Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі. Қай елді, халықты болсын, прогреске бастайтын жол-білім жолы. Егемендік алған Қазақстанның болашағы жастарға байланысты. Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың дамып өркендеуіне байланысты дарынды жастарды тәрбиелеп шығару ұстаздар қауымына үлкен сын болуда. Сондықтан да жастарды білімге құштарлыққа, ізденуге, талпынуға тәрбиелеу арқылы баланың қабілет-қасиеттерін ашып көмектесу керек. Өйткені, осындай жастар ғана егемендігіміздің ертеңін баянды ете алады; қазақ елінің ертеңіне қызмет ете алады. Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында білім беру саясатының негізгі міндеттерінің бірі «Халықтың барлық жіктерінің сапалы білімге қол жеткізуін қамтамасыз ету» екендігі, оны іске асырудағы мектеп бағдарламасы баланың жеке тұлғасын қалыптастыруға, оның жеке қабілетін ашуға және дамытуға бағыттау қажеттілігі атап көрсетілген [1]. Бұл міндетті іске асыру үшін аталған құжатта: «Оқу процесі: - өз бетінше білім алу және оны практикада қолдану қажеттігі мен дағдысын қалыптастыруға, танымның ғылыми тәсілдеріне мақсатты және жүйелі түрде баулуға; ....
М.А. Айтхожин атындағы молекулалық биология және биохимия институтының ферменттердің құрылымы мен реттелуі лабораториясында ең алғаш рет фузикокцинге ұқсас екінші реттік цитокинин гормоны ашылды. Ол клеткадағы сигналды трансдукцияда маңызды роль атқаратындығы анықталды. Медиатор екінші сатыдағы сигналды беретін зат, себебі гормон тікелей өзі емес медиаторлар арқылы клеткаға әсер ете алады. Сол себептен цитокинин медиаторын зерттеу ғалымдардың қызығушылығын тудырады. Себебі осы цитокинин медиаторы клетка ішіндегі мембранамен байланысқан ферменттерге әсері өте жоғары [1]. Бұл медиатор бидай тұқымының өніп жатқан ұрығында цитокинин әсерінен пайда болады. Фк мен цитокинин медиаторы арасында жақын қатынасты дәлелденген қосыша мәліметтер алуға болады. Бұл жоспарда ФК-нің өсімдік клеткасының плазматикалық мембранасының Н+АТФ- азасының активтілігіне қасиеті бар екені белгілі. Осы себепті бидай өскіндері тамырының плазматикалық мембранасының Н+АТФ- азасына цитокинин медиаторының әсерін зерттеу мүмкіндігі туындайды [2]. Екінші реттік цитокинин гормоны бидай дәніндегі ұрықтық емес бөлігінің плазматикалық мембранасындағы Н+АТФ-азасын активтендірмейтіндігі белгілі болды. Осыған байланысты осы екінші реттік цитокинин гормонының бидай дәнінің алейрон қабатындағы плазматикалық мембрананың Н+ АТФ-азасына әсерін зерттеу қажет болды. ....
КІРІСПЕ Қандай халық болмасын өзінің азаматтық тарихына енжар қарай алмаса керек. Әдебиет тарихы – халықтың азаматтық тарихымен сабақтас құбылыс. Адамның тынымсыз еңбегімен, зерек ақыл, ыстық жүректің жылуымен бірлікте ғана жасауы мүмкін таланттың қыр-сырына арнайы үңілу бұл жұмыстың мақсаты емес. Алайда шығармашылық және зерттеушілік болмысын талант пен еңбектің бірлігінен тыс түсіндіруге болмайтын, табиғатында талантты, ғұмырында еңбекқор, қазақ әдебиеттану ғылымының қазіргі белді өкілі, көрнекті сыншы, филология ғылымының докторы, профессор Құлбек Ергөбектің терең еңбек жолы, терең шығармашылық келбеті, терең ғылыми ізденістері туралы сөз бола қалған жағдайда алдымен талантты өз ғұмырында шығармашылықтың қиындығы мен қызығына бірдей жұмсап үлгерген Құлбек Ергөбек қазақ әдебиеттану ғылымының қыр сырына қанық бұл жолға таланты мен күш қайратын бірдей жаныған ғалым. Әлеуметтік, танымдық-мазмұндық тұрғыдан алғанда да, эстетикалық, әдеби-көркемдік тұрғыдан алғанда да аса маңызды зерттеу еңбектерінің атына заты сай болуын қамтамасыз ететін принциптері. Мұның өзі зерттеушіге зор жауапкершілік нардың жүгін арқалатқан міндеттер. Іс жүзінде зерттей білу де – талант. Теңіздің түбінен інжу теріп алғандай көп оқып, ізденудің кірпияз талғампаздық жемісі. Сәбит Мұқанов жайлы көптеген сыни мақалалар, зерттеу еңбектері шын мәнінде де көп еңбек етіп, талғампаздық пен мұқияттылық танытқан. Құлбек Ергөбек әдеби-ғылыми мәселелерді мөлдіретіп жазған, Тіл оралымы бай, сөз саптасы шешен. Алайда ол татусыз тамсану, дәмсіз су сорудың жетегіне ешқашан ерген емес. Не айтса да деректермен, нақтылы пайымдаулармен, ұстамды ой-пікірлермен көрінді. Құлбек зерттеулерінде сарыла ізденген нәр бар, еленіп екшеленген ой бар. Осыдан