Ағайын барды күндеп көре алмайды, Жоқ болса, жомарттық қып бере алмайды. Кәнеки, бермегенің сол емес пе, Білмеген-білген тілін неге алмайды? Екі көз бір-біріне дұшпан болып, Болса да қандай.....
Қай заманда өткені белгісіз, Сағат есімді үрерге иті, сығарға биті жоқ, сіңірі шыққан қу кедей болыпты. Ол бірде аштықтан көзі қарайып, басы ауған жаққа қаңғалақтап келе жатыпты. Әбден қалжырап, ұйқы мендеген байғұс сәл тынығып алайын деп бір құмайт жерге жантая кетіпті. Арқасына аяздай батқан жоқшылық ұйықтаса да қыр соңынан қалмаса керек. Түсінде де осы азаптан бас сауғалап, қашып келе жатса, алдынан сақалы белуарына түскен аппақ қудай қария шығады. Жарлының жолын кес-кестеп: – Оян! – депті. – Өзің жантайған құмайттың оң жағына қарай он қадам жүрсең, ескі жертөленің орны бар. Сол арадағы қираған ошақтың астын сынық сүйемдей қазсаң, Сүлеймен саудагердің былғары сақтияны.....
ҚорқытАта – түркі халықтарына ортақ ұлы ойшыл, жырау, қобызшы. ҚорқытАта өмірде ізі, артында әдеби-музыка мұрасы қалған тарихи тұлға ретінде белгілі. ҚорқытАтаның өмір сүрген кезеңі туралы ғылымда әр түрлі болжамдар қалыптасқан. Алайда зерттеулердің көпшілігі ҚорқытАта Сырдария бойында өмір сүрген оғыз-қыпшақ тайпалық бірлестігінде 10 ғасырдың басында дүниеге келген деген тұжырымға саяды. Рашид әд-Дин “Жамиғ Ат-Тауарих” атты тарихи шежіресінде ҚорқытАтаны қайы тайпасынан шыққан десе, Әбілғазының “Түрік шежіресінде” оның тегі баят екендігі, оғыздардың елбегі болып, 95 жасқа келіп қайтыс болғандығы айтылады. Сыр жағасына жақын жерде Қорқытатаның зираты болғанын Ә.Диваев, т.б. ғалымдар өз еңбектерінде атап өтеді. Ә.Қоңыратбаевтың зерттеулерінде Қорқытата 11 ғасырдың басында дүниеден өткен делінсе, Ә.Марғұланның еңбектерінде ол 7 – 8 ғасыр аралығында өмір сүрді деген пікір айтылады. Қазақ философиясы тарихында ҚорқытАта– ел бірлігін нығайтқан кемеңгер қайраткер, түркі дүниетанымының негізін жасаған ғұлама ойшыл, әлемдік ақыл-ой мәдениетінде өзіндік орны бар философ-гуманист ретінде көрінеді. ҚорқытАта жайындағы......