Күләш Ахметова (Болашақ үшін)

«МАЙДАНҒА! МАЙДАНҒА!»
Қиылды қанаттары тәтті арманның,
Үзілді қайырмасы бақтарда әннің.
Әлемде ең сұмдық күн әйел үшін —
Майданға азаматтар аттанған күн.
Бұлт басты,
Ашық сәні қашты аспанның.
Жоғалсын заты бұлай бас қосқанның.
Анаға ең ауыр күн тіршілікте —
Боздап кеп
Боздағымен қоштасқан күн.
Аналар уайымдаса, уайымдасын,
Сұм соғыс кімге бақыт дайындасын?
Қайғыдан кәрі таулар қап-қара боп,
Жеткізді жерге дейін қайын, басын.
Жабады дала төсін нала, қайғы.
Шын қайғы жас-кәріге қарамайды.
Қып-қызыл көлдің бетін сұңқылдаған
Аққулар қанатымен сабалайды.......
Өлеңдер
Толық

Мұқағали Мақатаев (Болашақ ғасырлардың шежірешілері)

Болашақ ғасырлардың шежірешілері,
Сұп-сұрғылт салқын жүзімді
көрсетейін сендерге,
Менің өткен ізімді жазғыларың келгенде,
Тасқа басып атымды,
Суретімді іліңдер, биігірек төрлерге.
Талып, нәзік кім сүйсе .....
Өлеңдер
Толық

Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

Рухани жаңғырудың жарқын жолы туралы тәрбие сағат

Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру туралы шығарма

Тақырыбы: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
Мақсаты: Оқушыларды Отанды сүюге, өз елін, тарихын білуге, жалпыадамзаттық құндылықтар мен терең көзқарастарды сіңіру арқылы таным белсенділіктерін арттыруға бағыттау.
Оқушының қабілеті Жалпыадамзаттық, мәдениетаралық білімдері мен сыни ойлау, зерттеушілік дағдылары дамыған, отансүйгіш тұлға.
Тәрбие сағаттар
Толық

Болашақта кім болам?

Адам өсе келе өз болашағы жайлы көп ойланады екен. Жастық шақтың қалай тез өтіп кететінінде байқамай қалады. өмірдегі басты мақсат осы бес күндік жалғаннан өз орнын табу емес пе? Мен әлі мектеп табалдырығында оқып жүрген оқушымын , ата-анамның көзінде кішкентай қыз болсам да , өз болашағым жайлы көп.....
Эсселер
Толық

Астана – болашақтың қаласы

Астанаға Алматы қаласының көшуі халықтың тығыздығы мен экологиялық жағдайы көп әсер етті. Жаңа астананы таңдау басшылыққа алынған кезде Қазақстанның орталығы Ақмола қаласына орналасу болып табылды. Астананы көшіру Қазақстанды нығайту, бейбітшілігімізді бағыттау болды. Астананы ауыстыру экономикамызды нығайту, дамыту деп санады. Сөйтіп...

Шығармалар
Толық

Қазақстан жолы – 2050 "Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" (8 сынып)

Тәрбие сағатының тақырыбы: Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ
Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының көрнекілігі: Қазақ елі суреттері, Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н. Ә Назарбаевтың суреті, нақыл сөздер, Қазақстан туралы әндер.

Тәрбие сағатының барысы:
Қазақстан туралы не білеміз? Мен Қазақстанда тұрамын. Мен Қазақстанда білім алып жатырмын. Мен еліммен мақтанамын. Елімнің гүлдене бергенін қалаймын.
Ой қозғау:
- Біз қандай мемлекетте тұрамыз?
- Қазақстан.
- ҚР - ның халқы қай тілде сөйлеу керек?
- ҚР – ның халқы қазақ тілінде сөйлеу керек.
- Біздің тұңғыш президентіміздің аты - жөнін білесіңдер ме?
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
- 17 қаңтар күні «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауын жариялады.
Тәрбие сағаттар
Толық

Телекоммуникациялық жүйе болашақ біріңғай ақпараттық кеңістік бизнес-субъектісінің прототипі негізінде

