Ветеринария | Ірі қара мал бруцеллезінің ет сапасына әсері ұша мен органдарының ветеринариялық санитариялық көрсеткіштері

1.1.Тақырыптың өзектілігі мен практикалық маңызы. Жаңа бағыттарды дамыту Қазақстанның бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына енуіне мүмкіншілік береді. Инновациялық дамудың негізінде ғылымды өндіріспен ұштастыру арқылы технологиялық кеңістік қалыптасыру өзекті мәселеле болып табылады. Қазақстан Республикасының ғылым саласын индустриалдық-инновациялық дамудағы қазіргі ұстанып отырған саясатының маңызы зор. Онда отандық ғылымның саяси-құқықтық, әлеуметтік, экономикалық даму динамикасына ерекше назар аударылған. Дүние жүзілік ғылымның даму тенденцияларына сай Қазақстанда да ғылыми-техникалық дамудың жаңа бағыттары (нанотехнология, биотехнология, ғарыштық қызмет салалары, агроөндірістік кешен) қалыптасып келеді [1].
Көптеген елдерде, сонымен қатар Қазақстанда жас мал еті, ежелден-ақ үлкен сұранысқа ие. Жас мал етінің жұғымдылық және тағамдық сапасы өте жоғары, дәмді, жұмсақ – шырынды, әуес тағам тағам болып табылады. Олардың майы аз, жұғымды. Бұл мәселенің маңызы біздің еліміз Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге ұмтылу кезеңінде ерекше арта түсуде. Солай бола тұрса да, бізде көптеген шаруашылықтар көбінесе ірі қара мал етін негізінен ары қарай өсіруге жарамсыз мал басынан және еркек малды етке өткізу арқылы өндіреді. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Ветеринария | ӨНІМ САПАСЫН БАСҚАРУ

Елдің ашық нарық экономикасына өту кезінде ішкі және сыртқы нарықта тұтынушы үшін күрес нағыз бәсекеге қабілетті тауарларды жасау мен өндіруді талап етеді. Себебі фирмалардың табысқа жетуі фирма өндіретін тауардың бәсекеге қабілеттігіне тәуелді. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жолдауында айтқандай, біз әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруіміз керек деген./1,1б/. Қазіргі жағдайда коммерциялық фирма өнімінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің шешуші факторларының бірі – сапаны көтеруге бағдарлау болып табылады. Тек қана тауардың (қызметтің) жоғарғы деңгейлі сапалы түрі ғана нарыққа шығарылады және өнімнің сапасын басқаруға, қамтамасыздандыру сауалдарына көп зейін аударатын фирмалар мен мекемелер ғана тіршілік етуге және табыс алуға мүмкіндігі бар.
Шетелдік тәжірибе көрсеткендей, осыған жету тек парасатты басқару процесінің негізінде мүмкін. Сондықтан, бәсекелестік күрестің әліппесін танып жатқан отандық кәсіпорындар үшін сапаны тиімді басқару мәселесі көкейтесті мәселеге айналуда.
Нарықтың дамуы мен оның тауарларға деген талаптардың өсуі, ондағы сатып алушылар рөлінің күшеюі, ғылыми-техникалық себептер шарттарының рөлінің өсуі – осының бәрі кәсіпорындардың сапа мен бәсекеге қабілеттілігін, сапаны басқару механизімінің мәселесін шешу әдістері мен түрлерін жетілдіруді талап етеді. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Биотехнология | Ұйымдағы персоналды басқару және оның тиімділігі

Кәсіпорын жұмысының жетістіктерінің өркендеуі кәсіпорында еңбек ететін жұмыскерлерге байланысты. Сондықтан қазіргі уақыттағы кәсіпорындарды басқару тұжырымдары көптеген басқару іс-әрекеттерінен персоналды басқаруды ерекше бөліп қарастырады.
