Ынтымағы жарасқан тату халық

Біздің халық- жатты жатырқамайтын, жатсынбайтын бауырмал халық. «Таспен ұрғанды аспен ұр», «кекшіл болма, көпшіл бол»дейтін кешірімшіл де, кеңпейіл біздің қазекем. Алла қаласа, өзге елмен де тереземізді теңестіреміз-ау, тек қазақты кеңдігінен айырмасын. «Кең болсаң, кем болмайсың!» Жаратқан да бізге тыныштықты осы кеңдігімізге қарай беріп тұрған шығар, кім біледі... «Қайғысызға қара су да ас»дейтін қазақ үшін байлық та, бақ та-ынтымақта. Жүз отыздан астам ұлттың басын біріктірген киелі Отанымның менің отбасыма тікелей қатысы бар.........
Шығармалар
Толық

Тамаша – тамаша Шыршамыз тұр жараса

Зал іші «Әдемі, мерекеге сай безендірілген. Ортада әдемі шырша тұр, әр түрлі ойыншықтары ілінген. Музыка әуенімен әр түрлі киім киген балалар залға кіреді.
Тәрбиеші: Төрле - төрле жаңа жыл
Айналамыз тебірене жыр
Төрле - төрле құтты жыл
Халыққа әр күн төгіп нұр
Төрле – төрле құтты жыл
Қуаныштан айналады жыр.
Құрметті ата - аналар, тәрбиешілер, балалар Жаңа жылдарыңыз құтты болсын.
Келе жатқан Жылан жылы бәріңізге бақыт, шаттық, береке бірлік әкелсін дей отырып Ортаңғы топ балаларының Жаңа жылдық ертеңгілігін бастаймыз.
Малвино:
- Буратино, буратино, буратино.
- Ой, Сәламатсыздар ма?
- Буратиноны көрмедіңдер ме? Буратинодан ажырап, адасып қалдым ғой.
- Ой, ой, ой неткен әдемі шырша, неткен самсаған әсем ойыншықтар, неткен сұлулық?
Мыстан кемпір:
- Ха - ха - ха, Малвина? Қайдан жүрсің, қайдан келесің?
Малвина:
Сәлеметсіз бе, әже! Мына шыршаның шамдары неге жанбайды?
Мыстан:.....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Көктем жаршысы құстар

Құстар – көктем жаршысы
Мақсаты: Табиғатты сүюге баулу, табиғатқа қамқор болуға үйрету.
Балалардың құстар туралы түсініктерін кеңейту, құстардың пайдасына тоқталу
Дамытушылық: Баланың сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету. Табиғатқа деген мейірімін ояту, адамгершілікке баулу; Айналадағы өмірді бақылау арқылы дүниетанымын молайту, ой - өрісін жетілдіру.
Тәрбиелік: Құстарды қорғауға, аялауға, әдемілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: «Құстар біздің досымыз» атты бұрыш, құстар туралы буклеттер, альбом, плакаттар, құстардың дыбысы жазылған таспа, табиғат туралы сызба.
Өткізу әдісі: Сұрақ жауап, ойын, түсіндіру, көрнекілік әдістер.

Тәрбиеші:
Күндей жадырап
Айдай арайлап
Жұлдыздай жарқырап
Судай таза мөлдір көңілмен
Бүгінгі күнімізді бастаймыз.
Балалар:
Табиғат біздің анамыз
Табиғатқа баламыз
Иіліп сәлем береміз
Біз әдепті баламыз
Сәлеметсіздер ме, апайлар.
Қош келдіңіздер!.....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Бірлігі жарасқан Қасиетті мекенім

Қазақ елі - Еуразияның жүрегінде орналасқан, тарихы бай үлкен мемлекет. Қазақ халқы жүзі жайдарлы, пейілі кең, қонақжай халық екені бүкіл әлем жұртшылығы үшін аян шығар.Барша халыққа тарихымен де, ерлігімен де, мәдениетімен де, салт-дәстүрімен де үлгі болатын тұғыры биік алып мемлекет. Қазақ жерінде туып -өскен әрбір қазақ баласы- біреуде болса біреуде болмайтын үлкен бақыт иесі. Құс ұясыз болмайтын сияқты, адам отанынсыз болмайды. Каспий теңізінен Алтай өңіріне дейін созылып жатқан қасиетті өлке – қазақ жері.......

Шығармалар
Толық

«Білімдіге дүние жарық, Білімсіздің күні кәріп»

«Білімдіге дүние жарық,
Білімсіздің күні кәріп»-
деген дана Абай атамыздан қалған нақыл сөздің адам өмірінде оймақтай ойып орын алатыны сөзсіз. Әрине, біліммен көзің ашылады, қоршаған әлемді, жаратылысты танисың. Содан қалған болар «Оқымаса бір бала, оқыса екі бала». Өнер – білім өн бойыңа мектеп табалдырығын аттап басқалы жинала бермек, толыса бермек. Мәпелеп өсірген әке- шешең, алғашқы тәрбиешілерің, отбасыңда қалып , енді сен білім нәрінен, тұнығынан сусындататын, киелі мекен, мектептің, төрінен табыласың.......
Шығармалар
Толық

Еліміздің әнұраны- азаматтық асқақ рухтың жаршысы

Ән де адам секілді өз тағдырымен туады, өмірде өз орнын табады. Әр адамның өз ғұмыры сияқты әннің де өз тарихы бар. Ән – көңілдің ажары, адам жанының тәрбиешісі. Әннің адам сезімін әлдилеп,асқақтар құдіретін тек жүрегімен сезінер адам ғана бағалайды.
Халықтың елдігін танытып,даланың жырын жырлаған әннің ұранға айналуы тарихта талай кездескені шындық.Ел басына қиындық туып, «ақтабан шұбырынды,алқакөл сұламаның» сұмдығын көрген ел «Елім-айлап» толғанып,тебіренеді. «Елім-ай» әні екі ғасыр елжандылық пен азаматтықтың ұранына айналды. Міне, нағыз өмір, өміршең өлең тек тарих пен бірге жасайды.......
Шығармалар
Толық

