Мұғалім портфолиосы құрылымы

Мұғалім портфолиосын құрудың негізгі принциптері:
• жүйелілік;
• мәліметтердің нақтылығы мен ауқымдылығы;
• ақпараттың объективтілігі;
• көрнекілік.
Портфолионың негізгі мақсаты – мұғалімнің кәсіби өсуінің мониторингінің, кәсіптік нәтижелерінің, жетістіктерінің талдауын қамту;
Портфолио мұғалімнің өз қызметіндегі әр түрлі – оқыту, тәрбиелеу, шығармашылық, өз білімін көтерудегі нәтижелерін жинауына көмек береді.

kz
Толық

Көктем (видео)

Бір жылда төрт жыл мезгілі болады. Олар: жаз, күз, көктем, қыс. Әр жыл мезгілінің өз ерекшелігі бар. соның ішінде маған ұнайтын жыл мезгілдерінің бірі – көктем. Себебі бұл кезеңде табиғат жаңарып, жан-жануарлар көбейеді.
Көктем айларында көптеген мерекелер аталып өтіледі. Осы мезгілге сай көктемнің алғашқы мерекесі аналар күні. Жер дүниенің жаңару күні «Наурыз», ғарышкерлер мерекесі, бейбітшілік мейрамы....
Шығармалар
Толық

4 Маусым - Рәміздер күні (Бастауыш | «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш»)

Мекен жайы: Павлодар облысы, Екібастұз қаласы,
Мектеп аты: №26 мектеп - гимназиясы
Бастауыш сынып мұғалімі: Бейсембаева Бақтыгүл Қабдығалымқызы



Тәрбие сағаттың тақырыбы: "Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтаныш"
Тәрбие сағат мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, патриоттыққа тәрбиелеу.
1.Оқушыларды отансүйгіштікке, мемлекеттік рәміздерді қастерлеуге, олимпиада жүлдегерлерін құрмет көрсетіп, мақтаныш етуге тәрбиелеу.
2.Оқушыларға Қазақстан Республикасының бас қаласы-Астана, жалпы рәміздер туралы мағлұматтар беру.
3.Астана қаласы, мемлекеттік рәміздер,олимпиада туралы баяндау арқылы оқушылардың патриоттық сезімдерін, танымдық қабілеттерін дамыту, спортқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Тәрбие сағаттар
Толық

Жол ережесін есте сақта

Сынып сағат тақырыбы: Жол ережесін есте сақта
Сынып сағат мақсаты: Оқушыларды жолда дұрыс жүріп-тұруға тәрбиелеу. Қоғамдық мекемелердің күнделікті тұрмыста алатын орны , онда көптеген адам жұмыс істейтінін айтып түсіндіру. Олардың қандай көліктермен жұмысқа баратынын анықтау.
Қалалық және ауылдық жерлерде жолда жүру ережесінің айырмашылығын анықтау. Жол белгілерін ажырата білуге баулу. Жол жүру ережесін сақтауға тәрбиелеу.
Сынып сағат көрнекілігі: Үй макеті , бағдаршам....
Сынып сағаттар
Толық

Қазақ тілі | Күрделі сөздер классификациясы

Сөз өзінің құрамына қарай дара және күрделі болып екіге бөлінеді. Жалаң сөз негізгі және туынды түбірден тұрады. Ал күрделі сөз кемінде екі түбірден құралып бір ғана зат пен құбылыстың атауы болады.
А. Ысқақов пен К. Ақанов күрделі сөз қатарына біріккен сөз, қос сөз, қысқараған сөз және сыңарлы бөлек жазылған күрделі сын, сан, зат есімдерді, етістіктерді қарастырады. Тек А. Ысқақовтың ұсынған классификациясында күрделі сөз арасынан фразеологиялық тіркестер де орын алады. Аталған ғалымдар еңбектерінен кейін, күрделі сөздерді классификациялаудың мынадай сара жолы салынды: сөз құрамына қарай дара және күрделі болып бөлінеді. Дара сөз негізгі және туынды түбірден тұрады. Ал күрделі сөздер біріккен, қос, қысқарған және бөлек жазылған күрделі сөздер болып бөлінеді. Мұндағы әр түрлі терминге ие болып жүрген бөлек жазылатын күрделі сөздер. Мұны А. Ысқақов, Ә. Ахабаев тіркескен күрделі сөздер десе, Р. Сыздықова лексикаланған тіркес сөздер деп те атаған. Бүгінде ортан жілік, асықты жілік, кәрі жілік, жамбас жілік, т.б. тіркестілімділігі шектеулі сөздер деп те аталып жүр (1997). С. Исаев әуелде оларды атаулы тіркес (көр тышқан, жарыс сөз, Арал теңіз) деп атап фразеологиялық және еркін тіркестен бөліп қарау керектігін айтады. Кейін тіркесті түбір деген тың термин ұсынады (Исаев. ҚҚТ. Морфология курсы бойынша, А., 1991). Ал профессор М. Балақаев бұларды түйдекті тіркестер (бұларға күрделі етістік, күрделі есім, идиома, көмекші сөз бен негізгі сөздерді жатқызады) десе, (түйдекті тіркес деп соңғы кездері тек негізгі сөз бен көмекші сөздің тіркесі алынып жүр (Аблақов Ә., Исаев С., Ағманов Е.))
Бұл жерде басын ашып алатын бір мәселе бар. Жоғарыдағы терминдерді аталған авторлар бекер ұсынбайды. Синтаксистік сөз тіркесі шекарасынан шығып, құрама сөз ұясына ене алмай жүрген аралықтан сөздердің номинациялау, абстракциялану дәрежесі өте алуан түрлі. ....
Рефераттар
Толық

Философия | Классикалық неміс философиясы

XVIII ғасырдың аяғы - XIX ғасырдың бірінші жартысы неміс топырағында да философия кеңінен дамыған ерекше кезең болды. Ол кезенді Ф. Энгельс классикалық неміс философиясы деп атады. Ол кезенді бастап берген И. Кант (1724-1804) болса, оны Л. Фейербах (1804-1872) философиясы аяқтады, ал шырқау шегі Г. Гегель (1770-1831) философиясы еді. Ол кезеңнің өкілдері болғандар: И. Фихте (1762-1841), Ф. Шеллинг (1775-1854). Байқап отырғанымыздай, философтар да ғалымдар сияқты, басқа да мәдениет өткілдері секілді тарихта, жоғарыда айтылғандай, топтанып, кезеңдес болып кездеседі. Ол тегін емес. Әрине, себепкер — объективтік жағдай. Философтар да тарихи қажеттіліктен дүниеге келді. Соның бір дәлелі — классикалық неміс философиясы. XV1I-XVIII ғасырлардағы ағылшын, француз жағдайларымен салыстырғанда, XIX ғасырдағы Германия әлі нағыз орта ғасырлық, феодалдық ел болатынды. Революциялық жағдай бұл кезде әлі туындамаған еді. Сондықтан неміс философтары жалпы философиялық мәселелермен айналысты. Олар дворяндар емес, жай кала халқынан (бюргер) шықты. Сондай-ақ, өз заманының білімді адамдары қатарында болды. Неміс философтарының бәрі де (Л. Фейербахтан басқалары) университеттерде профессорлық қызмет атқарды. И. Кант Кеннигсберг, Гегель Берлин университетінің ректорлары болды. Шеллинг король IV Фридрих-Вильгельмге құпия кеңесші, әрі оның досы болған, Фихте де ректорлық қызмет атқарған. Сейтіп неміс философтары аристократиялық тапқа қызмет етті. Германияның пруссиялық-юнкерлік жолмен дамуына себепкер болды. Тарих, олардың пікірінше, абсолюттік рухтың өзін-өзі табуы болып табылады. Германияда үстемдік құрған феодалдық-абсолютгік құрылысты олар ең жоғары рухани күш — жаратушының, қалауы деп түсінді. Мемлекет дегеніміз, Гегельдің пікірінше, Құдайдың әлемді кезіп жүруі. Тек Л. Фейербах олардан оқшау тұрды. Ол 1828 жылы Эрланген университетіне оқытушылық жұмысқа орналасты. Бірақ екі жыл өтпей-ақ ол оқытушылық жұмыстан куылды. ....
Рефераттар
Толық

Информатика | Есте сақтау құрылғыларының классификациясы Динамикалық жад контроллері

Дербес компьютердің есте сақтау құрылғылары
ДК-да жадының 4 деңгейі бар:
• Микропроцессорлық жады (МПП)
• Регистрлік кэш жады
• Негізгі жад (ОП)
• Ішкі жад (ВЗУ)
Кестеде келтірілген жад типтерінің екі негізгі сипаттамасы (жылдамдығы және сиымдылығы) көрсетілген:
Жад типтері Сиымдылығы Тезәрекеттестігі
МПП Ондаған байт =0,001-0,002мкс

