Желсіз түнде жарық ай, Сәулесі суда дірілдеп, Ауылдың жаны терең сай, Тасыған өзен күрілдеп. Қалың ағаш жапырағы Сыбырласып өзді-өзі, Көрінбей жердің....
Рамазан – 1 ай береке,4 апта толассыз тілектер, 30 кун кешірім, 720 сағат шынайы мүмкіндік, 43200 минут мейірім шуағы, 2592000 секунд тогілген нұр.Талайды көптен күттірген өзімен бірге мол сауап арқалап келе жатқан берекелі Рамазан айы жақындады.Осы жылғы Оразаның тиімділігі қыстың қақаған суығына не шілденің шіліңгір ыстығына емес мамырдың мамыржай күніне келіп тұр.Яғни қасиетті ай мамырдың 6-нан бастау алады. Рамазан айы – Ұлы Алла Тағаланың ерекше ықыласы түскен,сауабы көп, айлардың ең қайырлысы.Жаратушы Алла адам баласына 5 парызды жүктеген.Солардың бірі Ораза ұстау. Құран Кәрiмде: «Рамазан – адамдарға тура жол нұсқаушы, ақ пен қараны айырушы, бекем тұтынатын жолбасшы ретiнде Құран түсiрiле бастаған ай. Сендерден ....
Қазақ хандығының билігі 1680 жылы Жәңгірдің ұлы Тәукеге көшті. Жаңа билеуші көрген саясаткер, арқылы дипломат, құдыретті хан болды. Тәуке ханның өзіне дейнгілерден айырмашылығы – хандықтағы ерекше әлеуметтік топты құрайтын, дала ақсүйектерінің өкілі билердің көмегімен өзінің үстемдігін нығайтуға тырысты. Дәстүрлі қазақ қоғамында билерге ерекше маңыз берілді. Билердің шаруашылық, әдетті-құқық, әскери және идиологиялық міндеттерді атқаруда ерекше ролі болды. Тәуке хан даулы істерді шешуде билер сотының беделін арттырып, билер кеңесін кесімді үкім шығаруда ерекше органға айналдырылды. Осыдан бастап билер кеңесі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясатындағы аса маңызды мәселелерді шешетін тұрақты жүйеге айналды. Тәуке хан билігінің бір бөлігін беру жолымен ықпалды билерді мемлекеттік істерге тартуға бағытталған саясат ұстанды. Ол қазақтың үш жүзінің ең беделді билердің қатысумен билер кеңесін сәтті ұйымдастырып отырады. Ұлы жүзде Төле бидің, Орта жүзде Қазыбек бидің, Кіші жүзде Әйтеке бидің беделі ерекше болды. Олардың даналығы мен кемеңгерлігі ойрат жаулап алушыларына қарсы қазақ халқының күшін біріктіруде, сондай-ақ хандықты ауыр сындардан аман алып өтуге бағытталды. Тәуке хан орыс-қазақ қатынастарнының жақындасуына табандылықпен қол жеткізді. Ол 1686-1693 жылдары Сібірге бес елшілік жіберді. Мұнда Тәуке орыс-қазақ қатынастарының өзара тең дәрежеде дамуын нығайтуға айқын мүдделілігін танытты. Ресей мен Қазақ хандығы арасындағы бейбіт келісім-қатынастар сақтала берді. 1698 жылан ойраттар мен қазақ әміршілері арасындағы қарулы қақтығыстардын жаңа кезеңі басталды. Жонғардың әскери шонжарлары манызды сауда жолдары өтетін және ірі сауда орталықтары орналасқан Оңтүстік Қазақстанның аумағын басып алуды көкседі. Қазақтың Сығанақ, Түркістан, Отырар, Сайрам, әсіресе Созақ қалалары жоңғарлармен күресте өзіндік стратегиялар тірек бекетіне айналды. Тәуке ханның ойратармен күрестегі кейбір сәттіліктері оған үлкен жеңіс әкелмеді, соғыс белсенділігі ойраттардын жағына болды. Қалмақ-қазақ қырқыстары толассыз жүргізілді. Олардын 1711-12,1714,1717 жылдардағылары ерекше еді. Жоңғария қазақтарға аса қатерлі кауіп төндірді. 1718 жылы қазақтын барлық үш жүзіне билігі толық тараған қазақ хандарының сонғысы Тәуке қайтыс болды. Тәуке ханның тұсында қазақ хандығы бір орталыққа бағанған мемлекет еді. ....