Әрбір кәсіпорындарда: персоналдардың санын анықтау, таңдау жүйесіндегі тиімділік, кадрларды жіктеу және оларды біліктілік талаптарына сай бөлу, өнеркәсіпті және жұмысшылардың өзін мүдделеріне қарай айналысатын жұмыстарымен қамтамасыз ету, жұмыскерлерді еңбегінің нәтижесі үшін марапаттау, жұмысшылардың қозғалысы, еңбек мотивация жүйесінде, жұмысшылардың жеке мәселесін қатерге алу, олардың тұрмыстық жағдайын жақсарту және еңбек демалыстарымен қамтамасыз ету және т.б. қажеттіліктер туады.
60-80 жылдар аралығында адами факторлардың мүддесінің көтерілуіне байланысты кәсіпорындарда әлеуметтік жоспарлаудың тәжірибесі мен теориясын өңдеу мақсатында еңбек ұжымын басқару саласы қамтамасыз етті.
Жоғарғы оқу орындарында (тәжірибе ретінде) “Еңбек ұжымын басқару” тақырыбында курстар кірістірілді және оқулықтар шығарылды. Кадрлармен жұмыс істеуде практика мен теориясын қарауда монография санының көбеюі пайда болды. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Биология | Сұлының тәжтәріздес тат ауруына қарсы төзімділік генетикасы

Сұлы дәнді дақылдардың бірінші тобына жатады. Ол бидай, арпа және қара бидай сияқты дақылдармен қатар аса маңызды болып табылады. Әлемдегі ауылшаруашылық мәдени өсімдіктердің егістік көлемінің (980 млн. га) 75% осы өсімдіктердің үлесінде. Өткен ғасырдың аяғындағы статистикалық деректерге жүгінсек, бұл дақылдар әлемде 725 млн.га , ал кеңес одағы елдерінде 138,8 млн.га жерге себілген. Сұлы, егістік көлемі жағынан, бұл өсімдіктердің ішінде төртінші орын алады. Құндылығы жағынан басқа дәнді дақылдардан бағалы. Сұлының құрамында валин, лизин және триптофан сияқты алмастырылмайтын амин қышқылдары көп мөлшерде болады. Бұл қасиеттері сұлыны құнды диеталық тағам ретінде пайдалануға негіз болды. Қабықсыз дәнді сұлы диеталық күлше және, өзімізге белгілі, «Геркулес» ботқасын жасауға пайдаланылады. Сұлыдан ас қазанды емдейтін кілегейлі сусын даярлайды.
Мал шаруашылығында сұлының дәні өте пайдалы азық.. Сұлы дәні мал азығының құндылығының халықаралық өлшем бірлігі болып саналады. Басқа дақылдардың дәндерімен араластырылған сұлы жас төлдердің ағзасының тез және мықты болып қалыптасуына жағдай жасайды. Сұлы қосылған концентрлі азық құс шаруашылығында кеңінен қолданылады. Сұлының сабаны басқа дақылдардың сабанына қарағанда қоректік заттарға бай және малға жағымды болады. Сонымен қатар, оның ылғал сіңіргіштік қасиетіде жоғары болғандықтан ірі қара және шошқа шаруашылығында төсеніш ретінде пайдаланылады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Биология | Қарақұрт биологиясы

Өрмекшітәрізділердің қазіргі кезде ғылымға белгілі 60 мыңға жуық түрлері бар. Олардың дене тұрқы 0,1 мм-ден 17 см-ге жетеді. Өрмекшілердің сыртқы пішіні де әр түрлі. Оларға: өрмекшілер, кенелер, құршаяндар, пішеншілер т.б. жатады.
Өрмекшітәрізділердің Uloborus және Hyptiotes туысынан басқа барлық өрмекшілерде улы бездері болады. Улы бездері арқылы өрмекшілер жауынан қорғанып, қоректенеді. Көптеген өрмекшілердің уы адам мен сүтқоректілерге әсер етпейді, бірақ насекомдарға әсері жоғары. Өрмекшілердің уы және одан қорғану шаралары туралы Аристотель, Ксенофонт, Сократ, Цельзус, Диокриттің жазбаларында мәліметтер келтірілген. Улы өрмекшілердің таралу аумағы қазіргі таңда Оңтүстік Америка мен Австралияны қамтиды.
Біздің елімізде кездесетін барлық өрмекшілердің ішінде қарақұрт пен бүйі ғана адам мен жануарлар үшін қауіпті. Қарақұрт Қазақстанның далалы, шөлді аймақтарында мекендейді, халық арасында оны «қара жесір» деп атап кеткен.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | Қ. Қараманұлы батыс әдебиетінің аудармашысы

КІРІСПЕ
Қазақ аудармасының тарихына зер сала қарасақ, халқымыздың мәдени даму байланыстарының түрлі кезеңдерінде аударманың рөлі айрықша болған. «Жеті жұрттың тілін біл» деген халқымыз көп тілді білудің қадірін, қажеттілігін ежелден сезген. Әсіресе, 19-шы ғасыр мен 20-сыншы ғасырда аударма жаңа сипатта қоғамдық озық ойлармен, әдеби шығармалармен танысудың тиімді көзі болып саналғанымен, аударматану ғылымы, аударма теориясы жүйелі ғылыми айналымға енген жоқ. Әбу Насыр әл-Фарабидің 70-тен аса елдің тілін білуіне мән бере қарасақ, ғұлама ғалымның талай еңбектер жазып қалдыруының сыры терең білім мен көптеген тілді меңгеру қабілетімен ұштастырылады.
Аударма жұмысы қазір біздің өмірімізден үлкен орын алады. Тіл дамуындағы процесстің барысында аударма қызметінің атқаратын рөлі орасан зор. Қай халықты алып қарасақ та, өзінің мәдени, рухани байлығын ең алдымен екі негізден алып дамытып отырған. Бірі өзінің ішкі мүмкіндіктері болса, екіншісі – өзге жұрттың байлығына иек арту. Өзге тілдің рухани дүниесімен сусындай отырып, өз мәдениетін өрендеткен, өз мәдениетін дамытқан халық қашан да басқа елдің ғылым білімін үйренуге ұмтылады. Осындай игі істің жандануына аударманың айрықша қызмет атқарғандығы мәлім. Аударма – «халықтар достығының дәнекері» деп аялауда көп мән бар. Егер біз дүниежүзі халықтарының бәріне ортақ неше алуан мәдени, әдеби, тарихи мұраларды тізіп, санап, оқып шыға алатын хәлде болсақ, ол тек аударманың арқасы. Аударма қай заман, қай кезең болмасын қоғам өмірінің ілгері жылжи дамуына қалтқысыз қызмет етіп етіп келеді. Қазіргі кезеңде аударманың көбейгені соншалық, тек орыс тілінен қазақ тіліне аударылған шығармалар тізімін атап шығудың өзі оңайға түспейді.
Аударма – көне де, жаңа өнер. Аударма адамдардың көп заманға созылған аударма тарихында тілі өзге басқа адамдар қауымын түсінудің құралы, олармен қарам-қатынас жасаудың дәнекері болмақ.
Аударма әрқашанда адамдар, қауымдар, тайпалар, халықтар, ұлттар арасындағы әлеуметтік, экономикалық, рухани, ғылыми қарым-қатынастың алмасу, айырбастаудың құралы, ел танудың құралы, достықтың, ынтымақтастықтың , тәжірибе-тағылым алмасудың дәнекері.
Көркем аударма – сөз, әдебиет, публицистика салаларының ажырамас бір бөлігі. Аударма адамдардың көне замандардан жеткен тілі өзге адамдар қауымын түсінудің құралы. Олармен қарым-қатынас жасаудың делдалы болған. Аударма жасау арқылы тілімізде сөз құраудың, ойды бейнелеудің жаңа тәсілдері туды,жазу шеберлігі артты. Ол халықты рухани жағынан дамытудың күшті құралы: бүкіл адамзат мәдениетінің қазыналық қақпасын ашатын кілт, ғылым мен білімнің қайнар бұлағы, тіл ұстартудың мектебі.
Аударма шығармасына аудармашы талантын, жандүниесін, шығармашылық құштарлық пен қызығушылығын арнағанда ғана, ол бар табиғатымен, тұтастылығымен, құрылымдық элементтерімен тегіс танылады. Автордың ой-сезімін, дүниетанымын, стильдік дербестігін, көркемдік әлемін терең түсіну, айқын сезіну – аударма сәттілігінің негізі. В. Ганиев пайымдауынша, «Аудармашылық өнердің өзегі – шығармашылық қайта түрлендіру. Бұл маңызды мәселені зерртеу, оның әртүрлі қырын аңғару – бұл дегеніміз аударманың құрылымдық өзгешелігінен шығып, оның терең негізін түсіну». Кезінде П. Антокольский қайта түрлендіру өзгешелігін аударма өнерінің феномені деп атапты. Бұл – өз туындысына автор қандай шебер болса, аударма шығармаларына да сондай талантты болу міндеттілігі. А. С. Пушкин, Абай – осындай дара тұлғалар. Аудармашының сөздік қорының байлығы, тіл шеберлігі, әсіресе синонимдер мен тұрақты сөз тіркестерін мол білу – аударма сапалылығының негізі. Екі тілдің сөздік қорын, әдеби тілін молынан игеру – көркем аударманың жоғары құндылығының кепілі.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ тілі | Қазақ тілін халықаралық тәсілдер бойынша тестілеу ерекшеліктері

КІРІСПЕ
Тестілеу техникасы және тест мүмкіндіктері[center][/center]
Қандай тест тілдік білімді – тілді білуін бағалай алады немесе тілді үйренуге көмектесе алады?
Жақсы дайындалған тест тіл үйренушіге екі себеппен көмектесе алады:
1. Біріншіден, мұндай тест аудиторияда, тіпті көпшілік қауым үшін позитивтік қатынасқа әкеледі. Мотивациялық тұрғыда және оқыту нәтижесі үшін оқытушылар негізінен позитивтік ауан қалыптастыруға тырысады.
2. Екіншіден, тест тіл үйренуші үшін тілді жетілдіруге жетелейді, көмектеседі. Тіл үйренуші тест тапсыруға дайындалудың, оны тапсырудан кейінгі нәтижесін талқылаудың пайдасын көреді. Тест оқушының, тілдің қай жағына көңіл бөлу керектігіне көз жеткізеді.
Қысқаша айтқанда, дұрыс құрастырылған тест оқуға деген позитивтік қатынастың құрылуына көмектеседі және оқушы, студент немесе кез-келген тіл үйренуші үшін жетістік сезімін, оқытушы бағалауының да өзінің оқыған-тоқығанымен сәйкес келетінін аңғартатын сезім пайда болады. Жақсы тілдік тестілер, сондай-ақ студенттерге, оқушыларға олардан табандылықты талап ете отырып, тілді оқуға көмектеседі және тіл үйренушінің жақсартуға тиісті әлсіз жақтарын да көрсетіп береді.
Тест бағалаушыға қалай көмектеседі? Барлық оқытушылар өздерінің оқытуының нәтижесі үшін жауапты. Біздің тестілеріміз бізге төмендегідей маңызды сұрақтарға жауап беруге көмектеседі: «Менің оқытуым тиімді болды ма, болмады ма?» Басқаша айтсақ, біз тест көмегімен, өзіміздің тырысуымызбен тіл үйренушінің қатынасын бағалай аламыз. Тест нәтижесін есептеуді жүргізгенде біз: «менің сабақтарым тиісті деңгейде жүргізілді ме екен?», «Мен қалай оқытып жүрмін?», «Қандай пункттерді қайта қарау керек?», «Осы материалға менің көбірек, азырақ көңіл аударуым қажет пе?» деген сияқты сұрақтарды өзімізден сұрай аламыз. Оған қоса, тестер бізге болашақ тестерді жетілдіруге көмектеседі: «Тест нұсқаулары анық болды ма екен?», «Тест тапсырушы арнайы берілген уақытта тесті аяқтай ала ма екен?», «Тест мазмұны оны орындауға деген ниетін жоғалтып немесе көңіл толмаушылық туғызуы мүмкін бе екен?», «Тест тапсырушының алған тілдік білімін тест анықтай алды ма екен?» деген сияқты сұрақтар біздерді мазалауы тиіс.
