Биология | Секіртпе

Секіртпе (Bradsot) — қойда болатын өте жұқпалы ауру. Ауру малдың аяқ асты өліміне соқтырады. Қоздырғышы — спора түзетін анаэробты микроб (Clostrіdіum septіcum). Секіртпе кенет пайда болады. Аурудың аса жедел түрінде мал қалтырайды, іші кебеді, аузынан көбік ағады, мұндай жағдайда 10 — 15 минуттың ішінде қой өліп кетеді. Секіртпенің аса жедел түріне ем қонбайды. Ал жіті түрінде — малдың мойын тұсында және тамағының астында ісік пайда болады, кейде тістерін қайрап, бір орнында айналшықтайды, қалтырайды. Ауру қозған кезде қойлар аяқтарын алға созып, бастарын шалқайтып құлайды, 2 — 12 сағаттан соң өледі. Секірпемен көбіне 2 жасқа дейінгі жас төлдер ауырады. Ауруды негізінен ауру және қайта ауырған қойлар қоздырады. Секіртпемен ауырған малдың 90%-ы өледі, өлген малдың өлімтігін өртейді. Емі: ауру созылмалы болса, көпәсерлі антибиотиктер, иммунді қан сарысуы қолданылады. Секіртпе шыққан отардың қонысын өзгертеді.

.....
Рефераттар
Толық