Сібір және Монғолия далаларына таралған жұмбақ жазулардың бар екендігі туралы ғылыми орта ертеден-ақ білетін еді. Оларды «Руна жазулары», яғни скандинавия тілдерінен алғанда «құпия, сыры ашылмаған» таңбалар деп атайтын. Ол кезде әлем ғалымдары сондықтан, бұл жазуларды көне Угор тайпаларының (Орал халықтарының ата-бабалары) мұрасы деп есептеді. Жазуларды зерттеуге арнайы ұйымдастырылған Ресей Ғылым Академиясының экспедициясы Минусинск ойпатында іздестіру жұмыстарын жүргізіп, Д.Г. Мессершмидт және Ф.И. фон Стралленберг 1721-1722 жылдар аралығында көптеген материалдар жинақтады. Жиалған деректер ғылыми тұрғыдан екшеліп, 1729 ж. З. Байердің "Санкт-Петербургтегі Императорлық ғылым Академиясының жазбаларында" жарық көріп, Еуропадағы барлық Шығыстанушылардың қатты қызығу нысанына айналды. 1730 жылы Ф.И. фон Страленбергтің өзі де зерттеулерінің қорытындысын және жазулардың көшірмелерін жариялады. Оқылудың әртүрлі жолдары ұсынылғанмен, қандай да бір ақырғы қорытынды шығаруға деректер әлі аздау болатын, себебі Минусинск аймағынан табылған бұл жазулар үзік-үзік және соған сәйкес жарияланған мәліметтердегі көшірмелердің көрінісі тым қысқа-қысқа және жазулардың өзі жартылай өшіп қалған болатын. ....
Тақырыптың өзектілігі: Қазақ халқы – дүниенің төрт бұрышын адамзат баласының ең озық өркениетке жеткен ұрпақтарымен терезесі тең, телегейдей тарихы бар, тебірентер мәдениеті бар ел. Қазақтың ілкі ата-бабалары – түркілер, ғұндар, сақтар. Солар жасаған мәдениетке ортақпыз. Өз алдына қазақ хандығы құрылғанға дейінгі (ХҮғ.) дәуірлерде бізді жалпы атпен түріктер деп атаған. Көк Тәңіріне табынып, Көк бөріден тарағандықтан, Көк түріктер атанғанбыз. Шамамен ҮІ ғасырдың орта кезінде, Жетісу, Алтай, Орталық Азияны мекен еткен түрлі ру-тайпалар бірігіп, Түрік қағанаты деп аталатын мемлекет құрғаны тарихтан бізге мәлім. Міне, сол ежелгі түркі дәуірінің қоғамдық, әдеби, мәдени өмірін жыр еткен ғажайып жыр-дастандар бар. Бұлар – “Күлтегін”, “Тоныкөк”, “Білге қаған” жырлары. Бұл тарихи ескерткіштер бұдан 1250 жыл бұрын тасқа қашалып жазылған әдеби мұра. Осы ескерткіштер идеялық мазмұны жағынан да, көркемдік шеберлік тұрғысынан да күні бүгінге дейін өз оқушысын таңдандырып, тамсандырып келеді. Орхон-Енисей жазба ескерткіштерін оқу, басқа тілдерге аударма жасау және ғылыми текстін дайындау ісіне В.В.Радлов, В.В.Томсен, Ю.Немет, Х.Н.Оркун, т.б. орыс және шетел ғалымдары қыруар мол үлес қосты. Әсіресе көрнекті ғалым С.Е.Малов көне түркі жазуындағы тексттердің орыс тіліне дұрыс тәржіма жасалу жағына көбірек назар аударды. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілін қазіргі қазақ тілі фактілерімен салыстыра отырып, зерттеуші бір топ ғалымдар Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк құрметіне жазылған жыр жолдарының тілі дыбыстық жағынан да, лексикалық және морфологиялық тұрғыдан да қазақ тіліне жақын деген ғылыми пікірді айтқан. Мәселен, С.Аманжолов, Ғ.Мұсабаев, Ғ.Айдаров, А.Аманжолов, Е.Ағманов, А.Есенғұлов, Қ.Өмірәлиев, т.б. бірқатар лингвист- ғалымдар осы пікірді әрқайсысы түрлі қырынан келіп дәлелдеп, аса құнды пікір әрқайсысы түрлі қырынан келіп дәлелдеп, аса құнды ғылыми еңбектер жариялады. Аталмыш ескерткіштер сол дәуірдің өзіне тән поэзиялық дәстүрімен жазылған әдебиет үлгілері деген түйін жасаймыз. Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері: Көне түркі жазба ескерткіштерін әдебиеттің басқа жанрларымен салыстыра отырып қазақ ауыз әдебиетінің мұраларымен, оның ішінде батырлық жырлармен байланысын, ұқсастығын айқындау, тілдік ерекшеліктерін, құрылымын, қолданысын көрсету диплом жұмысының басты мақсаты мен міндеті болып табылады. Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Жұмыс барысында көне түрік жәдігерліктерін зерделей отырып, Күлтегін жазбасының шағын фольклорлық жанрлармен байланысы, көркемдік тәсілдеріндегі ортақ қолданыстары, Күлтегін жазбасындағы эпикалық дәстүр көрінісі, Орхон ескерткіштерінің фольклорлық тұрғыдан зерттелуі идея мен композициялық құрылымын ашуға жіті көңіл бөлінді ....
ХХ ғасырдың соңғы онжылдығында Кеңес Одағының және Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қалыптасқан халықаралық қатынастардың бүкіл тұтас жүйесі құлауымен байланысты әлемдік саясатта ғаламдық өзгерістер орын алды. Биполярлы жүйе құлауымен байланысты әлемдік екі саяси жүйе арасында әскери және қарулы күштер саласындағы жарыс тоқтатындай көрінді. Алайда, биполярлы жүйелен кейін жекелеген мемлекеттердің ұлттық мүдделерінің алуан түрлілігіне орай геосаяси қарама-қайшылықтың орнады. Сол себепті халықаралық қатынастар тәжірибесінде әскери және қарулы күштер қолданылмайтын жаңа дәуір басталды деп айту қате тұжырым. Халықаралық қатынастардың жаңа заманға өтпелі кезеңінде ядролық қарудың жаңа әскери-саяси жағдайдағы ролін анықтау маңызды мәселеге айналды. Оның себебі, қазіргі ғаламдану жағдайындағы әлем мемлекеттердің арасындағы бұрынғыдай идеологиялық емес, өркениеттік діл және дін қарама-қайшылығының өсуі, дамушы мемлекеттерде тұрақсыздықтың орын алуы. Бүгінгі заманда мемлекетте ядролық қарудың бар болуы ғана емес, сол мемлекеттердің ядролық қару жасауға ниеттелуінің өзі де үлкен мәнге ие болып отыр. Бұл мәселенің жарқын мысалы ретінде КХДР-дың ядролық бағдарламасына байланысты туындаған 2002-2003 жылдары қалыптасқан халықаралық қатынастардың тұрақсыздық жағдайы бола алады. Алайда КХДР-да қалыптасқан тоталитарлық тәртіп пен сыртқы дүниеге жабық саясатын жүргізу саясатына байланысты бұл мемлекеттің ядролық қару жасау мүмкіндігі мен нақты жоспарлары бүгінде анық белгісіз күйінде қалып отыр. ....