Тест бағаланушыға да бағалаушыға да көмектеседі, яғни тестер жасалынған, жеткен прогресті растайды және болашақ жұмысымызды жақсы жақтарға бұруға бағыттайды.
Түйіндесек, жақсы тест аудиторияда мораль ауанын жақсартуға, сондай-ақ, оны қолдауға, сақтауға көмектеседі, оқытудың көмекші құралы да болып табылады.
Тілді тестілеу өнер тәрізді тарихи мәліметтер, көз жүгіртсек, бүгінгі күндердегі тілдік білімді тестілеу оқытудағы қазіргі көзқарасқа сай келетін коммуникативтік мақсаттарды білдіреді.
Өткен жылдар еншісіндегі әлемдік тәжірибедегі тестілеу, негізінен, интуитивті болды немесе субъективті сипатта болды десе болады және оқытушының жеке пікір-ойларына да байланысты болды. Интуитивтік кезеңнен кейін тестілеу ғылыми кезеңге көшті десек те болады, тілшілер бұл кезеңде тілдік білімнің объективтік бағалануының маңыздылығын баса көрсетеді 1, 6 б..
Қазір біз тілдік білімді бағалаудың коммуникативтік кезеңіндеміз, бұл кезең тілдік тұлғаны емес, оны қолдана білуін бағалау маңыздылығымен ерекшеленеді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ тілі | Қарсылықтық салалас құрмалас сөйлемдер

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазақ тіл білімінде қарсылықтық құрмалас сөйлемдердің зерттелуі бірден қалыптасқан құбылыс емес және олардың грамматикалық табиғаты туралы біршама зерттеу еңбектері болғанымен, мәселе толық және жан-жақты шешілді дей алмаймыз. Өйткені құрмалас сөйлем – біртұтас жүйелі құбылыс. Қарсылықтық салалас пен қарсылықтық сабақтас құрмалас сөйлемдердің әрқайсысының синтаксистік форма алуы өзінше қалыптасқанымен, олардың функциясында ортақ жайттар көп. Қарсылықтық салалас пен қарсылықтық сабақтас құрмалас сөйлемдердің арасындағы осындай өзгешеліктердің сипатын ашу, олардың құрылымдық, функционалдық арақатынасын анықтау бітіру жұмысымның өзектілігін дәлелдей алады.
Қазіргі қазақ тіл білімінде қарсылықтық құрмалас сөйлемдер жүйедегі грамматикалық тұлға ретінде аталып жүр, оларға анықтама беріліп, жасалу жолдары көрсетілгенімен, функционалдық тұрғыдан толықтай зерттелмеген. Қарсылықтық сөйлемдердің қарсылықтық салалас, қарсылықтық сабақтас атты түрлері әбден жіктеліп, орныққан десек те, құрмаластың осы екі түрінің арасындағы өзгешелік бар ма, жоқ па, болса қандай деген мәселе әлі күнге дейін айтылмай келеді. Қарсылықтық салалас сөйлемдердің өз ішінде де түгелдей шешімін таппаған түйіндер баршылық. Мысалға қарсылықтық қатынасты тудыратын жалғаулықтар туралы айтқанда қарсылықтық жалғаулықтардың бір-бірінен семантикалық ерекшелігін, жұмсалуындағы өзгешеліктерін айтуымызға болады.
Қарсылықтық сабақтас құрмалас сөйлемдердің сипаты туралы тіл білімінде алғаш А.Байтұрсыновтың «Тіл құрал» атты кітабында айтылады. Содан бері жарық көрген еңбектерде, зерттеу мақалаларында қарсылықты сабақтас сөйлемдердің сипаты мен оларды жасайтын формалар берілген. Бірақ қарсылықты сабақтастардың даму тарихы туралы бірізді пікір жоқтың қасы. Біздің ойымызша, қарсылықты сабақтастарды жасауға қатысатын формалардыңи даму тарихын саралап ашуды және де сөйлемдердің контексте түрлі болып келетініне қарай оларды бірнеше мағыналық қатынастарға бөліп көрсетуді қажет етеді деп ойлаймын.
