Уақыт мақал-мәтелдерде №1 (7 сынып, I тоқсан, 2 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Уақыт - ұлы күш.
Сабақтың тақырыбы: Уақыт мақал-мәтелдерде №1
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: О5. Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді оқу
7.О5. Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде ұсыну.
Сабақ мақсаты: Оқушылардың барлығы
• Мақалдағы және суреттегі мазмұн сәйкес келеді.
• Сахналанған көрініс мазмұны анық, рөлде жақсы ойнады;
Оқушылардың көпшілігі
• Мақалдағы және суреттегі идея негізінен келеді.
• Сахналанған көрініс идеясы анық, тәрбиелік мәні бар;
Оқушылардың кейбірі
• Мақалдағы және суреттегі идея толық сәйкес келеді.
• Сахналанған көрініс өмірмен байланысты. .....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Аңдар, үй жануарлары

Құланның қасуына, мылтықтың басуы да дәл келді.

Құлан басына күн туса, қодығына қарамас.

Құлан кісінесе, үйірі жиналады.

Түлкі түгінен жазады.

Әр таудың түлкісін, әдісін білген тазы алар.

Қоян көлеңкесінен қорқады, қанжығада табысады.
Мақал-мәтелдер
Толық

Антоним, Синоним, Омоним

Жаман сөз жылатады, Жақсы сөз жұбатады.

Білімді – алтын көзі ашылатын, Надан жан – қара бақыр шашылатын.

Ең тәтті де тіл, ең ащы да тіл.

Жіптің ұзыны, сөздің қысқасы жақсы.
Мақал-мәтелдер
Толық

Қыз, әйел заты

Қыз - қонақ.

Қыз - әкесіне жұлдыз, шешесіне күн.

Қыз бала - өріс.

Қыз - ауылдың көркі,
Құндыз болса, бөркі.
Мақал-мәтелдер
Толық

Қасқыр

Қасқыр қартайса да, қойға әлі келеді.

Қасқырдан қайрат кетсе,
Ешкіні «апа'», текені «жезде» дейді.

Қасқыр қарызын терісімен өтейді.

Қасқыр айдағанға көнбес,
Шошқа байлағанға көнбес.

Мақал-мәтелдер
Толық

Сыйластық туралы мақал-мәтелдер жиынтығы

«Сіз» дегеннен не кетеді,
«Сен» дегеннен не бітеді?
Мың «сіз, бізден» бір шыж-быж артық.
Сыйласқанның итіне кет дегенің,
Өзіне кет дегенің.

Иесін сыйлағанның итіне сүйек таста.
Әркім сыйлағанның құлы.
Жақсы сөзіңді сыйлар.

Мақал-мәтелдер
Толық

Үй, баспана

Туған үйдің түтіні жылы,
Туған ананың күтімі жылы.

Түздегі май ішеді,
Үйдегі зәр ішеді.

Түтін шыққан үй жылы,
Төскейлей шыққан күн жылы.
Мақал-мәтелдер
Толық