1. Қорытынды аттестаттау – бұл мемлекеттік бітіру емтиханы.
2. ҰБТ - жоғары оқу орындарына түсу емтиханы.
1. 11 сынып оқушысын қорытынды аттестаттау бітіруші емтихан нысанында мектепте бес пәннен, оның ішінде 4 міндетті (ана тілі, екінші тіл, алгебра және анализ бастамалары, Қазақстан тарихы) және оқыту бейіні (ҚГБ және ЖМБ) ескеріле отырып 1 таңдау бойынша пәннен өтеді.
Барлық емтихандар, оның ішінде тестілеу де...........
Кәукен Кенжетайұлы Кенжетаев (шын есімі Әбдірахым; 25 сәуір 1916, Павлодар облысы Баянауыл ауданы - 15 наурыз 2008, Алматы) — кеңестік және қазақстандық актер, опера әншісі, театр режиссері педагог - профессор. Қазақ КСРнің Халық артисі (1959). «Платинды Тарлан» тәуелсіз сыйлығының және Халықаралық Айматов сыйлығының иегері. Өмірбаяны 1936 – 41 жылы Мәскеу консерваториясының жанындағы қазақ студиясында оқыды. 1950 жылы Алматы консерваториясын бітірген. 1942 – 46 жылы Хабаровскідегі шекарашылар ансамблінде қызмет етті. 1946 жылдан Қазақ опера және балет театрының әншісі. Мәскеуде өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысқан (1958). Ойнаған рольдері К.Кенжетаев Қыз Жібек операсындағы Бекежан рөлінде Тарғын, Жалбыр, Бекежан, Семен (Е.Г. Брусиловскийдің “Ер Тарғын”, “Жалбыр”, “Қыз Жібек”, “Дударайында”) Жанбота (М.Төлебаевтың “Біржан-Сарасында”) Эскамильо (Ж.Бизенің “Карменінде”)....
Ләйла Ақназарқызы Бекназар-Ханинга (6 ақпан 1960 жылы Алматы қаласында туған) — актриса, театр педагогы, профессор. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2001). Парасат, Құрмет ордендерінің иегері. Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты (1996). Ләйла Ақназарқызы 1960 жылы Алматы қаласында туған. 1977-1981 жылдары Алматы көркем театр институтында КСРО Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Хадиша Бөкееваның шеберханасында оқып. «Драмалық театр және кино артисі» мамандығын тәмамдады. Сол жылы М. Әуезов атындағы Академиялық драма театрының құрамына алынды. Әуезов театрындағы ойнаған рөлдері: Қара шаңырақтағы алғашқы рольдері: Т. Ахтанов «Жоғалған дос» – Ғалия, С. Сматаев «Жұлдызым менің жоғары» – Шолпан, Б. Мұқай «Тоят түні» – Баян, М. Әуезов «Айман-Шолпан» – Шолпан, И. Ғайып «Мен ішпеген у бар ма?» – Әйгерім, «Шыңғыс хан» – Құлан, У. Шекспир «Асауға тұсау» – Катарина, Б. Атабаев, А. Тасымбеков «Кебенек киген арулар» – Жания, Володин «Кесіртке» – Әнші, Е. Аманшаев «Сұлтан болсам егер мен» – Зарина, т.б.....
Әнші Жазира Байырбекова 1978 жылы 30 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысы Бөген ауылына қарасты Пақташы атты жерде дүниеге келген. Өзінің де, күйеуі Жанболат Ербатыровтың да отбасында тоғыз ағайынды. Жазира Байырбекованың әпкесі журналист, бірақ бүгінде ән айтып жүр. Бауыры Серік университетте, Аққал Хасенова есімді сіңілі кітапханада жұмыс істейді, сіңілі Ұлдан теміржолда, әпкесі Сәбира аспаз, тағы бір әпкесі Ботагөз тігінші және ағасы Ерболдың жеке кәсібі бар. Бұдан өзге Ләззат есімді әпкесі үлкен сахналарда ән айтса, өзінен кейінгі сіңілі Нәзира төртінші билік қатарында. Айтуларынша, Жанболат Ербатыровтың да бауырлары өнерден құр алақан емес. Ол 1973 жылы Қызылорда облысы Арал қаласында дүниеге келген. Жазира Байырбекова ес білгелі ән айтып келетінін айтады. Тіпті, мектеп табалдырығын аттамай жатып туған әпкесі Ләззат Байырбекованың сыныбына барып, әр мерекеде қосылып ән шырқайтын болған. Қос әнші Алматы қаласына келгенде жейтін тамақтары мен жолға төлейтін ақшалары болмай қиналған. Десе де, олар тағдыр тауқыметін көп көргендеріне қарамастан, бір-бірін таңдағандары үшін ешуақытта өкінбегенін айтады...
