Әжетханада оқылатын дұғалар

Мұсылман адам әжетханаға кірерде мына дұғаны айтады:
«Бисмилләһи, Аллаһумма, иний аъузубикә минәл хубсй уәл-хәбәийс». Яғни, «Аллаһым, ластықтан және лас нәрселерден саған сиынамын» деген. Өйткені, әжетхана жын-шайтандар мекені болғандықтан, бұл жоғарыдағы дұғаны оқып кірсек, еш зияны тимес.
Ал әжетханадан сыртқа шыққанда: «Ғуфранәкә» делінеді. Ол «Кешір» деген мағына, өйткені, әжетхана, моншада Аллаһты зікір етуге тыйым салынған. Мұсылман кісі әжетхана ережелерін білген дұрыс:
1. Сол аяқпен кіріп, оң аяқпен шығу;
2. Жоғарыда аталған дұғаларды оқу;....
Дұғалар
Толық

Көлікке мінгенде айтылатын дұға

«Бисмилләһ, әлхамдулилләһ». Яғни, Аллаһтың атымен бастаймын, Құдайға шүкір деген мағына. Мұнымен қатар, Аллаһқа тәуеп етіп, бәлекеттен аман-есен сақтай гөр, деп сиынып шығу.....
Дұғалар
Толық

Жолға шыққанда оқылатын дұға

Әуелі лажы болса жол жүрерде «Сапар намазын» оқып, «Ей, Аллаһ, өзіңе өзімді тапсырдым, түрлі қауіп-қатерден сақтай гөр. Тәуекел еттім» деп ниет етіледі. Содан соң мына дұғаны оқысын:
«Бисмилләһи, тәуәккәлту ъалал-лаһу уә лә һаулә уә лә қууатә иллә билләһи» делінеді және де мүмкіндік болса, әрдайым жол жүрерде садақа беріп шыққан пайдалы. Өйткені садақа адам басына төніп келе жатқан бәлекетті қайтарады.....
Дұғалар
Толық

Қораз шақырғанда және есек ақырғанда айтылатын дұға

Пайғамбарымыз былай деген: «Егер қораздың шақырғанын естісеңіздер, Аллаһтан оның кеңшілігін сұраңыздар, өйткені ол (қораз) періштелерді көрген болады. Егер есектің ақырғанын естісеңіздер, Аллаһқа шайтаннан сыйыныңыздар, өйткені ол (есек) шайтанды көрген болады». Осы жағдайларда «Аъузубиләһи минәш-шайтанир ражйм»-ді оқу керек.....
Дұғалар
Толық

Базарға кіргенде оқылатын дұға

Бұл дұға базарға кірерде оқылады: «Лә иләһә иллә-лаһу уахдәһу лә шәрикә ләһу, ләһул-мулку уә ләһул хамду, юхй уә юмийту уә һууә хайюн лә ямуту, биядиһил-хайр, уә һууә ъала куллй шәиинқадир».....
Дұғалар
Толық

География | Атмосфераның қазіргі пайда болу тарихы

Заттар атмосферада (латынша – атмос-сфера) балқыған күйде болғандықтан ағуға деген икемділігі өте жоғары болады. Жер қабығында сызат пайда болған сәттен астеносфераның заттары магма түрінде сыртқа шыға бастайды. Мантияның осы бөлігінде вулкандардың тамырлары орналасқан. Сондай - ақ осы жерде заттардың өзгеруі жүреді. Бұл қабатта энергияның бөлінуі мен жинақталуы арқасында вулкандар мен жер сілкінісін, жер қыртысының бөліктерінің тұрақтылығы мен қозғалмалылығын туғызатын үрдістер орын алады.
Магма жыныстардың кейбір ғана минералдарынан түзілетіндіктен, ол құрамы жөнінен де бастапқы жыныстардан бөлек болады. Оның құрамы базальт қабатына ұқсас, ал салмағы мантияның тереңірек жатқан қабаттарынан елеулі түрде аз болады.
Жеңіл базальтты магманың бөліктері Жердің бетіне шығып, суып нәтижесінде қатып қалған. Ауыр силикаттардың мантияның терең қабаттарына төмендеп және Жердің бетіне базальтты магмалар неғұрлым көбірек шыққан сайын, Жерді тұтас жауып тұрған базальтті қыртыс пайда болған.
Сонымен, базальтты қыртыс, мантия және ядроның таңдамалы (аумақтық) балқуы үрдісінің нәтижесі екендігі бізге белгілі болды. Бұл таңдамалы балқу үрдісі, бастапқы магманың дифференциациялану және жер қабығын құрайтын тау жыныстарының түзілу процестерінің ұзақ тізіміндегі алғашқы үрдіс болуы да мүмкін. Химиялық үгілу екінші үрдіс болып есептеледі.
Жердің беті немесе жер қыртысы, яғни литосфераның қалыңдығы континенттерде 40-60 шақырым және мұхиттардың түбінде 7-10 шақырымға дейін жетеді. Ол геосфераның беті суып, құрамында су және еріген газдары бар базальтты магманың Жердің бетіне шығуы нәтижесінде пайда болған, сонымен қатар бұл үрдіс базальтты литосфераның түзілуіне де себеп болған. Базальтты литосфераның түзілуі вулкандардың белсенділігінің күрт артып, жер қойнауынан азот, көмірқышқыл газы, сутегі және су буларының шығуына себеп болды.....
Рефераттар
Толық

