Экономика | Қаржы ұғымы

КІРІСПЕ
Қаржы ("қолма-қол ақша", "табыс" ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын тілінің financia сөзінен пайда болған француздың financiе сөзінен шыққан) қоғамда нақты өмір сүретін, объективті сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіретін ақшалай қаржы ресурстары мен қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды қамтып көрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі болып табылады. Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі тауар-ақша айырбасына көшу жағдайында пайда болып, дамыды және мемлекеттің және оның ресурстарға қажеттіліктерінің дамуымен тығыз байланысты болды.
Бүгінде қаржы терминін күнделікті қолданысқа енгізген авторды атау қиын. Бұл терминнің авторлығын 1577 жылы "Республика туралы алты кітап" деген жұмысын бастырып шығарған француз ғалымы Ж. Боденге қалдыруға болады.
Қаржы туралы жұмыстың ("Афин республикасының кірістері туралы") алғашқы авторы Ксенофонт (б.э.д. 430-365 жж.) болды.
Аристотельдің (б.э.д. 384-322 жж.) қаржы саласындағы көзқарасы оның "Афиннің мемлекеттік құрылысы" атты жұмысында баяндалған.
1. Қаржының мәні, функциялары және рөлі
1.1. Қаржы ұғымы, оның мәні мен қажеттігі
Қаржының мәні, оның даму заңдылықтары, тауар-ақша қатынастарын қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Мемлекеттік қызмет | Қаржы құқығының негізгі ұғымдары

Кіріспе
Адамзат қоғамының қалыптасуының, ондағы тәртіптің бірліктің, татулықтың кепілі мемлекет пен құқық. Олар материалдық және рухани қажеттіліктердің жемісі. Сондықтан мемлекет пен құқық туралы оқып білу, адамның әсіресе жастардың әлеуметтену, құқықтық әлеуметтену үрдістерінің құқықтық санасының, құқықтық мәдениетінің кеңеюі мен тереңдеуіне, азаматтық қасиеттерінің дамуына ықпал жасайды.
Қазақстанның егемендік алып, тәуелсіздікке қол жеткізуі, қоғамдық қатынастардың барлық салаларын демократияландыруға мүмкіндік ашты. Нәтижесінде мемлекет, құқық бүкіл заңдар жұйесі түбегейлі жанаруға ұшырады. Біртіндеп отандық құқық жүйесі қалыптасты. Мемлекеттің таптық мәні, түрпішіні, қызметтері өзгерді. Президенттік басқару енгізіліп, мемлекеттің әлеуметтік, демократиялык, құқықтық зайырлы, экологиялық сипаттары күшейді. Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары, заңдылық құқықтық тәртіпті, құқықтың, занның қоғамдық қатынастарды реттеудегі ролін нығайтуға нақты жағдайлар туды. Елдің экономикасын көтерудегі, азаматтық ұлтаралық діни келісім мен татулықты сақтаудағы, нарықтық қатынастардағы адамның мүддесін қорғауда құқыққа, заңға деген сұраныс арта түсуде.
1. Қаржы құқығының негізгі ұғымдары....
Курстық жұмыстар
Толық

