Табысты болу – адамның бәсекелестік көрінісі

Табысты болу дегенде адамға келешекте өзің қалаған мамандығыңның зейнетін көру деп білемін. Ол бәсекелестік қабілетінің бір көрінісі болып саналады. Деректер арқылы таразылап көрсек, бәсеке –ол заманның сұранысына жауап беретін тауар өнімдері. Ал, мен сияқты болашағымды жазушылықпен байланыстырғым келетін жастар, не жазсақта заман ағымымен үндесіп, халықтың айтатын ойымен дәл келуі, халықтың жүрегінен шығатын тақырыпты таңдап алуымызда. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев «Бәсекелік қабілет дегеніміз – ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсы­на алуы. Бұл материалдық өнім ғана емес, соны­мен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еңбек ресурстары болуы мүмкін.»-деп айтпақшы, тақырыпты «Мәңгілік елдің» ұлттық құндылықтарын басқа әлемге атын жайып, ақпарат беру, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламаларын жетік білуге, жаңа дәуір әдебиетін «Ұштұғырлық тілде» таратуға өзімді даярлаудамын. Мемлекеттік тілдің жаһандық жаңару әлемінде қазақ поэзиясымен прозасында болып жатқан ақын- жазушылардың шығармаларын үш тілде тарату, алдыға қойған мақсатым деп айтуға болады. Тіл арқылы осынау қоғамда насихатталуы тиіс, жақсы дәстүрлермен замануи адамшылық істер, кейде талас тудыратын, адами рухани жаңғыртатын көкейкесті мәселелерді ұсыну, адамның асыл мұраты екенін ұғындыруға тырысудамын. Мен, өзім тұратын Ақтөбе өлкесінің жаңалықтарын бүкіләлемге паш етуді, қарапайым еңбек адамдарын әңгімелеріме қосып, қазақ елінің қайсарлығын, бірбеткейлігін, намысқойлығын, ержүректілігін өз әңгімелеріме арқау етпекпін. Біздің батыста орналасқан облысымызда химиялық элементтер көп, бай жер. Мұнай өнімдерін, хром рудасын, мыс концентраты, алтын кендерін шығаратын екіжүзге жуық кәсіпорындарда әлеуметтік –экономикалық көрсеткіштерін арттыруда, өңір халқы үлкен үлес қосуда. ....
Эсселер
Толық

Еліміздің тәуелсіздігі – ұлы жеңіс

Еліңнің ұлы болсаң, Еліңе жаның ашыса, азаматтықнамысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!
Н.Назарбаев
Еліміздің тәуелсіздігі – ата-бабамыздың асқақ армандарынан туындаған, бүгінгі ұрпақ қол жеткізген ұлы жеңіс. Қазақ халқы үшін XX ғасыр «тар жол, тайғақ кешулерден», соқтықпалы, соқпақсыз жерден тұратын, отызыншы жылдардан басталып, елуінші жылдардың ортасына дейін жалғасқан сталиндік геноцидті қамтитын зұлмат дүние мен талай жетістікке жеткен қуанышты сәттерді қамтиды. Қазақ елінің басынан бұл ғасырдың тартқан сыйы мен тартуы да мол, қайғы мен қасіреті де аз емес. Бұл қиындықтарға көңілі дархан қазақ елі де бетпе-бет келіп сабырлы мінез танытты. Басынан қанша қиындық өткерсе де елімнің басты міндеті мен мақсаты қазақ халқын сақтап қалу, тәуелсіздікке қол жеткізу болды. Осы қиын да қатерлі жолдан өтіп, бүгінде көкбөрінің ұрпағы 25 жыл тәуелсіз қазақ мемлекетінде өмір сүріп келеді. Тәуелсіздікпен бірге ел тарихына, көп ұлтты Қазақстан мемлекетіне ұлы жаңалықтар қоса кірді. Ұлыбайтақ жері бар, еркін халқыбар үлкен мемлекеттің өзгеге ұқсамайтын тарихы, қалыптасу, даму жолыда ерекше болды. Ата-бабадан қалған ұлан-ғайыр жерді игеріп, дербес мемлекет ретінде өз билігімізді сақтай отырып, өзгеге көңіліміз ашық, дастақаны, қолы жомарт халық ретінде дамып жатқан еркіл елміз. Бүгін Қазақстан – әлемдік аренадан өз орнын ойып алған, Азия мен Еуропаны мойындата білген өжет елдің мекені. Оның дәлелі қысқа уақыт ішінде атқарған экономикалық, әлуметтік іс-шаралар жиына. ....
Шығармалар
Толық

