Британ әншісі Адельдің «Hello» әнінің видеоролигін 87 күнде YouTube видеохостингінде 1 миллиард адам көрді. Бұл кореялық әнші PSY-дың танымал клипінің рекордын басып озды.
Отбасылық бюджетті бір адамның басқаруы тиіс немесе ортақ қаржыны сақтау керек деген бірыңғай ереже жоқ. Әрбір отбасы бұл мәселені өздері шешеді. Отбасындағы қаржы мәселесін әйел әлде ер адамның басқарғаны дұрыс па? Осыған қатысты nur.kz тілшісі қазақстандықтардың жеке пікірін біліп көрді.
Қазақ халқының ұлттық болмыс-бітімінің бір өзгешелігі –дастархан жайып, кімді болса да адал көңілмен қарсы алатын кең пейілдігінде, меймандостығында. Қазақ үйіне келген адамға дастархан жайып, қонақжайлылық ниет білдірмеген адамды «қазанын қара суға малып отырғандай» деп кемсітетін болған. Сондықтан да қазақ халқы танысын, танымасын үйіне бас сұққан адамға «Қырықтың бірі – Қыдыр» деп қарап, дастархан жайып, барын оның алдына қойған.
Қазақ – намысшыл халық. Қонақтан тамақ үшін ақы алу деген оның әдетінде мүлдем жоқ. Бұл көргенсіздік саналып, ырымға жаман деп есептелген. Расында да қазақ «дастарханы қурап тұр» дегізбеу үшін.....
Айырбас бағамы ырыққа көнбей кеткен доллардың тұрақсыздығы көлік саудасына да кері әсерін тигізуде. Сатушылар доллар өскен сайын, көлік бағасын түзетіп, төмендетіп жазуға мәжбүр деп хабарлайды 31 арна.
Ашық сабақтың тақырыбы: Мәтіннің түрлері Ашық сабақ мақсаты: Оқушыларды мәтіннің түрлерімен таныстыру. Мәтін түрлерінің ішкі құрылымдық ерекшеліктерін ұғындыру. Тірек сызба арқылы мәтін құрауға үйрету. Байланыстырып сөйлеу дағдысын және сөздерді қолдану ерекшелігі арқылы сөйлеу мәдениетін дамыту. Табиғатты зерделей білуге, қорғауға тәрбиелеу. Ашық сабақтың түрі: аралас сабақ әдістері: сұрақ - жауап, түсіндіру, көрнекілік, талдау, шығармашылық – ізденушілік әдістері. көрнекілігі: суреттер, интерактивті тақта, тірек - сызба, оқулық.
Астананың айырбас нүктелерінде түскі саудада доллар жаңа рекорд орнатып, 390 теңгеге жетті. $1 долллар үшін сатып алу құны 388 теңге. Ал Алматыда сәйкесінше, 389 және 387 теңгеден сатылуда.
Бұған дейін үкімет Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясын жекеменшікке сататынын мәлімдеген болатын. Алайда, қазақ киносының қара шаңғырағы саналатын киностудияны сатып алуға әзірге ешкім ниет танытып жатқан жоқ.
Қазақ әншілерінің өзге елдің әндерін көшіруі тым жиілеп барады. Қырғыз әндерін көшіріп алуға құмар шоу-бизнес өкілдері енді армян әндеріне көз тіге бастады, деп жазады oinet.kz порталы.