Қазақтың аты орыстың атынан озса, балуанын балуаны жықса, шешенін шешені сөзден тоқтатса, мардамсып бар қазақ сүйсініп қалады. Қазақ жеңілсе, орыс та дардияды. Ноғай мен қазақ, сарт пен ноғай егессін, олар да солай. Бұл әр жұрттың қанына біткен өзімшілдік, тұрған жерін, өскен елін, өз тұқымын басқадан артық болса екен деген құрғақ тілек, құрғақ сезім ең төменгі дәрежедегі надан адамда да бар. Бұл қасиетті сезім емес; жерін, үйірін сағыну, жеріне тарту хайуанда да бар. Үйренген тамақ, жеген жерін жақсы көру – табиғаттың еріксіз каноны. Ұлт сүюдің ең төменгі дәрежесі осы.
Ақылы, сезімі ұстарған қазіргі мәдениеттің төрінде жүрген адам баласын алсақ, әр ұлт өзінің өскенін, өзінің көркейгенін, жетілгенін, өзінің қожалығын көксеп, жанын салып, қанын судай ағызып, дүние-мүлкін.....
Жаманға ұйқы - жолдас, тамыр - тамақ... Болмайды көңілінде басқа талап. Күн кешірмек болады өз ойынша, Әйтеуір қызыл тілмен алдап-арбап. Жалқау жанның қолынан.....
Шардарбек, ағайын ең асыл затты, Білерсің сынап айтқан саясатты. «Құйрығын жатқан жылан баспа» деген, Бұрынғы естіп пе ең нақлиятты? Мақтасаң жақсы бір ат.....
Таза жоқ тат шықпайтын күмісінен, Өзінің әркім риза жүрісінен. Бір шаттық, бір қапалық екеуі егіз, Бірісі айрылмайды бірісінен. «Нені ексең, соны аларсың» деген нақыл, Таппай ма өркім өзі.....