болар Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекілбайұлының «... Сіздің ұлттық әдебиеттануыңыз бен әдебиет тарихының заманға лайық жаңа методологиясын жасақтау академиялық орнықтылығы мен кемелділігін қамтамасыз ету жолындағы тыңғылықты ізденістеріңізгн сүйсінемін», - деп пікір білдіруі кездейсоқ емес. Иә, академиялық орнықтылық ... Бұл қасиет қателеспесем Құлбекке кезінде біреу де болса бірегей болған Қазақтың Ұлттық Мемлекеттік университетінің ұстаздарынан дарыған деп ой түюге болады. Алайда сыншы, зерттеуші Құлбек Ергөбек шығармаларының кейінгі толқынға, артынан ерген ізбасарларына беймәлім қырлары бары анық. Диплом жұмысының негізгі мақсаты мен міндеті: Қазақ әдебиетінің жарқын бейнелерінің бірі Сәбит Мұқанов шығармашылығын зерттеп, бүтін бір шеберханаға айналдырған сыншы, зерттеуші Құлбек Ергөбектің еңбегін тану арқылы оны қазақ әдебиетінің құнды беттеріне айналдыру. Жазылған шығарманы оқу бар да, оны кәсіби тұрғыдан тану бар. Осы ретте Құлбек Ергөбектің Сәбит Мұқанов туралы зерттеу еңбектерінің кейінгі әдебиеттанушылар үшін танымдық маңызы зор. Осы тақырыпты зерттеудегі біздіңі мақсатымыз да осы арнаға саяды. Сондықтан Диплом жұмысымызды Қ.Ергөбек шығармашылығына, оның ішінде заманының заңғар жазушысы, әдебиетіміздің марқасқасы С.Мұқанов шығармашылығын зерттеген еңбектеріне арнағанды жөн көрдік. Әрине, бүкіл әдебиеттің жаңа бағытына айналған зерттеулердің бір Диплом жұмысының ауқымына сыйғызу мүмкін емес. Дегенмен сыншы, зерттеуші Қ.Ергөбек зеттеулерін ғылыми түрде қарастырып, талдап таразылаудың уақыты жеткен сияқты. Әрине біздікі тек тың соқпаққа сүре салу ғана. Қалай болғанда да, диплом жұмысымызға арқау болып отырған ауқымды еңбектер әдеби ортада өз бағасын алғанымен, ғылыми түрде сараланбағаны ақиқат. Осыны негізге ала отырып Диплом жұмысының мақсатын айқындап, саралай зерттеуді міндетімізге алдық. Диплом жұмысының өзектілігі: Бізде сыншылар аз емес. Бірақ соның ішінде әдебиетке белсене араласатыны некен саяқ. Солардың бірі – сөз жоқ Құлбек Ергөбек. «Сыншы атану, сыншы міндетін сезіну - өз буыныңның жетістігін өзіңдікі санау, кемшілігін өз кемшілігің санау, сөйтіп жетістік – кемшілікті өз мойныңа көтеріп алудан басталған» дейді Құлбек Ергөбек. Б Майлин, Ж.Аймауытов, Б.Кенжебаев, Б.Соқпақбаев, Д.Исабеков, А.Сейдімбек, Ө.Нұрғалиев, Б.Қанатбаев, Қ.Түменбаев сияқты сыншыларымыздың пікірі, ой-толғамдары таразылауы қандай мәдениетті, қандай өтімді, тұщымды. Жазушыны жер бауырлататын сын бар, жазушыны көтермелейтін сын бар. Мұның екеуі де еренсіздің ісі. Сынның төресі – жазушыға көмектесетін сын. Әдебиетті көтеретін де осы сын. Құлбек Ергөбектің сыны да дәл осындай жазушыға көмектесетін әдеби сынның беделін өсіретін өміршең сын. Ұлы ақын А.С.Пушкин «Сын тарихы – ел тарихы» екенін айтқан. Демек, шығармашылығынғылыми зерттеумен байланыстырған біздің кейіпкеріміздің сыншылық көзқарасы бір әңгіме тарауы. Әрине, шығармада жәй оқырман байқай бермес бұрылыс-қалтарыстарды әдебиетші көзімен зерттегенде сынның қатар жүретіні заңды құбылыс. Сондықтан, бүгінгі әңгімеміздің өзектілігі деп Құлбек Ергөбектің сыншылық қырын алуымыз жайдан жай емес. Диплом жұмысының құрылымы: Жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, үш тараудан, қортындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Алғашқы тарауды Құлбек Ергөбек қазақ әдебиетіндегі сыншы, зерттеуші деп алып, онда Қ.Ергөбектің сыншылық жолға келуі, жалпы әдебиетке бет бұруына ықпал еткен алдынғы буын ағаларының, ұстаздарының атап айтқанда Б.Кенжебаев пен Т.Кәкішевтердің берген бағыт-бағдары негізге алынады. Сонымен қатар, құлбек Ергөбектің шығармашылығының шыңына айналған Сәбит Мұқанов тақырыбына келу жолдары сараланады. Екінші тарауда Құлбек Ергөбек «Адасқандар» романын – романнан повестке деп атап, бұл тарауда сыншының Сәбит Мұқановтың «Адасқандар» романын негізге ала отырып, түпнұсқадан алыс кетпей, нақтылықты ұстандық. Айтулы шығарманың астарына иерең үңілуге тырыстық. Соңғы тарау, бүкіл бір дәуірдің бет-бейнесін ашатын Сәбит Мұқанов шығармашылығын тағы бір қырына арналады. Оның халық ауыз әдебиетін зерттеудегі еңбектері сыншы Құлбек Ергөбектің назарынан тыс қалмаған. Сәбит Мұқановты жаңа заманның жазушысы деп тану арқылы жеке зерттеу жұмыстары сараланады.....
