Амина
Амина есімінің мағынасы – қазақша "Әмина". Араб тілінен – 1) адал, сенімді; 2) зиянсыз, сәтті, игілікті.
Айару
Айару есімінің мағынасы – "ай" мен "ару" сөздерінің қосындысы. Айдай сұлу ару болсын ниетпен қойылған.
Дінмұхаммед
Дінмұхаммед есімінің мағынасы – Дін + Мұхаммед; Мұхаммед – "аса мақтаулы, мақтауға лайық".
Әмір
Әмір есімінің мағынасы, араб тілінен – бастық, әкім, билеуші. Біріккен тұлғалы есімдер: Әмірбай, Әмірбек, Әміржан, Әміртай, Әмірәлі.
Нұрислам
Нұрислам есімінің мағынасы – "нұр" мен "ислам" сөздерінен құралған. Араб тілінде нұр – жарық, сәуле, ал "ислам" дініміз болғандықтан, Алланың нұры жаусын деген ниетпен қойған.
Әмина
Әмина есімінің мағынасы – араб тілінен – 1) адал, сенімді; 2) зиянсыз, сәтті, игілікті.
Айсұлтан
Айсұлтан есімінің мағынасы – "ай" мен "сұлтан" сөздерінен жасалған есім, сәби айдай болсын, өз ортасында сұлтандай қадірлі болсын деген ниетпен қойылады. Сұлтан араб тілінен – "билеуші, әкім".
Аяулым
Аяулым есімінің мағынасы - менің жаным, сүйіктім, қымбаттым деген мағынаны білдіреді.
Гүлдана
Гүлдана есімінің мағынасы - тәжік тілінен аударғанда — сұлу дана, ерекше, білгір, данышпан деген мағынаны білдіреді.