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диплом жұмысы ТМД шеңберіндегі қазақ диаспорасының мәселелері мен Қазақстанның көзқарасы (1991-2006жж) тақырыбын зерттеуге арналған. Жұмыста қазіргі кездегі халықаралық қатынастардағы жүйесіндегі жаһандану, аймақтану, кірігу үрдістерінде - тәуелсіздікке қол жеткізген жас мемлекеттердің ішіндегі Қазақстанның тарихи жағдай тәлкегімен тағдырдың айдауымен жат жерлерге қоныс аударып кеткен алаштың мыңдаған ұрпақтарының тарихи отанымызда бас қосуы, атамекеніне қайта оралуы, қандастарымен кеңінен қарым-қатынас орната бастауы мәселелеріне ерекше көңіл бөлінген. Ғылыми жұмыста Қазақстан мен ТМД елдерінің арасындағы екі және көпжақты саяси, мәдени қарым-қатынастардың қалыптасуы, дамуы және болашағы жан-жақты қарастырылады. Диплом жұмысының өзектілігі. Қазіргі таңда әлемдік мәдени ынтымақтастық үрдісінің күрделене түсуі халықаралық қатынастар жүйесінің дамуына елеулі ықпал жасауда. Алыс және жақын шетелдердегі қазақ диаспорасы қазақ ұлтының үштен бірі немесе 4,3 миллион адамды құрайды. Олардың көпшілік бөлігі Кеңестік кезеңдегі революцияның және азамат соғыстары, зорлап ұйымдастыру, ашаршылық, жаппай қуғын-сүргін салдарынан өздерінің тарихи отандарынан кетуге мәжбүр болды. Сонымен, тарихқа терең бойламай-ақ, адамзат тарихындағы алапат ғасыр ХХ ғасырдағы қазақ ахуалын сөз етсек, өз елі, өз жерінде отырып, қазақтай генезиз кешкен қасіретті ұлт жоқ екен. Мешін қырғыны - 1932 жылғы ашаршылық 43 пайызынан айырса, 30-жылдардағы саяси нәубет - ұлт қаймағын сыпырды. Екінші дүниежүзілік соғыстағы қынадай қырылған боздақтар, одан соңғы кеңестік саясат жемісінен болған жасанды ассимиляция. Осынша қасіретті бастан өткерсе де ұлт қуаты кеміген жоқ. Қазақ кім десеңіз, тағдыр талайымен қайғы кешіп келген чешен мен неміске, ұйғыр мен кәріске өзі жарымай отырып, жеген нанының жартысын бөліп беріп, аман сақтап қалған дархан жұрт, кең пейіл ел. "Қазақ осындай болмаса, қырыларымыз анық еді" - деп қазаққа мәңгі алғыс айтатын сол қасіретті жұрттардың алғыс батасы шығар, бүгін етек жеңімізді жауып, үзенгілестен бас оздырдық. Қазақ кім десеңіз - тізгіні қолына тиген шақта, бағы беймәлім болып аңырап тұрған кезде, тыңнан тесіп жол салып, "соқтықпалы соқпақсыз" сергелдең шақта жорғадай жосылып, жол тапқан ұлт, ағайын. Саясат сонарында аңшы дәуірімен атайыдай арбасып, парасат пен саясат жүргізіп ақсақалдың ақылына, елдің сабырына, жастың жалынына сүйеніп, сергелдең кешсе де, сертінде тұрып, сүйреп берген сүйенерге лайық ерің - сол қазақтың баласы. КСРО тарағаннан кейін жақын шетелдердегі (ТМД) қазақтар диаспораға айналды. ТМД елдеріндегі диаспоралардың мәдени және әлеуметтік - экономикалық өркендеу деңгейі бір-біріне мүлде ұқсамайды.....