Нұржан Төлендиев – актер, "Алдараспан" әзіл-сықақ театрының директоры. 1978 жылы Түркістан облысында дүниеге келген. 25 жасында Түркістандағы және Сайрамдағы "Мәдениет үйін" басқарған. 2017 жылы Түркістан қаласының Құрметті азаматы атанды. Нұржан қалай "Тука" атанды? Нұржан Төлендиев халыққа "Шаншардағы" қайталанбас образдары арқылы танылды. Ол бұл театрда жүргенде қазақтың сатира өнеріне жаңа леп, сілкініс әкелді. Әртістің шынайы таланты, табиғи дарыны да осы "Шаншарда" ашылды. Ерекше қабілеті мен еңбекқорлығының арқасында аз уақытта өзін мойындата білді. Талантты актер көпшіліктің көңілін жаулап алғаны соншалық, жұрт оны сомдаған кейіпкерлерінің атауымен – "Тука", "Қошан" деп атап кетті[left][/left]....
КешYOU — Қазақстандық әнші қыздардан құрылған музыкалық топ. 2004 жылы Алуа Қонарованың продюсерлігі кезінде топтың атауы SAF болып құрылды. 2006 жылдың 10 сәуір күні белігілі продюсер, тележүргізуші, актриса, әнші Баян Есентаева трионы өзінің қол астына алып, топ атауын КешYOU етіп өзгертті. Жылдық табысы $500 мыңнан асатын КешYOU тобы, продсердің ең табысты жобаларының бірі. Уақыт өте келе топтың құрамы, стилі өзгерді. 2016 жылдың 24 мамыр күні топтың 10 жылдығына арналған мерейтойлық концерті Алматы қаласындағы Республика сарайында өтті. Концертке Балжан Бидаш, Ақбота-Нұр Сейтмағамбет, Жұлдыз Өмірғали, Кәмшат Жолдыбаева, Айдана Меденова, Анель Аринова, Зумрад Гараева қатысты. 2019 жылы КешYOU тобының 13 жылдық мерекесіне арналған бейнебаян шықты. Бейнебаянға Ляззат Сұлтанова, Балауса Ерғалина, Наргиз Алтайбай, Анель Аринова, Зумрад Гараева, Мөлдір Әуелбекова, Кәмшат Жолдыбаева, Айдана Меденова, Жұлдыз Өмірғали, Ақбота-Нұр Сейтмағамбет, Балжан Бидаш, Сара Амангелді, Назым Әбілдина қатысты....
Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны Қазақ телевидениесінің майталманы Шымкент қаласының тумасы екен. Ол 1972 жылы қарапайым отбасында дүниеге келген. Қызылорда қаласынан бастауыш мектепке барып, кейін Алматы облысының Есік қаласына орта білім алған. Дана отбасының үлкені, оның екі бауыры бар. Оның інісі Рүстем Нұржігіт те әнші ретінде Қазақстанға танымал азаматтардың бірі. Тележүргізушінің ата-анасы Дананың сахнада жүргенін қалаған және өнерге бейім етіп тәрбиелеген. Ол анасының қалауымен Алматыдағы А.Жұбанов атындағы музыка мектебіне оқыған. Танымал тележүргізуші музыка мектебінда білім алғанын мақтаныш санап, өнердегі ұстаханасы ретінде айтып жүр.....
Мақпал Исабекова 1984 жылы 21 ақпанда Жаркент қаласында дүниеге келген. Әншінің әкесі оның есімін ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісоваға ұқсасын деп қойған екен. Мақпал қалың көрерменге 2003-2004 жылдары ұйымдастырылған «SupersStar kz» жобасы арқылы танылды. Ол финалға шыққан 12 қатысушының бірі болғанымен, жетінші кезеңде жобадан шығып қалды. Бұдан кейін Мақпал продюсер Эрик Тастамбековтің қолдауымен өзінің жеке карьерасына кірісті. Мақпал үлкен сахнаға шыққан алғашқы жылдары көрерменге «Аяла мені», «Кто остановит дождь?», «Мен жайлы», «О тебе», «Холода», «Была ли любовь» әндері арқылы кеңірек танылды. Ал, оның 2005 жылы Юрмалада өткен «Новая волна» фестивалінде «Көрермендер көзайымы» атануы ТМД елдеріне де жақсы танылуына себеп болды. Әнші одан кейінгі жылдарда өткізілген «Новая волна» фестивальдеріне құрметті қонақ ретінде шақырылып, Доминик Джокер, Нюша, Ирина Дубцова, Тимати және тағы басқа ресейлік әншілермен бірге ән шырқады....