Қазіргі кезеңнің ерекшелігі, үлкен көлемдегі материалдық және шикізаттық қорларға негізделген индустриялы эканомикадан ақпараттың негізгі қоры болып есептелетін «ақпараттық экономикаға» ауысу болып отыр.
Ақпарат саласының мамандары ақпараттың қоғамда алатын орнының өсіп, ұлғайғанын бір ауыздан мақұлдайды. Бұған Республика Парламентінің «Қазақстан Республикасын ақпараттандыру заңын» қабылдауы да дәлел бола алады.
Соңға уақытта ақпараттың статусы өзгеріп, ол қоғамның қазіргі кездегі жақсы тұрмысын анықтайтан шешуші факторға және эканомиканың стратегиялық қорына айналды.
Әлемдік бірлестіктегі, дәлірек айтқанда әлемдік нарықтағы Қазақстан Республикасының интеграциялау мәселелерінің жинағында қоғамды ақпаратпен жабдықтау басты мәселелердің біріне жатады. Қазақстан Республикасының жабдықтау бағдарламасы нарықтық мүдделерге және нарықтық қатынастарды мемлекеттік реттеулерге бағытталған. Ол жақын болашақта іске асырылатын шаралар жинағын және ақпараттың инфра –құрылымын тұрғызуға боғытталған.
Ақпаратпен жабдықтау концепциясының басты идеясы қоғамның әлеуметтік –эканомикалық дамуына ақпараттың және ақпарат техналогиясының үдемелі әсер етуінін жете түсіндіру болып табылады. Осыған байланысты екі түсінікті –ақпаратты жетік білу мен компътерлендіру сауаттылықты анықтап айыру мәселесі туындайды. Бұл түсініктер бір –бірімен жиі ауыстырылады. Дегенмен, бірінші түсінік әлде қайда кеңірек. Ол тек ақпаратты қайда және қандай түрде сақталғанын біліп, тауып қана қоймай, одан да маңыздырақ түрде қандай ақпарат бар екендігін, оның қалай жіктеліп өңделгенін, әрі оны қалай пайдалануға болатынын және ең бастысы нақты жағдайдағы байлықты тұрғызуға оның қандай үлес қосуы мүмкін екендігі туралы айқын түсінікті қажет етеді. Ал бұл жалпы білімді ғана емес, арнаулы дайындақты да талап етіп болжайтын ақыл –ой жұмысы. Бір жағынан кез –келген қоғамның ақпараттандыру деңгейі ақпараттық қызметтің даму дәрежесімен және онымен айналысып қызмет көрсететін мамандардың санымен, біліктілігімен анықталады. Сондықтан, ғылымның әр саласындағы білімнің бүтіндей жиынтығын игере білетін және оған сәкес ақпараттық техналогиядан сауаттылығы бар мамандарды кеңірек және терең оқытып үйрететін шұғыл қажеттілік пісіп жетілді. ....
Рефераттар
Толық

Студент болашақ басшы мемлекет қайраткері

Біздің студенттер жыл сайын 14 ақпанда Елбасы Н.Ә.Назар¬баевтың “Болашақ” бағдарлама¬сы¬мен Ұлыбританияның Кар¬дифф университетінде білім алып, тәкаппар Англияны білімімен, ағылшын тілін шебер білгендігімен таңқалдырған, 2005 жылы әуе апа¬тынан қаза болған магистранттар – Болат Кәрентаев пен Айнұр Сүлей¬манованы еске алу күнін ұйым¬дас¬тырып келеді. Болат ізденуші ре¬тінде ғылыми жұмыс¬тар¬¬мен ай¬на¬лысып, кандидаттық диссертация¬сын қорғауға дайында¬лып жүрген еді. Айнұр Лондонда тележүр¬гізу¬шілер конкурсында жеңіп шығып, “Би-би-си” телеар¬на¬сының эфи¬рі¬не шығуға жан-жақты дайындық үстінде болған. Болаттың арманы Ақтауда Ұлы¬британияның мұнай ас¬танасы – Абердине қаласын¬да¬ғыдай халық¬ара¬лық порт салуға өз үлесін қосу, Ай-нұрдың арманы Астанада ағылшын тілінде мектеп ашып, ауыл бала¬ла¬рын оқыту еді... Біз Болаттың Кеңес Одағының Ба¬тыры Ағәділ Сухан¬баевтың ұрпағы, Айнұрдың Әлия Молдағұлованың жиені екендігінен хабардармыз. Үстіміздегі жылдан бастап, кол¬лед¬ж¬де Болат Кәрентаев пен Айнұр Сүлейманова атындағы екі атаулы стипендия тағайын¬далып, беріле бастады.
“Нұр Отан” ХДП-ның “Жас Отан” жастар қанатының бірінші съе¬зінде күш-жігері тасыған жас¬тардың бас қосып, ұлы істерге ұмтылыс танытуын – аға ұрпақтың игі істерінің жалғасы деп білеміз. Ал осы съезге облысымыздағы 14 делегаттың бірі болып колледж оқытушысы, “Жасыл ел” аймақтық бағдарламасының аудан бойынша төрағасы М.Жарқынбековтің баруы атамыз атындағы колледждің мәртебесі мен мерейін тағы бір көтеріп тастағандай.
Студенттерді мемлекеттік қыз¬мет¬ке жас кезінен бейімдеу үшін әр топта старосталар емес, топ әкімдері сайланып отырады. ....
Рефераттар
Толық