Маркетинг | Халықаралық жарнама агенттіктері және олардың туризмнің дамуындағы ролі

Кіріспе
Экономиканың қарыштап дамуына байланысты коммерциялық және әкімшілік мәселелерді шешуге арналған өзара байланысты деректер көбейіп келеді. Өзара байланысты деректерді ақпараттар жүйесі деп атайды. Мұндай жүйе негізінен адам еңбегін жеңілдетуге бағытталған. Осындай ақпарат тарату жүйесі жарнама қызметі саласында жұмыс атқаратын ұйымдар мен құрылымдар қызметінің де ең негізгі құраушы элемент болып табылады. Ал бұл жағдайда ақпараттың оперативтілігі мен шынайылығын қамтамасыз етуге көп көңіл бөлінеді. Жарнамалық қызмет мекемелерінің осы жүйені дұрыс қолдана алуы оларды үлкен бәсекелестік қабілетпен қамтамасыз етеді.
Қазіргі кезде жарнама біздің өмірге мықтап орныға бастады. Жарнама өнеріне үйрететін әр түрлі мекемелер ашылуда. Сәйкесінше осы саладағы мамандандырылған фирмалар да көбейіп келеді. Оның бір мысалы – жарнама агенттіктері. Жарнама (французша – «айғайлаймын») тауарлар мен қызмет түрлері жайлы ақпарат беретін және оларға сұранысты қалыптастыруға бағытталған маркетинг шараларының бір түрі болып табылады. Ол экономиканың нақты құралы және нарықтық жүйенің негізгі реттеушісі. Жарнамалық шараларды ұйымдастыру оңай жұмыс емес. Оны жүзеге асыру үшін жоғары дәрежелі мамандар мен арнайы жарнамалық бөлімдердің аса қажырлықпен жұмыс істеуге тура келеді. Ал осы шараларды негізінен ұйымдастыратын жарнама агенттіктері болып табылады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Туризм | Туристік кәсіпорындардың маркетингтік жарнама негіздері

Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Саяхаттық фирмаларда жарнама - маркетигтік стратегияларды таратуда маңызды роль атқарады. Саяхатты жарнамасыз елестету мүмкін емес. Ол қоғамда мәдениетті және психологиялық жағдайға әсер етуді көрсетеді. Саяхат индустриясында жарнама болашаққа деген сенімділік пен тұрақтылықты, қызметкерлердің еңбек ақысын, қаржысынының өсуін көбейтеді.
Біздің көз алдымызда саяхаттың таралу үрдісі өтуде. Бұған біртіндеп Қазақстан да тартылуда. Саяхат біздің еліміздің саясаттық, әлеуметтік, экономикалық, экологиялық және мәдениеттік қайта құбылуына әсер ететін негізгі факторлардың бірі.
Қазақстандағы саяхаттың өсуі біраз міндеттермен обьективті түрде байланысты: бұлар, біріншіден, ұлттық байлықтың өсуінің негізгі факторы және ұлттың өмір сүруінің жақсаруы, екіншіден, тұрғындардың жұмыссыз болмауын қамтамасыз ететін фактор, жұмыс күшін ұсынатын қабат, үшіншіден, халық тұтынуына қажет тауар өндірісі, ауыл шаруашылығы, сауда, құрылыс, байланыс, көлік сияқты экономика салаларының дамуының қуатты стимулы.
Мемлекет басқаруына байланысты саяхат Қазақстан үшін әлемдік сауда орталығына ашылған «терезе» болар еді. Саяхат қоғамның дамуына қажетті әлеуметтік - экономикалық сфера ретінде оны жақсылап ұйымдастырып және басқарса қоғамның дамуындағы экономикалық байланыстар, сауда механизмдері мен мақсаттары әлеуметтік бағытын өзінде жақсы сіңіре алады. Сонымен қатар саяхаттың әлеуметтік және саудалық аспектілері оның таралуына салыстырмалы түрде мақсаты мен қаражаты болып табылуы керек.....
Курстық жұмыстар
Толық

Ұлттық ойын: Қап киіп жарысу

Қап киіп жарысу — ойын көгалды жазық далада, клуб немесе дене шынықтыру залдарында өткізіледі. Ойын ашық алаңда өткізілгенде оған қатынасушылар 50 метрдей жерден сөре жасайды. Ойын залдарда өтетін болса, сөре оның мүмкіншілігіне қарай жасалады.

Жарысатын жердің ені бір жарым метрдей болады және 4—5 қатар жолақ жол созылып қойылады. Жолдың қақ ортасына жарысатын адамдардың санына сәйкес етіп кенеп қаптың аузын ашып қою керек.

Ойын басқарушының командасы бойынша сызықтың бірінші басында қатарласып тұрған ойнаушылар жарысып жүгіре бастайды. Жолында жатқан қапқа жетісімен, екі аяғын оның ішіне тығып, тез киіп, екі қолымен жоғары көтеріп, ілгері секіріп жарыса береді.

Мұндағы мақсат — сызықтың екінші басына алдымен жету.

Осы тәртіппен ойын қайталана береді. Oлар барлық талапкерлер кезектесіп қатынасады. Бұл ойын әр түрлі тәртіппен өткізілуі де мүмкін. Бұл ұсынып отырылған ең оңай түрі......
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық