды.
Экономикалық әлеуметтанудың обьектісіне зерттеушінің қалауына қарай алынған қандай да болмасын экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан бір-бірімен тығыз байланысқан құбылыстар мен процестер жатады. Ал, экономикалық әлеуметтанудың пәніне қоғамның экономикалық дамуының әлеуметтік аспектілері жатады. Бұған экономиканың алуан түрлі салалары, әлеуметтік институттар (фирмалар, акционерлік қоғамдар, (АО), корпорациялар, банктер, т.б.), алуан түрлі адамдар бірлігі (мысалы, өндіріс, еңбек ұжымдары, өндірістік бірлестіктер, топтар, бригадалар, т.б.); экономикалық процестер, өндіріс саласындағы әлеуметтік қатынастар (үстемдік ету-бағыну, басқару-орындау), еңбеккерлердің өндірісті басқаруға қатынасуы, жұмыс күшінің тұрақсыздығы, ауысуы, миграция, мамандықты іріктеп алу, экономикалық сана, экономикалық ойлау, экономикалық-материалдық жағдайы, көңіл-күй, тәртіп, мұқтаждық, талап-тілек, әлеуметтік құндылықтардың еңбектің өнімділігіне, тауардың сапасының артуына әсері, т.б. жатады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Тарих | Екінші дүниежүзілік соғыс және Тегеран конференциясы

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі:
Халықаралық қатынастар жүйесіндегі жас субъекті ретіндегі тәуелсіз еліміздің алдындағы келелі міндеттердің бірі, әрине бұл халықаралық қатынастардың бүгінге дейінгі қалыптасқан тарихын дұрыс пайымдап, объективті тұрғыдан жаңаша зерделеу екендігі сөзсіз. Қай мәселеге болмасын батыстың, американдық не орыстық ұстанымнан, түсінік – пайымнан гөрі қазақтық көзбен немесе "терезеден" қарау қажеттігі күнбе – күн артып келеді. Жалпы, әлемдік қауымдастықтың тарихын парықтай келгенде; оны тарихи – мәдени және саяси - құқықтық жағынан саралай білудің зор маңызы бар десек, 20 - ғасырдағы түбірлі құбылыстардың бірегейі – екінші Дүниежүзілік соғыс жылдарындағы игі дипломатиялық келісімдер: Тегеран – Ялта- Потсдам тізбекті конференциялар тарихтан әлдеқашан сүбелі бағасын алса да, толайым бағаланды деу артық болар. Әсіресе, мұндағы өзекті де назар аударарлық мәселе аталмыш конференциялардың мән маңызы жеңімпаз державалардың тұрғысынан қаралып, неміс мәселесінің әлі де шынайы көрсетілмеуін атар едік. Осы конференцияларда бекітілген тарихи шешімдердің соғыстан кейінгі Германияның тағдырын түбегейлі өзгерткендігіне баса назар аудартқым келеді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Банк ісі | Екінші деңгейдегі банктердің құқықтық жағдайы

Кіріспе
Қазақстан Республикасындағы банкілік жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ету банкілік қызметті құқықтық реттеумен байланысты болып табылады. Мемлекетіміздің банк жүйесі соңғы жылдарда дүние жүзілік дамыған мемлекеттердің банк жүйелерінің деңгейіне көтерілді. Одақ кезінде республикамыздағы банктер орталық банктердің филиалдары ретінде қызмет атқарған болатын. Банктердің өз бетінше банкілік операцияларды іс жүзіне асыруы орталық банкпен реттелінетін. Нарық жағдайына көшуге байланысты республикамызда екі деңгейлі банк жүйесі қалыптасты. Бүгінгі таңда республикамызда 32 екінші деңгейдегі банктер қызмет етуде, олар мемлекеттік, мемлекет аралық қалғандары коммерциялық банктер болып табылады.
Қазіргі өтпелі кезеңде Қазақстан Республикасының экономикасына, соның ішінде банктік қызметтерге мемлекеттік ықпал ету механизмінің теориялық және практикалық проблемеларының маңыздылығы күн саынап өсе түсуде. Банк жүйесінің барлық деңгейлеріндегі банктердің қызметін мемлекеттік реттеу механизмінің тиімді қолданылуы осы жүйенің және ел экономикасының дамуына өзіндік үлесісн қосатыны мәлім.
Қазақстанның Республикасындағы Даму Банкі-акционерлік қоғам болып табылады, оның жалғыз акционері ұлттық басқару компаниясы болып табылады және ұлттық даму институтынан тұрады. Қазақстанның Даму Банкі мемлекеттік инвестициялық қызметті жетілдіруге және оның тиімділігін арттыруға, өндірістік инфрақұрылым мен өндеуші өнеркәсіпті дамытуға және экономикасын сыртқы және ішкі инвестицияларды таратуға жәрдемдесуге атсалысады. Қазақстанның Даму Банкі Қазақстан Республикасының тиісті заң актілері мен заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің негізінде Қазақстан Республикасы аумағында және одан тыс жерлерде жүзеге асырылатын мемлекеттік инвестициялық қызмет пен Қазақстан Республикасының резиденттерінің экспорттық операцияларын кредиттеу қаржыландыру мақсатында акционерлік қоғам нысанында құрылған.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | КАЗТЕМІР ҚҰРЫЛЫС ЖШС НІҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ

Қазіргі таңда біздің мемлекеттің өз алдына қойып отырған мақсаттары мен міндеттері бар. Олар келесідей көріністе: бәсекеге қабілетті экономиканы құру; аймақтық көшбасшы тұғырын қалыптастыру; отандық өндірістердің қосылған құны жоғары өнімдерді шығаруын қамтамасыз ету; ішкі нарықтағы отандық өнімдердің үлесін арттыру және т.б.
Бірақ осы мақсаттарға жетуге көптеген бөгеттер бар. Солардың ішіндегі ең негізгі проблемалары ол: экономиканың бір жақты дамуы; жемқорлық; экономика салаларын дамытуға инвесторлардың құлықсыз болуы; әлемдік ірі державалардың астырын саясаты және т.б.
Біз экономикамыздың бір жақты дамуынан бас тарта алатын болсақ, ол біз үшін өте тиімді нәтижелерді әкелетін еді. Себебі ірі державалар біздің мемлекетті тек шикізат көзі ретінде ғана қабылдайды. Ал біз бұл бағыттан тайюымыз керек. Ол үшін біз отандық өнеркәсіпті барынша жетілдіріп, дамытуымыз қажет және осы мәселе Қазақстан Республикасының 2003 – 2015 жылдарына арналған индустриалды – инновациялық бағдарламасында көрініс тапқан.
Стратегия Қазақстанның 2015 жылға дейiнгi кезеңге арналған мемлекеттiк экономикалық саясатын қалыптастырады және экономика салаларын әртараптандыру арқылы дамудың шикiзаттық бағытынан қол үзу арқылы елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуге бағытталған.
Өңдеушi өнеркәсiпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге қабiлеттi және экспортқа бағдарланған тауарлар, жұмыстар және қызметтер өндiрiсi мемлекеттiк индустриялық-инновациялық саясаттың басты нысанасы болып табылады.
Бәсекеге түсу қабiлетi дегенiмiз қазақстандық кәсiпорындардың экспортқа шығарылатын өнiмдердi өндiру қабiлетiн бiлдiредi. Басқаша айтқанда, өңдеушi өнеркәсiптiң өнiмi осындай әлемдiк стандарттарға сәйкес келуi керек және баға бойынша бәсекелесуге қабiлеттi болуы тиiс.
Стратегияның мiндеті:
- өңдеушi өнеркәсiпте орташа жылдық өсу қарқынын 8-8,4 % мөлшерiнде қамтамасыз ету, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы еңбек өнiмдiлiгiн кемiнде 3 есе арттыру және ЖIӨ энергия сыйымдылығын 2 есе төмендету;
- өңдеушi өнеркәсiптiң негiзгi қорларының өнiмдiлiгiн арттыру;
- кәсіпкерлiк ахуалды, құрылымды қалыптастыру және жеке секторды ынталандыратын әрi бәсекелестiк артықшылықты жетiлдiретiн қоғамдық институттарды ұстау, қосылған құнға барынша қол жеткiзе отырып, нақты өндiрiстерде қосылған құн тiзбегiндегi элементтердi игеру;
- ғылымды көп қажет ететiн және жоғары технологиялық экспортқа негiзделген өндiрiстер құруды ынталандыру;
- елдiң экспорттық әлеуетiн қосылған құны жоғары тауарлар мен қызметтердiң мүддесiне қарай әртараптандыру;
- сапаның әлемдiк стандарттарына кө шу;
- дүниежүзiлiк ғылыми-техникалық және инновациялық процестерге қосылу арқылы әлемдiк шаруашылық жүйесiне және өңiрлiк экономикаға ықпалдасуды үдету болып табылады ....
Курстық жұмыстар
Толық

