Отан неден басталады?

Мен бұл шығармамды болашаққа хат деп атар едім. Олай дейтін себебім, менің болашағым Отанымның тағдырымен тамырлас болады. Жас та болсам, Отан деп соққан жүрегім мені тынымсыз ізденуге, оқуға, еңбектенуге шақырады. Әрбір жетістігім Отанымның гүлденуіне қосылған үлес секілді.
Алғаш дүние есігін ашқанда анам мені құшағына қысып, емірене сүйіп, Отанымның ыстық демін дарытты.
Аялаған әкешім мені ең бір сұлу да сүйкімді әлди деп алақанына алып: «Отанымның болашағы өзіңсің, қазақ деген дарқан халықтың қалаулы да аяулы қызы бол,» - деп шаттана қуанды, ақ батасын берді.
Балалық шағымның еркелік деп аталатын шағы әжемнің қызық ертегісінен басталып, атамның ғажайып тарихымыз туралы әңгімелерімен бірте-бірте есейткенін қазір ғана ұғынып отырғандаймын.......
Шығармалар
Толық

Табиғатым - тал бесігім

Қазақстан жер көлемі бойынша әлемде 9 -шы орынды иеленіп жатқан ел. Осы ұлан байтақ даламыздың табиғатын ешбір елмен салыстырып, ұқсастығын тауып айырмашылығын ажыратпас едім. Өйткені, ешбір табиғат қазақ даласының құнарлы топырақ , мөлдір су, шүйгін шөп , текті талдарына жетпейді.
Қазақстанның табиғаты, таза ауасы дегенде алдымен Бурабайды елестеміз,еске аламыз. «Қазақстанның Швейцариясы» дейміз. Жоқ, керісінше, Швейцарияны «Қазақстанның Көкшетауы» десін!......
Шығармалар
Толық

Экономика | Банктің меншікті капиталын басқару

Экономикалық көзқараспен қарағанда банктің меншікті капиталының қаражатының былай бейнеленеді:
1. Несиелік ұйымдардың қоры.
(жарғылық, резервтік, қорланым қоры, тұтыну қоры). Қордың құрылу көзі алдыңғы кезеңдегі таза пайда болып табылады. Қорлар баланс шоттарының 102-107 бөлімінде көрсетілген.
2. Банктің таза пайдасы.
Таза пайда банктіңағымды табысымен және ағымды шығысы + алдыңғы кезеңдегі пайда – қолданылған пайда.
3. Тәуекел резервтері.
(қарыз мүмкін болған резерв, бағалы қағаздарды құнсыздандыру резерві, басқа да міндеттемелер бойынша резерв).
Баланстар бұл резервтік синтетикалық шоттар бойынша пассивті қалдықтар түрінде беріледі, онда бағалы қағаздар мен несиелерге салынған салымдар көрсетіледі.
Мысал:
45501- 30 күнге дейін жеке тұлғаларға несие (актив),
45508- осы несиелер бойынша резерв (пассивті қалдық).
Меншікті қаражаттарға сондай-ақ болашақ кезеңдегі шығыстың көлеміне бағытталған.
Сондай-ақ, коммерциялық несиелік ұйымдарда меншікті қаражаттың (капитал) есеп-айырысу әдісі несиелік ұйымдардың №.31-П 1998 жылдың 1 июнь айында жалпы белгіленген меншікті капиталды анықтау әдісі белгілеген. Осы әдіске сәйкес, несиелік ұйымның меншікті қаражаттары негізгі және қосымша капитал сомасы болып есептелінеді.
Өз кезегінде, негізгі капитал келесі сатылардан тұрады:
1. жарғылық капитал;
2. аудитормен бекітілген несиелік ұйымдардың қор бөлігі;
3. бағалы қағаздар салымының құнсыздану резерві, оның ең негізгісі несиелік ұйымдардың акциясындағы салым резерві;
4. аудитормен бекітілгенболашақтағы пайда.
Негізгі капитал материалдық емес активтерінің көлеміне, меншікті акциясына, акционерлердің сатып алғанына және шығындарға байланысты азайып отырады.
Қосымша капитал өзіне мыналарды енгізеді:
1. 01.01.97 жылға дейін бағалау шоты бойынша жасалған мүліктің өсімі;
2. 1-ші топ тәуекеліне қатысты қарыз бойынша резерв (төменгі тәуекел);
3. несиелік ұйымдардың қалған қор бөлігі (негізгі капиталға кіре алмағандар);
4. аудитормен бекітілген пайда;
5. Субординарлық несиелер (заимдар).....
Рефераттар
Толық

Геометриялық пішіндер

Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Балаларды көлемді денелер (шар, текше, конус) туралы түсінікті нақтылау, геометриялық пішіндерді бір - бірінен ажыратып атай білуге, геометриялық пішіндердің өмірде қажеттілігін түсінуге үйрету. Қоршаған ортадағы сәйкес пішіндегі заттарды тауып үйрену.
Дамытушылығы: балалардың есте сақтау қабілеттерін шыңдау, ой - өрісін дамыту, және жетілдіру Сөздік қарым - қатынастарын байыту
Тәрбиелігі: Ұқыптылыққа, сауаттылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу
Керекті құралдар: геометриялық пішіндер, суреттер, көз байлауға орамал, таяқшалар.
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, әңгімелесу, түсіндіру, ойын, жұмбақ, көрсету.
Түрі: қайталау сабағы
Пәнаралық байланыс: бейнелеу, көркем әдебиет.

