Құқық | Құқықтық сана және құқықтық мәдениет

Философияда қоғамдық — сана қоғамдық болмыстан туындайтын идеялар мен көзқарастардың материалдық қатынастардың жемісі. Сонымен қатар сана болмысының қалыптасуына үлкен ықпалын тигізіп оны дамытуға үлесін қосады. Ал, қоғамдық сана құрамдық жағынан алып қарағанда көптеген түрлерге бөлінеді: саяси, көркем, теориялық, кәдімгі, эстетикалық, діни, этникалық және т.б. Құқықтық сана қоғамдық сананың бір түрі, бөлігі болып саналады. Басқа саналардың түрлеріне қарағанда құқықтық сананың өзіне ғана тән ерекшеліктері бар:
1 . Құқықтық сана мемлекетте қалыптасқан құқықтық жүйе әділ сот қызметтерінің айнасы болып табылады. Құқықтық реттеу барысында адамдар құқықтың әділеттілігін немесе оны қолдану барысындағы заңсыздық пен бассыздықтан туындайтын әрекеттер мен көріністерді ой-өріс, сана арқылы ой-елегінен өткізіп баға береді. Соның нәтижесінде индивидтердің мемлекеттегі әділеттілікке деген көзқарастары қалыптасады.
2. Құқықтық сана қоғам тапқа бөлініп, мемлекет пен құқық пайда болғанда қалыптасады және әр түрлі мағындағы қасиеттерге ие болады. Мысалы, құл иеленуші мемлекетінде құл иеленушілердің құқықтық саналары негізінде құлдарды қанау, басып жаншу, баю сияқты ұғымдармен уланған болса, керісінше, құлдардың құқықтық санасының негізгі өзегі — азаттық, теңдіқ, бостандық. (Мысалы, б.ғ. дейінгі I ғасырдағы Римдегі Спартак, б.ғ. дейінгі I — II ғасырлардағы Қытайдағы «Сары тартқандар» және «Қызыл қастар» көтерілістері және т.б. сондай қарулы көтерілістер.) Таптық қоғамда сана да таптық сипат алады.
3. Құқықтық сана саяси мазмұнға, сипатқа ие болады. Мемлекеттегі саяси процестер мен бағыттар әрқашанда құқықтық санаға өзінің әсерін тигізеді. Заңның өзі қоғамда жүргізіліп отырған саясатқа тәуелді. Мысалы, сталинизм кезінде саясат тоталитарлық жүйені және жеке адамның басына табынушылықты мемлекеттік дәрежеде нығайту болса, қоғамдық құқық¬тық сана сол саясаттың тікелей әсерінен халықтың құқықтық санасына «халық жауы» ұғымын жаппай қабылдатты, заңды екенін сіңірді. Фашизм де сондай сана қалыптасты.
4. Құқықтық сана қоғамның қондырмасынан орын тебеді, оның құрамындағы саяси, көркем, эстетикалық, теориялық, кәдімгі, діни, этикалық саналардың түрлерімен тығыз байланыста қалыптасады және дамиды. Бірақ, бір сананың түрі құқықтық санаға мол әсер етуі мүмкін. Мұндай жағдайда индивидтің құқықтық санасы не прогрессивтік, не регрессивтік, не конформистік, не ниглистік және инфантильдік қасиеттер мен мінез-құлықты қабылдауы мүмкін.
Құқықтық сана дегеніміз қоғамдық сананың формасы ретінде қабылданған адамдардың мемлекеттегі заңдарға, құқыққа олардың қағидалары мен мәніне әділсотқа және тілегіндегі құқыққа деген идеялар, теориялар және сезімдердің жүйелік жиынтығы. ....
Рефераттар
Толық

