Әдебиет | АҚСЕЛЕУ СЕЙДІМБЕКОВ

Ежелден береке дарып, бақ қонған Жиделібайсын жерінің ең бір әлуетті руы Қоңырат болғанда, сол Қоңырат руының жұрттан асқан жуан сіңір байы - Байбөрі еді. Байбөрінің байлығында есеп болмайтын. Төрт түлік малы Жиделібайсынның байтақ даласында аңдай өріп, көрген жанға қара жерді қайыстырып жатқандай әсер беретін. Мұрындық, ноқта тимеген, түйешілер мінбеген маясының өзі сексен мың еді. Мыңғырып өрген қойын айтпағанда, ең даланың шоқ-шоқ боп біткен тоғайы сайын табын-табын жылқы шұрқырап жататын. Ол да ештеңе емес, дәулеті тасыған Байбөрі жаңағы тоғай сайын мыңнан біткен жылқыларын түсіне қарай иіріп, торысына бір бөлек, қарасына бір бөлек, бозы менен аласына бір бөлек қос шығарған. Мұның өзі сырт көзге өзгеше сән-салтанат сияқты әсер беруші еді.
Байбөрі қанша бай болып, дәулеті шалқып жатса да, жүрек түкпірінде орны толмай, орындалмай жүрген бір арманы болатын. Ол - тұяғын жалғап, орнын басар, түтінін түтетіп, шаңырағына ие болар бір перзентінің жоқтығы еді. Жас кезінде дүниенің бітпес қызығына елігіп жүріп аңдай бермепті. Бойдан қуат, білектен күш қайтып, тіршіліктің әсіре қызыл өткіншілігіне ой зерделеткен шағында көкірегіне шемен болып қатқан қасіреттің ең зоры - баласыз, алды-артының тұлдырлығы екенін аңғарған жайы бар. Оның үстіне, «Жығылғанға - жұдырық» дегендей, Байбөрінің ет жақын ағайын-туғаны да селдір. «Жыласаң - жұбатып, сүрінсең - демейтін қандасың болса, оған да шүкірлік етер едің ғой деп», - Байбөрі мұны да бір арман қылатын. Жоққа жүйрік жеткен бе, тәйірі, мұндайда немере-шөбере болып келетін аталас туысы Құлтайды іш тартып, өзінше қара тұтатын.
Күндер зулап өтіп жатты. Байбөрінің қасірет-қайғысы өршімесе, кемитін болмады. Дүние дидарының пендешіліктен кенде болған кезі бар ма, біреулер Байбөрінің зарына құлақ түріп мүсіркеп жатса, енді бірі іштей қыбы қанып, мұқатып, жасытып кететін. Тіптен, кейбір бақталас бәсекелестері баласының көптігін мақтан етіп, өктем сөйлеп, мағұрланған да сыңай танытушы еді.
Бір күн Байбөрінің жамағайыны Құлтай келіп кеңес береді.
— Уа, Байбөрі,— дейді Құлтай,— сенің басыңдағы қуанышты ғана емес, қайғыны да тең бөлісер ет жақының болған соң, бір орайы келген істің жайын айтайын деп едім.
— Айта бер, Құлтай, жабыққан көңілді жұбатар жақсылық болғай да! — дейді Байбөрі еңсесін көтеріп. Соңғы кезде әр нәрсеге өзінше жору жасап, көрген түсіне дейін бір перзенттің уайымымен ұштастыруды дағды еткен Байбөрі қазір де іштей толқып, Құлтайдың лебізінен қасіретіне дауа күткендей күйде еді....
Курстық жұмыстар
Толық