Қолқанаттылар Арктика мен Антарктика құрылықтарынан басқа жерлерде кеңінен тараған. Әуеде ұшып тіршілік етуге бірден-бір бейімделген сутқоректілердің өкілдері. Алдыңғы аяқтары ұшу қанатына айналған.Артқы аяқтары ерекше құрылысты: тізелері орала біткен, сол себепті үлкен саусағы артқа, кішісі- ішкі жағында орналасқан. Денесі жалпақ, төсінде бұлшық еттер жетілген, жауырыны- жалпақ. Тунде тіршілік етуіне байланысты есту мушесі жақсы дамыған. Құлақтары да улкенді – кішілі болып келеді. Сезу мүшелерінің ішінде мұрттарының орны ерекшке. Көзі нашар жетілген. Ішектері қысқа, дене мөлшерінен 2-3 есе ғана артықтау. Ас өте тез сіңеді, небары 4 сағаттың ішінде жеген омыртқасыздар толық қорытылып үлгереді. Қолқанаттылардың дене температурасы қыста қоршаған орта температурасынан бар- жоғы 1-2 градус жоғаы болады. Барлық өкілдері қысқы ұйқыға кетеді немесе жылы жақтарға ұшып қоныстарын аударады. Жылына бір рет көбейіп, бір-екі өсім береді Шағылысуы күзден басталып, көктемге дейін созылады. Жатырға түскен ұрық көктемге дейін жұмыртқа клеткасы пісіп- жетілгенше сақталады. Көптеген өкілдері өніп- өсу кезінде, әсіресе қыста, топ-топ болып жиналып, саны бірнеше жүзге, мыңға жетеді. . Дене температурасының өзгеріп тұруы, ұзақ мерзімге ұйықтау, зат алмасуының төмендеуі қолқанаттылардың көпшілігінің 20, тіпті 27 жылға дейін өмір сүруіне себебін тигізеді. Қазба қалдықтары Европа мен Солтүстік Америкада алғашқы эоцен қабатынан табылған. Қолқанаттылар зиянды түн насекомдарымен қоректеніп, үлкен пайда келтіруімен қатар, адам үшін қауіпті індеттер таратуда да алатын орны үлкен. ....
Талдықорған қаласы 1944 жылы құрылған. 2000 жылдан бастап Алматы облысының орталығы болып саналады.Талдықорған қаласы Қазақстанның оңтүстік-шығысында, облыстық орталық тұсында, Жетісу Алатауының батысында, Қаратал өзенінің жағалауында орнасқан. Қаланың жер аумағы 8233га. Тұрғын халқының жалпы саны 118,3 мың адам (2003ж), 1869 Талдықроған қыстауының орнына Гавриловка селосы бой көтерді. 1922 жылы Қапал уезінің орталығы болып, қайтадан Талдықорған аталады. 1932-1944жылдары аудан орталығы, 1944-1959 жылы Алматы облысынан бөлінген Талдықорған облысының орталығы. 1968жылы Жетісу өлкесінің өндіргіш күштеоін одан әрі дамыту мақсатымен қайта құрылған Талдықорған облысының орталығына айналды. 1997 жылы облыс тағы тарқатылып, Алматы облысына қосылды. 2000 жылы 14 сәуірде облыс орталығы Алматыдан Талдықорған қаласына көшірілді. Қаланың климаты континенттік.Қаңтар айының жылдық ортақ температурасы-11-13 С, шілдеде—22-24 С.Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері—350-400мм.Оның басым бөлігі наурыз-мамыр және қараша-желтоқсан айларында түседі. Жел негізінен солтүстік-шығыс, солтүстік-батыстан соғады. Тұрақты қар жамылғысы қараша айының соңғы онкүндігінде түсіп, наурыздың екінші онкүндігінде ери бастайды.Талдықорған бұта аралас сұлыбас, бетеге, боз, эфемерлі-бозжусанды шөлейт белдемде жатыр. Қала аумағында шөмішгүл, қарағай, сиягүл, жаңғақ сабынкөгі, қызғалдақ, долана, шырғанақ, шұғынық гүл, кәдімгі өрік, қызыл мия, шырмауық, қарасора, алабота, жусан т.