Отбасын сақтайтын махаббат емес, сүйіспеншілік пен мейірімділік. Бұл қос сезіммен үйге тыныштық пен жан рахаты ұялайды. Шаңырақ жауапкершілігі – ерлі-зайыптылардың иығына теңдей жүктелетін міндет. Десе де, әйел затына жауапкершіліктің басым бөлігі тиетіні белгілі. Өйткені, әйел – күйеуінің игі ісіне жәрдемші һәм перзенттерінің мейірбан анасы. Сондықтан, бойжеткен жұбайлық жауапкершілікті сезіне отырып, ер азаматтың етегінен ұстамас бұрын бірнеше жайтқа ерекше мән бергені жөн.
1. Таңдауда жаңылма
Әйел бақыты өмірлік жарын дұрыс таңдауға тәуелді. Бұл – әйел өміріндегі аса маңызды шешім. Себебі, әйел тұрмыс құрумен өз тағдырын өзге еркектің қолына тапсырады. Ер азамат бойжеткеннің діни танымы, мінез-құлқы, көзқарасы қала берді әлеуметтік деңгейімен де сай келуі керек. Сонымен бірге, ер азамат отбасылық жауапкершілікті сезіне алатын және оның ауыртпалығын.....
Ерлерге (жігіт) пайдалы кеңестер | Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңестер
Жұмыстан келгенімде, жұбайым Жанар кешкі ас дайындап жатыр еді. Қасына жақындап «Маңызды нәрсе айтуым керек…» дедім. Қасыма отырды. Айтар сөзім оның жүрегін ауыртатынын түсініп тұрдым. Бірақ, қанша қиын болса да айтуым керек. «Ажырасайық…» дедім. Ашуланбады, қарсы сөз де айтпады. Себебін сұрады. Ешнәрсе айта алмағаныма ашуланды. Басқа әйелді жақсы көретінімді айта алмадым…
Ол түнімен жылап шықты. Бірге өткізген 20 жылдан кейін — ажырасу қиын болатыны түсінікті. Оның алдында өзімді кінәлі сезінгенім үшін, оған — Көлік, Үй және компаниямның 30% үлесін беретін келісім шарт дайындап қойдым. Бірақ, ол оған бір қарады да, жыртып тастады. Екеуміз мүлдем бейтаныс адамға айналдық. Оның маған жұмсаған уақыты мен күш жігеріне жаным....
Microsoftкорпорациясы сурет арқылы адамның жасы мен жынысын анықтайтын арнайы қызмет түрін жасады. Аталған қызмет how-old.net домені арқылы, Face detection API жүйесін қолданады. Сондай-ақ, How old қызметі Bing API іздеу құралдары мен PowerBI шынайы уақыт тәртібіндегі сарапшылардың көмегіне жүгінеді.
Көптің назарын бірден аударған қосымша электронды бетке жүктелген суретке....
WBA (Super), IBO және WBC (Interim) нұсқалары бойынша бокстан орта салмақтағы әлем чемпионы отандасымыз Геннадий Головкин спорттық мансабындағы 33-ші кездесуін жеңіспен аяқтады. Қазақстандық боксшы АҚШ-тың Калифорния штатында кіші Вилли Монроны алтыншы раундта техникалық нокаутпен жеңіп шықты.
Бірінші раундтан бастап-ақ қарсыласын ауыр соққылардың астына алған GGG америкалық боксшының адымын аштырмады. Ал екінші раундта екі рет қарсыласын нокдаунға жіберді. Бірақ Вилли Монро кездесуді....