Боз атты Боран батыр
Ер төстік ертегісі
Ерте заманда Ерназар деген кісі болыпты. Ерназардың өзі бай болыпты. Қора толған қойлары болыпты. Матау толған түйелері болыпты. Өріс толған жылқылары болыпты. Ерназардың сегіз ұлы болыпты. Бір жылы үлкен жұт болып, ел малын алысқа, отарға айдап кетіпті. Ерназардың сегіз ұлы соның ішінде кетіпті. Бір қыстық азығын алып, кемпірі мен Ерназар үйінде қалыпты. Ерназардың сегіз ұлы сол кеткеннен хабарсыз кетеді, айлар өтеді - келмейді, жылдар өтеді - келмейді. Ерназардың азығы таусылады, ашықты, жейтін тамақ таппады. Кемпірімен екеуінің орнынан тұруға әлдері әрең-әрең келеді.
Бір күні кешке жақын кемпір төсегінен тұрып, үйінің түңдігін ашады. Тұруға мұршасы келмей жатқан шал шаңыраққа қараса, шаңырақтың күлдіреуішінде керулі тұрған кер биенің төстігі көзіне түседі. Ерназардың қуанып, есі шығады:
- Кемпір, сүйінші! Керулі тұрған кер биенің төстігі майлы......
Балабақша | Мақта қыз бен мысық ертегісі
Ермек
Күндерде бір күн Ермек шешесін қалдырып, өзі оқуға кетеді. Айлардан ай, жылдардан жыл өткенде ол, бір қалаға жетеді. Сонда жүріп, әлде қалай базарға шыға қалса, бір шал сандық көтеріп жүріп: «Осы сандықты алған да арманда, алмаған да арманда», - депті. Ермек келе салып:
- Бұл сандығыңа не сұрайсың? - депті.
Шал:
- Сандығыма мың ділда сұраймын, - депті.
- Мә ақшаң! - деп, ақшасын санап беріп, сандықты аллып, хат жазып, шешесіне беріп жібереді.
Ермек онымен оқи берсін, шешесіне келейік.
Кемпір көк сиырдың ертеңгі, кешкі сүтін пісіріп ішіп күнелтеді. Баласын ойлап, анда-санда жылап қояды. Бір күні кемпірдің алдына баласы жіберген сандық келеді. Кемпір қуанып, соны жер үйге бүкшеңдеп.....
Қазақша ертегі - мультфильм: Мияның ертегі әлемі - Айдаһарды құтқару
Қазақша ертегі - мультфильм: Мияның ертегі әлемі - Алтын мүйізді құлын
Қазақша ертегі - мультфильм: Мияның ертегі әлемі - Орман құбыжығы
Мұзафар Әлімбаев (Жан сырымды көрінгенге шертем бе)
Көзім салман серісымақ селтеңге.
Осыншама өрттен қалған Еменмін.
Түбірінен қайта қаулап өртеңде.
Кіл тәттіден тұрса егер сыбағам,
Мен тағдырдан ұзақ.....
Жақсылық пен жамандық
- Жақсылық, сен мені артыңа мінгестіре кетші, - депті.
Жақсылық:
- Олай болса, сен қазір мына атқа мін де, біраз жер жүріп барып, түсіп, атыңды байла да өзің жаяу кете бер. Сондан соң мен жетіп, атпен біраз жерге жүріп, саған тағы байлап кетермін. Сөйтіп, баратын жеріміізге кезек мініп жетейік. Екеуміз мінгессек атқа қиын соғар, - депті.
Сонан соң Жамандық атқа мініп алып, сол кеткеннен Жақсылықты есіне алмастан, кете беріпті.
Жақсылық шаршап, арып-ашып, кешке жақын бір күркезге....