Тәуелсіздік – асқақ армандар мен қайсар рухтың жемісі

Тәуелсіздік – филосифиялық, психологиялық, саяси мәні зор, қастерлі ұғым. Тәуелсіздік - сананы жетілдіріп, ұлттық болмысты сақтап қала алатын басты қайнар.
Тәуелсіздік - бізге бостандық, азаттық, бейбітшілік, яғни бақыт силады. Тәуелсіздік бақытқа деген тура, ең жақын жол. Бізге тәуелсіздік оңай келген жоқ. Біздің ата-әкелеріміз, апаларымыз бостандықты қанмен, термен алған. Сондықтан 2016 жыл – барлық қазақстандықтар үшін елеулі жыл. Қазақстан. Осы бір сөзді естісек жүрегіміз лүпілдеп, сонау қиын- қыстау кезеңдерді басынан өткерген еліміз, оқ пен оттың арасында қасықтай қаны қалғанша айқасып, қыршыннан кеткен жастарымыз, тәуелсіз жолында құрбан болған асыл азаматтарымыз еріксіз есімізге түседі. Екі жүз жылдай патшалы Ресейдің отары, жетпіс жылдан астам уақыт Кеңес өкіметінің бұғауында болған Қазақстан бүгінде егеменді ел болды. Тәуелсіздік біздің елімізге оңайлықпен келген жоқ. Осы жолда біздің халқымыз батырлық пен батылдық, қайраттылық пен ержүректілік таныта білді. Өздерінің туған елі үшін жанын пида қылды.
Ұлт маңдайының бағына біткен Керей, Жәнібек, Қасым, Есім, Тәуке, Абылай сияқты хандар алмағайып заманда әділдік пен еркіндіктің туын ұстаса, Төле, Қазыбек, Әйтеке сияқты қара қылды қақ жаратын шешен билер, Асан қайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Бұқар сияқты жезтаңдай жыраулар ел намысын биікке көтеріп, Бөгенбай, Наурызбай, Қабанбай сияқты ержүрек батырлар да қажыр- қайратын қазақ халқының елдік мұратына сарқа жұмсады.
Талай адамның жүрек жарасын тырнап өткен Ұлы Отан соғысы да есімізде. Жұдырықтай жүректері елім деп елжіреген талай батырлар жауға қарсы шықты. Ерліктің қос шынарына айналған Әлия мен Мәншүк сынды қазақ қыздары, Бауыржан, Талғат, Мәлік, Баубек сияқты асыл азаматтар өшпес ерлік танытты. Өмірдің әр мезеті қымбат тұста жауға Отан үшін, ел үшін ұмтылды. Ұлы Отан соғысы біздің елімізге түскен ауыртпалық болды. Осы сыннан да халқымыз мүдірмей өтті.....
Шығармалар
Толық

Ерліктің белгісіндей ару-ғұмыр

... Авторы есімде жоқ. ұмытпасам «Жас алаш» газетінен ғой деймін, «Мәңгілікке ұмтылған тоғыз тырна» деп аталатын мақаланы оқығам... Ресей елінің Самара облысындағы Үлкен Киннель өзенінің жанындағы тік жарқабақ пен сол жарқабақтың үстінде орнатылған солдат Анасы мен оның тоғыз перзентінің құрметіне қойылған керемет ескерткіш бар екен. Мақаланы оқыдым, ескерткішті көрдім де, қайран қалдым, қараптан-қарап көзіме жас тығылды. Өмір бойы күйеуі мен балаларының тілеушісі болып келген қайран Ана жүрегі ғұмыр бойы күткен үмітінің бір-ақ сәтте тасқа айналғанын көтере алмады ма, әлде барлық аналық мейірімін соғыс ұрлаған қатыгез тағдырына налыды ма соңғы –«қара қағаз» келген күні бұл өмірден жүріп кетіпті. Сол анаға, ерліктің Анасына қойылған ескерткіш сонау көкжиекке – балалары кеткен жаққа сол күйі қалт етпестен қарап тұр. Кеудесі шыраққа, жанары үмітке толы, келбетінде арманын сағынышқа суарған мұң бар секілденеді. Өз халқына деген шексіз махаббаттан тұратын төзім арқалағандай...
Ана мүсінінің үстімен мәңгілікке ұмтылған тоғыз тырна әлдеқайда тыраулап ұшып бара жатыр... Ана, қашан да Ана! Орыс солдаты Анасының жүрегіндегі асыл арманы, бойындағы ерлігі мұңы бір барлық Аналардың мұратымен астасып жатты. Қайнаған еңбек даласында жаулығы желбіреп, әлсін-әлсін көкжиекке көз тастап, бұлдыраған сағым арасынан қараңдаған сұлба іздеп үміттенген Аналардың бел қайысар қасіретін шертіп тарих беттері қан жылайды. Осы мақаланы оқи отырып, зілмауыр қасіретті, қайғыны нәзік иығымен арқалай білген қазақ әйелі,
«Бала дәурен өтті ғой құйындаған,
Балы менен шекері бұйырмаған», деп жылай жүріп, көкелерін сағына жүріп ержеткен соғыс жылдарындағы балалар, рухын құлатпаған, жігерлері жасымаған, ерлік пен батырлықтың үлгісін көрсеткен аталарымыздың ерліктерін еске түсірдім, түсірдім де «өзім жығылсам жығылайын, бірақ халқымның туы жығылмасыншы» деп өзін құрбандыққа шалған бабаларымыздың бүгінгі ұрпағының атынан бас иіп, тағзым еттім.......
Шығармалар
Толық

