Мен таңдаған мамандық

Мамандықты дұрыс таңдау - өмір жолының сәттілігінің негізі.
Э. Ф. Зеер

Мамандық - әрбір адамның сүйіп жасайтын кәсібі. Мамандық таңдау өміріңдегі ең маңызды шешімді қабылдау. Өмірде басқа нәрседен қателессек те мамандық таңдаудан қателеспеуіміз керек. Себебі мамандық таңдау арқылы біз өз болашағымызды жасаймыз. Болашағымыздың жарқын, келешегіміздің кемел болуы біздің таңдауымызға байланысты. Мамандықты дұрыс таңдау өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау. Менің ойымша әрбір адам өз жүрегі қалайтын, қызығушылығын арттыратын мамандықты таңдау керек. Өзің сүйіп жасамайтын мамандықты таңдау-өмірдің қиыншылығын таңдағанмен тең. Жасөспірім шақтан үлкен өмірге аяқ басқалы тұрған жас шағымыздағы ең үлкен міндет-мамандық таңдау.

Мен таңдаған мамандық-әр баланың болашағына жол сілтеп, бойына ақыл мен білім дарытатын, қаратаудың қойнауындай тереңде жатқан кенді ашып, білім мен ғылым жемісінің дәмін таттыратын Ұстаз мамандығы. Ұлағатты ұстаз болу, жас ұрпақты білім нәрімен сусындату, өз білгенімді өзгеге үйрету ол менің жүрек қалауым. Ел қорғаған батырды, ақыл ойы терең данышпанда, он саусағынан өнер тамған шебер де, тілінен бал тамған ақында ұстаздан тәрбие алады. Мен де Қазақстанды дамытатын ақылына көркі сай ертеңгі елді болашағы болатын жас мамандарды даярлап шығарып, оларға білім бергім келеді. ......
Эсселер
Толық

Мамандық

Мамандық – қызметкердің кәсіп шегіндегі қызметінің нақты саласы. Ол лауазымнан өзгеше түрде белгілі бір білімді және арнаулы түрде оқып-үйрену немесе жұмыс тәжірибесін жинақтау барысында алған еңбек машықтарын талап ететін еңбек қызметінің тегін сипаттайды. Лауазымдық міндеттердің шеңберін айқындайды. Мамандық қызметкер еңбегінің бүкіл шеңберін қамтығанда ол кәсіп ұғымына сай келеді.

Мамандық - адамнан арнаулы білім, еңбек дағдылары мен іскерлікті талап ететін еңбек....
Шығармалар
Толық

Мен таңдаған мамандық

Ұстаздық ету -әлемдегі мамандықтың анасы,

Ұстазынан білім алып адамзаттың оянады санасы .

Бұл мамандық жемісі мол бәйтеректің ағашы,

Сондықтан да қымбат оның алтыннан да бағасы.

Автор

Қара сөздің қас шебері, халқымыздың ұлы ақыны Абай атамыз: «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан», - демекші қай қоғам болмасын әрбір азамат «Өмір» атты дүниенің табалдырығын аттағаннан кейін өз орнын тауып, өзі сүйген мамандық иесі болып, өз болашағының кірпішін қалауға тырысады.

Мен өз өміріңнің іргетасын берік қалаған және таңдаған сүйікті ұстаздық мамандығымнан еш өкінбеймін. Бұл мамандық менің өміріме күн нұрындай шуақ шашып, айналамдағы адамдарға мейірімділік пен адалдық қасиеттерді оята білді.

Мен дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болуды өмірлік қателеспес кәсібім етіп неге таңдадым және осы кәсіпке мені итермелеген қандай күш? деген сұрақтарға ең біріншіден: "Бала кезімнен спорт десе ішкен асымды жерге төгетін" -спортқа деген құлшынысым теңіздің жағаға ұрып соққан толқыны секілді асау болса, құштарлығым бала кезімдегі ауыл балаларымен асыр салып таңның атысымен кештің батысына дейінгі доп тебумен өтер еді.

Сыныбымызда мұғаліміміз біздерден "қай мамандық иесі болғыларың келеді?" -деп сұрақ қойғанда әр оқушы әр түрлі мамандықты бір атап жатса, менің жүрегімде бір ғана мамандық иесі болу арманым еді. Ол-дене шынықтыру пәні мұғалімі болатын.

Менің дене шынықтыру пәні мұғалімі болудағы мақсатым - өскелең жас ұрпаққа сорттық білім беріп, түрлі жарыстарға қатыстырып, қазақтың асқақ беделін көтеріп, көк туын желбірету еді. Шәкірттерім жеңіске жеткенде қуанышым қойнына симаған жүрегімнің тұсына оң қолымды қойып әнұранды тыңдағанға не жетсін,шіркін!

Мен осы ұстаздық мамандықты таңдаған соң тек қана өз мақсатымды көздеп, нан тапсам болды дейтін ойлардан аулақпын, керісінше өз кәсібіме шын беріліп, қыр-сырын игеріп, жұмысымда аянбай қызмет етіп, оқушыларға спорттық білім беріп қараңғыда қалған ой-санасына білімнің шамын шағып жарыққа алып шығамын. Ағартушы, ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай: "қараңғы қазақтың көгіне өрмелеп шығып, күн болуға тырысамын.

Тоқсан ауыз сөзімнің тобықтай түйінін түйер болсам: «Шабытынды шарықтат, сонда ғалам сен үшін бұрын қамал тұрған жерлерден жол ашады» деп даналарымыз айтқандай мен өзім ұнатқан мамандықты иесімін. Енді осы мамандығыммен бақыттымын!



.....
Әңгімелер
Толық

Мен таңдаған мамандық

Мамандық… «Мамандық» сөзінің өзі латын тілінен аударғанда: «жұрт алдында сөйлеу, жариялау» дегенді білдіреді екен. Бірақ болашағымызбен тікелей байланысты бұл сөздің бұлай аударылатынын қазіргі жастардың көбісі біле бермейді, тіпті менде енді ұға бастағандаймын. Бұрындары, яғни есте жоқ....
Шығармалар
Толық

Мамандықты қалай таңдау керек?

«Өскенде кім болғың келеді?» – бұл үлкендер өз балаларына қоятын ең танымал сұрақ. Міне, сенің де қай мамандықты таңдайтының және оны таңдаған кезде қателеспеу керек екенін ойлайтын кез келді. Кәсіби болашағыңды дұрыс таңдау қоғамдағы өз орныңды танудың негізі. Адамның жақсы, өмірлік табысқа жетуіне.....
Кеңестер
Толық

Мамандықты қалай дұрыс таңдау керек?

«Өскенде кім болғың келеді?», – бұл сұрақ үлкендердің кішкентай балаларға қойғанды жақсы көретін ең кең таралған сұрақтардың бестігіне кіреді. Мектептік өмір көзді ашып – жұмғанша өтті де кетті, ырқымызға бағынбай қоштасу кеші де, ҰБТ да жақындап келеді, ал “Кім болам” деген сұрақ түлекті де, оның ата – анасын да одан бетер алаңдатуда. Сол кезде адаспай өз мамандығымды қалай табуға болады деген сұрақ туындайды.
Ең бірінші мамандықтан не қалайтыныңды жақсылап ойланып ал. Саған қандай.....
Кеңестер
Толық