б. шөптесіндер өседі. Қалалық әкәмшілік аумаққа қарасты елді мекендер:Еркін, Заречный, Өтенай, Заря, Еңбек, Пригородное 3-ші және 5-бөлімше және экономика-технологиялық колледжінің оқу-тәжірибе шаруашылығы. Қаладағы тұрғын халықтың 51%-ке жуығы қазақтар, сондай-ақ, орыстар (36%), кәрістер(4,4%), татарлар(2,2%), украиндар(1,4%), т.б. ұлт өкілдері бар.Халықтың орналысу тығыздығы 1км –ге шаққанда 1155 адам. Қалада 1570 жұмыс істейтін ауыл шаруашылық, өнеркәсіпорыны мен ұжымдар тіркелген, олардың арасында серіктес шаруашылықтар саны—10585, 72 АҚ, 82 өндірістік кооператив бар. Өнеркәсіп бағытындағы ірі кәсіпорындарға «Қайнар», «Темір», «Қазақаккумулятор», «Темірбетон», «Ажар», «Нан», «Өрнек», «Аққу», «Сайман», «Қаласүтзауыты», «Мирас», т.б. акционерлік қоғам жатады. Ауыл шаруашылық бағытында 95, құрылыста 96 акционерлік қоғам бар. Қалада әр түрлі салаларға маманданған «Гамма» АҚ , «Механикаландырылған жұмыстар» ЖАҚ, «Құрылысшы» ӨЖ, «Шымыр» ЖАҚ, «Ақ сұққар-ай» ЖАҚ, «Талдықорған электр желілері құрылысы» АҚ, «Ақжол» ЖАҚ, «Қалалықжол құрылысы» ЖАҚ, т.б. жұмыс істейді. ....
Ресейдегі әлеуметтану ойының қалыптасуы меи дамуы XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың үлесіне тиді. Ресейде әлеуметтану ғылымы саласында зерттеулер жүргізген көптеген ойшылдар шықты. Олар әр түрлі әлеуметтану бағыттары мен ағымдарын қалыптастырды. Геогра-фиялық идеядағы бағыт географ-ғалым әрі әлеуметтанушы Лев Ильич Мечниковтың (1838-1888) еңбектерінде анық байқалды. Л. И. Мечниковтың әлеуметтану теориясы тұрғысынан қарастырған мәселелері оның «Өркениет және ұлы тарихи өзендер» деген ірі еңбегінде баяндалды. Социал-дарвинизмнің әлеуметтік заңдылықтарды механикалық тіршілік үшін күрес заңына ұқсастыру тұжырымдамасын жоққа шығарып, зерттеуші әлеуметтануды нақты ғылыми пәнге айналдыруды көздеді. Ол үшін, оның пікірі бойынша, қоғамдық өмірдің шынайы ерекшелікті заңдарын тұжырымдау, сонымен қатар әлеуметтік прогресс белгі-өлшемдерін барынша мұқияттылықпен анықтау қажет болды. Бірнеше тіршілік иелері ортақ мақсатқа бірлесе күш жұмсап жету үшін қай жерде жиналса, қоғам сол жерден басталады деп ойлап, Л. И. Мечников қоғамда кооперациялар, ынтымақтастық құруға тырысу анықтаушы болатынын атап көрсетті. Биологияның зерттейтін құбылысы жан-жануарлар мен өсімдіктердің тіршілік ету жағдайынан тұратын болса, әлеуметтануды тек ынтымақтастық және күштерді біріктірудің көрінісі, яғни табиғаттағы кооперация факторлары қызықтырады. Әлеуметтануды дүниедегі бір клеткалыдан бастап, адамдардың өндіріс-тік кооперацияларына дейінгі ынтымақтастықтың бүкіл құбылыстарын қамтыған ғылым ретінде анықтап, Л. И. Мечников қоғам мен биологиялық организм арасындағы өнімдер ұқсастығын пайдалануға бағыт ұстады, сонымен қатар ол қарапайым биологиялық редукционизмді жоққа шығарды. Қоғамдық прогресс идеясы Л. И. Мечниковтың әлеуметтану тұжы-рымдамаларында маңызды-орынға ие болды. Оның пікірінше, прогресс идеясы болмайынша адамзат тарихы тек оқиғалардың мағынасыз қоймасы болып қалады. Бұл тұрғыдан алғанда әлеуметтану міндеттеріне прогресс неден тұрады, қоғамның алға қарай дамуын қандай нақты белгі-өлшемдермен анықтап білуге болады деген мәселелерді қойды. ....