География | Ақсу Жабағылы қорығы

Көлемі 2,7 миллион шаршы километр жерді алып жатқан байтақ өлке өзінің саялы да аялы қалың орман – тоғайы, оны мекендеген сан түрлі хайуанаттары, айдын – шалқар көлі, сарқырап аққан өзен суымен бай, көрікті. Біздің өлкеде 34 миллион гектар жыртылған құнарлы жер, 186,9 миллион гектар шыбындықтар мен жайылымдықтар, 22 миллион гектар орман, Д. И. Менделеевтің периодтық кестесінің барлық элементтерін жинақтаған түрлі қазба байлықтардың ірі кен орындары, 11 мың өзен, 7 мыңнан астам көлдер мен су қоймалары бар. Сондай-ақ туған өлкеміз алуан түрлі жан – жануарларға өте бай. Осы мол табиғат қазыналарын көздің қарашағындай сақтап, қорғауда республикамыздағы Алматы, Ақсу – Жабағылы, Барсакелмес, Қорғалжын және Наурызым қорықтарына қоса 1976 жылы ұйымдастырылған Марқакөл қорығының маңызы зор. Ұлан – байтақ республикамызда келешекте де осындай табиғи лабораториялар көбейе берсе дейміз.
Менің ойымша, республикамыздың барлық территориясының 0,3% - ға жуық аумағын алып жатқан Қазақстан қорықтары кейбір бірен – саран жағдайларда болмаса, жануарлардың ( сол сияқты өсімдіктердің ) сирек кездесетін түрлеріне байланысты мәселелерді шеше алмайды. Болашақта сонау 1975 жылы Қазақстан Ғылым академиясы ұсынған және келешекте қорғалатын табиғат территорияларының Бас жүйесіне енген жаңа қорықтар желісін құру жоспары іске асқан кезде ғана олардың сирек және жойылып бара жатқан түрлерді қорғаудағы рөлі бірнеше мәрте өседі. Бірақ ол кезде де қорықтар қорғау ісіне территориялық тұрғыдан қарайтын болғандықтан, екінші таксономиялық тұрғыдан шешу мәселелерін алмастыра алмайды.
Бұл тұрғыдан қараудың екінші мәні сол, ол жануарлардың (және өсімдіктердің) таралу аймағы (ареалы) адам баласының шаруашылық және басқа да атқарылатын қызметіне көп болғанда ғана, яғни оның таралу ауданы кең көлемде болып, ол жерде түрдің географиялық өзгеру процестері жүре алатын жағдайда ғана жүзеге аса алады. Бұл жағдай түрді тек қорғалатын территорияларда ғана емес, сол сияқты жалпылай пайдаланатын жерлерде де сақтаудың қажеттілігі мен маңызын көрсетеді.
60 – жылдардың ортасында, ал біздің елде 1978 жылы жарық көрген Қызыл кітап жануарлар мен өсімдіктерді қорғау жұмыстарына екінші тұрғыдан қарауға негізделген. Бұл – Қазақстанда таралу аймағының барлығында ерекше қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктер түрлерінің қысқаша сипаттамасы берілген тізім. Республиканың жануарлар әлемінде оларды қорғаудың басты шаралары – түрдің таралу аймағының үлкен бөлігінде оның өмір – шеңділігін қамтамасыз ету.....
Курстық жұмыстар
Толық

Тарих | Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұлама

“ Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” оқиғасының еліміздің тарихындағы айрықша ауыр кезең болып қалды. Қазақтар мал мүлкі мен адамдарынан Жетісудағы аса шұрайлы жайылымдарынан айырылды. Сан ғасырлар бойы қалыптасқан көшіп қонудың жолдары бұзылды. Сырдария бойы мен Жетісудағы мәдениеттің ошақтары тып - типыл құртылды. Айта кетсек “Ақтабан шұбырынды жылдарында қазақтардың бәрі бірдей ата баба қонысын тастап, басқа үдере көшкен жоқ. Қазақ хандығының шығыс және оңтүстік өңіріндегі халықтар жоңғар билеушілеріне алым салық төлеп соларға бағынып отырды.
Тақырыптың мақсаты:
Жоңғар феодалдарының үздіксіз шабуылы, отырықшы егінші аудандармен сауда керуен жолындағы қалаларды тонауы мен шұрайлы жайылымдарды басып алуы қазақ халқын ауыр экономикалық қиыншылыққа алып келгенін көрсету. Сөйтіп ХVІІІ ғасырдың алғашқы ширегінде жоңғар феодалдарының шапқыншылығы қазақ халқын “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” апатына душар етті. Ақтабан шұбырынды жылдары қазақ халқының экономикалық және саяси өміріне ұзақ уақытқа терең із қалдырғандығын көрсету.
Тақырыптың міндеттері
1. Деректерді салыстыра отырып зерттеу
2. Осы тақырыпты кеңінен ашу
3. Сол кездегі қазақ халқының саяси әлеуметтік жағдайын толық ашып көрсету.
4. Тақырыптың өзектілігін көрсету.
5. Тақырыптың тарихи маңыздылығын кеңінен ашу
Тарихы сонау ғасырлардан басталатын қазақ халқы бүгінгі тәуелсіздікке дейін қолы жеткенге дейін өз басынан сан қилы жағдайларды кешірді. Солардың ішінде халқымыздың тарихында ерекше орын алатын оқиғалар қаншама көп. Бірақ бүгінгі күні оның бірін білсек бірі ұмыт болған. Соның бірі бұдан үш ғасырдай уақыт бұрын өткен оқиға. Қазақ жоңғар қатынастарыны ....
Курстық жұмыстар
Толық