Кіріспе Диплом жұмысының өзектілігі: Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі, академик-жазушы, алыптар тобының сардары Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» романы жарық көрген тұста оқырман қауымның ыстық ықыласына ие болып, әдеби сында да жоғары бағаланды. «Ұлпан» романының ерекшелігі оның басты кейіпкерлерінің тарихта болған тұлғалар екендігінде. Жазушының «40 жыл бойына» көңілінде пісіп-жетіліп, толыққан бейне − Ұлпан бейнесі. Бұл шығарма идеялық-көркемдік тұрғысынан ерекшеленетін туынды. Біз жұмысты жазу барысында шығарманың осындай ерекшеліктерін қарастырумен қатар оның жазылу тарихын, басты тұлғалар мен олардың түптұлғаларының тарихтағы орнын сараладық. Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері: 1.Ғ.Мүсіреповтің шығармашылығына жалпы шолу жасау; 2."Ұлпан" романының жазылу тарихына тоқталу; 3.Кейіпкерлер мен түптұлғалардың арақатынасы, өмір шындығы мен көркемдік шындықтың байланысы; 4.Автордың тұлғасын сомдауы мен характерін ашудағы шеберлігін пайымдау; 5."Ұлпан" романы туралы бұрын-соңды жазылған сыни мақалалар мен еңбектерге сүйене отырып, өзіндік ой-пікір қорытындысын шығару, пікір қалыптастыруға тырысу; Жұмыстың теориялық және әдістемелік негіздері: Диплом жұмысын жазу барысында қазақ әдебиеттану ғылымындағы орныққан теориялық тұжырымдар мен қағидалар негізімен басшылыққа алынды. Сонымен бірге талдау, жинақтау және салыстыру әдістері қолданылды. Жұмыстың негізгі теориялық тұжырымдары мен түйіндерін қорытуда қазақ ғалымдары С.Мұқанов, З.Қабдолов, Т.Кәкішұлы, Ж.Ысмағұлов, Ш.Беркімбаева, М.Бекбергенов, Ә.Нарымбетов сынды әдебиеттанушыларының теориялық зерттеу еңбектері, сын-мақалалары мен пікірлері басшылыққа алынды. Бұларға қоса әр жылдарда баспасөз бетінде жарияланған Ғ.Мүсірепов туралы түрлі мақалалар да пайдаланылды. Диплом жұмысының құрылымы: Жалпы жұмыс кіріспеден, негізгі бөлім мен қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Белгілі қаламгер, көркем сөздің зергері Ғабит Махмұтұлы Мүсіреповтің қазақ әдебиеті тарихында алатын орны ерекше. Оның шығармашылығы келелі де мазмұнды әдеби қорымызды байыта түскен әдебиетіміздің қазынасына қосылды. Шеберлік шыңына Ғ.Мүсірепов бүкіл қазақ әдебиетінің өрге ұмтылған үлкен керуенімен бірге адымдай отырып, көптеген жетістіктерге жетті. Туған әдебиетімен бірге түлеген жазушы шығармалары өмір шындығымен, замандастың даңқты істерімен тыныстаған. Ол бүкіл қазақ әдебиетімен бірге қанаттанып, қияға бірге құлаш ұрды. Шағын әңгіме, новелладан бастап, салалы роман мен кесек драмаға дейін жазушы жүріп өткен үлкен жол − алғашқы шағын әңгімелерден көп томдық эпопеяға, фольклорлық эпостан XX ғасырдың биік өнеріне шырқап шыққан қазақ әдебиеті дамуының бір дерегі мен дәлелі. Ғ.Мүсірепов шығармашылығы қазақ әдебиетінің профессионалдық биік дәрежесіне, кең құлашына, философиялық тереңдігіне, байтақ өрісіне, қоғамдық зор маңызына айқын айғақ. Туған әдебиетіміздің осынау гүлдену, өсу жолында, оның әрбір кезең, белестерінде Ғ.Мүсіреповтің сіңірген еңбегі айрықша. Ұлттық жаңа әдебиеттің қалыптасуында белгілі роль атқарған Ғ.Мүсірепов әңгімелері мен пъесалары, романдары мен повестері халық өмірінің елеулі кезеңдерін қазақ қоғамындағы әлеуметтік өзектерді, қазақ кедейлерінің мінез-құлқындағы құбылыстарды, ұлт болып қайта туу, жаңғырып, жасару жолымызды бейнелейді.Оның шығармалары белгілі бір оқиғаның жалаң суреті ғана емес, ірі дарын иесінің халық тағдыры, адам жайлы толғаныстары деп білеміз....
