5-6 сынып

Аңдатпа

Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы 5–6 - сыныптар үшін «Қазақ тілі» пәнінен типтік оқу бағдарламасына сай құрастырылған. Әр сыныпқа ғылымдық және тәрбиелік мәні бар мәтіндер енгізіліп отыр. Оқу-әдістемелік құрал (оқыту қазақ тілді) қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдеріне ұсынылып отыр.

 
Пікір жазғанғандар:
А.А.Токкужин  Новоселов орта мектебінің жоғары санатты қазақ тілі мен әдедиет пәні мұғалімі
Г.Б. Бекиш Аудандық білім бөлімінің әдіскері

Диктанттар
Толық

Бір ашуланғанда сексенді қырған батыр

Ерте, ерте, ертеде,
Ешкі жүні бөртеде,
Қырғауыл жүні қызылда,
Құйрық жүні ұзында, бір байдың малын баққан қойшы болыпты. Бірде ол жаздың жайма-шуақ күнінде сылдырап аққан өзеннің бойында мал жусатып отырыпты. Қарны ашқан соң торсықтағы айранын ішіп тамақтаныпты. Дәмді қою айранға тойып балқыған қойшы жерге тамған тамшыға жабылған шыбындарды көріп қалады да, жапырақпен ұрып салады. Қырылған шыбындарды санап та үлгереді. Олар сексен екен.......

Ертегілер
Толық

Прописка

Күн ұзарған, түн қысқарған көкектің кәрі қыздай қылтың-сылтың басы. Өскеменнен түсте шыққан автобус Ұлан арқылы Самарға тікелей асып, Ертіс түсіп, Күршімнен бір-ақ шығуға бел байлаған. Көкек келсе де наурыз жылымығының қайырма қызыл шұнағы қала ішін дірдек қақтырып, Ұлан асуына қарай созылған ұзақ жол беті сиыр жалағандай. Жып-жылмағай көк мұз. Алды-арты бірдей тартатын шағын сары автобус ішіндегі азғана жолаушыларды селкілдете ұрып, соқтырып келеді. Күн аяздан шаңытып тұр. Автобустағылар өзді-өзімен шүйіркелесіп, қайсыбірі жорта қалғып отыр. Жолаушылар арасында нәресте құшақтаған жас келіншек қыңқылдаған сәбиін уатумен әлек. Ең артқы орындықта отырған Архат олардың....

Әңгімелер
Толық

Әсемдік кремі

Теледидардан тікелей эфирден репортаж жүріп жатыр. Диктор қолындағы микрофонды жас бір қызға ұсынды:
  - Әсемдік тақырыбында бір зерттеу жүргізудеміз. Әсіресе, терінің сұлулығы неге байланысты деп ойлайсыз?
  - Әлі жеткілікті мөлшерде табыс таппайтын болғандықтан бетіме қияр қабықтарын жапсырамын. Кейде қияр кремін қолданамын. Сондықтан жылтырап тұр, әрине.
   Диктор жас әйелге барып:
   - Сіз ше, ханым, сіздің де бетіңізге ерекше....

Оқиғалар
Толық

Саудаңызды берекелі етуге арналған дұғалар

 «Сондай өсім жегендер, (қабірлерінен) жын соққандай есеңгіреп тұрады. Бұл олардың: «Сауда да бейне өсім» дегендіктерінің салдарынан. Негізінде Алла сауданы халал, өсімді харам еткен. Сонда кім Раббысынан насихат келгенде тыйылса өткені өтіп кетті. Оның ісі Аллаға тән. Ал және кім қайталаса, міне, солар тозақтық. Олар онда мәңгі қалады» («Бақара» сүресі, 275-аят).

Дұғалар
Толық

Сүйкімді Ботагөз

Ботагөз әрқашан сабаққа ерекше дайындықпен келеді.Өзі үнемі терең ой құшаында жүреді. Ұстазының әр сөзін байыппен, ерекше ынтамен тыңдап,іштей қайталап отырады. Бүгін мұғалім ерекше тапсырма берді. Оқушыларға «Алтын балық» ертегісін оқып беріп: « Егер сендер алтын балықты ұстап алсаңдар қандай тілек тілер едіңдер,ойларыңдағы армандарыңды қағазға жазыңдар»-деді. Бүлдіршіндер өз арман,тілектерін қуана күбірлесіп жаза бастады. Аздаған үзілістен соң....

Әңгімелер
Толық

Жаспын, әдемімін, бірақ...

Туыстарымызбен бірге қайтыс болған нағашы әпкемнің жүзін соңғы рет көру үшін мазарға барған кезімізде имам бұл тілегімізді қабылдамады. Табытты ашты, бірақ кебіннің басындағы бауларды ғана шешті. Мәйіт қабірге түсірілгеннен кейін қатар-қатар тақтайлар қойыла бастады. Енді оның дүниемен байланысы қалған жоқ. Тек істеген....

Оқиғалар
Толық