Жұмағали Саин (Толқын)

Толқын жаңа өмірдің,
Тілеген шын тілегі.
Толқын істі қайнатып,
Қыздыра да біледі.
«Қара Қаншық» қыңсылап,
Толқынға қарап үреді.
Түнеріп толқын ағындап,
Жалтартпай жауын бүреді.
Түн көрпесін дал-дал ғып,
Әлемнен толқын түреді.
Тасады тасқын көпіріп,
Күңіренеді, күледі.
Алған беттен бір қайтпай,
Толқын алға басады.......
Өлеңдер
Толық

Жұмағали Саин (Ақ алмастай жарқылда)

(Ақындарға)

Тасыған тасқын тасқанда,
Асқар белден асқанда.
Асқар белден асқанда,
«Абылай аспас асудың»
Төбесін таптап басқанда.
Тасқындай ұлы күреспен
Еңбекші көзін ашқанда,
Күл көмірде күн болған,
Езіліп байда күн, болған.
«Өмірдің құлы» құл мен күң,
Тасыған тасқын күйіне,
Шырқыратып даусын қосқанда
Бұрын «өлік» қазір ел.
Тіріліп тірлік қылғанда,
Масайрап орман, қыр мен бел,
Қызуда төсті ұрғанда,
Жабыла жаппай аттанып......
Өлеңдер
Толық

Жұмағали Саин (Тазаланған төре)

Таң да атты, күннің көзі күлімдеп,
Жердің жүзін оятатын нұрым деп,
Шашқанда нұр, сайрағанда бұлбұлы,
Еңбекші жас менің сүйер ұлым деп.

Жастығынан барлық халық бас алды,
Бетін жуып алдарына ас алды.
Күрсінді де бір жуантық алтын тіс,
Кемсеңдеді шын көзінен жас алды.......
Өлеңдер
Толық

Жұмағали Саин (Мәз емес)

Мещанкаға

Қызыл ерін,
Жалғыз көрім,
Бетіңе «ұнды» жағынсаң.
Үйден безіп,
Көше кезіп,
Жұрттың көзін бағынсаң.
Еппен тұрып,
Көзің күліп,
Назданасың «сарына»
Бүгін мынау,
Ертең анау,
Қарамайсың арыңа.......
Өлеңдер
Толық

Жұмағали Саин («Колхоз жолына»)

(«Колхоз жолы» газетінің тұңғыш шығуына)

«Колхоз жолы»
Көптің қолы,
Көп дегенім еңбекші.
Газет айна,

Айдан айға!
Көптен өсіп еңбекші.
«Колхоз жолы»
Көптің қолы, ...
Өлеңдер
Толық

Жұбан Молдағалиевтің 100 жылдығы

«Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген» ... Исі қазақтың афоризміне, ұлттың ұранына айналған сөз тіркесі. Қазақтың болмысын, мінезін, бәрін өлеңмен өрген ақын, ұлт жанашыры, қайраткер Жұбан Молдағалиев пен нағыз қазақ есімі егіз іспетті. «Мен туралы дастан да сен туралы, менше көрсең, менше ойлап ертеніңді», қазақты Жұбанаша сүю Жұбанаша ойлау – талайдың арманы.
«Пәк сәбимен бесікте уілдеген, дәуірлермен құрдаспын данамын мен»... Сәби Жұбанды бесігінде тербеткен Ақ Жайығы ақынды табиғи талант, адами ер, қарым-қабілеттен кенде қылмаған. Осыдан....
Шығармалар
Толық

Ұлы Дала Дарасы - Қожа Ахмет Яссауи

Орта ғасырлық мәдениет пен ғылымның аса көрнекті өкілі Қожа Ахмет Иассауи болып табылады. Ол исламдағы сопылық бағыттың негізін салушы, ойшыл әрі ақын ретінде бүкіл түркі әлеміне мәшһүр болды. А. Иасауидің ең басты еңбегі «Диуани хикмет» (Ақыл кітабы) деп аталады. Қожа Ахмет Иасауи түрлі мәліметтер бойынша 75 жыл, 85 жыл, 125 жыл, 133 жыл өмір сүрген. Оның тек қайтыс болған жылы ғана нақты белгілі - 1166 жыл. Толық аты-жөні: Құл Қожа Ахмет....
Шығармалар
Толық

Абай өлеңдерінің тәрбиелік мәні

Кеңдік. Биіктік. Тереңдік. Осынау бір-бірінен ажырамас үш ұғым арқылы Абай жырындағы, Абай сөзіндегі ұлылықты ұғып, ұрпаққа ашып айтамын, не биікке шығамын, не тереңге бойлаймын деген адамның өзі жоғары шықса, басы айналары, төмен түссе, тұңшығары анық. Өйткені, Абай рухы аспандай асқақ, қара жердей қасиетті, ақын ойы қазақтың кең байтақ даласындай барлық құпия сырын ішке түйіп жатыр. Абайдың бір өзі – тұтас әлем және көрінгенге ашыла бермейтін, қалтарысы көп жұмбақ әлем, зерттелмеген мұхит, игерілмеген ғарыш.
Абай және Мен. Абай – ұлы, кемеңгер....
Шығармалар
Толық

Татулық әлемді құтқарады

 Тамыры тереңге жайылған татулық тірегінің ордасына айналған Қазақ елінің бірлігі мен берекесі тарқаған емес. Ұлт пен ұлыстың татулығы бүгінде елдегі қоғамдық ынтымақтастықты сақтап отыр. Байтақ елде жалпақ жұрттың бірлігі бұзылмай, татулығы тарқамай өмір сүріп жатқандығы үлкен мақтаныш. Бір шаңырақ астында..... 

Эсселер
Толық