Желіде Қазақстанның Тұңғыш президентінің мәртебесі туралы видео пайда болды. Елбасының ерен еңбегі мен қазір атқарып жатқан қызметі жөніндегі бейнежазбаны оның баспасөз хатшысы Айдос Үкібай өзінің Twitter парақшасында жариялаған деп жазады nur.kz.
Жарнама сөзі латынның «reclamare» деген сөзінен шығып айқайлап шақыру, шақырғанға көңіл бөлу дегенді білдіреді. Қазақстан республикасының 19.12.03. қабылданған «Жарнама туралы» заңы жарнама туралы келесідей анықтама береді: Жарнама – бұл анықталмаған тұлғалар ортасына арналған және берілген тауарларға идеяларға және бастамаларға жеке және заңды тұлғалардың қызығушылығын аяқтауға және қалыптастыруға негізделген және тауарларды, идеяларды бастамаларды реализациялауға бағытталған кез келген формада және әр түрлі құралдар арқылы таратылатын жеке заңды тұлға, тауар идея және бастамалар туралы (жарнамалық ақпарат) ақпарат. Біз байқағандай заң жарнамаға кең ауқымды анықтама беріп отыр. Әдетте шетелдік авторлар да жарнамаға сондай ауқымды анықтама береді. Негізінен маркетингтік көзқараста. АҚШ-тың Солтүстік –Батыс үниверситетінің маркетинг профессоры әйгілі маркетолог Филип Котлер жарнамаға келесідей анықтама береді. «Жарнама нақты қаржыландыру көзі көрсетілген ақылы ақпаратты тарату құралдары арқылы жүзеге асырылатын коммуникацияның жеке емес формаларын көрсетеді. (Котлер Ф. Основы маркетинга – М. Прогресс 1990 511 бет). Жарнаманың ең көп тараған саласының бірі туризмдегі жарнама болып табылады, бұл жерде жарнамалық әсер етуі – туристтік тауарлар, туристтік кәсіпорындар, сол кәсіпорындар көрсететін қызметтер. Туризмдегі жарнама- бұл тауар немесе қызмет көрсету түрлерінің атын шығаруға, тұтынушылардың назарын аударуға, тауар немесе қызметті көбейтуге бағытталған іс-шараларды және әр түрлі тауар қызметтерін, жаңалықтарды таратуға негізделген жарнама. Жарнамалық хабарландырудың қарапайым ақпараттық хабарландырудан айырмашылығы ол адамдардың әр түрлі тауарларға деген қызығушылығын аяқтады. Жарнама нарықтық жарнаманың бір бөлігін құрайды. Жарнама тұтынушыға тауар немесе қызмет жайлы нақты және тура мәліметтер беруі керек. Жарнамалық хабарламаларда тауар сапасы тым асырып айтылып не болмаса фальсификациялы тауарды (қызметі) толық ретінде көрсетуге немесе әр түрлі кері мотивацияларды қолдануға болмайды. Жарнама құрылуы кезінде эстетикалық талаптарға жауап беруі қажет. Ал оны құрудағы шығындары рационалды шектен асп кетпеуі керек. Бір айта кететін жай жарнама бұл әрқашан да мәлімет, ал жарнама бола бермейді. Бір жағынан жарнама тұтынушыға тауарды сатып алуға және қолдануға керекті мәліметтерді жеткізеді. Келесі бір жағынан жарнама өзінің ақпараттылығын қолданып, тауарды адамға сенімділікпен жеткізумен адамға эмоционалды психикалық әсер етеді. Осыдан қорыта айтқанда жарнама өз алдында бір уақытта жұмыс та, шеберлік те болып табылады. Бірақ басқа түрлері де адам өміріне аз әсерін тигізбейді. Бүкіл әлімде бұрынғы кезден бастап саяси жарнаманы қолданады. Жарнаманың көмегімен тұтынушы өзіне керек тауарларды жылдам және оңай жолдармен аз уақыт ішінде алуына мүмкіндігі болады....