Қазақ халқының ғасырлар қойнауына кетер тарихы, ұлы ұлағат пен адамгершiлiк иманға және тек өзiне ғана тән ерекшелiктерге толы ұлттық құқықтық мәдениетi бар. Бұл мәдениеттiң бастаулары пәк те мөлдiр, иiрiмi – терең де тұңғиық, түла бойы тұнған дүниетанулық ой-әуенге толы өнеге мен өсиет. Сондықтан осынау бiр “өтпелi кезең” атты бимәлiм өлiара дәуiрде тұрған бүгiнгi ұрпақтың басты мiндетi – елеусiз қалған осы асыл қазынасына көңiл аударып, оны өгейсiтпей бауыр тарту, сөйтiп заман көшiнен жұққан шаң-тозаңнан арылтып, оны өзiнiң бүгiнгi өмiрiнiң айнымас тiректерiнiң бiрiне айналдыру. Әрине, бұл оңай шаруа емес, дегенмен оның мемлекеттiк және құқықтық өмiрiмiздiң бүгiнгiсi мен болашағының қажеттiлiктерiнiң бiрi екендiгiн мойындағанымыз абзал. Халқымыздың құқықтық болмысын және мәдениетiн толық игермей, оны өзiмiздiң төл мемлекетiмiз бен құқықтық жүйемiздiң алтын арқауы етпей Республикамызда құқылық мемлекет құрамыз деудiң өзi – “көзжұмбайлыққа” салыну, тарих тағлымына немқұрайлықпен қарау, қазiр жүргiзiлiп және болашақта көзделiп отырған реформаларға пәрмендiлiк пен қуат берер асыл арналарды тануда кешiрiлмес селқостық таныту. Ұлттық құқықтық мәдениетiмiздiң ғылыми түр-тұлғасын сомдап, шынайы табиғатын ашу әлi де болса келешектiң iсi. Бұған дейiн бiз бұл мәселеге тек танымдық қана мәнi бар деген көзқарас төңiрегiнен қарадық, сөйтiп оның тарихи контексiне ден қойдық. Құқықтық мәдениетiмiздiң бүгiнгiсi мен болашағы туралы сұрақты анық та ашық қоя алмадық. Ал, қазiр жағдай түбегейлi өзгердi. Республикамыз Егемендiк алып, мемлекеттiк тәуелсiздiгiмiз өмiр ақиқатына айнала бастасымен ұлтымыздың құқықтық мәдениетiн танып бiлу және игеру, шамамыз келгенше оны жаңғырту және пайдалану күн тәртiбiне қойылып отыр. Өзiне ғана тән құқықтық сезiмi, құқықтық ұғымы және танымы халқымыздың жадында. Ендi өзiнiң осы бiр ерекшелiгiн – ұлттық құқықтық мәдениетiн – ескерудi және соған назар аударуды талап етуде. Бүгiнгi күн оқиғалары халқымыздың дәстүрлi құқықтық мәдениетiн тек танымдық, тарихи ғана мәнiмен шектеудiң ағаттығын, оның бүгiнгiсiне зер салып, болашағына зор үмiт артудың артық емес екендiгiн ескерткендей. Олай болатын болса бұл саладағы бiздiң ғылыми iзденiстерiмiзге де жаңа серпiн, тың леп беру керек. Әсiресе ұлттық құқықтық мәдениетiмiздiң тарихына арналған ғылыми зерттеулерiмiздi оның бүгiнгi халi мен болашағын анықтап, сараптауға бағышталған iзденiстермен қатар әрi тығыз байланысты өрбiткен абзал. Бiз сонда ғана ұлттық құқықтық мәдениеттегi орнын, жетiстiгiн және ерекшелiгiн анықтаймыз, сөйтiп оның дүниежүзiлiк тарихтағы шынайы әрi обьективтi келбетiн мүсiндеуге жол ашамыз. Көшпелi қазақ қоғамындағы құқықтық өмiрдi арнайы бақылап, оны жүйелi түрде зерттеп-зерделеудiң ұзаққа созылған тарихы бар. Оның бастауы көшпелiлер тарихының ежелгi дәуiрлерiне барып тiреледi. Сол кезден бастап қазақ сахарасындағы әдет заңдары хатқа түсiрiлiп, оларды iздеп, жинау, жариялап-зерттеу iсi бiрте-бiрте жолға қойылды. Дегенмен, қолда бар деректер қазақ әдет-ғұрып құқығының зерттелу барысын Ресейдiң қол астына ену кезеңiнен бастауға ғана мүмкiндiк бередi. ....