КIРIСПЕ Қазақ тіл білімінің қалыптасып, даму тарихында оның негізін салушылар А.Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, С. Жиенбаев, С. Аманжолов, Н. Сауранбаев есімдері ерекше аталатыны сөзсіз. Аталған ғалымдар жалпы қазақ тіл ғылымының дамуына зор үлес қосты дейтін болсақ, соның ішінде синтаксис саласына қалдырған мұралары күні бүгінге дейін маңызын жоймағандығын атап өтуіміз керек. Синтаксистің аса күрделі де күрмеуі мол салаларын зерттеп, зерделеу, оның тілдік табиғатын таныту мен құрылымдық-семантикалық белгілерін айқындау ісінде белгілі ғалымдар Н.Сауранбаев, М. Балақаев, Т. Қордабаев, Қ. Есенов, Р. Әмір еңбектерінің мәні зор. Кейiнгi жылдары жарық көрiп жатқан оқулықтар мен зерттеу жұмыстары аталған ғылым саласының әлi де зерттей түсудi қажет ететiн тұстары бар екендiгiн көрсетiп отыр. Тілді грамматикалық тұрғыдан қарайтындар да, логикалық аспектіде қарайтындар да сөйлемнің қандай түрі болмасын предикативтік қасиетке ие және ол бұның ең басты белгісі болып саналады деп есептейді. Осыған байланысты да көп уақытқа дейін сөйлем атаулының барлығы дерлік тек екі басты мүшелі болуға тиіс деген идея үстем болып келді. Алайда сөйлемді үздіксіз әрі жан-жақты зерттеу нәтижесі құрылымдық ыңғайда оның белгілі бір стандартқа сыймайтынын, сөйлем сан қырлы сыры бар құбылыс екенін көрсетті. Сөйлемнің сондай ерекшелігінің бірі - олардың бір бас мүшелі болып та келуі. Осыған байланысты тіл ғылымында “ бір бас мүшелі” (бір құрамды) сөйлемдер идеясы қалыптасты. Сөйлем синтаксисін зерттеушілердің қайсысы болмасын бір құрамды сөйлемдердің де предикативтік құрылымға негізделетінін жоққа шығармайды. Қазақ тіл білімінде бұл мәселені арнайы зерттеген – ғалым Ж. Сәдуақасов. Аталған проблемаға қатысты негізгі мәселелер айқындалды десек те, әлі де айқындауды қажет ететін тұстары бар. Диплом жұмысының өзектiлiгi Ойды жарыққа шығарудың құралы ретінде қолданылатын жай сөйлемдердің құрамдық, мағыналық сипаты әр алуан. Осыған орай, сөйлемдердi таптастыруда бiр iздiлiк жоқ. Бір құрамды сөйлемдерге қандай сөйлемдер жататындығы жөніндегі көзқарастар да сан алуан. Аталған мәселенiң оқулықтар мен зерттеулерде әр түрлi қаралуы, бiр iздi пiкiрдiң болмауы, мектеп оқулықтарында жүйелі түрде берілмеуі оның өзектiлiгiн танытса керек. Диплом жұмысының мақсаты мен мiндеттері Зерттеудiң мақсаты – сөйлем синтаксисiнiң негізгі нысандарының бірі болып саналатын бір құрамды сөйлемдердің граматикалық табиғатын таныту. Осыған орай, төмендегідей міндеттерді шешу көзделеді: – бір құрамды сөйлемдер туралы жалпы және қазақ тіл біліміндегі пікірлерді жинақтап-саралау; – бір құрамды сөйлемдерді топтастыру; – бір құрамды сөйлем түрлерiнiң ерекшелiктерiн ашу; – олардың тұлғалық-құрылымдық сипатын анықтау; – тiлдiк фактiлермен (мәнбірлермен) нақтылау.....
КІРІСПЕ Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауының басым бағыттарында, біз қазақ халқының санғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түлете береміз. Сонымен қатар, ұлтаралық және мәдениетаралық келісімді, біртұтас Қазақстан халқының ілгері дамуын қамтамасыз етеміз,- [1; 1б.] делінген. Сондықтан біз, Қазақстанның дамуына өз үлесімізді қосуға міндеттіміз. Дипломдық жұмыс қазақ халқының асыл түлігі - тұлпар бейнесінің әдебиетімізде жеке образ болып қалыптасуы, осы образ арқылы шығармаларда өмір шындығы мен кейіпкер тағдырының көрініс табуы, оның көркемдік тұрғыдан жинақтауға әсері сынды мәселелерді қарастыруға арналған. Дипломдық жұмыста қазақ ауыз әдебиетіндегі тұлпарлар бейнесі: жылқы малы туралы наным-түсінік, тұлпарлар бейнесін сомдауда кейіпкер тағдырының көркемдік тұтастығы, қазіргі әдебиеттегі тұлпарлар бейнесінің өзіндік қырлары кеңінен көрсетіледі. Қазақ халқын: "ер қанаты - аттан" бөлек қарау мүмкін емес. Арыдағы арналарды еске алсақ, халық әдебиеті үлгілерінде, көне жазба ескерткіштердің тасқа қашалып жазылған мұраларында тілге тиек етіліп, аласапыран замандарда да елге қорған, ерге қанат бола білген тұлпарлар көп жырланады. Мінсе -көлігі, жесе - азығы, ішсе - сусыны болған сенімді серігі - тұлпарларға айрықша мән берген. Қазақ халқының өмір тарихы мен өткен жолы асыл жануар - жылқымен байланысты болғандықтан, оны ән-жырға қосып жырлап, мифтік санада өз жаратушысы деп те сенген . Бұндай дәлелдерді халық тарихы мен өмір-тұрмысынан жиі ұшырастыруға болады. Қазіргі таңда тілдік, этнографиялық, тарихи тұрғыдан мол мағлұмат беретін ауыз әдебиетінің туындылары - көптеген ғылымның зерттеу объектісіне айналуда. Қазақ тұлпарларының әуел бастан халқымыздың санасына, дүниетанымына етене жақын болғандығын дәлелдейтін рухани мұраларды С. Қондыбай [3], А. Тоқтабай [4] т.б. археолог, этнограф зерттеушілеріміздің еңбектерінен кездестіреміз. Қазақ халық әдебиетіндегі жылқы малының орны жөнінде Ә. Қоңыратбаев [5], Н. Келімбетов [6], А. Қыраубаева [7], Р. Бердібай [8] т.б. еңбектері зерттеушілер үшін құнды ғылыми - танымдық мәліметтерді алға тартады. "Мал патшасы - жылқының" әдебиеттегі орнын, оның образын биік тұғырға көтерген Ғ. Мүсірепов , Т. Әлімқұлов , Қ. Жұмаділов , С. Бақбергенов т.б. қаламгерлер тұлпар бейнесін көркем де шынайы суреттеген. Шындығында да, жан - жануарлар қай халықтың болмасын фольклоры мен әдебиетінде елеулі орын алатындығы әдеби шығармалардың тереңіне үңілген адамға мен мұндалап - ақ түр. Жылқы жайлы Қазақ Совет энциклопедиясындағы тарихи деректерге сүйенсек, біздің заманымыздан 7000 - 6000 жылдар бұрын Азия, Африка, Европада қолға үйретілгендігі сөз болып, сондай - ақ, жабайы жылқының сүйегі Францияның солтүстігінен көп табылған, - делінген . Осы ретте, Қазақстан территориясынан табылған Ботай мәдениетін зерттеуге ат салысқан ғалымдар: В.З. Зайберт , Л.А. Маркова, М.К. Хабдулина, Г.Б. Зданович т.б. энеолит дәуіріндегі табылған сүйектердің - 99,9 % - і жылқынікі болғандығын тап басып көрсетеді. Қазақстан - Американ біріккен экспедициясының қорытындысы табылған жебелердің үшына жасалған талдауларда жылқы малының қаны табылмағандығын айта келіп, II ғасырда жылқыны қазақтар қолға үйреткендігін дәлелдеген . Эпостық шығармалар ішінде жиі кездесетін, кез-келген елдің ауыз әдебиет туындыларында мол ұшырасатын бейне - жылқы болып табылуы да тегін емес. Шығармалардың басым көпшілігінде ол адамның жақын досы, ақылшысы, сырласы, тағдырласы түрінде өріледі. Мәселен, Саха -Якут, түркі халықтарының дүниетанымында жылқы - жаратушы ана, апам -напат тотемі жылқы - тәңірі мен пенделердің арасын байланыстырушы (пырақ) күш немесе шаманның ие - қыласы, жылқы - адам не сиқыршы ретінде сомдалған. Қазақ әдебиетінде XX ғасырдың 60-80 жылдар аралығындағы прозалық шығармаларында да тұлпар образына байланысты көркемдік ізденістер оқырман назарын өзіне аударады. Бұл шығармалардағы басты идея -тұлпарлардың адам өміріндегі өзіндік орны, тарихи қоғамдық - әлеуметтік шындықтың тұлпарлар образымен сабақтасуын, тұлпардың сымбаты мен сұлулығы, ат баптаудағы дәстүрлі мектептер суреттелген. Мұның бәрінен, әрине жылқы - халқымыздьщ қымбат қазыналарының бірі, өмір - тұрмыстағы жиі пайдаланатын, қадірлі де қасиетті жануарларының қатарына жататынын білеміз.....
КІРІСПЕ Тестілеу техникасы және тест мүмкіндіктері[center][/center] Қандай тест тілдік білімді – тілді білуін бағалай алады немесе тілді үйренуге көмектесе алады? Жақсы дайындалған тест тіл үйренушіге екі себеппен көмектесе алады: 1. Біріншіден, мұндай тест аудиторияда, тіпті көпшілік қауым үшін позитивтік қатынасқа әкеледі. Мотивациялық тұрғыда және оқыту нәтижесі үшін оқытушылар негізінен позитивтік ауан қалыптастыруға тырысады. 2. Екіншіден, тест тіл үйренуші үшін тілді жетілдіруге жетелейді, көмектеседі. Тіл үйренуші тест тапсыруға дайындалудың, оны тапсырудан кейінгі нәтижесін талқылаудың пайдасын көреді. Тест оқушының, тілдің қай жағына көңіл бөлу керектігіне көз жеткізеді. Қысқаша айтқанда, дұрыс құрастырылған тест оқуға деген позитивтік қатынастың құрылуына көмектеседі және оқушы, студент немесе кез-келген тіл үйренуші үшін жетістік сезімін, оқытушы бағалауының да өзінің оқыған-тоқығанымен сәйкес келетінін аңғартатын сезім пайда болады. Жақсы тілдік тестілер, сондай-ақ студенттерге, оқушыларға олардан табандылықты талап ете отырып, тілді оқуға көмектеседі және тіл үйренушінің жақсартуға тиісті әлсіз жақтарын да көрсетіп береді. Тест бағалаушыға қалай көмектеседі? Барлық оқытушылар өздерінің оқытуының нәтижесі үшін жауапты. Біздің тестілеріміз бізге төмендегідей маңызды сұрақтарға жауап беруге көмектеседі: «Менің оқытуым тиімді болды ма, болмады ма?» Басқаша айтсақ, біз тест көмегімен, өзіміздің тырысуымызбен тіл үйренушінің қатынасын бағалай аламыз. Тест нәтижесін есептеуді жүргізгенде біз: «менің сабақтарым тиісті деңгейде жүргізілді ме екен?», «Мен қалай оқытып жүрмін?», «Қандай пункттерді қайта қарау керек?», «Осы материалға менің көбірек, азырақ көңіл аударуым қажет пе?» деген сияқты сұрақтарды өзімізден сұрай аламыз. Оған қоса, тестер бізге болашақ тестерді жетілдіруге көмектеседі: «Тест нұсқаулары анық болды ма екен?», «Тест тапсырушы арнайы берілген уақытта тесті аяқтай ала ма екен?», «Тест мазмұны оны орындауға деген ниетін жоғалтып немесе көңіл толмаушылық туғызуы мүмкін бе екен?», «Тест тапсырушының алған тілдік білімін тест анықтай алды ма екен?» деген сияқты сұрақтар біздерді мазалауы тиіс. Тест бағаланушыға да бағалаушыға да көмектеседі, яғни тестер жасалынған, жеткен прогресті растайды және болашақ жұмысымызды жақсы жақтарға бұруға бағыттайды. Түйіндесек, жақсы тест аудиторияда мораль ауанын жақсартуға, сондай-ақ, оны қолдауға, сақтауға көмектеседі, оқытудың көмекші құралы да болып табылады. Тілді тестілеу өнер тәрізді тарихи мәліметтер, көз жүгіртсек, бүгінгі күндердегі тілдік білімді тестілеу оқытудағы қазіргі көзқарасқа сай келетін коммуникативтік мақсаттарды білдіреді. Өткен жылдар еншісіндегі әлемдік тәжірибедегі тестілеу, негізінен, интуитивті болды немесе субъективті сипатта болды десе болады және оқытушының жеке пікір-ойларына да байланысты болды. Интуитивтік кезеңнен кейін тестілеу ғылыми кезеңге көшті десек те болады, тілшілер бұл кезеңде тілдік білімнің объективтік бағалануының маңыздылығын баса көрсетеді 1, 6 б.. Қазір біз тілдік білімді бағалаудың коммуникативтік кезеңіндеміз, бұл кезең тілдік тұлғаны емес, оны қолдана білуін бағалау маңыздылығымен ерекшеленеді.....
К І Р І С П Е Грамматика теориясына қатысты өзекті мәселенің бірі – болымдылық-болымсыздық проблемасы. Тілдің лексикасы мен грамматикасын терең бойлаған лингвистикалық болымдылық-болымсыздық - көне де, көп қырлы, қарымды тілдік құбылыс. Тіл білімі ғылымының қазіргі кезеңдегі даму, кемелденуі тұрғысынан немесе оның тарихи дамуы жағынан қарастырсақ да, болымдылық-болымсыздық мәселесі үнемі зерттеушілер назарында болғанын көреміз. Болымдылық-болымсыздық категориясы түрлі ғылым салаларының – логика, философия, психология және т.б. ортақ зерттеу объектісі болғаны белгілі. Сол себепті ол ғылымдардың тарихи қалыптасу жағдайлары, олардың даму бағыт-бағдарлары тілдік болымдылық-болымсыздық мәселесі мен ойлау категорияларының, пайымдау сипатының арақатынасын, ұқсастығы мен айырмашылықтарын анықтауға өз ықпалын сөзсіз тигізді. Жалпы тіл білімінде, түркітану ғылымдарында бұл мәселе төңірегінде жасалған арнайы зерттеулер, айтылған пікірлер, ойлар біршама. Қазақ тіл білімінде де аталған мәселе жайлы ғылыми зерттеулер бар. Бірақ мұнда болымдылық-болымсыздық мәселесі бірде орыс тілі фактісімен салыстырылса, бірде оның берілу тәсілдері сөз болады. Болымдылық-болымсыздықтың тілдік табиғатын қазіргі тіл білімінің даму бағыттарына сай талдасақ, оны шын мәніндегі логика-грамматикалық негізі бар күрделі тілдік құбылыс деп тануымызға жол ашылады деп ойлаймын. Бұл жұмыста болымдылық-болымсыздық мәселесі лексикалық болымдылық-болымсыздық және грамматикалық болымдылық-болымсыздық деп ғылыми тұрғыдан топтастырылып, олардың жасалу жолдары мен сөз таптарына қатысы сөз болады. Сондай-ақ болымсыз мағына беруге қатынасатын тілдік көрсеткіштер қызметтік және семантикалық өріс негізінде форма мен мазмұнның сәйкестігі тұрғысынан қарастырылады. ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ БОЛЫМДЫЛЫҚ-БОЛЫМСЫЗДЫҚ МӘСЕЛЕСІ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
Қазақ тіліндегі болымдылық-болымсыздықтың зерттелуі жайына тоқталмас бұрын, мәселенің түркологияда зерттелуін сөз етелік. Болымдылық-болымсыздық мәселесі түркі тілдерінде де күрделі проблемалардың біріне саналады (1, 5). Бұған ғалымдар ертеден-ақ назар аударған. Біз қарастырып отырған мәселе туралы мәліметті, алдымен, түркі тілдерінің грамматикаларынан кездестіруге болады. Түркі тілдері грамматикаларының етістікке, сын есім, есімдікке арналған бөлімдеріне, «бар», «жоқ» сөздерінің қолданылуына арналған және синтаксис тарауларында қатысты жерлерде болымсыздық жайлы деректер сөз етіледі. Мұнда етістіктің болымсыз түріне көп көңіл бөлінеді. Авторлардың басым көпшілігі оның жасалу жолы ретінде –ма, -ме жұрнағын көрсетеді (2, 102).....
КІРІСПЕ Тақырыптың өзектілігі. Қазақ тіл білімінде қарсылықтық құрмалас сөйлемдердің зерттелуі бірден қалыптасқан құбылыс емес және олардың грамматикалық табиғаты туралы біршама зерттеу еңбектері болғанымен, мәселе толық және жан-жақты шешілді дей алмаймыз. Өйткені құрмалас сөйлем – біртұтас жүйелі құбылыс. Қарсылықтық салалас пен қарсылықтық сабақтас құрмалас сөйлемдердің әрқайсысының синтаксистік форма алуы өзінше қалыптасқанымен, олардың функциясында ортақ жайттар көп. Қарсылықтық салалас пен қарсылықтық сабақтас құрмалас сөйлемдердің арасындағы осындай өзгешеліктердің сипатын ашу, олардың құрылымдық, функционалдық арақатынасын анықтау бітіру жұмысымның өзектілігін дәлелдей алады. Қазіргі қазақ тіл білімінде қарсылықтық құрмалас сөйлемдер жүйедегі грамматикалық тұлға ретінде аталып жүр, оларға анықтама беріліп, жасалу жолдары көрсетілгенімен, функционалдық тұрғыдан толықтай зерттелмеген. Қарсылықтық сөйлемдердің қарсылықтық салалас, қарсылықтық сабақтас атты түрлері әбден жіктеліп, орныққан десек те, құрмаластың осы екі түрінің арасындағы өзгешелік бар ма, жоқ па, болса қандай деген мәселе әлі күнге дейін айтылмай келеді. Қарсылықтық салалас сөйлемдердің өз ішінде де түгелдей шешімін таппаған түйіндер баршылық. Мысалға қарсылықтық қатынасты тудыратын жалғаулықтар туралы айтқанда қарсылықтық жалғаулықтардың бір-бірінен семантикалық ерекшелігін, жұмсалуындағы өзгешеліктерін айтуымызға болады. Қарсылықтық сабақтас құрмалас сөйлемдердің сипаты туралы тіл білімінде алғаш А.Байтұрсыновтың «Тіл құрал» атты кітабында айтылады. Содан бері жарық көрген еңбектерде, зерттеу мақалаларында қарсылықты сабақтас сөйлемдердің сипаты мен оларды жасайтын формалар берілген. Бірақ қарсылықты сабақтастардың даму тарихы туралы бірізді пікір жоқтың қасы. Біздің ойымызша, қарсылықты сабақтастарды жасауға қатысатын формалардыңи даму тарихын саралап ашуды және де сөйлемдердің контексте түрлі болып келетініне қарай оларды бірнеше мағыналық қатынастарға бөліп көрсетуді қажет етеді деп ойлаймын. Сонымен қатар қазақ тіл біліміндегі байланыстырушы қайталама амалдардың сипаты туралы да айта кету жөн деп ойлаймыз. Себебі байланыстырушы қайталама амалдар салаластық, сабақтастық қазақ тілінің жүйесінде тек грамматикалық білім ретінде қалып қоймай, коммуникативтік талғам жүйесіне де түсіп келе жатқандығын ескертетін процесс. Зерттеу нысаны. Менің жұмысымның зерттеу нысаны қарсылықтық салалас пен қарсылықтық сабақтас құрмалас сөйлемдердің құрылымдық функционалдық арақатынасы. Қарсылықтық қатынас деген жалпы мағына, ол табиғаттағы, болмыстағы қарама-қарсы әрекеттерді, процестерді не болмаса адамдардың тікелей қатысуымен болған әрекеттердің қарама- қарсылығын баяндайды. Бұл байланыстардың тілдік бейнесі сөйлемде көрініс тауып, олар қарсылықтық құрмалас сөйлемдер деп аталып жүр. Қарсылықтық құрмалас сөйлемдер грамматикалық жағынан екі түр арқылы беріледі. Олар қарсылықтық салалас сөйлемдер мен қарсылықты сабақтас сөйлемдер. Алғашында «қайырыңқы», «ереуіл» деген атпен танылған қарсылықтық салалас сөйлем құрамындағы жеке сыңарлар бір-біріне қайшы мәнде тұрады, яғни бірінші компонентте айтылған оқиғаға екінші компоненттегі оқиғаға қарсы келіп отырады. Бұл қарама-қарсылық баяндауыш формасының сипатына және де бірақ, алайда, ал, әйтсе де, сөйтсе де, әйткенмен, т.б. қарсылықтық жалғаулықтардың қызметіне сүйенеді.....
Кіріспе Тақырыптың өзектілігі. Әдебиеттіміздің тарихындағы әр ғасыр, әр белес өзінің үдемелі өрбуімен көзге түседі. Соның үшін өткен ғасырдың екінші жартысынан ерекше көзге түскен әдеби құбылыстың бір ақынын ғана сөз етудің өзі үлкен мәселе. Жиырмасыншы ғасырдың алпысыншы жылдарынан поэзиямыздағы қызуы күшті жалын болып келген ақынымыз Мұхтар Шаханов екендігінде дау жоқ. Өзінің бойындағы талантымен, айбынды поэзия үнімен қазақ өлеңіне тың жаңалықтар ақын есімімен байланысты келді. ХХ ғасырдың соңының өзі саналуан оқиғаларға толы болды. Тәуелсіздік үшін күрестің күшейе түсуі, экологиялық апат зардаптарының алабұртуы халық өмірінде ерен із қалдырған жәйттер еді. Ақын М.Шаханов өзі көріп куәсі болған халқымыздың өміріндегі оқиғалардың бәрінің қасында, басында болғысы келген жаратылыс бітімі өзгеше азамат. Оның өлеңдері желтоқсан оқиғасының мәні мен мағынасын айқындап берген жалынды поэзия болды. Ұлт рухын төмендетпей, жоғары көтеруді аңсады. Ол – адам рухына қатысты сөз айтушы жағы Қазақ тілі - ұлт тілі туралы бірде шырқырай түсіп, бірде лапылдап жанып тіл мәртебесін көздеп жүрген азамат та, ақын да – М.Шаханов. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев биылғы жылғы Қазақстан халқына арналған Жолдауында: «Біз қазақ халқының санғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түлете береміз», - [1] деп аршындап дамып келе жатқан мемлекетіміздің рухани құндылықтарына ерекше көңіл аударды. Ақын қай мәселені сөз етсе де әріден бастап, халық өмірінің бүгініне шебер ұштасады. Оның өлеңдеріндегі бастау алар қайнары саналатын достық пен махаббат мәселелері де шынайылық танытады. Ақын қоғам қайраткері М.