"Көзді ашыңыздар": Жұлдыз Өмірғали өзін тоқал деп сөккендерге жауап берді

Отандық шоу-бизнестегі жұлдызды жұптардың бірі саналатын Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғалидің айналасында сөздер таусылар емес. Желі қолданушылары "КешYOU" тобынан түлеп ұшқан әншіге "тоқал" екенін әлі де бетіне басып, сынап жатыр. Көпшіліктің жағымсыз пікірлерінен мезі болған өнер иесі оларға желі арқылы жауап берді деп жазады NUR.KZ "Paparazzi" бағдарламасына сілтеме жасап.

Жұлдыз Өмірғали Instagram желісінде тікелей эфирге шығып, өзін орынсыз сөгіп жатқан халықты орнына қойған. ....
Жаңалықтар
Толық

"Тым біртүрлі": Ләйлә Сұлтанқызы ұлының соңғы қоңырауы қалай өткенін айтты (фото)

тандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы ұлдарының онлайн форматтағы соңғы қоңырауы қалай өткенін баяндап берді. Ақпарат өкілі мектеппен видеобайланыс арқылы қоштасатын заманға куә боламын деп ойламаған. Ол әрбір оқушыға естен кетпес әсер сыйлайтын шараның мұндай жағдайда өткеніне қынжылды деп жазады NUR.KZ.

Ләйлә Сұлтанқызы Instagram парақшасында ұлының соңғы қоңыраудан кейінгі суретін жариялап, карантин кезіндегі мектеппен қоштасу шарасы жайлы айтып берді. Ол видеобайланыс арқылы өткен жиын оқушыларға мүлдем ешқандай эмоция сыйламағанын алға тартты. ....
Жаңалықтар
Толық

Биыл мешіттерде Ораза айт намазы оқыла ма?: ҚМДБ жауап берді (видео)

Биыл карантинге байланысты мешіттерде Ораза айт намазы жамағатпен оқылмайды. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Хасан Аманқұлов мәлімдеді деп хабарлайды nur.kz Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Жаңалықтар
Толық

Дұха (сәске) намазы

Бұл намаздың сауабы мол. Дұха қазақ тіліндегі сәске сөзімен мағыналас. Яғни сәске уақытында оқылатын намаз дегенді білдіреді. Сахих кітаптарында Әбу Һурайрадан (р.а.) мынадай хабар жеткен: «Сүйікті досым (Расулалла (с.а.с.) үш нәрсені өсиет етті: әрбір айда үш күннен ораза тұту, дұханын екі рәкаты, ұйықтауға үтірді оқып....
Кеңестер
Толық

Духа намазы қалай оқылады? Духа намазының маңыздылығы қандай?

Сұрақ: Духа намазының маңыздылығы қандай, қай кезде оқылады?

Жауап: Дінімізде күннің астыңғы шетінің сыртқы (көрінетін) горизонт сызығынан бір найза бойы көтерілген және күннің тұнық (таза, ашық) аспанда тікелей көзбен қарай алмайтындай дәрежеде жарқыраған кезі Духа уақыты немесе Ишрақ (сәске) уақыты деп аталады. Духа уақтында күннің центрінің шынайы горизонттан биіктігі....
Кеңестер
Толық

"Арғындар Ұлы жүзбен құда болды": Алтынай Жорабаева кімге тұрмысқа шықты.

Бүгін екінші мәрте тұрмысқа шықпақ екенін хабарлаған Алтынай Жорабаеваның сүйіктісі жайлы тың мәлімет белгілі болды. Көпбалалы әншінің таңдауы кімге түскенін оның өз келіні айтып қойды. Талғат Жорабаевтың жары жұлдызды қайын әпкесі енді өзіне одан бетер жақын бола түскенін астарлап жеткізді деп жазады NUR.KZ

Алтынай Жорабаеваның арқа сүйер азаматын жолықтырғанын оның туған келіні желіде растады. Аяулым Жанатова өзінің Instagram парақшасында екі ойлы жазба жариялап, көпшілікті таңғалдырған......
Жаңалықтар
Толық

Тән, бой, дене, сүйек, тұлға

Тәні саудың - жаны сау.

Тәртіп - тән үшін, ынтымақ - жан үшін керек.

Жан тәнге қонақ.

Қылыш тәнді жаралайды,
Өсек жанды жаралайды.

Оның тәніне шайтан кірген.

Адам тәнінің сұлулығы саулығында.

Жанды сауықтырмай, тәнді сауықтырмайды

Бойымдай бой табылса да,
Ойымдай ой табылмас.

Құдай маған түйедей бой бергенше, түймедей ой бер.

Ат алсаң бойы менен басын ал,
Қатын алсаң көзі менен қасын ал.
Мақал-мәтелдер
Толық

9 мамыр: Құрметті ардагерлер мен тыл еңбеккерлері!

Сіздерді Отан қорғаушылар және Ұлы Жеңіс мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын! Осы айтулы күндер – қазақстандықтардың барлық буынын біріктіретін, шын мәніндегі жалпыхалықтық мейрамдар.

Жеңіс күні – тарихи естеліктер жаңғырып, болашақ ұрпаққа бейбіт күннің қадір-қасиетін өсиет ретінде жеткізетін күн. Бұл мейрам еліміздің ертеңі үшін жанын пида еткен қаһарман....

Құттықтау, тілектер
Толық

Жұмағали Саин (Бұлақ сыры)

Қырдан төмен ойнақшып,
Ағып жатты бір бұлақ.
Ағып жатты бір бұлақ,
Күле, жырлап, сылдырап.
Сыңқылдайды, күледі,
Тағаты жоқ, сабырсыз.
Тағаты жоқ, сабырсыз,
Тіл қатады дамылсыз...
Жарысады өзді-өзі,
Жүгіреді зымырап.
Жүгіреді жамырап,
Ағын суға шығып ап...
Басылғандай желігі,
Кейде тына қалады,
Кейде тына қалады,
Үнсіз... ойға салады.....
Өлеңдер
Толық