Қай халықтың болса да ең маңызды ескерткіші оның тарихы. Сол тарихымыздың орыс отаршылдығы және кешегі КСРО кезінде бұрмаланып келгендегі, ақтаңдақтардың болғандығы ақиқат. Сол ақиқаттардың ең үлкені-халқымыздың ұлт-азаттық жолындағы күресі еді. Өткенді білмесең-болашағың бұлыңғыр. Өткенді білу-бүгініңк сабақ, болашаққа бағдар. Өзіңнің тарихыңды тану-елдігіңнің, өскеніңнің айғағы. Біз өткені жоқ халық емес едік, бірақ та сол өткенімізді біле білмей келдік. Біз тарихы жоқ халық емес едік, бірақ та тарихымызды тани алмай келдік. Я, кешегі қызыл империя тұсында тарихымыз өрескіл бұрмаланып, өктем саясаттың құрбанына айналдық. Кенесары Қасымұлы бастаған халық көтерілісі туралы шындықтыбілгенімізден де білмегеніміздің көп болғаны соның айғағы екені анық. Халқымыздың небір заманды басынан өткергенін «елім» деп еңіреген қандай қасиетті ұл-қыздары болғанын білмей тұрып, өзіміздің кім екенімізді ұғамыз деу бекершілік екендігін ұқтық. Тәуелсіздік-бұл халық ұшін рухани азаматтық, ешқандай байлыққа айырбастауға болмайтын өлшеусіз бақыт. Міне осы Тәуелсіздік үшін Кенесары күресті, бар өмірін сарп етті. Қазақ елін біртұтас ел «Алаш» елі болса деп армандады. Тарихты әділ бағасын енді алып жатқан, арысымызды оқушыларға толық жеткізу мақсатында мен шығармашылық жұмысына Кенесарының ерлікке толы өмір жолын таңдадым. Мақсатым: Оқушыға бізге тәуелсіздікті қалай келгенін түсіндіру, оларды Отанын сүйетін, ер жүрек, ұлт жанды етіп тәрбиелеу. «Азаттың ащы дәмін, тәуелсіздіктің тәтті дәмін» татқан қайсар рухты Қазақ деген халықтың ұрпағы екендіктерін мақтанышпен айту. Кенесары батырдың туған жерінің азаттығы мен бостандығы үшін бар өмірін арнағнын оқушыларға жеткізіп, жастарды Отанға шын берілген азамат етіп тәрбиелеу....
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Кез-келген мемлекеттің мемлекет екендігін айғақтайтын бір дәлел оның шекарасының болуы. Онсыз мемлекет болмайды. Мемлекеттік аумақ белгілі бір мемлекеттің егемендігіне қарасты жер шарының бөлігі. Мемлекеттік аумақтың құрамдас бөлігі болып құрғақтағы, судағы, жер қойнауындағы және әуедегі кеңістіктер мен оларға теңесетін объектілер жатады /1/. Бұл аумақ шекара сызығымен белгіленеді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекара туралы 1993 жылғы 13 қаңтардағы заңында былай делінген: «Қазақстан Республикасының шекарасы дегеніміз- Қазақстан аумағының шегін-құрлығын, суын, жер қойнауын және әуе кеңістігін айқындайтын сызық және осы сызық бойынша тігінен өтетін үстіңгі қабат» /2/. Тарихқа көз жүгіртсек осы мемлекет аумағы үшін қаншама соғыстар өткен. Мақсат- жер иемдену. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы жерлер дауы сонау тарих тереңіне тартады. Шыңғысхан жаулап алушылығына дейін бүкіл Дешті Қыпшақ даласы мен Орта Азияда түркі тектес мемлекеттер өмір сүріп жатты. Шыңғысханның жаулап алуымен бұл жерлерде Монғол империясының үстемдігі жүрді. XIV-XV ғасырлар тоғысында Орта Азия жері Әмір Темірдің иелігіне өтті. XV ғасырда Орта Азия мен Қазақстан жерінде ыдыраған империялардың орнында ұсақ мемлекеттер бой көтерді. XV ғасырдың ортасында құрылған Қазақ хандығы мен Шайбанилер арасындағы таласты жерлер Сыр бойы қалалары болды. Қасым ханның тұсында Қазақ хандығына қараған Сыр бойы қалалары оның ізбасарлары тұсында Шайбаниліктерге (өзбектерге) тиесілі болды. Тоқымдай жер үшін жан беріскен таластар болып жатты. Есім хан 1598 жылы Ташкентті алып, оны Қазақ хандығының астанасы етеді. 