Экономика | Аудиттің пайда болуы мен қалыптасуы

Ел Президентінің Қазақстан халқына «Қазақстан -2030» барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» Жолдауында ХХ ғасырдың 90-ыншы жылдары республика экономикасында орын алған дағдарыстың себептері ашылып, оны жеңудің жолдары айтылған. Радикалдық саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асыру, КСРО-ның құлауы және қазақстандық экономиканың әлемдік шаруашылық қатынас жүйесіне енуі дағдарыстың болуына, өндіріс көлемі мен өнімдердің, жұмыс, қызметтің бәсекеге қабілеттілігін күрт төмендетуге объективті жағдайлар тудырады. Бұл дәстүрлі нарықтың ығысуына, төлемге қабілетсіздік тудыруға, шектен тыс инфляцияға және көптеген шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің тоқтауына әкеп соқтырады. Қалыптасқан жағдайды ескеру арқылы ұзақ мерзімді жеті артықшылықтың бірі ретінде жоғары шетелдік инвестиция мен ішкі жинақ ақша деңгейіндегі ақша нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу анықталады. Экономикалық өсу қаржы тұрақтылығына, өндірісті әртараптандыруды қамтамасыз етуге, аса маңызды салаларға инвесторларды тартуға, шешуші бизнес салаларының іскерлігін арттыруға, белсенді өндіріс саясатын енгізуге және акценттерді шаруашылық жүргізудің макро-дан микродеңгейіне жылжытуға септігін тигізеді.
Қазақстан Республикасында радикалдық реформалардың стратегиялық курсы нарықтың рөлі мен барлық тауар-ақша қатынас жүйесін күшейтуге бағытталған. Нарықтық экономиканың тиімділігін, оның ғылыми-техникалық жетістіктерді жылдам енгізетінін, адамның қажеттіліктерін жан-жақты қанағаттандыруға мақсаттылығын әлемдік тәжірибе көрсетіп берді. Нарықтық қатынасқа тауар өндірушілердің экономикалық тәуелсіздігі, субъектілердің шаруашылық қызметіне әкімшіліктің араласуын болдырмаушылық, өндіріс саласындағы еркін экономикалық байланыстар және қоғамдық өнім айналымы және оны тұтыну тән. Қазақстандық экономиканы сәтті функциялау үшін оны ұйымдастырудың озық құралдары мен нақты тетіктерін, оның ішінде мақсатты-бағдарламалық әдісті көптеген факторлар бойынша талдауды, жүйелі бақылауды және оңтайлы шешімдерді қабылдауды қолдану аса қажет. Барлық ресурс түрлерінің аса өткір сезілген тапшылық жағдайында ұлттық экономиканың қозғаушы күші кәсіпкерлікке айрықша назар аудару керек. Мемлекеттік меншіктерді жекешелендіруді тездету, өндіріс тиімділігін арттыру, бәсекелестік ортаны дамыту, қаржылық бақылауды жақсарту және осы заманғы нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру сияқты факторлардың маңызы зор. Бір жағынан, шегі жоқ тұтынушылық, екінші жағынан ресурстардың шектеулі болуы шаруашылық жүргізудің қажеттілігін тудырады. Шаруашылық ресурстардың жетіспеушілігін терең сезінбес үшін адамдар барлық іс-әрекетін жоспарға құратын болса, адамдар экономиканың көмегімен тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағттандыру үшін өнім, қызмет түрлерін өндірудің барлық мекемелері мен әдістерін қамтиды.....
Рефераттар
Толық

Химия | Ашытқыны сыра ашытуға пайдалану

Өндірісте сыра ашытқысын қайнату барысында берілетін құмақты экстракт қолданылады.
Құлмақталған сыра ашытқысы тургбулентті күйде шынықтырады және ХМП – 250 түріндегі мұздатқышта салқындатылады.
Сыра ашытқысын қайнатуда температураның өлшемі:
- майдалау 500С, белокты үзіліс – 50-500С
- мальтозды үзіліс 60-650С, қанттау - 700С
- жылыту және сүзілуге қайта айдау 700С
Сыра ашытқысын қайнату процесі жартылай автоматтандырылған режимде өндіріледі. Сыра ашытқысы сьыра өндірісі үшін ферментті препараттар қолданбайды. Сыра ашытқысын ашыту үшін, ашытқының төменгі ашытылуы қолданылады. Тазалық мәдени іс-шаралар арнайы аппараттағы стерилденген, құлмақталған сыра ашытқысында жүргізіледі. Дәмді ашытқылардың тазалану және сақталуы 10С дейінгі мұздатқыш ашыту бөлмесінде жүргізіледі. Ашытудың температуралық режимі - ашытқы сапасына және берілген ашытқы мөлшеріне, ашытылу интенсивтілігіне, алдыңғы тәуліктегі экстрактерінің төмендеуі, орменширлі режимі 6-11 тәулікке тәуелді алынады. Технологиялық инструкцияға сәйкес ашытуға дейін 1-20 С кезінде 12 тәуліктен кем болмауы қажет. Ашыту және ашытуға дейінгі CO2 қысымының арқасында жүргізіледі және аппаратпен реттеліп отырады.
Бастапқы ашыту процесі температуралық режиммен өзгерту және жүйелі бақылау персоналды компьютер базасымен автоматтандырылған.
Сыраны сүзу жуғыш сүзгі процесінде іске асады, дайын сыраның органолептикалық және физика-химиялық көрсеткіштерін анықтау «Сыра қайнату өндірісіндегі технологиялық бақылау бойынша инструкциясының» талабына сәйкес орындалады.
Сақтаудың және СО2 изотермиялық резерборларда тасудың балонсыз әдісі қолданылады. Сақтау үшін, екі стационарлы сыйымдылық УДХ -8, УДХ-12,5, тасымалдау үшін ЦЖУ-9 бар. ....
Рефераттар
Толық