Қазақстанда гей, лесби және бисексуалдардың өмірі мен құқы жөнінде жаңа портал пайда болды. Kok.team сайтының басты бетінде Абай Құнанбаевтың қара сөзі жарияланған деп хабарлайды nur.kz.
Бүгін Астанада «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басшылығы ірі xалықаралық компаниялар, инвесторлар мен банктердің 300-ге жуық өкілімен кездесу өткізді. Қордың Активтерді жекешелендіру департаментінің директоры Дәурен Тасмағамбетов 217 компания сатылатынын айтты, деп хабарлайды baq.kz.
Қытайда өтіп жатқан «The singer» халықаралық ән додасына қатысып жатқан қазақстандық жас әнші Димаш Құдайберген жетінші кезеңде үшінші орын алды деп хабарлайды NUR.KZ.
Facebook желісінің қолданушыларының бірі, журналист Ерлібай Өзбекбайұлы танымал продюсер Баян Есентаеваны телеарналарға шығармауға шақырды деп хабарлайды nur.kz.
Еліміздегі тағы бір безбүйрек ана сәбиін далаға тастап кетті. Бұл жолы кішкентай сәби "Алтын орда" базарының маңынан табылған деп хабарлайды NewTimes.kz сайтына сілтеме жасаған nur.kz.
Еліміздегі банктердің бірі қайтыс болған анасының атындағы несиені қайтара алмағаны үшін ағайынды балалардың кішкентай қарындасын тартып алатынын айтып қорқытқан. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық арнасындағы "Айтуға оңай" бағдарламасында айтылды деп хабарлайды NUR.KZ.
Димаш Құдайбергеннің әкесі аз уақыттың ішінде жарты әлемді бағындырған ұлының шығармашылығымен айналысу мақсатында мемлекеттік қызметтен кетті. Қанат Айтбаев Ақтөбе облыстық мәдениет басқармасының басшысы қызметін атқарған деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап NUR.KZ.
Ұлттық Банк басшысы Данияр Ақышев теңге жақын арада құнсызданады деген сыбысқа қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы КТК арнасының "Слуги народа" бағдарламасына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.