1798 жылы Уәли тұсында Ташкентті қоқандықтар басып алады. Осыдан кейін Қоқан хандығының агрессиясына Оңтүстік Қазақстан өңірі, Жетісу ұшырайды. 1864-1865 жылдары Перовский мен Веревкин бастаған орыс әскерлері Қазақстанның Оңтүстігіндегі Шымкент, Түркістан, Әулиеата, Ақмешіт секілді қалаларды қоқандық езгіден азат етеді. Көп кешікпей орыс әскерлері қоқандықтардан Хиуа, Ташкент секілді ірі қалалардағы алып қоқандықтардың үстемдігіне біржола нүкте қояды. Ендігі кезекте реформаларға толы Ресей құрамындағы өмір басталады. 1867-1868 жылдардағы реформалар бойынша Қазақстан жері Генерал-губернаторлықтарға бөлінді. 1917 жылы қос бірдей революцияны өткерген Ресейде Кеңес өкіметі орнады. Елде біртұтас Совет халқын қалыптастыру шарасы қызу жүргізіле бастады. Коммунистердің көзсіз көсеміне айналған В.И.Ленин «Әр ұлт өзін-өзі билеуге құқылы» деп ....
Тақырыптың өзектілігі . XIX ғасырдың 20–шы жылдарында патша өкіметі қазақ қоғамындағы ескі патриархалдың басқару жүйесін жоюға бағытталған өзінің саясатында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізгеннен кейін хандық билікті , рулық жиналыстарды толықтай жоюға кірісе отырып , басқарудың жаңа формасын құра бастады . Дәлірек айтсақ осы кезеңнен бастап патшалық Ресей саясатының қазақ жеріндегі жаңа кезеңі басталды . Өйткені XIX ғасырдың екінші онжылдығында Орта жүз және кіші жүз жерлерінде басқару реформасының жүргізілуіне өте қолайлы жағдай қалыптасқан еді . Дәл осы уақытта қазақ жүздерінің ханы қайтыс болды . Осы жағдайды пайдалана білген патша өкіметі қазақ жеріндегі хандық билікті толықтай жою үшін , жаңа басқару реформасын жүргізе бастады . Курстық жұмыстың мақсаты: 1822ж– 1824жылдары қабылданған « Сібір және Орынбор қырғыздары туралы Жарғысының » мәнін ашып көрсету. Курстық жұмыстың міндеттері : • Кіші жүз және Орта жүз қазақтарын басқарудың әкімшілік жаңа жүйесінің мәнін ашу ; • 1822ж– 1824жылдары қабылданған « Сібір және Орынбор қырғыздары туралы Жарғысының » мазмұны мен іске асырылуының тарихи маңызын зерттеу ; • Хандық билікпен сот жүйесіндегі өзгерістеріне назар аудару ; Бұл жарғы бүкіл Орта жүзбен Кіші жүздерді түгел қамтыды.Ереженің басты қозғаушы күші қазақтың шұрайлы суы мол жерлерін отарлау еді. Сонымен қатар негізгі міндеті жұмыстың ішіндегі Жарғылардың негізгі тараулары мен пунктерінің мәнін ашып оларға сәйкестік беру. Осылайша 1822 жылы орыстың ірі заңгері әрі мемлекет қайраткері , Сібір генерал–губернаторы М.М. Сперанский мен Орынбор генерал- губернаторы Г.К.Эссенмен бірге жарғыны дайындауға кіріскен болатын . Бұл қазақтарды басқарудағы ең маңызды заңдардың бірі болып саналады . Патшалық Ресей саясаты тұтас хандықты бөлшектеп басқаруға бағытталды . Жарғының басты мақсаты: • Қазақстанның солтүстік-шығыс өңірінде әкімшілік , сот , саяси басқаруды өзгерту ;
Ф-ОБ-001/035 • Рулық–феодалдық тәртіптерді әлсірету ; • Орта жүздегі хандық билікті жою; • Кіші жүздегі хандық билікті жою. Осылайша халықты орыстандырып , рухани тұрғыда мешеу ету көзделіп , елдің байлығын тонап–талау болатын . ....
