Мұхтар Шаханов (Жігерлендіру немесе өзін бақытсызбын деп есептеген жігітке жауап)

Сен жыладың, жігітім,
Көп көрдім деп тұрмыстың тапшылығын,
Қайтпады деп жұртқа еткен жақсылығым.
Сен жыладың,
Сезімің жасып ағып,
Кіп-кішкентай балаңды қасына алып.
Қырмызы күнім өтті деп.
Сенгенім сатып кетті деп......
Өлеңдер
Толық

Мұхтар Шаханов (Жаңа қазақтар немесе рухани байлықсыз да мемлекет құруға болады деп ойлайтын жас бизнесменге хат)

Жаңа қазақ, шала қазақ — жас інім,
Алшысынан тұрды бүгін асығың.
Саған қарап ойландым да, жасыдым.
Айырмаған азғыны мен асылын
Мына ғасыр, бәлкім, сенің ғасырың.
Мына ғасыр безбүйректеу өр ғасыр,
Жүрегінде сезім емес, қорғасын,
Шетке қақты тұлпары мен жорғасын.
Қақпай қайтсін, бәрін сатып алуға.....
Өлеңдер
Толық

Мұхтар Шаханов (Жанерке)

Сонау-сонау Алматыдан алып-ұшып хат келді,
Хат келді де Бапа апайға бір қуаныш aп келді.
Секілденген жанарының ағы менен қарасы,
"Демалысқа барып қайтам", — деп жазыпты баласы.
Шүкір-шүкір, жалғыз ұлы қазір елге мақтаныш,
Ержетті де, арман қуып туған жерден кетті алыс. ....
Өлеңдер
Толық

Мұхтар Шаханов (Жаңғырық немесе Ақсақ Темір қалай басталды)

Әр мұзбалақ өз әнін айта келер,
Айта білу ежелден байтақ өнер.
Тауға шығып ән салсаң
(О, керемет!)
Жаңғырық боп дауысың қайта келер.
Жауап беріп жататын сан қылыққа,
Бір заңдылық жатыр сол жаңғырықта.
Иә, оған күмән жоқ, сондықтан да
Басымды ием сол ұлы заңдылыққа. .....
Өлеңдер
Толық