Назарбаев пен Путин Украинадағы дағдарыс жағдайын талқылады
Бұл қазақты ешбір дұшпан ықтырмас..
Назарбаев: Қасиетті жеріміз көкте де, жерде де, суда да сенімді қорғалған
Қазақша Фильм: Нұрсұлтан. Президенттің үлкен ойыны (2010)
Президент жолдауы - халықтың қолдауы
Елбасының «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы бойынша....
Хақназар хан (1538-1580)
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады (видео)
Назарбаев Универсиада – 2017 нысандарының дайындық барысымен танысты
Елбасы күніне 300 бет мақала оқиды
Бүгін "Назарбаев орталығы" ғылыми-зерттеу көп салалық мәдени орталығында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті мерекесі қарсаңында, "Тұңғыш - Первый" деректі кино апталығының 5-ші күні өтті.
![]() |
Фото: 1tv.ru |
Айтулы шараға ҚР Президентінің Кеңесшісі – Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы Дәурен Абаев келіп қатысты, деп хабарлайды baq.kz тілшісі.
Ол кездесу кезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа қатысты жастарды қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Кино апталығына арнайы келген Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңесшісі – Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы Дәурен Абаев Астана қаласы гуманитарлық колледжі мен "Тұран" колледжінің білімгерлерімен кездесіп, сұхбат құрды:
"Бүгінгі сіздермен кездесуден бас тарта алмадым. Өйткені болашағымыз, еліміздің ертеңі тікелей сіздерге байланысты. Бүгін сіздерге Президентті басқа ракурстан көруге мүмкіндік болса деймін. Адам бәріне өзінің қажымас қайратымен, адал еңбегімен жетеді. Сіздер үшін оның жарқын мысалы – Нұрсұлтан Әбішұлының тұлғасы.