ОП,сонымен қатар
ОЗУ
Он-жүз шақты мегабайт
=0,004-0,006мкс

ПЗУ Жүздеген килобайт =0,035-0,1мкс

ВЗУ,сонымен қатар
НМД
Он-жүз шақты гигабайт
=5-30мс
=500-3000 Кбайт/с

НГМД Бірлік мегабайт =65-100мс
=40-150 Кбайт/с

CD және DVD Жүз-мың шақты мегабайт =50-300мс
=150-5000 Кбайт/с


Есте сақтау құрылғысының салыстырмалы сипаттамасы

Есте сақтау құрылғысының алғашқы екі типі айналу уақытымен ( ),ал ішкі есте сақтау құрылғысының тезәрекеттігі-екі параметрмен:қол жеткізу уақыты ( ) және есептеу жылдамдығы ( ):
• - іздеу уақытының ,ақпаратты жазу және есептеу суммасы
• -тасымалдағыштағы ақпаратты іздеу уақыты
• -ақпарат байтының кезекті есептеуінің жылдамдығы
Жалпы қолданбалы қысқартылуларды айта кетелік: с-секунд, мс-милисекунд, мкс-микросекунд, нс-наносекунд, 1с= мс= мкс= нс ....
Рефераттар
Толық

Биология | Гендік терапияның классификациясы

Ұзақ уақыт бойы медициналық генетика адамдағы тұқым қуалайтын аурулардың генетикалық негізін анықтаумен айналысты. Жаңа туған нәрестелердің және ұрықтың мұндай ауруларын анықтау үшін диагностикалық тесттер құрастырылды және осы тесттердің нәтижесі бойынша мұндай ауруларға шалдығу мүмкіндігі көп отбасыларда генетикалық сұхбаттар жүргізілді. Бұл сұхбат бойынша отбасыларға кейін олардың ұрпақтарында осы аурулар көрініс беруі мүмкін екендігі түсіндірілді. Сонымен қатар бұл адамдарға кей жағдайда медициналық терапия, қан ауыстыру, диета ұстау сияқты алдын алу шаралары арқылы ауруды жеңілдету мүмкіндіктері болды.
Организімнің қалыпты жұмысын өзара байланысқан көтеген гендер қамтамасыз етеді, және олардың біреуінің өзіндегі мутацияның соңы әртүрлі болады. Сонымен, бірге ферменттің активтілігінің өзгеруі нәтижесінде клетканың қалыпты дамуы үшін қажетті таксинді субстраттың мөлшерден артық болып кетуі, қосылыс тапшылығы-мутация д.а. Сонымен қатар бір ұлпадағы геннің мутациясы басқа бір ұлпа үшін қауіп төндіруі мүмкін. Мысалы: фенилаланнің түсінуге айналуын тоқтататын бауыр ферменті фенилаланиндегидроксиларның гендік мутациясы нерв жүйесіне кері әсер етеді (ақыл-ес жетілмей қалады). Бұл туа пайда болатын ауру-фенилкетанурия еврейлерде 10000-ның бірінде кездеседі. Сонымен қатар бүкіл организмді қамтып алатын мутация да болады: бұлшықет, көз, бауыр, сүйек, бүйрек, жүрек, нерв жүйесі, тері, ми, асқазан, қан айналу жүйесі. Нәрестелерде қанның биохимиялық спецификалық анализін жасау арқылы анықталатын фенилкетонурия ауруына қарсы аланинсіз диетаны қолданады. Белгілі бір белоктың ауытқуы нәтижесінде пайда болған ауруларды жеңілдету үшін осы белоктың функциональды түрін (иммундық жауап туғызбайтын) тамыр арқылы енгізеді. Мұндай «орынбасу» терапиясын немунотапшылық туғызған гемофилия (SCID – ағыми. server combined inmunodeficiency) және Гош ауруларын емдеуде қолданады. Ал кейде сүйек кенігінің және басқа мүшелердің трансылантациясы қолданылады.Өкінішке орай мұндай күрделі емдеулер адамның тек басқа шығар жолы жоқ жағдайында ғана жүргізіледі және адамның өмірі тек біраз уақытқа ғана созылады. Және мұндай адамдардың азы ғана қартайып өледі және балалы бола алады. Көп жағдайда емдеуді бірталай рет қайталауға тура келеді, ол қымбатқа түседі әрі ұзақ, сондықтан да терапияның жаңа түрлерін ойлап табу қажет.....
Рефераттар
Толық