Сонымен қатар қазақ тіл біліміндегі байланыстырушы қайталама амалдардың сипаты туралы да айта кету жөн деп ойлаймыз. Себебі байланыстырушы қайталама амалдар салаластық, сабақтастық қазақ тілінің жүйесінде тек грамматикалық білім ретінде қалып қоймай, коммуникативтік талғам жүйесіне де түсіп келе жатқандығын ескертетін процесс.
Зерттеу нысаны. Менің жұмысымның зерттеу нысаны қарсылықтық салалас пен қарсылықтық сабақтас құрмалас сөйлемдердің құрылымдық функционалдық арақатынасы. Қарсылықтық қатынас деген жалпы мағына, ол табиғаттағы, болмыстағы қарама-қарсы әрекеттерді, процестерді не болмаса адамдардың тікелей қатысуымен болған әрекеттердің қарама- қарсылығын баяндайды. Бұл байланыстардың тілдік бейнесі сөйлемде көрініс тауып, олар қарсылықтық құрмалас сөйлемдер деп аталып жүр.
Қарсылықтық құрмалас сөйлемдер грамматикалық жағынан екі түр арқылы беріледі. Олар қарсылықтық салалас сөйлемдер мен қарсылықты сабақтас сөйлемдер.
Алғашында «қайырыңқы», «ереуіл» деген атпен танылған қарсылықтық салалас сөйлем құрамындағы жеке сыңарлар бір-біріне қайшы мәнде тұрады, яғни бірінші компонентте айтылған оқиғаға екінші компоненттегі оқиғаға қарсы келіп отырады. Бұл қарама-қарсылық баяндауыш формасының сипатына және де бірақ, алайда, ал, әйтсе де, сөйтсе де, әйткенмен, т.б. қарсылықтық жалғаулықтардың қызметіне сүйенеді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | Мағжан Жұмабаевтың Батыр Баян поэмасының көркемдік жүйесін қарастыру

Кіріспе
Бүгінгі өз алдына тәуелсіздік алған егенменді елміздің мәдениеті мен әдебиеті ұлттық сипатын айқындай түсуде. Бұл мақсаттың алғашқы қадам алаштың ардақты ұлдарын ақтаудан басталғаны баршамызға мәлім. Алаш азаматтары яғни қазақ зиялылары қазақ ұлтын жеке автономиялық мемлекет етіп құруды мақсат етті.Олардың осы өмірлік мұраттары шығармашылық идеяларын айналды. Бұл ұлт – азаттық идеяның әдебиетте алғаш көрініс беру еді. Бірақ ұлт – азаттық идея ұстанған ағым өкілдірі саяи айыппен қоғамнан аластатылды да, оларды тану, зерттеу соңғы жылдары қолға алынды. Басқа сөзбен айтсақ алаш азаматтары аңсаған екріндікті, егемендікті ұрпақтары біз көріп отырмыз.
Бүгінгі таңда жарты ғасырдан астам өз оқырманын күткен Мағжан Жұмабайұлының шығармашылығы қазақ халқының асыл мұрасына айналды. Осы уақыт ішінде Мағжан Жұмабайұлы шығармашылығы жан-жақты зерттелді.Ақынның қаламынан туған классиқалық шығармалар ұлт әдебиетін белгілі бір көркемдік дәрежеге көтерді. Ал ақын көркем туындыларындағы естетикалық таным өз бастауын ұлт тарихынан, халық ауыз әдебиетінен халықтық мәдениеттен алып жатады. Ақынның осы негізде қалыптасқан азаматтық ұстанымын тануда патриоттық рухта жазылған поэмаларының рөлі зор. Поэмаларының ішіндегі ең көлемдісі және алдымен ауызға ілігері - "Батыр Баян". Өйткені поэма идеясы ұлт тағдыры идеясынан туындаған.