Атқа көрісу (Қазақ ауыз әдебиеті)

Тайынан мініп қара атты,
Бәйге етіп баптап жаратты.
Тоғыз жыл тынбай жүгіртіп,
Минутын елге санатты.
Іле, Нылқы, Күнестің
Дүлдүлі болды қанатты.
Найзағайдай топ жарып,
Жұртты өзіне қаратты.
Иемдендің тұлпар деп,
Тай күнінде жасында,
Пырағың болсын бақида,
Сойып берем асыңа.....
Өлеңдер
Толық

Әкеге арналған «Теріс өлең» (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ақ киіктен жүйрік жоқ,
Әлемнен асқан жүйріктің
Аяғын басқан міні жоқ.
Жайнап бір жүрген жан әкем,
Ұзын судың бойында,
Киімі жатыр, өзі жоқ.
Бір ауыз айтқан сөзі жоқ.
Жапанда жортқан бір түлкі,
Желігіп шықты сонарға.
Қапияда тап келді,
Ұзын бір судың бойында,
Жақсының жанын аларға.
Алыстан қара көрінер,
Жүйрік бір жетер бүгіліп.
Тоқсан күн, үш ай дегенде,
Елі бір қара жиылып,
Қара бір судың бойында,....
Өлеңдер
Толық

Атаны жоқтап айтқан «Теріс өлең» (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ағузубилла алһамнан
Сөз барлығы басталған.
Қысқа бір дүние, тар заман,
Талайлар саған тап болған.
Кешегі кеткен аташым,
Көңіліме қайғы дақ салған.
Бойымда әдеп сақтаған,
Асқар бір таудай қорғаным,
Аударып қағаз ақтарған.
Жалғаншыны жат етпе,
Алласын ойлап тоқталған.
Афуза—ғалам ғафудан
Іздесем, ізің табылмас,
Үмітім таңда махшардан.
Балапаны баураусыз,
Ұясында жас қалған.
Жағдайды айтып халқыма,
Базарым қайтты, бақ тозған.....
Өлеңдер
Толық

Самарқан Түркістанұлын әйелі Үриланың жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Мінгенде атың көкжарқын,
Айтайын, жұртым, сөз нарқын.
Суға да малтып жүргенде,
Болмаған екен бір жақын.
Мінгендей атың бозойнақ,
Боз ойнақ тұрар өзі ойнап.
Алты қырға шыққанда
Суға да ақты-ақ көзі ойнап.
Өзенді ағаш ырғалған,
Өңімнен кім бар құр қалған?
Салулы төсек, салқын үй,
Мінеки, жұртым, тұл қалған.
Биссимилла деген сөз басы,
Ойлайды әркім өз басын.
Өз басымды ойласам,
Тиылмайды-ау көз жасым.....
Өлеңдер
Толық

Азалы адамдарды жұбатуға айтылған көріс (Қазақ ауыз әдебиеті)

Базардан келген ақ жаулық,
Шетінен алдым қол жаулық.
Жылама күнім, сабыр ет,
Қалғанға берсін денсаулық.
Ақ көйлек кисе, бедер жоқ,
Ойласа, ойда нелер жоқ.
Жылама, күнім, сабыр қыл,
Өткендерден келер жоқ.
Жылама, күнім, жылама,
Жыламасқа бола ма?!
Жылама деген тоқтау сөз,
Жығылған терең тұра ма?!
Сұңқарың ұшты ұядан,
Жалама жартас қиядан.
Жазмыштан адам артылмас,
Жазуы болған сиядан.
Қамшының сабы бояма,
Бендесін Алла қоя ма?! ....
Өлеңдер
Толық

Ертіс вальсі (Қазақ ауыз әдебиеті)

Тамылжыған, мүлгіген айлы түнде,
Қызықтаймыз көктемнің суретіне.
Біз келеміз, Ертісте тербелеміз,
Көлеңкеміз түседі су бетіне.

Қайырмасы:
Қасымдасын арманым,
Алтын сәуле жан-жағым.
Жырға толы жүрегім
Тыңда жан-жарым!..
Көгілдір көктем - көңілім менің,
Өзіңсің сәулем,өзің сәулем,-.....
Өлеңдер
Толық