Әдебиет | Ақтайлақ бидің әдеби мұрасы

Елдің тарихы, ел басûнан өткен -кішілі уақиғалар, тарихи қайраткерлер туралы деректер , ақылды-аталы сөздер мен өнеге-өсиеттер осылардың барлығы қағазда емес, халық жадында өлең, жыр, аңыз-әңгімелер болып сақталған, ел аузында өмір сүрген көпті көрген көзі хат, көкірегі шат қариялар, шежіре шешендер, мын мағынасында нағыз тарихшы, әдебиетші, т.б. ғалымдардың, оқытушы ұстаздардың міндеттерін атқарған. «Тілге ұстарып алған шешен билердің жырмен, тақпақпен айтпайтын мәнді сөзі болмаған», – деп зерттеуші Сәкен Сейфуллин айтқандай түйіндей сөзді толғап, тебірене айтқан би-шешендер сөзі қазақ әдебиетінің алтын қорындағы асыл қазына іспеттес [1,67á].
Өнер-білім өмірдің сәулесі, бейнесі, кең даладағы қазақ шаруаларының тұрмыс-салтының, көшпелі өмірінің өзі ақындық-шешендік, сол сияқтû әíшілік-күйшілік өнердің өркендеуіне белгілі дәрежеде жетекші болған.
Көшпелі қазақ шаруалары алты ай жазға жері от, суы мол жайылым қуып кең сахараны кезіп, көшіп жүріп жер-суының қадір-қасиетін жетік білген жершіл болған, жайлы қоныс іздей жүріп өсімдік қасиетін мол байыптаған, табиғат құбылыстарына қаттû жақын болып, соларға деген сүйіспеншілігі арқасында олардың өлең-жырларында, ән-күйінде аққудың үні, тоты-құстың «тілі» бар.
Қазақ даласында шешендердің алатын орны ерекше оның мәнісі – шешендердің басым көпшілігі билер болды. Көбінесе, шешендік сөздер – жер дауы, жесір дауы, немесе елдің құнымен байланыстû айтылған билік-сөздер. Өйткені шешендік өнер көп жағдайда әíшлік, күйшілік, тіпті ақындық сияқтû өнер деп танымай кейбір таңдаулы адамдардың «жақсылар», мен «жайсаңдардың» жеке бастауының қасиеті ретінде бағаланған. Шешендердің шешендігі белгілі бір даулардың үстінде көрінген, шешендік-тапқырлық сөздері белгілі мақсат пен байланысты туған. Олардың дауласқан, айтысқан мәжілістеріне екінің бірі кірісе, араласа алмаған. Нағыз кедей мен жарлы-жалшыдан кейбір күміс көмей, жез таңдай халық шеøендері шығып әдеби тілімізді, тілдік қорымызды байыптауға, қалыптастыруға қатысқан [2,13á].
Ақындық-шешендік өнер ақыл-ой мен сене сезімнің толқыған, шалқыған, тебіренген кезінен шабыт алады, қатты күйініш-сүйініш шақтарда, әсіресе туған елге қатер төнген, елдің ар-намысына тигенде өнер адамы тебіренбей, үн қатпай отыра алмайды. Осыдан қиын-қыстау кезде Ақтайлақ биде дауды шешер әділ билігімен, шешендігімен қалың халықтың арман-тілегінен, үмітінен шыға білген.
Әрине, қазақ шешендік өнерінің қалыптасуы дамуы ең алдымен малмен шұғылданған көшпелі шаруашылық тұрмыс қажеттіліктерімен тûғыз байланысты. Өйткені «қойға өзінен басқаның бәрі жау», ал «жылқы айдаса жаудікі», ысқырса желдікі. Жалпы, аяқты дәулет – айтыс-тартыстың, дау-таластың айықпас көзі болған.....
Курстық жұмыстар
Толық

Әдебиет | Ақтамберді жыраудың шығармалары

Қазақ поэзиясының, қазақ жазба әдебиетінің түп тамыры қадым замандарға барып тіреледі. Дәуіріне сай дамыған мәдениеті, төл жазуы болған бабаларымыз ілкі орта ғасырлардың өзінде (V-VII ғас) мәңгі өлмес мұралар жатады. Ғылымда «Орхон-Енисей жазулары» аталатын , түрік тайпаларының байырғы қоныс-мекендерінде көне түрік жазуымен тасқа қашалып қалдырылғанбұл тамаша ескерткіштер қазіргі адамзат мәдениетінің даму тарихындағы ең елеулі мұралардың бірі болып саналады.
Түрік қағанаттары құлағаннан (XVIII ғас.) соңғы жерде түрік әлеміндегі әдеби өмір орталығы тікелей қазіргі Қазақстан жеріне-Жетісу мен Сыр бойына ауысады.
Өзіндік сыпатқа ие дала мәдениетімен қоса қала мәдениетіде өркендиді.Осы кезеңде бірталай түркі тайпаларының ислам дінін қабылдауына байланысты,бұған дейін кеңінен қолданылып келген руна жазуын және ғылымда шартты түрде ұйғыр жазуы деп аталатын екінші бір көне түрік жазуын араб жазуы алмастыра бастайды.
Өлкенің әкімшілік,эканомикалық және мәдени орталықтарына айналған ірі қалаларда маңына оқымыстылар,діндар ғұламамалар топтасқан үлкен мешітте салынады,мектептер,медреселер ашылады.Дәл осы кезде қәзіргі қазақ жерінен мұсылман әлемінде «мұғалім әс-сани»-мәшһүр Аристотельден соңғы екінші ұстаз атанған Әбунасыр әл-Фарабидің өсіп шығуы кездейсоқ еместі.Және Отрардан қанаттанған ұлы ғалым жапнда өнген жалғыз бәйтерек болып қалған жоқ.Сол көне күндерде жасаған,шығыста кеңінен танылған астроном әрі математик Аббас Жауһари,филолог Ысқақ әл-Фараби, географ Жанақ әл-Қимақи сияқтыоқымыстылар отандық білім мен мәдениеттің биік өресін танытады.
: Бұл дәуірде жасалған әдеби мұралардың дені өлкеде ешқашан толастамаған қырғын соғыстар кезінде жойылады,енді біразы уақыт шаңы астында із-түзсізжоғалады.Ал біздің заманымызға жеткен үлгілердің ішіндегі ең көнесі,әрі көлемдісі-1069 жылы жазылған ат ақты дидактикалық шығарма- «Құтадғу білік»-.Поэма авторы Юосуф Хас ХадживШу алқабындағы Баласағұн қаласының тұрғыны еді.Екінші бір елеулі ескерткіш-Түркістан қаласынан шыққан софы ақын Хожа Ахмет Яссауидің «Диуан хикмат» атты өлеңдер жинағы .Қыпшақ диалектісінде жазылған Яссауи өлеңдері өз кезінде сақарадағы көшпенділер арасына кеңінен тарады.
Бұдан соңғы ғасырларда жасаған,қазақ әдебиеті тарихына белгілі мөлшерде қатысы бар ақын-жазушылардың ішінен Хакім-Ата, Дүрбек пен Сейф Қашғари жазған түркі тілдерінің сөздігі «Диуани лұғатта-түрік» және қыпшақ тілінің сөздігі «Кодекс куманикус»сияқты ескерткіштер де көне дәуірдегі қазақ поэзиясы, қазақ фольклоры туралы мол мағлұмат ,құнды деректер береді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Биология | Ақуыз синтезі және оның табиғаттағы маңызы

Организм клеткасының химиялық құрамы аса бай және алуан түрлі. Онда көптеген реакцияларға қатысатын және метаболизм түзетін әр түрлі заттар бар. Мұндай алмасу нәтижесінде заттар үздіксіз өзгеріп, ыдырайды және осының арқасында жаңа заттар түзіледі. Алмасу реакциялары белгілі бір қатаң тәртіппен өтеді және әр түрлі ферменттердің әсерімен реттеліп отырады. Тірі клеткада болатын ерекше жағдайлардың арқасында реакциялар жоғары жылдамдықпен өтеді. Клетканың немесе протопластың химиялық құрамына талдау жасағанда, біріншіден, ондағы заттардың аса көптігі мен алуан түрлілігіне, екіншіден, талдау барысында тірі клеткаға тән емес заттардың пайда болуына байланысты көптеген қиындықтар туады.[3]
Академик В.И.Вернадский жер қыртысындағы элементтердің барлығы да (тіпті сирек кездесетін элементтер де) клеткада белгілі бір мөлшерде кездеседі деп санайды. Алайда тірі заттың құрамына бар болғаны 22—27 элемент кіреді. Кез келген организмнің тірі затының элементтік құрамы мынадай: С, О, Н, N. Р, S, Na, К, Мg, Са, С1, Мn, Ғе, Со, Сu, Zn, В, Аl, V, Мо, I, Si, Ni, Сг, Sе, Sn, Аs. Көрсетілген элементтердің 16-сы барлық организмдерде кездеседі.[3]
Тірі клетка затының құрамын дәлелдеу әлдеқайда қиын. Ішекте тіршілік ететін бактерия Escherihia coli осы мәселені зерттеуде ыңғайлы материал болып табылады. Оның құрамында мынадай заттар табылған: су — 70%, бейорганикалық иондар — 1%, көмірсулар — 3%, амин қышқылдары — 0,4%, нуклеотидтср — 0,4 %, липидтер — 2 %, белоктар — 15%, ДНҚ — 1 %, РНҚ -6%. Барлық басқа организмдердің тірі затының құрамы да осы сияқты деген пікір бар. Тірі заттың құрамына кіретін молекулаларды биомолекула деп атайды, демек олардың ерекше құрылымы және өзара әрекеттесуі тіршілік негізінде жататын процестерді қамтиды. Бұл заттардың молекулаларының құрылымы, физикалық-химиялық қасиеттері және олардың тірі клеткадағы атқаратын физиологиялық ролі жөнінде қысқаша мәліметтерге тоқталайық. Осының ішінде белоктар және оның синтезделуіне тоқтап өтсек. [3]....
Курстық жұмыстар
Толық

Тарих | АҚШ бүкіл дүниежүзілік экономикалық дағдарыстан кейін

Тақырыптың өзектілігі: XX ғасырдың 30-жылдарының соңында АҚШ-та өндіріспен капитал миллион доллардан астам өнім шығаратын ірі кәсіпорындарында өндіріспен капитал шоғырланды. Ол американ кәсіпорынының жалпы көлемінің 5,2 %-тін құрады. Онда кәсіпорындарда жұмыс істейтін жұмысшылардың 55%-ті жинақталған. Ол өнеркәсіп өнімінің 67,5%-тін өндіреді. Американ корпорациясының жалпы санының 1000-нан астамын құрайтын алып концерндер барлық активтердің жартысын иемденді. ХХғ. 30-жылдардың соңында жекеменшік иелерінің 1%-ті елдегі ұлттық байлықтың 59%-не ие болды. Елдің басым көпшілігі ұлттық байлықтың 8%-не ие. Франклин Рузвельт үкіметінің сыртқы саясаты алдыңғы кезеңдегі үкіметтің саясатынан гөрі бұрмалаңқы саясат болды. Америка үкіметі Латын Америкасы елдерімен «Тату көршілік» саясат ұстанды. 30-жылдардың басында АҚШ дүниежүзілік рынокта үлкен бәсекелестікке түсті. Оның бәсекелестері Германия, Жапония, Италия болды. Осы бәсекелестік олардың арасында қайшылықтардың шиеленісуіне әкеп соқты. 1929-1933 жылдары өндірілген товарларды сату мен өткізу саласында дағдарыс туды. Ол дағдарыс Американың Нью-Йорк биржасында басталып, Европаның барлық капиталистік мемлекеттерін қамтыды.
Американ қоғамында терең реформалар жүргізу дағдарыстан шығудың жолы болды да ол 1933-1941 жылдары президент Франклин Д.Рузверьттің саясатымен тұстас келді. Бұл саясат тарихқа «Жаңа бағыт» деген атпен енді. АҚШ-та 20-жылдары экономикалық қарқын өте жоғары болды да 1929-1933 жылдардағы орыналған экономикалық дағдарыс соншалықты терең болды. Өнеркәсіп өндірісі ғасырдың басындағы деңгейіне түсті, 100 мыңдаған фермерлер күйреді. Жұмыссыздық өсті. Америка тағдырында алғаш рет жұмыссыздар саны 12,5 миллион адамға жетті. 1929-1933 жылдары орын алған дағдарыс американдықтардың тағдырында ұлттық трагедияның символы ретінде қалды. Бұл дағдарыс американдықтардың 20-жылдары гүлденген американың еш уақытта күйрейтінін білмеген американдықтарға өте ауыр тиді. Оның үстіне АҚШ-та әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі жүзеге аспаған болатын. Американдықтар әр адам өзіне ғана сенуі керек деп есептейтін. Дағдарыс кезінде олар Бұл көзқарастан ауытқыды. Олар мемлекеттен көмек сұрады. Мемлекеттің экономикаға араласуы өмір сүрудің жалғыз құралы деп есептелінді. І-дүниежүзілік соғыс ардагерлері, жұмыссыздарға мемлекеттің қолдау көрсетуін талап етті. Фермерлер өз өнімдерінің бағасының құлдырауының шегін қоюды қалады. Дағдарыс республикаидықтардың президенті Герберт К. Губер тұсына сай келді. Ол 1928 жылы президенттікке сайланып, 4 март 1929 жылы дағдарыс басталған соң Ақ үйді тастап кетті. Оның қарсыласы демократиялық партия өкімет басына келуге мүмкіндік алды. Демократтар 1930 жылы американ конгрессінде көпшілік орын алды. Демократтар 1932 жылы президенттік қызметті жеңіп алуға ұмтылып, Франклин Д.Рузвельтке үміт артты. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Тарих | АҚШ пен Жапонияның экономикасы

