Менеджмент | Басқару құжаттарын құрастыру және ресімдеу талаптары

КІРІСПЕ
Кез-келген фирманың басқару аппаратының тиімді қызметі оның кұжаттармен жұмысының дұрыс деңгейге қойылуына байланысты. Іс жүзінде ақпарат көздеріне шешімдер дайындау мен қабылдауға байланысты бір де бір технологиялық басқару функциясы құжаттарды жасау, орындау және рәсімдеу процесі - қүжаттаусыз іске асырылмайды.
Техникалық орындаушылардан бастап барлык, буындағы басшыларға дейінгі басқару аппаратының бүкіл жұмыскерлерінің қызметі кұжаттаумен байланысты. Біреулері құжаттарды жасайды, басқалары олардың рәсімделуін және берілуін қам-тамасыз етеді, үшіншілері сол құжаттарды басшылыққа алып, олардың негізінде шешімдер қабылдайды. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Аударма ісі | Медициналық құжаттар және нұсқаулықтар аудармасы

Аударма – қиын да күрделі, жауапты да маңызды, шығармашылық өнердің ең биігі. Талантты аудармашы әрі аударма зерттеушісі К. Чуковский аударманы “биік өнер” деп бағалаған. Өйткені неміс халқының классигі И. Гете пайымдауында “аудармашы еңбегі бүкіл жер шарын біріктіретін, байланыстыратын маңызды істердің бірі болып қалды және қала береді”. Шын мәнінде аударма қалыптасу кезеңінен бастап, бүгінгі күнге дейін адамзаттың арасындағы рухани, мәдени құндылықтарды бір-біріне жеткізуші, халықтар арасындағы байланысты дамытушы, жалғастырушы болып отыр.
Аударма – сан қырлы, дүние, ол – өнер, мамандық, ғылым, шығармашылық іс. Тіл өнері жетіліп, өркендеген сайын аударма да үздіксіз өсе береді. Әр дәуір аударманы жаңа сапалық биікке көтереді, немесе, К.Чуковскийше айтсақ “дәл аударманың қалай жасалғандығы туралы түсінік қалыптасады”. Аудармашыны актерге теңеу бекер емес. Аударма – шығармашылық іс әрі өнер, ол “бәсекелестіктің жоғары түрі, орындаушылықтың бір түрі” (В. Россельс). Чех әдебиет тарихын зерттеушісі әрі аудармашы О. Фишер ХХ ғасырдың басында аударма ғылым мен өнер дәнекерлестігінде қызмет екенін айтады. Олай болса, аудармашы – құрметті мамандық. Өйткені, ол өз ұлтының көркем әдеби шығармаларын екінші бір халықтың рухани игілігіне айналдырумен бірге, сол халықтың үздік туындыларын өз елінің қазынасына қосады. Ағылшын жазушысы әрі сыншысы Илэр Бэлокк “аударма дегеніміз отандық әдебиеттің керемет шығармасы болып қабылдануы тиіс” деп орынды айтқан. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қаржы | Ақша қаражаты құнды қағаздар ақшалы құжаттар мен қатаң түрдегі есеп беру бланкілерді түгендеу

Нарықтық экономикада кәсіпорындар арасында еңбек құралдары мен заттарын сатып алу, өнімдерді, жұмыстар мен қызметкерді сату жөніндегі мәмілелер тұрақты түрде, жасалып отырады. Есептесу 2 нысанда жүргізіледі:
1. Банк жүйесі арқылы қолма қолсыз ақша аудару жолымен.
2. Қолма-қол ақшамен төлеу түрінде.
Ақшаларды сақтау және қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды жүргізу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелері:
1) ҚР Әділет министрлігінде тіркеуден өткен заңды тұлғаларға есеп айырысу шоттарын;
2) шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен
қозғалысын есепке алу үшін заңды тұлғаларға валюталық
шоттарды;
3) бюджеттік мекемелерге, олардың бюджеттен тыс қаражаттары бойынша, қоғамдық ұйымдарға, өндірістік, ком-
мерциялық қызметпен айналысатын жеке тұлғаларға ағымдық
шоттарды;
4) республикалық бюджетте түрған мекемелерге бюджеттік
шоттарды;
5) Ұлттық банк мекемелеріндегі екінші деңгейдегі банктерге
корреспонденттік шоттарды ашады.
Касса - есеп айырысу операцияларын банк арқылы өткізу мемлекеттік заңды тұлғалардың қаржы-шаруашылық қызметіне бақылау жасауына мүмкіндік береді. Банк субъектінің бюджетпен салықтар мен алымдар бойынша уақтылы есеп айырысуын, жеткізушілердің шоттарының уақтылы төленуін бақылап, әртүрлі мақсаттар үшін кәсіпорынға қарыз береді және олардың қайтарылуын қадағалайды. Банк арқылы қолма қолсыз ақша аудару жолымен төлем жасау есеп айырысудың негізгі нысаны болып табылады.
Ақша қаражаттарының бір бөлігі қызметкерлермен еңбекақы бойынша қолма-қол есеп айырысу үшін, қолма қол ақшаға құндылықтарды сатқаны үшін есеп беретін адамдар пайдаланады. Мұндай қаражаттар кассада сақталып, сол арқылы айналымға түседі. Есеп айырысу операцияларының тиімділігі көбіне ақша қаражаттарының бухгалтерлік есебінің жағдайына тәуелді.
Ақша қаражаттарының, есеп айырысулардың және несие операцияларының бухгалтерлік есебінің міндеттері:
1. Қолма қолсыз ақша аудару жолымен және қолма қол
ақшамен қажетті есеп айырысуларды уақтылы және дұрыс жүргізу.
2. Ақша қаражаттарының қолда бары мен қозғалысын
және есеп айырысу операцияларын есептік тіркелімдерде толықтай және жедел түрде көрсету,....
Курстық жұмыстар
Толық

Күйеуімнің тегіне өткенім дұрыс па?

Біраз жылдар бұрын бұл сұрақтың жауабы бәріне белгілі болатын. Себебі неке тойынан кейін, өз тегінде қалатын қыздар аз болатын. Тек, атақты қалыңдықтар ғана өзінің аты-жөнімен қалуды қалайтын. Ал, қазір керісінше көпшілігі тегін ауыстыруды мақұлдамайды. Оның бір себебі, құжаттарды ауыстыру қиын шаруа болып тұр. Бірақ, бір текті иемдену-ер мен әйелді бір-біріне жақындастыра түсетін себеп сияқты…
Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңестер
Толық