Психология | Қиял туралы жалпы ұғым

Талай ғасырлар бойы адам көптеген ғалымдар әулетінің зерттеу объектісі болып келді. Өз тарихы мен қалай пайда болғанын, биологиялық табиғатын, тілі мен әдеттерін танып білуге деген адамзат құштарлығының шегі болған емес. Ал осы таным жолында жантану ғылымының алатын орны аса ерекше. Адам болысының табиғатына, оның сапалы қоғам шеңберінде әркендеуі мен қалыптасуына, тәңірегіндегі басқа адамдармен қарым қатынасындағы ерекшеліктеріне деген психология дамуының негізінде жатқан қызықшылығу уақыт озуымен бірге әрістей түскен. Қазіргі кезеңде өндіріс, ғылым, медицина. әнер, оқу, ойын және спорт салаларындағы бір де бір әрекет психологиялық заңдылықтарды түсініп, танып білмей тиімді орындалуы мүмкін емес. Адамның даму заңдары мен оның болмысының жасампаздық мүмкіндіктері жөніндегі білімдер жүйесі бүкіл қоғамның кемелденуі үшін өте қажет. Адам әр түрлі ғылым тұрғысынан жан-жақты зерттелетін объекті. Психология психикалық құбылыстардың пайда болу даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Әрбір ғылымның өзіне тән зерттеу объектісі болады. Психология ғылымы зерттейтін объектіні (пәнді) бірден түсіну қиын, әрі ол – күрделі мәселе. Өйткені, психикалық құбылыстар зерттеуші адамның дүниетанымдық көз-қарасына байланысты. Психологияның зерттейтін объектісі тіршілік пен өмірдің басқа құбылыстарынан ерекше. Заттар мен құбылыстар туралы адамның елесі, қабылдауы, тілегі сол заттардың өзінен ерекше болып жасалады. Сөйтіп, бірте-бірте олар адамның психикасы болып аталады. Оған психикалық әрекеттер, қасиеттер, процестер, күйлер (көңілге байланысты) т.б. жатады. Мұндай процестер көзге көрінбейді. Сонымен бірге олар сырты дүниедегі заттар мен құбылыстардан да ерекшеленеді. Бұл құбылыстар адамның ішкі жан-дүниесіне тән. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Диалектология | Жаргон сөздер мен компьютерлік терминдердің ана тіліндегі балама ұғымдағы сөздер

Қазіргі қазақ жастарының арасында қолданыста пайда болған жаргон сөздер мен компьютерлік терминдердің ана тіліндегі балама ұғымдағы сөздер
Копировать ету – көшірмесін жасау
Печатьтау – басып шығару
Поискті қолдану – іздеу батырмасын қолдану
Проводникті қолдану – бағыттаушыны қолдану
Документ ашу – құжатты ашу
Новая папка ашу – жаңа қапшық ашу
Ярлыкты жою – таңбашаны жою
Сохранить ету – сақтау
Калькулятормен есептеу – Есептеуішпен есептеу
Назадты басу – кері қайту
Вставитьті басу – кірістіру
Компьютерлік терминдер .....
Ғылыми жобалар
Толық

Қазақ тілі | Қазақ тіліндегі терминдік атаулар мен ұғымдарды білдіретін лингвостатистикалық сөздер мен сөз тіркестері

Кіріспе
Дипломдық жұмыстың тақырыбы: «Қазақ тіліндегі терминдік атаулар мен ұғымдарды білдіретін лингвостатистикалық сөздер мен сөз тіркестері»
Жұмыстың мақсаты. Қазақ тіл білімінің жаңа бағыттағы салаларының бірі болып есептелетін «Линвистикалық статистика» (Лингвостатистика) пәніне байланысты терминдік атаулар мен ұғымдарды білдіретін лингвостатистикалық сөздер мен сөз тірестерін жинастыру, топтау, саралау, олардың сипатын баяндау, бұл жайында қорытынды пікір айту.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері. Дипломдық жұмысты жазуда тіл білміндегі тілді зерттеу әдіс-тәсілдерінен – лингвостатистикалық талдау және лексика-лингвистикалық сипаттама әдістері пайдаланылды.
Тілдік материал. Дипломдық жұмысты орындап шығу мақсатында тілдік материал (шикізат) үшін қазақ тіл білімінде және басқа да тілдерде лингвистикалық статистика бағытында жарық көрген әдебиеттер (зерттеулер, мақалалар, жиілік сөздіктер) алынды. Солардың терминдік атаулар мен ұғымдарды білдіретін лингвостатистикалық сөздер мен сөз тіркестері терілді, зерттелді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Тарих | Қазақ қоғамындағы дәстүрлi құқықтық мәдениет ұғымы