Қазіргі кезде барлық мемелекеттер ХХІ ғасырдағы халықаралық қатынастарын айқындап, жүріп өткен жолын ой елегінен өткізуде. Барша әлем қоғамы ғылым мен техника, мәдениет пен өнер, сол сияқты көптеген өндіріс салаларында ұлы жетістіктерге қол жеткізуде. Сонымен бірге өркениетті елдер арасындағы халықаралық қарым-қатынастар да қарқынды түрде дамып жатыр. Америка мен Жапонияның арасындағы халықаралық қарым-қатынастар соның айғағы. Америка мен Жапонияның дипломатиялық және экономикалық қарым-қатынастары күннен-күнге нығая түсуде. Жапония Американың ең негізгі сауда серіктестерінің бірі болып табылады.
Америка мен Жапония ынтымақтастығы - әрбір мемлекеттің ішкі және сыртқы дамуына жағдай жасайтын, басқа күштермен бірігіп әрекет етуінің, қарым-қатынастар жасауының негізгі принципі және екі жақты, көп жақты пайдалы ахуалды қалыптастырудың жолы болып табылады. Америка мен Жапонияның арасындағы ынтымақтастықтың бағыттары сан алуан. Шешуші ынтымақтастық бағыттар – экономикалық ынтымақтастық, сауда, мәдени-техникалық, технологиялық және ақпараттық ынтымақтастықтардың маңыздылығы арта түсуде.
Ынтымақтастық – түрлі мүдделі топтардың бейбіт қатар өмір сүру жағдайында экономикалық, саяси-әлеуметтік, рухани-мәдени және халықаралық мәселелерді бірлесіп шешудегі қабілеттілігі. Ынтымақтастық қоғамдық қатынастардың әр түрлі деңгейінде көрінеді. Микродеңгейдегі ынтымақтастық ретінде түрлі топтардың, ұйымдардың, партиялардың, қоғамдық ұйымдардың белгілі бір мәселелерді ұйымдасып шешіп отыруға ниетін атауға болады. Мезодеңгейдегі (орта) ынтымақтастық әлеуметтік топтар мен топтар, халықтар мен этностар арасындағы ортақ мәселелерді (экономикалық даму, әлеуметтік мәселелер, этн. даму) және міндеттерді шешуде бірігіп әрекет етуді жатқызуға болады. Макродеңгейдегі ынтымақтастыққа мемлекеттер, халықаралық ұйымдар арасындағы ғаламдық планетаралық мәселелерді шешуге бағытталған ұжымдық іс-әрекеттерді жатқызамыз. Ынтымақтастық қазіргі адамзаттық өзара түсінісуінің, ортақ мәселелерді біріккен әрекеттермен шешуге ұмтылуын, бейбітшілікті қамтамасыз етуінің негізгі формасы болып табылады. Сондықтан қазіргі әлемдік қатынастардағы ынтымақтастық бағыттары сан алуан. Әрине шешуші ынтымақтастық бағыттары — экономикалық ынтымақтастық, сауда, мәдени-техикалық, технологиялық және ақпараттық ынтымақтастықтардың маңыздылығы арта түсуде. Ғаламдық мәселелерді шешудегі ынтымақтастықтың халықаралық ұжымдық мақсаттарының көрінісі ретінде БҰҰ-ын атауға болады. Мысалы: Қазақстан өзінің экономикалық мәселелерін Шанхай ынтымақтастық ұйымы арқылы жүзеге асыруда. Ал мемлекеттік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім-шарт ұйымы арқылы шешуде. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Тарих | АҚШ тарпынан социалистік Кубаға көрсетіліген қысым және КСРО көмегі

