Философия | Дискурс

Дискурс ұғымы XX ғасырдың 70-жылдарынан бастап философияда кеңінен қолданыла бастады. Тұңғыш болып «дискурс» ұғымын Ю. Хабермас өзінің «Коммуникативтік компетенция теориясына дайындық» атты еңбегінде қолданған болатын. Содан бері бұл термин батыстық философияда кең қолданылып жүр. Хабермас «дискурске» мына төмендегідей белгілер тиесілі деп қарастырады — қарым-қатынасқа, сұхбатқа имманентті (іштей тиесілі), сол кезеңнің қоғамдық өмірінде қалыптасқан нормалар, ережелер және негізгі құндылықтар жинағынан тұратын идеологиялық тіл. Ондағы идеология деп отырғанымыз жалпы белгілер жүйесі деген мағынада қолданылып отыр.
Дискурс — тілдік коммуникация түрі. Кең шеңберде, дискурс дегеніміз уақыттың мәдени тілдік контексті. Оған рухани-идеологиялық мұра, көзқарас, дүниетаным кіреді. Тар мағынада, дискурс деп қандай да болмасын мағыналы, құнды іс-әрекеттің (актінің) нақты тілдік шындығын айтады.
Ф. де Соссюрден бастап қазіргі француз функционалистеріне дейінгі классикалық лингвистика тілді қоғамның барлық мүшелеріне ортақ, түсінікті константты (өзгермейтін) құрылым деп қарастырады. Ол түсініктің пайда болуына тілге деген мынадай көзқарастар әсер етті. Біріншіден, тілде бір нақты нәрсені білдіретін белгі және сол нәрсенің өзі бірін-бірі анықтайды деген түсінік; екіншіден сол тілді қолданатын тілдік ұжым мүшелері үшін тілдік белгілердің бәрі бір мағынаға ие; үшіншіден, осы жоғарғы айтылғандардың нәтижесінде тіл қоғамның барлық әлеуметтік топтарына бірдей қызмет етеді.
Шындығында, тіл — бәрімізге ортақ, бәріміз осы тілде сөйлесеміз, бір-бірімізді түсінеміз. Бірақ күнделікті өмірдегі сөз саптасымызға жіті көңіл бөлетін болсақ, онда біз мынадай қызық нәрсені байқаймыз — әрбір сөз өзінің нақты заттық, бұйымдық мазмұнынан басқа көптеген уақытша, өзгермелі идеологиялық мағынаға да ие екен. Сол шексіз көп түрлі мағынаның болуы бір ұлтқа тиесілі ортақ тілді көптеген «социолекттерге» бөліп-бөліп жібереді. .....
Рефераттар
Толық