КIРIСПЕ
Қазақ халқының ғасырлар қойнауына кетер тарихы, ұлы ұлағат пен адамгершiлiк иманға және тек өзiне ғана тән ерекшелiктерге толы ұлттық құқықтық мәдениетi бар. Бұл мәдениеттiң бастаулары пәк те мөлдiр, иiрiмi – терең де тұңғиық, түла бойы тұнған дүниетанулық ой-әуенге толы өнеге мен өсиет. Сондықтан осынау бiр “өтпелi кезең” атты бимәлiм өлiара дәуiрде тұрған бүгiнгi ұрпақтың басты мiндетi – елеусiз қалған осы асыл қазынасына көңiл аударып, оны өгейсiтпей бауыр тарту, сөйтiп заман көшiнен жұққан шаң-тозаңнан арылтып, оны өзiнiң бүгiнгi өмiрiнiң айнымас тiректерiнiң бiрiне айналдыру. Әрине, бұл оңай шаруа емес, дегенмен оның мемлекеттiк және құқықтық өмiрiмiздiң бүгiнгiсi мен болашағының қажеттiлiктерiнiң бiрi екендiгiн мойындағанымыз абзал. Халқымыздың құқықтық болмысын және мәдениетiн толық игермей, оны өзiмiздiң төл мемлекетiмiз бен құқықтық жүйемiздiң алтын арқауы етпей Республикамызда құқылық мемлекет құрамыз деудiң өзi – “көзжұмбайлыққа” салыну, тарих тағлымына немқұрайлықпен қарау, қазiр жүргiзiлiп және болашақта көзделiп отырған реформаларға пәрмендiлiк пен қуат берер асыл арналарды тануда кешiрiлмес селқостық таныту.....
Курстық жұмыстар
Толық

Педагогика | Жетімдік. Әлеуметтік жетімдік ұғымдарына сипаттама

КІРІСПЕ
«Шымшық балапанына жем тасып, өзі жеуді ұмытып, балапаны ұядан қанаттанып ұшқанда өзі өлетін көрінеді» дегенді оқығаным бар. Естуімше сәбилер үйіне кіргенде көздерінде, «Мені іздеп келмеді ме екен?» деген сұраулы мұң бар, жәудірей қараған бейкүнә сәбилерді көргенде шынашақтай шымшық құрлы бола алмаған олардың тасжүрек «аналарының» таңы қалай атып, кеші қалай батып жүргеніне таң қаламын.
Ет жүрегі – кішкентай сәбиінсіз қалай алаңсыз тамақ ішіп, қалай ұйықтайды екен?! Шырылдатып тастап кеткен періштесінің үні .., бір күнге не бір жылға емес, өмір бақилыққа тастап кеткен бөпесінің, ботасының назы... оның тас жүрегін жібітуге шамасы келмеді ғой.
Ет жүрек елжіреп езілмей, жүйке жұқарып, көңіл босамай тұрар ма. Онсыз да тағдырлары келіспеген бейкүнә бүлдіршендердің өміріне налып, соны білдірмеуге бар мейірім, ықылас, қамқорлығыңды жұмсауға тырысасың-ау. Сөйтсе де туған ананың махаббат мейіріміне жетер ме? Жетпейді ғой, жетпейді....
Курстық жұмыстар
Толық