Алғаш "Шолпан" журналының 1923 жылы №4–8 сандарында жарияланған "Батыр Баян" поэмасы тарихи деректерге қарағанда Мұқтар Әуезовтың үйінде бір таңда жазылған. Осы помасына негіз болған деректерді ақын Шоқан Уәлиханов еңбегінен алғаны баршамызға мәлім. Поэманың кейіпкері болып отырған Абылай хан да, Батыр Баян да өмірде болған адамдар. Және Баянның Абылай ханның сүйікті батыры болғаны да рас. Сондықтан Мағжан қазақ халқының тәуелсіздігі, бірлігі, бостандығы үшін күрескен – Абылай хан батыр Баян есімдерінің ел назарынан тыс қалып, ұмытыла бастауы бір кездегі, батыр халықтың рухының жойылуына апарып соғарын түсінгендіктен, "Батыр Баян" поэмасын жазған.
"Батыр Баян" поэмасында қазақтың хандық дәуірі, оның ішінде Абылай тұсындағы жаугершілік заман психологиясы көрініс тапқан.
Ақын шығарма мазмұнына реалистік оқөиғаларды мәселен, Абылай дәуірі, XVIII ғасырдағы қазақ батырлары, соның ішінде Баянның ерен ерлігі, қайсарлығы мен батыр мінезі, қалмақ пен жауласқан майдан даласы, Абылай мен Баян арасындағы сөз бәсеке, Сары батырұлы Қыстаубайдың қалмақ қызына ғашықтық оқиғасы, Жанатай өлімін таңдап ала отырып, тарихи шындыққа романтикалық қуат берген. Яғни негізгі мазмұнын тарихи оқиғалар құрып тұрған поэмаға ақын романтикалық махаббат, асқақ өлім ырғағын үстемелеу арқылы бүкіл өмірін қазақ жұртының тәуелсіздігі жолындағы күреске арнаған батыр Баян Қасаболатұлының образын сомдауға, характерін ашуға пайдаланды. Яғни ер Баянды Мағжаннан асып, ашын тарихқа қалдырып, танытып, бейнесін әдеби көркемдеген ешкім болмады.
Мағжан Жұмабаевтың "Батыр Баян" поэмасы екі тараудан тұрады. Бірінші тараудың бас шенінде ақын басқа поэмалар сияқты өз күй-сезімін толғап бастайды. Ақын өткен күн тақырыбына неліктен оралып отырғанын, қалам ұстаған кездегі жағдайын түсіндіруге бейім. Ары қарай Мағжан XVIII ғасыр Абылай заманын, қанша уақытқа созылған қазақ-қалмақ арасындағы айқасты суреттейді. Және поэманың драмалық тартысын күшейту үшін Баян-Ноян-қалмақ қызының арасындағы шиеленісті, ақыры Ноян мен қалмақ қызының өлімін жырлайды. Ал екінші тарауда ақын басшы кейіпкер Баянның жүз жігітпен қалмақ қолына шабуын, асқақ өлімін суреттейді.
Дерек көздерін және тақырыптың бұған зерттеулер деңгейіне келер болсақ, Шоқан Уәлихановтың бес томдық шығармалар жинағының бірінші томын айтамыз. (Алматы I том, 1961). Ал, "Батыр Баян" туралы алғашқы пікір Ж. Аймауытовтың " Мағжанның ақындығы туралы ( Ташкенттегі қазақ студенттеріне етілген баяндама "Лениншіл жас" журналы №5, 1923 жыл) мақаласында жарық көрді. Сонымен қатар Сәбит Мұқановтың "XX ғасырдағ,ы қазақ әдебиеті" еңбегінде біршама қаралады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Ақша қар

Айналамда ұшып жүр,
Ақ мамық қар себелеп.
Қалт-құлт еткен бейне бір,
Ақ қанатты көбелек.

Үстіме жалп-жалп жауады,
Ақ тауықтың жүніндей.
Жайнатады даланы,
Ақ жібектің түріндей.
Тақпақтар
Толық