Өзектілігі. Қазіргі кездегі оқиғалар, Шешен соғысы және АҚШ-тың оған қатысы, Ирактағы соғыс және оған Ресейдің қатысы, бәріде осы екі ұлы державалар АҚШ пен Ресей дің халықаралық аренадағы карсылықтарын көрсетеді. Бұл қарсылықтың айқын мысалы 1962 жылдағы “Кариб дағдарысы” бола алады. Дағдарыстың пайда болу себептерін қарастыру әлі күнге дейін өзекті, бұның басты себебідағдарыстың тарихы саяси және идеологиялық себептерге байланысты ХХХ. Сондықтан бүгінгі уақытта біз әлемдік тарихтың маңызды мәселесін қарастыруға мүмкіншілік алып отырмыз.
Тарихнама.Тарихқа көз жүгіртсек, бүкіл дүниежүзін дүр сілкіндірген елеулі оқиғалардың бірі-Кариб дағдарысы. Бұл дағдарыс « Қырға қабақ соғысының» шиеленісуінің нәтижесінде, яғни 1962 ж қазан айының 2-ші жартысында пайда болды.
Не бары 13 күннің ішінде бүкіл әлемді Ядролық апатқа әкеле жаздады. Әлемнің алып державалары: АҚШ, КСРО және Куба үкіметтері алғаш рет «Ядролық тұйыкка» тірелді, бірақ уақытында дағдарыс жағдайды жоюға барлық күштерін салып, халқаралық мәселелерді әскери емес, дипломатиялық жолмен шешу керек екеніне көздері жетті. Сонымен қатар, дағдарыс сабқтарынан әлемдегі оқиғаларға деген ыңғайларына жаңа, маңызды үлес қосып, сабақ болды десек , асырып кетпейміз.
Сонымен қатар, 1962 ж материалдар халықтан мұқиятты түрде жасырылған, тек қайта құру кезеңінен кейін біртіндеп ашыла бастады, бірақ бұл жағдайдың өзі, толығымен көзімізді ашқан жоқ та, бүкіл ақиқатты түсінүге мүмкіндік бере алмайды, өйткені бүгінге шейін негізгі документалдық фактілер мүлде құпиялы түрде жатыр, және осы дағдарыс жайындағы әдебиет толықи емес.
Дегенмен, осы тақырыпка қызығушылықтың, ізденістің арқасында біз, сол кездегі АҚШ пен КСРО-ң ұстанған саясаттарын түсінуге мүмкіндік алдық..
Осы жүмыстың мақсаты: АҚШ пен КСРО арасындағы дағдарыстың басты себептерін көрсету. Олардың әскери-саяси қарсыластары миллиондаған күнәсіз адамдардың өміріне қауіп төндіргеніне елді сендіру және осы екі державаның жасаған қателіктерін басқа елдер жасау үшін, сабақ ретінде түсіндіру.....
Курстық жұмыстар
Толық

Қаржы | Ақша реформасы

Ақша реформасын жүргізудегі қажеттілігі мен мәні атты жұмысымыз негізгі екі бөлімнен тұқрады. Мұндағы қаралған мәселе Кеңес үкіметі тұсындағы ақша реформалары туралы және егеменді ел болып өз теңгемізді енгізумен қатар Қазақ- стандағы ақша реформасының жүргізілуі қарастырылады.
Ақша реформасы мемлекеттің билігі мен ақша жүйелерінің толық немесе ішінара өзгеруі және ақшаның бір жүйесінің екіншісіне немесе ақшаның бір белгісінің жаңа белгіге ауыстырылуы. Ақша реформасы капитализм жағдайында буржуазиялық мүддесі үшін жүргізілді, оның ақыры халықты қанауды күшейтуге, тұрмысын нашарлатуға әкелді. КСРО және басқа да социалистік елдер еңбекшілер мүддесі әр уақытта мемлекет қамқорлығында болды, ол ақша реформасы кезінде еңбекшілердің әл – ауқатын жақсартуға бағытталған арнаулы экономикалық шараларды жүргізуден байқалады.
КСРО – да ақша реформасы екі рет - жаңа экономикалық саясаттың алғашқы жылдарында 1922 – 1924 жылдары және Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін 1947 жылы жүргізілді. Азамат соғысы одан кейін Ұлы Отан соғысы кезінде Совет үкіметі Отан қорғау шараларына байланысты көп шығындарды өтеу мақсатымен ақшаны айналыс қажетінен артық шығара беруге мәжбүр болды. Бұған қоса көпшілік қолды тұтыну тауарларын өндіру мен сату мөлшерінің кемуі салдарынан нақты ақшаның айналыс қажеттілігі де азайды. КСРО Комитетінің 1947 жылғы “Ақша реформасын жүргізу және азық – түлік пен өнеркіәсіп тауарларына карточкалық жүйені” жою туралы қаулысына ақша реформасын жүргізу еңбекшілердің әл – ауқат дәрежесін арттыруға, халық шаруашылығын қалпына келтіруге және Совет үкіметінің күш қуатын одан әрі нығайта беруге көмектеседі деп көрсетілді. КСРО – ның қаулысына бойынша 1960 жылы бағалардың масштабын өзгерту және осы күнгі айналыстағы ақшаны жаңа ақшаға ауыстыру туралы қаулы қабылдынды.....
Курстық жұмыстар
Толық