Тарих | Қазақ қоғамындағы дәстүрлi құқықтық мәдениет ұғымы

Қазақ халқының ғасырлар қойнауына кетер тарихы, ұлы ұлағат пен адамгершiлiк иманға және тек өзiне ғана тән ерекшелiктерге толы ұлттық құқықтық мәдениетi бар. Бұл мәдениеттiң бастаулары пәк те мөлдiр, иiрiмi – терең де тұңғиық, түла бойы тұнған дүниетанулық ой-әуенге толы өнеге мен өсиет. Сондықтан осынау бiр “өтпелi кезең” атты бимәлiм өлiара дәуiрде тұрған бүгiнгi ұрпақтың басты мiндетi – елеусiз қалған осы асыл қазынасына көңiл аударып, оны өгейсiтпей бауыр тарту, сөйтiп заман көшiнен жұққан шаң-тозаңнан арылтып, оны өзiнiң бүгiнгi өмiрiнiң айнымас тiректерiнiң бiрiне айналдыру. Әрине, бұл оңай шаруа емес, дегенмен оның мемлекеттiк және құқықтық өмiрiмiздiң бүгiнгiсi мен болашағының қажеттiлiктерiнiң бiрi екендiгiн мойындағанымыз абзал. Халқымыздың құқықтық болмысын және мәдениетiн толық игермей, оны өзiмiздiң төл мемлекетiмiз бен құқықтық жүйемiздiң алтын арқауы етпей Республикамызда құқылық мемлекет құрамыз деудiң өзi – “көзжұмбайлыққа” салыну, тарих тағлымына немқұрайлықпен қарау, қазiр жүргiзiлiп және болашақта көзделiп отырған реформаларға пәрмендiлiк пен қуат берер асыл арналарды тануда кешiрiлмес селқостық таныту.
Ұлттық құқықтық мәдениетiмiздiң ғылыми түр-тұлғасын сомдап, шынайы табиғатын ашу әлi де болса келешектiң iсi. Бұған дейiн бiз бұл мәселеге тек танымдық қана мәнi бар деген көзқарас төңiрегiнен қарадық, сөйтiп оның тарихи контексiне ден қойдық. Құқықтық мәдениетiмiздiң бүгiнгiсi мен болашағы туралы сұрақты анық та ашық қоя алмадық. Ал, қазiр жағдай түбегейлi өзгердi. Республикамыз Егемендiк алып, мемлекеттiк тәуелсiздiгiмiз өмiр ақиқатына айнала бастасымен ұлтымыздың құқықтық мәдениетiн танып бiлу және игеру, шамамыз келгенше оны жаңғырту және пайдалану күн тәртiбiне қойылып отыр. Өзiне ғана тән құқықтық сезiмi, құқықтық ұғымы және танымы халқымыздың жадында. Ендi өзiнiң осы бiр ерекшелiгiн – ұлттық құқықтық мәдениетiн – ескерудi және соған назар аударуды талап етуде.
Бүгiнгi күн оқиғалары халқымыздың дәстүрлi құқықтық мәдениетiн тек танымдық, тарихи ғана мәнiмен шектеудiң ағаттығын, оның бүгiнгiсiне зер салып, болашағына зор үмiт артудың артық емес екендiгiн ескерткендей. Олай болатын болса бұл саладағы бiздiң ғылыми iзденiстерiмiзге де жаңа серпiн, тың леп беру керек. Әсiресе ұлттық құқықтық мәдениетiмiздiң тарихына арналған ғылыми зерттеулерiмiздi оның бүгiнгi халi мен болашағын анықтап, сараптауға бағышталған iзденiстермен қатар әрi тығыз байланысты өрбiткен абзал. Бiз сонда ғана ұлттық құқықтық мәдениеттегi орнын, жетiстiгiн және ерекшелiгiн анықтаймыз, сөйтiп оның дүниежүзiлiк тарихтағы шынайы әрi обьективтi келбетiн мүсiндеуге жол ашамыз.
Көшпелi қазақ қоғамындағы құқықтық өмiрдi арнайы бақылап, оны жүйелi түрде зерттеп-зерделеудiң ұзаққа созылған тарихы бар. Оның бастауы көшпелiлер тарихының ежелгi дәуiрлерiне барып тiреледi. Сол кезден бастап қазақ сахарасындағы әдет заңдары хатқа түсiрiлiп, оларды iздеп, жинау, жариялап-зерттеу iсi бiрте-бiрте жолға қойылды. Дегенмен, қолда бар деректер қазақ әдет-ғұрып құқығының зерттелу барысын Ресейдiң қол астына ену кезеңiнен бастауға ғана мүмкiндiк бередi. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Психология | Жалпы жүйке жүйесінің құрылымы туралы жалпы ұғым