Ынталандыру,
Сезімдерін ояту.
- Балалар бүгінгі біздің ұйымдастырылған оқу - іс әрекетіміз, математика сабағына қонақтар келіпті. Шаттық шеңберіне шығып сәлемдесейік.
- Өте жақсы, балалар! Бүгін класта кезекші кім? .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Жыл басына таласқан хайуанаттар

Мақсаты: Балаларға он екі жыл атаулары туралы түсіндіру. Балаларды достыққа, бір - бірін сыйлауға тәрбиелеу. Ұйымшылдыққа, Отансүйгіштікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдері:, сұрақ - жауап, жұмбақтар жасыру, ой қозғау, ойын, қорытындылау.
Көрнекілігі: әліппе дәптер, жануарлар суреттері, слайд

Ынталандыру
Шаттық шеңберін ұйымдастыру
Шаттық шеңбері»
- Арайланып таң атты,
Алтын шапақ таратты
Жарқырайды күніміз
Жадырайды жанымыз .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Оқушыларға қазақ халқының бейнелеу өнері туралы түсіндіру

САБАҚ: №29
Қазақ бейнелеу өнеріндегі портреттік жанр Мектеп: Тексерілді:

Күні: Оқытушы:
СЫНЫП: 5 сынып Қатысушылар саны: Қатыспағандар:
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) Оқушыларға қазақ халқының бейнелеу өнері туралы түсіндіру
Ашық сабақтар
Толық

Геометриялық пішіндер Өткен материалды қайталау

Мақсаты: 11 - 20 дейінгі сандарды санап, цифрларды тани білу; геометриялық пішіндерді ажырата білу; кеңісті бағдарлау туралы білімдерін бекіту.
- Сандардың ретін, қатарын анықтай алу, бүтін, жарты, ширек ұғымын саналы түрде игеру, 10 саны көлемінде азайту, қосу амалдарын орындау дағдыларын дамыту;
- Ынтымақтастыққа, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс - тәсілі: топтастыру, салыстыру, талдау
Сабақ түрі: қайталау
Сабақ көрнекілігі: сызба қағазы, цифрлар, сандар салынатын кесте, геометриялық фигуралар, сиқырлы тақтайша, смайликтер.

Мотивациялық қозғаушы
1. Сәлеметсіңдер ме? Балалар бүгін қандай оқу іс - әрекеті?(балалар жауаптары)
1. Психологиялық дайындық: Балалар бүгін біздің сабағымызға қонақтар қатысып отыр. Сендердің не үйренгендеріңді көргілері келеді: Мен сендер, өте, алғыр жақсы оқушы екендеріңді айттым: Енді менің сенімімді ақтайсыңдар деп ойлаймын. Ондай болса сабағымызды бастайық. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Жыл басына таласқан хайуанаттар

Мақсаты: Балаларға он екі жыл атаулары туралы түсіндіру. Балаларды достыққа, бір - бірін сыйлауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Суреттер, плакаттар, үнтаспа.
Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын түрлері.
Мотивациялық қозғаушы кезең.
Тәрбиешінің іс - әрекеті:
Шаттық шеңбері.
Балалар мен бірге қайталайды.
- Бүгін біздің оқу іс - әрекетімізге көптеген қонақтар келді. Барлығымыз амандасайық.
Балалардың іс - әрекеті:
Арайлап атқан таңға сәлем! Жылуын шашқан күнге сәлем! Жайнап өскен бізге сәлем! Білім беріп тәрбиелеген, Апайларым сіздерге сәлем!
- Сәлеметсіздер ме, апайлар!
Іздену ұйымдастырушылық кезеңі.
Өткен оқу іс – әрекетіне ой қозғау.
- Біз қай мемлекетте тұрамыз? - Қазақстан. - Қазақстанның елордасы қай қала? - Астана. Бас қаламыздағы қандай көрікті жерлерді білесіңдер? - Бәйтерек, Нұрастана мешіті, т. б. - Астана сөзі неше буыннан тұрады? .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Қайталау – білім анасы

Мақсаты: 1. Жыл бойы өтілетін дыбыстар мен әріптерді қайталау. Буын, сөз, сөйлем туралы түсініктерін бекіту.
2. Ойын элементтері арқылы оқушылардың ой - өрісін, шығармашылығын арттыру, тілін, ойлау, еске сақтау қабілеттерін жетілдіру, сөздік қорын кеңейту. Балаларды зейінділікке, өз беттерімен тез ойлауға үйрету.
3. Білім алуға деген құштарлығын, пәнге деген қызығушылығын арттыру, табиғатқа деген сүйіспеншілікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақтың түрі: Ойын - сабақ.
Көрнекілік: Қызыл, көк түсті текшелер, магнит тақта, магнитофон, интерактивті тақта, үлестірмелі суреттер, плакаттар.
Әдіс - тәсілдер: Ойын, көрнекілік, сөздік, практикалық......
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Алуан алуан кәсіп бар таңдай біл де талап қыл

Тақырыбы: Алуан-алуан кәсіп бар, таңдай біл де, талап қыл
Мақсаты: оқушыларға мамандықтың түрлері, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік бере отырып, өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай білуіне ықпал жасау; оқушылардың қоғамға деген азаматтық позициясын қалыптастыра отырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу, кәсіби бағдар беру; түрлі жаттығулар арқылы таным процестерін дамыту, өз пікірін еркін айтып, өзгенің пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар
Әдісі: тренингтер, әңгімелеу, сұрақ-жауап, топтық жұмыс
Барысы
І. Кіріспе.
Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды сабаққа дайындау.
ІІ. Негізгі бөлім
1. Тренинг.
– Балалар, бүгінгі сабағымыз ойдағыдай өту үшін, қол ұстасып алақан жылуымызды сезініп,, бір-бірімізге көтеріңкі көңіл күй сыйлайық. Және жанымыздағы адамның есіміне сол әріптен басталатын бір әдемі сын есім қосып айтайық
Шарты: бір сөз екінші қайталанбауы тиіс. .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық