Көлеңке

Күн күйдіргеннің көкесін ыстық елдерде көресің! Ондағы адамдардың өңі күп-күрең болып, ал ең ыстық елдерде қап-қара, негр тәрізденіп кетеді.

Ауа райы салқын елде тұратын бір ғалым ыстық елге келді. Ол бұл жерде де өз еліндегідей көше кезіп жүгіріп жүретін болармын деп ойлап еді, бірақ ондай мүмкіндіктің жоқтығына лезде-ақ көзі жетті. Ол, барлық ақылды адамдар сияқты, үйден аттап шықпай отыруға мәжбүр болды, ал аялдаған бөлмесінің есігі мен терезелерінің қақпақтары ұзақ күн бойы жабық тұрды. Бейне тірі жан түгел ұйықтап жатқан тәрізді немесе үйде тірі пенде жоқ сияқты. Ол тұратын көшеге биік-биік үйлері бар, тап-тар көшесымаққа таңертеңнен кешке дейін күннің көзі түсіп тұратын еді, мұның өзі адам айтқысыз азап болатын.......
Ертегілер
Толық