Кіріспе.
Зерттеудің мақсаты: Баланың жүйке жүйесінің даму ерекшеліктері, жүйке жүйесі организмнің сыртқы ортамен байланысын жүзеге асырып отыруы, айналадан келетін тітіркендіргіштерге жауап қайтаруы, бұлармен қатар жүйке жүйесі түрлі дене мүшелерінің, ұлтпалардың, клеткалардың қызметін, зат алмасу мен қан айналысын басқарып, сыртқы ортаның үнемі өзгеріп отыратын жағдайларына оларды бейімдеп, үйлестіріп отырады. Жүйке жүйесі нейрон деп аталатын жеке клеткалардан құралғаны, бұл нейрондардың әрқайсысының екі түрлі тармағы болады. Олардың бірі — ұзын тармақты нейрит (немесе аксон), ал екіншісі — көптеген қысқа тармақты дендрит деп аталынуы, нейрондардың тарамдала келіп, өзара түйінделіп бітетін жерін жүйке орталықтары дейді. Бұлар орталық, перифериялық (шеткі) және вегетативтік (ішкі) жүйке жүйелерінің өне бойына орналасқаны, орталық жүйке жүйесіне жұлын мен ми, ал перифериялық жүйке жүйесіне ми мен жұлын жүйкесінен тарайтын әр түрлі шеткі жүйкелер жатуы, жануарлар мен балалардың психикалық әрекетінің материалдық негізі болып табылатын мидың және оның бөліктерінің құрылысы зерттеулер арқылы ғылымда жан-жақты, толық дәлелденген. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Информатика | Динамикалық ұғым принципімен программа құру технологиясы

Программада анықталған айнымалылардың барлығы оның орындалуы кезінде компьютердің жедел жадының мәліметтер сегменті деп аталатын бөлігінде орналасады. Мәліметтер сегментінің ұзындығы 80х86 микропроцессор архитектурасымен анықталады және 65536 байт құрайды. Мәліметтер сегментінің аздығы программада өлшемі үлкен массивтерді пайдалануда үлкен қиындық туғызады. Бір жағынан, дербес компьютердің (ДК) жады көлемі (әдетте 640 Кбайттан кем емес ) үлкен көлемді есептерді сәтті шығаруға жеткілікті. Бұл жағдайдан шығу үшін динамикалық ұғым принципі қолданылады.
Динамиканың ұғым принципі - ДК жедел жадысы, Д.К. микропроцессорының сәулетіне байланысты, көлемі 300 Кбайттан кем емес жедел жадының арнайы бөлігіне мәліметтерді орналастыру мүмкіндігі бар. Ол бөлік компьютер жедел жадының мәліметтер сегментінен және стектен тыс орналасады. Динамикалық ұғым принципінде орналасқан мәліметтерді динамикалық деп атайды. Оның статикалық мәліметтен ерекшелігі, оларды кез келген уақытта компьютер жадына орналастырып, не одан өшіріп отыруға болады.
Динамикалық ұғым принципі бұл іс жүзінде мәліметтері үлкен көлемді массивтерді өңдеуде жалғыз мүмкіндік. Көп практикалық есептерді динамикалық ұғым принципінсіз шығару қиын немесе шығару мүмкін емес. Мұндай қажеттілік автоматтандырылған жобалау жүйесін құру (ААЖҚ) кезінде туындайды: ААЖҚ - да қолданылатын бір қалыптылық математикалық моделі басқа жобаларда анағұрлым өзгешелеу болуы мүмкін; бұл жағдайда статистикалық ұғым принципін қолдану мүмкін емес. Ақыры, Дербес компьютердің графикалық және дыбыстық тәсілдерімен жұмыс кезінде мәліметтерді уақытша сақтау үшін динамикалық ұғым кеңінен қолданылады.
Мәліметтерді динамикалық орналастыру - динамикалық ұғым принципіне тікелей программамен жұмыс істеу барысында қолдану. Бұған қарағанда, мәліметтерді статикалық орналастыру Турбо Паскаль компиляторымен программа компиляциялау барысында іске асады ....
Курстық жұмыстар
Толық