XIX ғасырдың 20–шы жылдарында патша өкіметі қазақ қоғамындағы ескі патриархалдың басқару жүйесін жоюға бағытталған өзінің саясатында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізгеннен кейін хандық билікті , рулық жиналыстарды толықтай жоюға кірісе отырып , басқарудың жаңа формасын құра бастады . Дәлірек айтсақ осы кезеңнен бастап патшалық Ресей саясатының қазақ жеріндегі жаңа кезеңі басталды . Өйткені XIX ғасырдың екінші онжылдығында Орта жүз және кіші жүз жерлерінде басқару реформасының жүргізілуіне өте қолайлы жағдай қалыптасқан еді . Дәл осы уақытта қазақ жүздерінің ханы қайтыс болды . Осы жағдайды пайдалана білген патша өкіметі қазақ жеріндегі хандық билікті толықтай жою үшін , жаңа басқару реформасын жүргізе бастады . Курстық жұмыстың мақсаты: 1822ж– 1824жылдары қабылданған « Сібір және Орынбор қырғыздары туралы Жарғысының » мәнін ашып көрсету. Курстық жұмыстың міндеттері : • Кіші жүз және Орта жүз қазақтарын басқарудың әкімшілік жаңа жүйесінің мәнін ашу ; • 1822ж– 1824жылдары қабылданған « Сібір және Орынбор қырғыздары туралы Жарғысының » мазмұны мен іске асырылуының тарихи маңызын зерттеу ; • Хандық билікпен сот жүйесіндегі өзгерістеріне назар аудару ; Бұл жарғы бүкіл Орта жүзбен Кіші жүздерді түгел қамтыды.Ереженің басты қозғаушы күші қазақтың шұрайлы суы мол жерлерін отарлау еді. Сонымен қатар негізгі міндеті жұмыстың ішіндегі Жарғылардың негізгі тараулары мен пунктерінің мәнін ашып оларға сәйкестік беру. Осылайша 1822 жылы орыстың ірі заңгері әрі мемлекет қайраткері , Сібір генерал–губернаторы М.М. Сперанский мен Орынбор генерал- губернаторы Г.К.Эссенмен бірге жарғыны дайындауға кіріскен болатын . Бұл қазақтарды басқарудағы ең маңызды заңдардың бірі болып саналады . Патшалық Ресей саясаты тұтас хандықты бөлшектеп басқаруға бағытталды . Жарғының басты мақсаты: • Қазақстанның солтүстік-шығыс өңірінде әкімшілік , сот , саяси басқаруды өзгерту ; ....
Италияны өздеріне бағындырған соқ римдіктер жері мен құнарлы Сицилия аралын басып алуға әрекеттенді. Олардың Сицилияны басып алмақ ниеттерін жүзеге асыруымен Солтүстік Африкадағы аса бай қала — Карфаген қарсылық көрсетті. Карфаген Солтүстік Африкадағы байтақ жерлермен қоса, Испанияның бір бөлегіне және Жерорта теңізінің батысын дағы, аралдарға иелік еткен. Жалдамалылардан құралған ірі армиясы және қуатты соғыс кемелері де болды. Соған қарамастан Рим Карфагенмен бірінші соғыста ақ жеңіске жетеді де, Сицилияны иемденеді. Алайда Карфагеннің қуаты әлі қойған жоқ еді, енді екі жақ та жаңа шайқасқа әзірлене бастады. Рим сенаты мынадай жоспар жасады: консулдың бір армиясы карфагендіктерге Испанияда, екіншісі Африкада шабуыл жасауға тиіс болды. Бірақ карфагендік жас әрі талантты қолбасы Гиннибал римдіктер жоспарын күл талқан етеді. Ол тоғыз жасар бала кезінде-ақ өмірбақи римдіктердің жауы болып қалатыны туралы салтанатты ант берген. Осы антын орындайтын сәт сағаты туды. ....