Билет ақшасы

Анам және әкеммен циркке билет алу үшін кезекте тұрған едік. Сәлден соң кезегіміз жылжып билет кассасымен арамызда бір ғана жанұя қалған еді.
     Бұлардың 12 жасқа жетпеген 8 балалары бар еді. Баршылық ішінде өмір сүрмейтіні жағдайларынан белгілі еді. Үстеріндегі киімдері бағалы еместі, бірақ тап-таза еді. Балалар әкесінің артынан екі-екіден қол ұстасып, тәрбиелі түрде қатармен тұрды. Жүздерінен қуаныш, қобалжу сезімдері білініп тұрды. Пілдерді көретінін, қызықты, ерекше....

Оқиғалар
Толық

Оқытушының, мұғалімнің рейтинг картасы

Оқытушының рейтинг картасы

Психологиялық-педагогикалық білімі

оқыту процесінің психологиялық түйінін білуі
оқыту процесінің педагогикалық заңдылықтарын білуі
білім беру стандарты және оқыту ақпаратын талдаудың тәсілдерін меңгеруі
оқыту ақпаратын логикалық құрастырудың тәсілдерін меңгеруі
білімді локальдық, жүйелік және қызметтік дәрежеде бағалаудың тәсілдерін меңгеруі
пәнаралық байланысты талдаудың тәсілдерін меңгеруі
пән бойынша және пәнаралық білім беруде жүйелілікке қызығушылықты тудыруы
білім берудің мазмұынын кұрылымдандыру мен алгоритмдеуге тырысуы
кәсіби іс-әрекет объектісіне бағытталғаны

Презентациялар
Толық

Бір ашуланғанда сексенді қырған батыр

Ерте, ерте, ертеде,
Ешкі жүні бөртеде,
Қырғауыл жүні қызылда,
Құйрық жүні ұзында, бір байдың малын баққан қойшы болыпты. Бірде ол жаздың жайма-шуақ күнінде сылдырап аққан өзеннің бойында мал жусатып отырыпты. Қарны ашқан соң торсықтағы айранын ішіп тамақтаныпты. Дәмді қою айранға тойып балқыған қойшы жерге тамған тамшыға жабылған шыбындарды көріп қалады да, жапырақпен ұрып салады. Қырылған шыбындарды санап та үлгереді. Олар сексен екен.......

Ертегілер
Толық

Прописка

Күн ұзарған, түн қысқарған көкектің кәрі қыздай қылтың-сылтың басы. Өскеменнен түсте шыққан автобус Ұлан арқылы Самарға тікелей асып, Ертіс түсіп, Күршімнен бір-ақ шығуға бел байлаған. Көкек келсе де наурыз жылымығының қайырма қызыл шұнағы қала ішін дірдек қақтырып, Ұлан асуына қарай созылған ұзақ жол беті сиыр жалағандай. Жып-жылмағай көк мұз. Алды-арты бірдей тартатын шағын сары автобус ішіндегі азғана жолаушыларды селкілдете ұрып, соқтырып келеді. Күн аяздан шаңытып тұр. Автобустағылар өзді-өзімен шүйіркелесіп, қайсыбірі жорта қалғып отыр. Жолаушылар арасында нәресте құшақтаған жас келіншек қыңқылдаған сәбиін уатумен әлек. Ең артқы орындықта отырған Архат олардың....

Әңгімелер
Толық

Бүкіл дүниенің түзелуі

Бір апталық жұмыс күнінен қажыған адам жексенбінің таңында қолына газет алып шаршағанын басып, күні бойы үйде отыруды ұйғарады. Дәл осыны ойлап отырғанында баласы жүгіріп келіп паркке қашан баратынын сұрайды. Әкесі оған демалыс күні паркке алып баратына уәде берген болатын. Бірақ мүлдем сыртқа шығуға....

Оқиғалар
Толық