Философия | Киниктер терминінің шығу тегі

«Киниктер» философиялық термині ежелгі грек тілінің «кюникос» - «иттік» деген сөзінен шыққан. Осыдан «иттік философия» және «иттік мектеп» ұғымдары пайда болды. Бұл термин кинизмнің негізін қалаушысы Антисфеннің толыққанды афиндық болмауына (әкесі – афиндық, анасы – фракияндық, толыққұқылы афин азаматы болу үшін әкең де, шешең де афиндықтар болуы тиіс еді) және Афины қаласының сырт жағында Геракл ғибадатханасының жанында орналасқан өзі сияқты әлеуметтік қысым көрген балаларға арналған гимнасияда білім алуына, одан кейін сол гимнасияда ұстаздық етуіне байланысты шыққан еді. Бұл гимнасия Киносарг деп аталды, қазақ тіліне «Қырағы ит» немесе «Ақ ит» деп аударылады. Бұл мектептің оқушыларын олардан сәттірек оқушылар иттер деп мазақтауы да мүмкін.Антисфен болса, бұл кемсітетін лақап атты мақтаныш ретінде қабылдады.
«Киник» терминінің шығу тегінің басқа түсіндірмесі киниктердің философиялық болмысынан бастау алады. Киниктер өз қажеттіліктерін шектегендігі соншалық, олар иттер сияқты тіршілік етті. Эллинизм дәуірінде және кейінірек киниктердің экстравагантты жүріс-тұрысы олардың дүниетанымынан шыққан және философияда ең басты тіршілік етудің формасы болғандығы сонша, оны жай ғана өмір салты ретінде қабылдап, кинизмде философияны көруге бас тартқан адамдарды естен тандыруды жалғастырды. Шынында да, киниктер ауызша жоққа шығарушылықтан гөрі практикалық дәлел күштірек деп ойлады. Яғни, «барлығын да іспен дәлелдеу керек» (Кинизмнің антологиясы. М., 1984. 164 б. Осыдан кейін – Анткин. 164 б).
Антисфен б.з.д. 444 жылы Афины қаласында туып, б.з.д. 368 жылы дүниеден өтті. Ол риторикалық білімін өзінің ең алғашқы ұстазы Горгийден алды. Содан кейін Сократтың шәкірті болды. Ежелгі деректерге қарағанда, Антисфен Сократты тыңдау үшін күн сайын Пиреядан Афиныға баратын (олардың арасы 8км). Ксенофонттың айтуы бойынша, Сократтың тірі кезінде Антисфен әрқашан оның қасында болатын.
Антисфен - өскелең жазушы. Кейін скептик Тимон кинизмнің негізін қалаушысын мазақтап, көптеген шығармалары үшін «мылжың» ( ДЛ. VI, 1) деп атайды. Лаэрттық Диоген Антисфен еңбектерінің үлкен тізімін келтіреді. Бұл тізімде алпыстан астам шығарманың аты бар. Солардың ішінде «Табиғат туралы» еңбегімен қатар филологиялық-риторикалық, гносеологиялық-логикалық және саяси-этикалық тақырыптарына жазылған шығармалар басым. Антисфеннің еңбектері біздің күнімізге дейін жетпеген. Олардың аттары ғана сақталды. Олар – жоғарыда аталған «Табиғат туралы» және де «Ақиқат», «Заң туралы», «Тәрбие туралы», «Еркіндік пен құлдық туралы», «Музыка туралы», «Өмір мен өлім туралы», «Игілік туралы», «Буын туралы», «Үстеу туралы» және т.б.
Антисфен өзінің жалпы және жеке туралы ілімін сократтық ілімінен өрбіткен. Яғни, шынайы білім деп тек ұғымдармен ғана сипатталатын білімді атауға болады. Осы бағытпен келе жатып Антисфен философия тарихында алғашқы болып түсінікке анықтама беруге талпынды. Бұл анықтама бойынша ұғым заттың не екендігін немесе қандай түрде болатындығын ашып көрсетеді ( ДЛ. VI, 1). Аристотельдің айтуы бойынша Антисфен қандай да бір заттың анықтауының мүмкіндігін және жекенің жалпыға жақындауын жоққа шығарды. Сонымен қатар, кинизмнің негізін қалаушысы заттың қандай да бір қасиет пен белгіні анықтау мүмкіндігін де теріске шығарды. Оның ойынша, әрбір пайымдау субъектісі туралы ол деп, оның не екендігін ғана айтуға болады. Мысалы, «Сократ – ол Сократ», бірақ «Сократ – философ» деп пайымдауға болмайды. Антисфен ілімінің бұл жағы туралы Аристотельден белгілі болды. Антисфеннің пайымдауынша, «бір нәрсе туралы бір ғана ой, яғни оның атауын ғана айтуға болады(логос)» (Метаф. V, 29) Осыған орай Аристотель Антисфеннің «өте акңқау» болғандығын айтады.
Антисфеннің «Сократ – ол Сократ» сияқты тавтологиялық пікірлері киниктердің қарама-қарсылық философияның түсінігімен байланысты. Бірақ, біз ненің неден шығатынын білмейміз: қарама-қарсылық ілімі пайымдау ілімінен , әлде керісінше, пайымдау ілімі қарама-қарсылық ілімінен шыққан. Аристотель бойынша біріншісі дұрыс: Антисфеннің пікірінше заттардың тек атаулары мүмкін дегенді айта келе, ол «осыдан ешқандай қарма-қарсылықтың жоқ екендігі байқалады» деп қосады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | КРОН ААҚ Ң БИЗНЕС ЖОСПАРЫН ТАЛДАУ

