Мен адамның таппаймын өнерлiсiн, Ерiнбей еңбек қылған көп жұмысын. Iш жарып, iшек жалғап, сүйек қиып, Жамайды ерiн, мұрын, түскен тiсiн. Аэроплан‚ телефон‚ грамофон, Электр, радий мен магнит iсiн. Терең оймен тексермес надандарды Дегiзген: «Сaйтанбысың, Тәңiрiмбiсiң?»....
Мұхтар Шаханов (2.07.1942 жылы туған, Оңтүстік Қазақстан облысы, Ленгір ауданы, Қасқасу селосы) — қазақ ақыны. Шымкент педагогикалық институтын бітірген (1969). "Оңтүстік Қазақстан" (1960-65), "Лениншіл жас" (1965-70) газеттерінде, республикалық телевизия, радио редакцияларында (1971-75) істеді. 1976 жылдан Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің баспа, полиграфия және кітап саудасы жөніндегі мемлекеттік комитетінде бөлім бастығы. Алғашқы өлеңі ("Сырдария") 1959 жылы жарияланды. Тұңғыш өлеңдер жинағы ("Бақыт") 1966 жылы жарық көрді. М.Шахановтың "Балладалар" (1968), "Ай туып келеді" (1970), "Қырандар төбеге қонбайды" (1974), "Сенім патшалығы" (1976) атты кітаптары шықты. Өлеңдерінде философиялық ой басым. "Махаббат заңы" атты поэзиялық спектаклі республикалық театр сахнасына қойылды (1974). Мұхтар Шаханов көптеген әндер мәтінін жазды. Мәтінін де, музыкасын да өзі жазған "Жұбайлар жыры", "Туған күн кешінде", "Гүл дәурен", "Мен саған ғашық едім" атты әндері жүртшылыққа кеңінен таныс. М.Шаханов — Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1972). Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, республикалық "Жалын" журналының бас редакторы т.б. қызметтер атқарды. КСРО халық депутаты, КСРО Жоғарғы Кеңесінің мүшесі, ҚР-ның Халық депутаты.
Есугей елесі Мен әкеңмін. Есугеймін... Қатал-дүлей тағдырының қасіретіне қамалған. Мен әкеңмін... Әлде мүлдем өшірдің бе санаңнан? Шыңғыс хан ( таңдана) О, Тәңірім, өңім бе бұл, түсім бе? Тұрғандаймын қалың тұман ішінде. Тірлік неткен түсініксіз майдан бұл?....
Отырардан ағып шыққан дариялардың ұлысы, Құрметпен даңқ төріндегі Күллі қазақ жеріндегі қариялардың ұлысы, Үміт-түлкі зып берсе де, Сыртта есейіп, сыртта өлсе де, Туған елден бөлінбеген ой-санасы, тынысы, Шыншыл — қатал тағдырынан нәр алған әр ұлы ісі ....
– Даңқың қайда төске өрлеген? Екi жүз мың әскерменен Алты ай бойы кiп-кiшкентай Отырарды ала алмау, Алты ай бойы Отырардың осал тұсын таба алмау – Ойы – дауыл, сезiмi – аспан, Тек жеңiспен көзiн ашқан Менiң алғыр ұрпағымның сүйегiне зор таңба, Намысыма сызат түстi мына сенiң арқаңда, – Деп Шыңғыс хан Шағатайға оқты көзiн қадады.....
Біздер қашан арыламыз дүлей-шампа күдіктен? Ең дұрысы, адамдығы еңкейгеннен қорыққан. Көп жыл бұрын Гималайдың баурайында жүріп мен Бір жолбарыс аулаушыға жолыққам........
Өмір деген ұлы өзенде ғарышқа атқан толқындарын, Бәрі де есте, алқынғаның, бақыт іздеп шарқ ұрғаның. Ашық-адал мінезіңді ту ғып ұстап жарқылдадың, Бірақ неге қайығыңды құзға соғып алдың, жаным? Кей адамның рухынан бақыт кейін қап жүреді, Жігіт едің аузын ашса, көрінетін ақ жүрегі......