Шаханов поэзиясының қайнар көздерін саралай түсу жұмыстың өзектілігі болып табылады. Зерттелу деңгейі. Қазақ топырағында туған әдебиет бүгінде өсу, өркендеу үстінде. Оның поэзиясына салмақты үлес қосып келе жатқандардың бірі - ақын М.Шаханов. ол әрі мәжіліс депутаты, қоғам қайраткері. Ақын өлеңдерін сараптау, сұрыптау және монографиялық тұрғыда зерттелмесе де, баспасөзде соңғы жылдары әсіресе, қаламгердің 60 жылдық мерей-тойынан бері үздіксіз сөз болып келеді. Көптеген әдебиетші ғалымдар М.Шаханов шығармашылығының ауқымды тақырыптары мен өзгеге ұқсамайтын ақындық арыны туралы үзік сырларды айтып та, жазып та жүр. Ғарифолла Есім, Тұманбай Молдағалиев, Жүрсін Ермандардың ақын шығармашылығына арналған мақалаларында Мұхтардың қазіргі күнгі әдебиетіміздегі алатын орны, шығармаларындағы көтерген мәселелерінің көркемдік көкжиектеріне оңды баға берілді. Сондай-ақ Шаханов шығармашылығы шетелдің әдебиет сүйер қауымының да көңілін өзіне аударды. Біз жұмысымызда, баспасөзде жарияланған материалдарға назар тастай алатын ақынның «Ғасырларды безбендеу», «Жаңа қазақтар», «Эверестке шығу», «Компьютербасты жарты адамдар», «Бөдене таланттар мен Қажымұқандар» жинақтары және жеке жарияланған өлңдерін пайдаланып, тақырып аясында өз пікірімізді баяндап, тұжырым жасауға әрекет еттік. Мақсаты мен міндеттері. М.Шаханов поэзиясы көп салалы саналуан тақырыпты қамтиды. Әрбір тақырыпты жырлауға оның түп-төркініне үңіліп, содан бастау алып, бүгінгі күннің тіршілігін терең танымдық тыныспен сипаттайды. Солардың қатарынан бөле жарып өзімізге мыналай мақсат қойдық: - ақынның әдеби ортаға ену кезеңін белгілеу; - ұлттық рухты биіктете түскен шығармаларын талдау; - туған тілімізді қызғаштай қорыған өлеңдерінің идеялық мәнін ашу; - шынайы достықты жырлаған шығармаларының жалпы адамзаттық маңызын танытуы; - махаббат жырларының оттылығы мен ойлылығын көрсету; - ақынның көркемдік әлеміндегі ізденістерінің беттерін ашу. Таңдап алынған ақынның өлең, поэмаларын көз алдымыздан өткізіп, ойымызды топшылап, алға қойған мақсаттарымызды орындауға міндеттендік. Ғылыми жаңалығы. Жоғарыда келтергеніміздей, ақын М.Шаханов шығармашылығын зерттеу жұмыстары қазіргі күнде қолға алына бастады. Ақын шығармашылығының негіздеріндегі ұлттық рух мәселесін, ана тіліміздің бірегей жанашыр ақыны екендігін, поэзияда достық пен махаббатты өлеңдеріне өзек етіп алғандығын жан-жақты қарастыру Мұхтар Шаханов шығармашылығын зерттеуге қосылатын ғылыми жаңалық саналады. Методологиялық негізі. Диплом жұмысында С.Қирабаев , З.Қабдолов, М. Базарбаев, Т.Кәкішев, Р.Бердібаев, Р.Нұрғалиев, Т. Рахымжановтардың еңбектеріндегі әдебиеттану ғылымы жөніндегі тұжырымдар басшылыққа алынды. М.Шахановтың жинақтарымен қатар М.Мақатаевтың, Т.Айбергеновтың, Қ.Мырзалиевтердің өлеңдер жинағы да дерек көздері ретінде қарастырылды. Жалпы қазіргі күнгі әдебиеттану ғылымынң кейбір жетістіктеріне сүйендік. Жұмыстың кәдеге жарай мүмкіндігі. Жұмыс тікелей ақын шығармаларын сұрыптау, сараптауға арналғандықтан жасалынған тұжырымдар әдебиеттен арнаулы курс ретінде оқуға жарайды. Қазіргі дәуір әдебиетінен лекция оқығанда толық пайдалануға болады. Әдебиеттану саласына арналған конференцияларда баяндама жасауға әбден лайық. Диплом жұмысы кіріспе, екі тарау (ішкі екі бөлемдерден), қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
І тарау. Ұлттық рухтың жаңа биігі. 1.2 М.Шаханов – халқымыздың ұлттық қасиетін қастерлеуші ақын Адамзаттың Айтматовы атанған Шыңғыс Төреқұлұлы: «Поэзия – рух пен сұлулық перзенті» - дейді. Үздіксіз ағатын өзен сияқты ұрпақтан-ұрпаққа, дәуірден дәуірге ұласатын поэзия да мәңгілік. Өзгесін айтпағанда «Тарлан» сыйлығынан тартып, «Нобель» атындағы алтын медальге дейінгі иеленген қайраткер, қаламгер Мұхтар Шаханов мәңгілік поэзияның ірі өкілі. Оның шығармашылығы халқының, ұлтының рухани кәусар бұлағының сусынымен қанығып, қазіргі күнде әлем мойындап отырған терең сезімді, философиялық жағымды шығармаларға толы ақынның бар шығармасына ортақ алтын өзек ─ отанын сүю, адалдық, ізгілік екендігін танып отырмыз. Бүгінгі күні аңсап отырған, сусап отырған ұлттық идеология қалыптастыруда осындай дәуір дауылпазы дерлік, ақын жырларының ролі ерекше. Біз әдебиетшілер ұлы орыс ақыны Некрасовтың «Ақын болу-өз еркің, азамат болу –міндетің» деген қанатты сөзге айналған екі жол өлеңін жақсы білеміз және осы жыр жолдарының кімдерге айна қатесіз тиісті екенін іздейміз де олардың бірі емес, бірегейі біздің жерлесіміз Отырарда туып, Төлебиде өскен М.Шаханов. Бірінің тарихы, бірінің табиғаты таң қалдырған өлкенің екеуіненде ақын М.Шаханов рухани азық ала білген. М.Шахановтың ақындығын азаматтығынан бөліп қарауға болмайды.....