Құқық | Құқықтық тәрбиенің қоғамдағы мәні

Тұлғаны жан – жақты үйлесімді тәрбиелеу саласының бірі – құқықтық тәрбие. Ол қоғамның әрбір азаматының мемлекеттік заңдары аса жауапкершілікпен орындап отыруы талаптарымен тығыз байланысты. Әсіресе, оның елімізде жүріп жатқан жариялық, құқықтық және зайырлы қоғам орнату процесімен байланысының мазмұны ерекше. Ол үшін адамзаттың сан ғасыр уақытта жасап шығарған жалпы адамзаттық негіздегі моральдық нормаларын қоғамның әрбір өскелең жастарының сана сезімімен, күнделікті мінез – құлықтарына қалыптастыру қажет. Бұл талапты іс жүзіне асыру, әсіресе елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамыту кезеңінде, ең бірінші кезекте құқықтық сананы тәрбиелеу мен мемлекеттік заңдарды жетілдіру процесінде жандандыру айрықша міндетті іс.
Бүгінде оқушылармен жүргізілетін құқықтық тәрбиенің мазмұнын айқындауда А.С. Макаренко, В.А. Сухомлинскийдің «қандай да бір құқтық тәрбие болмасын, егер ол белгілі бір мақсатпен ұйымдастырылып, жеке адамның мұқтаждығына негізделсе, екіншіден, ұжымдық жұмыстарға оқушылар шығармашылықпен қатысса, соғұрлым алдыңғы буын ағалардың әлеуметтік-құқықтық жетістіктерін, тәжірибелерін қабылдап, өз мінез-құқылықтарына қалыптастырады» деп осы мәселеге қатысты айтқан пікірлеріне идеялық маңыз беріп, мектеп тәжірибесінде кең түрде басшылыққа алудың маңызы ерекше.
Сондықтан бүгінгі қоғамның талабына сай оқушыларды жан – жақты тәрбиелеу процесінде мектеп алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі – оқу – тәрбие жұмысының барлық құрылымында құқықтық тәрбиеге айрықша мән беріп, оны ұйымдастырудың тиімді жолдары мен тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру қажет. Себебі, мектеп- өскелең ұрпақты қоғамға даярлау процесіндегі негізгі бір әлеуметтік мекеме. ....
Рефераттар
Толық

Құқық | Құқықтық тәртіп Құқық бұзушылық Және заң алдындағы жауаптылық

Заңдылықты нақты жүзеге асыру нәтижесінде қоғамдық қатынастарды іс жүзінде тәртіпке келтірудің жай-күйі дегеніміз құқық тәртібі. Қалыптасып және өзгеріп жататын құқық тәртібі – мемлекет жариялайтын заңдылықтың нақты қамтамасыз етілуінің, оның кепілдіктері пәрменділігінің маңызды көрсеткіші. Әртүрлі маңызды құқықтар мен міндеттердің субъектілері ретінде адамдардың заңды еріктілік қызметі, мінез-құлық құқық тәртібінің мазмұнын айқындайды, құқық тәртібін жасайды.
Ең алдымен құқық тәртібін қорғауға тиісті мемлекеттік органдардың қызметінде заңдылықты сақтаудың елдегі заңдылықтың жай-күйінің айнасы деп саналатын кездейсоқ емес, өйткені заңдармен реттелген нақты қоғамдық тәртіптің ұйтқысы ретінде құқық тәртібін тек заңды құралдар ғана қамтамасыз ете алады, ал заңдардың орындалуы құқық тәртібін нығайтуға жеткізуге тиіс.
Құқық тәртібі демократияны дамыту мен нығайтуға жәрдемдеседі. Құқық тәртібі болмайынша демократия берекесіздік пен бетімен кетушілікке айналады.

Құқық бұзушылық – қоғамның, мемлекет пен жеке адамның мүдделеріне зиян келтіретін субъектінің кінәлі, құқыққа қарсы, қоғамға қауіпті әрекеті.
Кез келген құқық бұзушылық дегеніміз адамдардың іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі ретіндегі әрекеті. Оларға табиғат құбылыстары мен жануарлардың мінезін жатқызуға болмайды.
Құқық бұзушылықтың бәрі құқыққа қарсы. Бірақ құқыққа қарсы әрекеттің кез келгенін құқық бұзушылық деп тануға болмайды. Нәтижесі субъектінің еркін өз ықтиярымен білдіруі, яғни оның кінәлі мінез-құлқы болған әрекет қана құқық бұзушылық болады. Әдетте, жасы толмағандар мен ақыл-есі кем адамдар өз әрекеттерінің сипатын ұғынбайды деп саналады, сондықтан да олар құқық тұрғысынан құқық бұзушылыққа қабілетті болып танылмайды. ....
Рефераттар
Толық

Құқық | ҚҰҚЫҚТЫҢ ЗАҢДЫ ТИПОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК НОРМАЛАР

Құқықтың заңды типологиясы, оның түсінігі мемлекет және құқық теориясының аса күрделі категорияларына жатады. Құқықтың заңды типологиясының ерекшеліктері қоғамның экономикалық формациясының сипатымен, мазмұнымен анықталады. Заңды типология қоғаммен бірге үзіліссіз объективтік даму процесінде болады. Бұл процесте қоғамның мазмұны өзгерсе, соған сәйкес құқықтың заңды типологиясы да өзгереді. Құқықтың түрлерін анықтау, типке жіктеу оның тарихи даму процесін дұрыс түсіну үшін қажет.
Қазіргі заманда құқықтың мазмұнын анықтап, түрге жіктеудің екі жолы бар: формациялық және цивилизациялық. Кеңестік дәуірде елімізде формациялық бағытты қолданып, құқық пен мемлекеттің типологиясын марксистік теорияның пікіріне сәйкес түсініп келдік. Бұл теорияның пікірі бойынша құқық пен мемлекеттің мазмұны, нысаны, түрі қоғамның экономикалық базисына байланысты. Қоғамның диалектикалық даму процесінің әр формациясында әр түрлі экономикалық базис болады. Соған сәйкес мемлекет пен құқықтың мазмұны да өзгеріп отырады – деп түсіндіреді марксизм. Құқықтың заңды типологиясы қоғамның экономикалық материалдық базисына сәйкес нормативтік актілердің таптық мазмұнын анықтап, олардың атқаратын қызметтерінің бағытын белгілеу. ....
Рефераттар
Толық

Құқық | Құқықтың негізгі тарихи типтері қағидалары және функциялары

Құқық пайда болғаннан кейін өзінің эволюциялық және революциялық дамуы барысында қоғамдық-экономикалық фор¬мация шеңбері мағынасында өзіне тән сипаттарға және ерекшеліктерге ие болады. Өзіндік мәні бар құқықтық жүйеге құқық¬тың тарихи типтері сәйкес келеді. Құқықтың тарихи типтері дегеніміз арнайы формацияның меншік қатынастары қалыптастырған құқықтың мәндік мазмұнын айқындайтын ерекшеліктердің жиынтығы. Адамзаттың тарихи дамуы құқықтың негізінде төрт типін қалыптастырады: құл иеленушілік, феодалдық, буржуазиялық және социалистік. Алғашқы қауымдық құрылыс ыдырағаннан кейін пайда болған. Құл иеленушілік құқықтың өзіне тән ерекшеліктері мынандай сипаттармен айқындалады:
- Құл иеленушілік құқық құл иеленушілердің еркін білдіреді және олардың шексіз саяси биліктерін, диктатурасын бекітеді, үстемдігін жариялайды. Фараон патшалар құдайдың әмірімен болған, жердегі оның әміршісі деп танылды. Құқықтың барлық тетіктері осы билікті қамтамасыз етуге бағытталған.
- Құл иеленушілік құқық негізгі өндірістік құрал-жабдықтарға және құлдарға жеке меншікті құқық нормаларына бекітеді.
- Құлдар құқықтың субъектісі бола алмайды. Олар тек қана объект (зат, тауар) ретінде танылады. Сондықтан оларда сатуға, өлтіруге, ұрып-соғуға, айуаңдықпен жазалауға құл иеленушілік құқық меншік иелеріне толығымен мүмкіндіктер береді. Мысалы, Рим заңгерлері құлдардың құқықтарын, қоғамда алатын орындарын «Servus instrumentum vocale est» (құл сөйлейтін құрал) деп бекіткен.
- Құл иеленушілік құқық талион қағидасын (жанға-жан, қанға-қан) бекітеді. Мысалы, ежелгі Хамурапи патшасының зандарында: «Егер біреу басқанын сүйгенін сындырған болса, онын сүйгенін сындыру қажет» деп көрсетілген. ....
Рефераттар
Толық

Құқық | Құқықтың пайда болуы және ұғымы

Дүниежүзілік тарихта құқықтың пайда болуы туралы осы күнге дейін көптеген пікірлер мен көзқарастар қалыптасқан. Бұл мәселе туралы дау-дамай осы күні де жалғасуда. Американың ірі этнографы Л.Морган 1877 жылы өзінің «Ежелгі қоғам» деп аталатын еңбегінде, Ф.Энгельс өзінің әйгілі «Семьяның, жеке меншіктің және мемлекеттің шығуы» деген зерттеуінде алғаш¬қы қауымдық кұрылыстың ыдырауының себептеріне талдау жасап, құнды пікірлер айтты. Бірақ, олардың пікірлері қазіргі тарихи-құқықтық әдебиеттерде әр түрлі мағынада бағалануда.
Алғашқы қауымдық құрылыста қалыптасқан қатынастар қандай нормаларымен реттелінеді деген сауал заңды түрде туындайды. Тарих ғылымдарының жеткен жетістіктеріне талдау жа¬сап қарасақ алғашқы адамдарының ара қатынастары арнайы нормалармен реттеліп отырды. Ол қандай нормалар? Тарихи-құқықтық әдебиеттерде бұл мәселе туралы екі пікір қалыптасқан. Бірінші пікір бойынша алғашқы қауымда қалыптасқан қатынастар әдет-ғұрып нормаларымен реттелген. Әдет-ғұрып деп әрбір этностық тарихи дамуы барысында олардың шаруашылық ұйымдастыру, географиялық факторларға және этникалық ерекшеліктеріне байланысты қалыптасып, күнделікті өмірде сан алуан рет қайталануына байланысты дағдыға айналған нормалардың жиынтығын айтады. Әдет-ғұрып жазылмаған нормалар жиынтығы, оның қай кезде, қай мерзімде пайда болғаны ғылымға әлі белгісіз. Тарихи және тарихи-құқықтық әдебиеттерде алғашқы қауымдық құрылыстағы қоғамдық қатынастарды реттеу мононормаларға жүктеледі деген пікір бар. Оның құрамына моральдық, діни, қоғамдық өмірді ұйымдастыру нормалары енетінін тілге тиек етеді. Кейбір ғалымдар алғашқы қауымдық құрылыс қалыптастырған мононорма туралы қатаң сын-пікір білдіріп, оны жоққа шығарып, мынандай тұжырым білдіреді: «Мононормалар, былайша айтқанда алғашқы қауымдық қоғамда әр түрлі әлеуметтік реттеу нормаларына бөлінбеген және ажырамаған нормалар — ғылыми қиял, ғалымдардың фантазиясы, ақиқатқа жататындық емес». ....
Рефераттар
Толық

Құқық | ҚҰҚЫҚТЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ МАЗМҰНЫ

Құқық мемлекетпен бірге қоғамның объективтік даму процесінің нәтижесінде өмірге келді. Алғашқы қоғамдағы әлеуметтік нормалар: әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, діни өсиеттер, мемлекеттік жүйеде бірте-бірте екінші қатардағы нормаға айналып, құқық әлеуметтік негізгі нормаға айналды. Адам қоғамы мыңдаған жылдар өмір сүріп келді. Сол көне заманнан ғалымдар құқық пен мемлекет қашан пайда болды, қалай дамып келеді?– деген мәселелермен шұғылданып, ғылыми зерттеулер жасап келді. Өйткені құқықтың мазмұнын, тарихын, белгі-нышандарын жақсы білу қоғамды дұрыс, сапалы реттеп-басқаруға өте қажет.
Құқық қоғамды реттеп, басқарудағы негізгі құрал; құқық қоғамдағы бостандықты, әділеттікті теңдікті, адамгершілікті қалыптастыратын негізгі құрал; құқық мемлекеттік билікті, қоғамның саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік даму процесінің даму бағыттарын анықтап отыратын негізгі құрал; құқық қоғамдағы заңдылықты, тәртіпті бақылап отыратын негізгі құрал; құқық мемлекеттің ішкі-сыртқы істердегі егемендігін қамтамасыз ететін негізгі құрал т.б. Бұл пікірді жалғастыра беруге болады. Құқық –қоғамның экономикалық базисінің үстіндегі қондырма. Оның қоғамдағы мәні, маңызы, мазмұны мен нысаны, сайып келгенде, қоғамның экономикалық, мәдени-рухани сипатына байланысты. К.Маркс «Гота программасына сын» деген еңбегінде: «Құқық ешуақытта да экономикалық құрылыстан және қоғамның соған сәйкес мәдени дамуынан жоғары бола алмақ емес» – деді.....
Рефераттар
Толық

Экономика | Қор биржасы және оның қызметі

Қор биржасы деген бағалы қағаздар сатып алатын және сатылатын негізгі нарық орны. Қор биржаларында ірі банктер қызмет етеді. "Биржа" деген термин ежелгі грек сөзі — "бурзэ", яғни әмиән деген мағынаны білдіреді. Экономикасы дамыған мемлекеттерге биржалар бірнеше түрге бөлінеді. Мысалы:
- қор биржасы;
- тауар биржасы;
- еңбек биржасы.
Сонымен, биржа —нарықтың ұйымдасқан түрі, онда сұраным мен ұсыным негізінде тауармен, бағалы қағазбен сауда жасалады және қызметкерлер жалданады. Ол — сатушылар мен сатып алушылар келісілген келу үшін кездесетін орын.
Қор биржасы жеке кәсіпкерлік принциптерде жүмыс істейді. Қор биржасының жұмысы жарғы бойынша ұйымдастырылады. Жарғыда қор биржасын құру, оны басқару тәртібі және оның әрбір буынының қызметі, мүшелерінің құрамы және сол сияқты ұйымдастыру принциптері анықталынады. Биржаның басты органы болып "биржалық комитет" саналады, ал оның мүшелерін брокер немесе маклер деп атайды. Олар бағалы қағаздар нарығында клиенттердің есебінен және солардың атағынан делдал болып операциялар жүргізеді. Себебі нарыққа клиенттердің өздері қатыса алмайды, яғни болмайды. Брокерлер сол жұмысы үшін куртаж деп аталатын төлем ақы алады. Брокерлер мен қатар өз есебінен ақша жұмсап, айналысатын дилер де жүреді.
Сонымен, қор биржасы — бағалы қағаз иелерінің биржа мүшелері, яғни делдалдар арқылы бағалы қағаздарды сату және сатып алу жөнінде мәміле жасайтын нарық.
Қор биржасы – акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, осы сауда- саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесін пайдалана отырып, оларды тікелей жүргізу арқылы сауда- саттықты ұйымдық және техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңи тұлға және акционерлік қоғам нысанындағы өзін - өзі реттейтін коммерциялық емес ұйым. Қор биржасының қызметі өзін - өзі өтеу қағидатына негізделеді және оның қызметінен түскен кірістер биржаны материалдық- техникалық дамытуға пайдаланылады. ....
Рефераттар
Толық

Педагогика | Қоғамдық қатынастар және тұлғааралық қатынастар

Саяси психология ғылымы адамдардың психикалық әрекеттерін зерттеуді объективті түрде жүргізіп, психикалық ағымдар, әрекеттер ақиқатта қалай болса, сол қалпында өзгертілмей зерттелінеді. Психикалық әрекеттердің және функциялардың әрқайсысы жеке-жеке әрекет етпейді, бірімен-бірі қарым – қатынаста байланысып, немесе шиеленісіп отырады. Сондықтан оларды зерттеген уақытта жеке психикалық фунцияларды өз алдына бөліп, оқшаулап зерттемей барлық психикалық әрекеттердің бірімен-бірі қандай байланысы, қатысы барлығын ашып зерттеген жөн. Психикалық әрекеттер бір қалыпта өзгермей тұрмайды, әр уақытта өзі дамып отырады. Ол сыртқы дүниенің адамға әсер етуімен байланысты болып келеді. Адамның психикалық әрекеттерін зерттегенде олардың қалай дамып, заңды болуын зерттеп отыру керек....
Рефераттар
Толық

Құқық | ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ САНА

Сана – объективті шындықты идеалды түрде бейнелеудің адамға ғана тән ең жоғары нысаны. Сана адамның өз болмысы мен объективті дүниенің мән-жайын, мазмұнын, ұғымын білуінде белсенді қызмет атқаратын психикалық процестердің (түйсіну, сезіну, қабылдау, ойлау т.б.) заңды нәтижесі болып табылады. Сана – шындықты бейнелеудің механизмі мен нысандарын тарихи дамудың сатыларына сәйкес айқындайтын философия, социология мен психологияның және жалпы танымның ең басты категорияларының, бірі. Сана негізінен жеке адам санасы және қоғамдық сана болып екіге бөлінеді. Сана адамдардың қоғамдық-өндірістік іс-әрекетімен еңбек процесінде пайда болып, тілдің шығуымен тығыз байланыста қалыптасады. Қай дәуірде болмасын адам туғаннан бастап алдыңғы ұрпақ жасап кеткен заттық дүниеге тап болады да, тек сол заттық дүниені белгілі мақсатта пайдаланып үйренгенде ғана ол саналы адам болып қалыптасады....
Рефераттар
Толық