Экономика | Инновациялық сабақты ұйымдастыру

Ғасырлар бойы мектепте балаға білім беру үрдісінде үлкен тәжірибе жинақталды. Көптеген педагогтар оқытудың әртүрлі формаларын зерттеп келді. (И.М.Чередов, В.К.Дъяченко, Слатенин т.б.), соның барысында әртүрлі көзқарастар мен түсініктер жинақталды, оқытудың әртүрлі тиімді әдістері, формалары қабылданды. Бірақ,бүгінгі күнге дейін бұл сұраққа жауап берген бірдей пікір жоқ. Білім беру үрдісінде жоғарғы деңгейдегі білім беру мақсатындағы әдістер, жаңа тәсілдер ұсынылып,ол дәстүр бойынша сарапталып және жаңа формалары, тәсілдері әлі де іздестірілуде. Шәкірттердің кәсіптік біліктілік деңгейін арттыру мақсатында білім берудегі кешенді тәсіл үшін, ең алдымен шынайы оқу мүмкіндіктерін ұғыну,яғни, оқу мүмкіндіктері мен танымдық қызығушылығының, уәждемесінің, қабілеті мен деңгейінің т.б. техникалық және кәсіптік сапасының жоғары болуын білім беру және оны меңгеру сапасымен толықтыру қажет.Білім беру үрдістерін үнемі түрлендіріп отыру, оқушылардың біліктілігі мен кәсіптік дағдысын қалыптастыра отырып,кәсіптік құзіреттілігін анықтауға көмегін тигізеді, ықпал етеді. Қазіргі кездегі мектептерде жеке адамның жобалау педагогикасы, дәстүрлі емес әдістер өзіндік орын алып отыр. Білім мазмұны білім жүйесін, шеберлік,дағды,шығармашылығын, әлемдік көзқарас және жеке тұлғаның мінез-құлқын қалыптастыруға бағытталған қоғамның талабына сай-деп табылғандары білім беру үрдісінде ұсынылуы тиіс. Егер,білімнің мазмұны дәлелді және дәстүрлі мақсатпен сәйкес келсе (негізгі білім мақсаты-ғылыми негізбен сабақтасып, мазмұны оқулықтағы мағлұматтардың мазмұнымен сәйкес болса), онда негізі инновациямен түйіседі[9]. Жеке тұлға ретінде адамгершілік қасиетін,әлеуметтік жағдайын, қабілетін қалыптастыруға мазмұны маңызды мақсат қойылған болса, онда сол мақсатқа қол жеткізеді. Қазіргі таңдағы білім берудің басым бағыттарының бірі – тұлғаға бағытталған педагогикалық іс – әрекет.Сондықтан басшыларға білім беруде тұлғаға бағытталған көзқарасты жүзеге асыру кезек күттірмейтін мәселе. Яғни,білім беру үрдісін инновациялық әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана отырып, білім беруді жүзеге асыру – педагогикалық іс-әрекеттің әдіснамалық әдіснамалық жаңа бағыты, оқушының қайталанбас дара тұлға ретінде өзін-өзі жетілдіре отырып, дамытуын қамтамасыз ететін өзара тығыз байлансты идеялар, түсініктер және іс-әрекеттерді жүзеге асыру қазіргі таңның негізгі талаптарының бірі болып есептеледі.Кәсіптік оқыту мекемесінде оқытудың инновациялық барысын-дағы зерттеу объектісі-оқытып-үйрету болып табылса,ал, негізгі пән -инновациялық сабақты ұйымдас-тырушы.
Кәсіптік білім беру жағдайында инновациялық сабақтың теориялық талдауы курстық жұмыстың негізгі мақсаты болып табылады. Оқушының жан-жақты дамыған жеке тұлға ретінде қалыптасуын инновациялық оқыту жүйесі қамтамасыз етеді. ....
Курстық жұмыстар
Толық