Американың белгілі қоғам қайраткері Бенджамин Франклин былай деген екен: “Болашаққа көз таста, әйтпесе артта қалып қаласын”. Менің бұндағы айтайын дегенім жоспарлау туралы. Себебі, жоспарлау кез-келген кәсіпкерлік іс-әрекеттің негізі болып табылады. Онсыз ешбір фирма нарық жағдайында өмір сүре алмайды.
Жоспарлау туралы сөз қозғағанда бизнес жоспарды естен шығармаған жөн. Өйткені, бизнес-жоспар кәсіпорынның даму преспективаларын анықтау үшін, баантен несие алу қажеттілігін дәлелдеу үшін, рентабельді жұмысты ұйымдастыру жағдайларын құру үшін, фирманың материялды және қаржылық жағдайын зерттеу үшін қажет болып табылады. Нарық жағдайындағы шаруашылықты жүргізгенде бизнес-жоспар кәсіпкерліктің әр түрлі сферасы мен формасында қолданылады және кәсіпорын не болмаса кәсіпкер нарық конъюнктурасының өзгерісіне байланысты кездесетін мәселелерді бейнелеуге көмектеседі. Бизнес-жоспар ұсынылы отырған бизнестің қысқа, нақты, түсінікті көрінісі болып табылады, әрі кәсіпорын алдында тұрған стратегиялық, тактикалық шешімдерді және:
- кәсіпорынның ұйымдастырушылық-басқарушылық және қаржылық-экономикалық жағдайына бағалау жасауды;
- кәсіпкерлік іс-әрекеттің потенциялды мүмкіншіліктерін анықтауды;
- жоспарланған периодқа инвестициялық мақсат құруды қарастырады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақтелеком АҚ филиалының қаржылық тәуекелін талдау

Нарықтық экономика жағдайында тәуекел – бұл кәсіпкерліктің маңызды элементі. Тәуекел адамдардың кабылдайтын шешімдерінің дұрыс нәтижелілігіне әсер ететін көптеген шарттар және факторлармен байланысты қызметтердің кез келген түрлеріне тән. Тарихи тәжірибе көзделген нәтижелерге жетпеу тәуекелі тауарлы-ақшалай қатынастар және шаруашылық айналым қатысушыларының бәсекелестігі жалпылылығында көрінетіндігін көрсетеді. Сондықтан капиталдық қатынастардың пайда болуы және дамуымен байланысты тәуекелдің түрлі теориялары пайда болады, ал экономикалық теорияның классиктері шаруашылық қызметтегі тәуекел мәселелерін зерттеуге көп көңіл бөледі.
Тәуекелсіз кәсіпкерлік болмайды. Ең көп табысты жоғары тәуекелді нарықтық операциялар әкеледі. Алайда барлық жерде шек керек. Тәуекел міндетті түрде максималды жіберілетін шекке дейін есептелуі тиіс.
Өз нарықтық қызметте қате жіберуден қорықпау өте маңызды, өйткені олардан ешкім сақтандырылмаған, ең маңыздысы - қателіктерді қайталамау. Менеджер міндеті нарықта тік бұрылыстарды жұмсарту үшін қосымша мүмкіндіктерді алдын ала ескеруге бағытталады. Менеджменттің басты мақсаты, әсіресе Қазақстанның бүгінгі жағдайында, ең қиын жағдайларда табыстың тек аз ғана төмендеуі болуы мүмкін, бірақ банкрот туралы сөз болмауы тиіс. Сондықтан әрқашан тәуекелді басқаруды әрқашан жетілдіруге ерекше назар аударылады, яғни тәуекел-менеджментін жетілдіру.
Нарықтық экономика жағдайында өндірушілер, сатушылар және сатып алушылар бәсекелестік жағдайында өздері, яғни өз үрей және тәуекел жағдайында қызмет етеді. Сондықтан олардың қаржылық болашағы көбінесе аз болжанады. Тәуекел-менеджменті тәуекелді бағалау, бизнесте пайда болатын қаржылық қатынастар және тәуекелді басқару жүйесі болып табылады. Белгілі бір дәрежеде тәуекел жағдайы болуын болжамдауға және тәуекел дәрежесін уақытылы төмендету шараларын қабылдауға мүмкіндік беретін түрлі тәсілдер қолдана отырып, тәуекелді басқаруға болады. ....
Курстық жұмыстар
Толық