Қадыр Мырза Али (Теріс тірлік)

Тауысып барлық амалды,
Күрсініп ғалым дем алды.
Мақалдың кебі сотталды,
Эпостың көбі қамалды.
Күресіп өлген хандармен,
Хандарға жақын жандармен...
Қалдық та бардық Бір ғана
Қарақасқа атты Қамбармен!
Сақалын сипап шалдарым,
Колхозға берді малдарын. .....
Өлеңдер
Толық

Қадыр Мырза Али (Ерлі-зайыпты қазақтар)

Біздің халық, біле-білсең, бір ғажап!
Сүйе тұра,
Бірін-бірі жүр қажап.
Қанша жақсы көрсе-дағы әйелін
Білдірмеуге тырысады бұл қазақ.
Ақ матаға қай бояу да жұғады,
Жұққаны үшін кінәлі боп шығады.
Кейде қазақ әйеліне "Әй!" дейді,
Әйелі оны "Ай!" деді деп ұғады......
Өлеңдер
Толық

Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру [Қазақ осы] - Қадыр Мырза Әли (+ видео)

Е-е-ей!
Жайлауында жүрген жігіт бағып қой,
Дос келді деп, жасап жатыр анық той.
Алғашқы рет көріп тұрсың сен оны,
Нағыз қазақ осы, міне, танып қой.
Сәйгүлікті құйрық-жалы таралған,
Сүйетұғын қазақ осы, қараңдар.
Қазақ осы күй шығарып, ән салып,
Көкпар тартып, қыз қууға жаралған.
Қазақ осы....

Өлеңдер
Толық

Әдебиет | Қадырғали Жалайыридың Жами Ат Тауарих атты шежіресінің тілі

Қадырғали туындысы тілінің лексикалық негізін қыпшақ тобына жататын түркі сөздері құрайды. Мысалы, осы тұстағы өзге түркі ескерткіштерінде ау, ел / ал, ев / еу болып келетін сөздер мұнда аң (аңға чықты, аңға атланды), қол, үй түрінде қыпшақша, оның ішінде қазақша тұлғада жұмсалған. Сол сияқты бөлек, билеу (ел билеу), күйеу, біреу, ақча, башлық, йақа (жаға), йарылқа, қыр, ой урушты, ұчрады, чапты дегендер таза қыпшақ сөздері. Тек жеке сөздер емес, тұрақты немесе лексикалық тіркес болып келетін сөздер де қыпшақ тілдеріне, оның ішінде сол кезеңдегі (және қазіргі) қазақ тіліне тән қолданыстар екенін көрсетуге болады. Мысалы, шежіре тілінде кездесетін қыз берді, ел болды, ажабқа қалды, бәнде қылды (тұтқын етті), фарман қылды, кіріфтарлық чекті, хуш келді деген тіркестер беретін мағыналары мен жұмсалатын орындарына қарай қазіргі қазақ тілімен бірдей түседі. Бұл ретте әсіресе образды тұрақты тіркестердің шежіре тілі мен қазіргі қазақ тіліндегі бірдейлігі өте-мөте көзге түседі. Олардың бірқатары бұл күнде сол мағынада тек қазақ тілінде жұмсалатындығы - Қадырғали шежіресінің тілін қазақ тіліне жақындататын, яғни оны қазақтың жазба әдеби тілі деп танытатын белгілердің бірі. Мысалы, аяқ асты болды, балдызлап берді, бір йашады, ол хатунын йеңгелете (жеңгелей) алды, көңүл қалышты, қыз айттурды, тілегін тіледі, хатун йіберді, хатунны айырды, сөзінден чықмады деген ондаған фразеологизмдердің біз әңгіме етіп отырған шежіре тіліндегі беретін мағыналары мен тұлғалық көрінісі қазақ тілімен дәлме-дәл түседі.
Әрине, Қадырғали жылнамасы тілінде қазақ тіліне тән емес, немесе қазіргі нормаға сай келмейтін сөздер мен тұлғалардың, тұрақты тіркестердің аз емес екендігі сөзсіз. Әсіресе фонетикалық тұлғалануы бөлекше йағмур (жаңбыр), тигәр (тиер), таг (тау), тугды (туды), сығыр (сиыр), төгүрек (төңірек), қатығ (қатты) тәрізді сөздер мен үкүш (көп), біту (жазу), айу (айту), нүң (не), өнгін (өзге), қайу (қайсы) сияқты көне сөздердің жақша ішіндегі сол кездегі (және қазіргі) қазақ авторының ана тіліне тән варианттарымен қатар қолданылғаны байқалады. ....
Рефераттар
Толық

Ауылда Н Қадырбаев

Ашық оқу іс – әрекеті
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта
Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: Ауылда ( Н. Қадырбаев)
Мақсаты: Әңгімені балаларға түсіндіру барысында сөздік қорларын, сөйлеу мәдениетін дамыту. Ауыл өмірі туралы мағлұматтар алады және оларды естерінде сақтайды. Үлкендерді сыйлай білуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекіліктер: суреттер, үй жануарлары, үй құстары аудио – әңгіме, проектор, компьютер.
Әдіс – тәсілдер: сұрақ – жауап, ассоциация әдісі әңгімелесу, триз әдісінің элементтері.
Сөздік жұмысы: қармақ, күбі, едәуір .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Ауылда Нұрғали Қадырбаев

Мақсаты: Әңгімені балаларға түсіндіру барысында сөздік қорларын, сөйлеу мәдениетін дамыту. Ауыл өмірі туралы мағлұматтар алады және оларды естерінде сақтайды. Үлкендерді сыйлай білуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекіліктер: суреттер, үй жануарлары, үй құстары аудио – әңгіме, проектор, компьютер.
Әдіс – тәсілдер: сұрақ – жауап, ассоциация әдісі әңгімелесу, триз әдісінің элементтері.
Сөздік жұмысы: қармақ, күбі, едәуір

Тәрбиешінің іс – әрекеті
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Шаттық шеңбері
Қайырлы күн, балалар!
Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен.
Бізге келсін қуаныш нұр іздеген .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық