1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті ата - ана, қымбатты ұстаздар, оқушылар. 2 - жүргізуші: Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын. Жаңа жыл елімізге, әр шаңыраққа тыныштық, бірлік, құт - береке әкелсін.
1 - жүргізуші: Кел, жаңа жыл, Төрле, төрле жеріме, Құт береке боп келгейсің еліме, Үміт артып армандарға аяулы. Шаттығына бөлегейсің бізді де, - дей отырып аудан әкімінің балаларға деген жаңа жылдық ыстық лебізін қабыл алайық.
2 - жүргізуші: Қош келдіңіз бүгінгі кешімізге, Жаңа табыс тілейік ісімізге. Келе жатқан жаңа жыл құт әкелсін, Мына отырған барша жан бәрімізге. .....
Білім беру саласы: «Таным», «Коммуникация» Бөлімдері: «Қоршаған ортамен танысу», «Көркем әдебиет» Тақырыбы: «Күзгі жаңбыр» _ Мақсаты: балаларға күз мезгілінде болатын өзгерістердің бірі – күзгі жаңбыр туралы мәлімет беру. Міндеттері: Білімділік: қарапайым эксперимент жасауға үйрету, жаңа ертегімен таныстыру; Дамытушылық: тақырып төңірегінде әңгімеге тарта отырып, сөздік қорларын жаңа сөздермен толықтыру, ұсақ қол моторикасын дамыту; Тәрбиелік: ұқыптылықпен, сабырлықпен жұмыс жасауға баулып, достарына деген жылы және мейірімді қарым – қатынасқа тәрбиелеу. Сөздік жұмыс: «жаңбыр себелеп тұр», «нөсер жаңбыр» Үштілдік компоненет: күз – осень – autumn , жаңбыр – дождь – rain, Керекті құрал – жабдықтар: жаңбырдың дыбысы жазылған үнтаспа, ғылым орталығында жұмыс жасауға : ысқыштар(әр бала санына), қол сүртетін майлық, тарелкелер(губка тұратын, суы бар), үстел –үсті театры(Саңырауқұлақ – үйшік ертегісі) Әрекет Кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті
Мотивациялық- Қозғаушылық Шаттық шеңбер: Амансың ба, алтын Күн! Амансың ба, көк Аспан! Амансың ба, достарым! Сендерді көрсем қуанам! Жарты шеңберге тұрады, бірге айтады. Бір – бірімен құшақтасып, амандасады.
Ұйымдастыру– іздестіру Әңгімелесу. - Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? - Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады?
- Иә, дұрыс айтасыңдар! - Күз орыс тілінде – «осень», ал ағылшын тілінде – «autumn» болады Өлең оқу. Күз, күз, күз келді, Жел мен жаңбыр әкелді. Күз, күз, күз келді , Жер көйлегін сары түске өзгертті. Күз мезгілінде жаңбыр жиі жауады. Аспанды бұлттар жауып, жерге тамшылап жаңбыр жаудырады. (Осы кезде жаңбырдың дыбысы естіледі) - Ой, балалар мынау ненің дыбысы? (Таңдана жан – жағына қарайды) - Кәне тынышталып, тыңдайықшы. - Бұл ненің дыбысы екен? - Иә, дұрыс таптыңдар. Бұл жаңбырдың дыбысы. - Жаңбыр орысша не деп аталады? Кім айтады? - Иә, дождь! Ал ағылшын тілінде жаңбыр rain деп аталады. - Ой , балалар, біздің топты да бұлттар басып, жаңбыр жауайын деп тұр екен. Кәне оларды үрлеп қуып жіберейікші. Тыныс алу гимнастикасы. Балаларға бұлттардан жіптермен салбырап тұрған тамшыларға үрлеуге ұсыныс жасайды. Жаңбыр жайында мәлімет. (Жаңбырдың суреттерін іледі) - Білесіңдер ме, жаңбыр ақырын жауып, тамшылар кішщкентай ғана болса, жаңбыр себелеп тұр дейміз. - Ал, үлкендеу тамшылармен қатты жауатын жаңбырды – нөсер жаңбыр дейміз. (Қайта жаңбырдың дыбысы естіледі) - Далада жаңбыр жауса да, күн шығып тұрса да біздің балалар ойыннан жалықпайды. Мен сендерді бір ойын ойнауға шақырамын Саусақ жаттығуы : «Қызықты серуен» - Кәне , біз серуенге бара жатырмыз ждеп ойлайық. • Баспалдақтармен абайлап түсіп келеміз. Ақырын! Абайлап! • Далаға шықтық. Жүгіріп келеміз. • Енді, қояндар сияқты секіреміз. Міне осылай көңілді секіреміз. • Кенет жаңбыр жауа бастады. Міне былай себелеп. • Жаңбыр нөсерлетіп, қатты жауып кетті. • Балабақшаға кіріп кетейік - Міне қандай қызықты серуен болды. Сергіту сәті: - Алақай! Балалар, бұлттар бізді айналып өтті. Келіңдер ән салып, демалып алайық. Ән «Тырс - тырс» (сергіту сәтінде ән айтылады) - Балалар, жаңбыр қалай жауатынын білгілерің келеді ме? Тәжірибе. - Ендеше, қызықты тәжірибе жасап көрейік. - Ашық күні бұлттар мына алдарыңдағы ысқыштардай жеп – жеңіл болады. Олар аспанда ұшып жүріп, өзендер мен көлдерден бойларына су жинайды. Сосын ауырлап кетеді. Өздерінде суды ұстай алмай, жерге жаңбыр болып жауады. - Кәне, біз де жаңбыр жауғызып көрейік. Жеңдерімізді түреміз. Ысқышты алайық. Енді суы бар ыдысқа батырамыз. Алып шығамыз да, қысып, сығып суларын шығарып көрейік. - Міне жаңбыр осылай жауады екен. - Күз туралы, жаңбыр туралы білетін тақпақтарымызды айтайықшы. (Тақпақтар тыңдайды. Бірнеше баладан сұрайды.)
Ертегі айту. - Мен сендерге «Саңырауқұлақ – үйшік» деген ертегі айтып берейін.
Әңгімелесу. - Сендерге ертегі ұнады ма? - Саңырауқұлақ астына нелер тығылды? - Барлығы неге тығылды? - Күз мезгілі. - Күн суық. Жылы киім киеміз. Жапырақтар сарғайып , жерге түсіп жатыр. Жаңбыр жауа береді.
Үш тілдегі баламасын қайталап, есте сақтауға тырысады.
Мұқият, қызыға тыңдайды.
Тыңдап, ойланып, жауап береді.
- Бұл – жаңбыр.
- Дождь.
Тыңдап, бірнеше рет қайталайды. Есте сақтауға тырысады.
Тамшыларға үрлеп, тыныс алу жаттығуын орындайды.
Қызыға тыңдайды.
Тәрбиешіге ілесіп үстелдің бетінде саусақтарымен тез және баяу ырғақпен, ақырын және қатты соғып саусақ жаттығуын орындайды.
Қуана келіседі. «Тырс - тырс» әнін орындайды.
- Иә!
Ұсынысты қуана қабыл алады. Мұқият тыңдап, қарап, бақылап тұрады.
Жеңдерін түреді. Ыдыстан құрғақ губканы алады, оны суы бар ыдысқа батырып көреді. Сығып, қысып суын шығарып көреді.
Күз, күз, күз келді, Жаңбыр мен жел әкелді. Кап – кап- кап, кап-кап-кап, Жаңбыр мен жел әкелді.
Жасыл бағымыз сарғайды, Жапырақтар ұшты. Шу-шу-шу, шу-шу-шу Жапырақтар ұшты.
Ертегіні үлкен қызығушылықпен тыңдайды. Белсене қатысып отырады.
Мақсаты: Балаларды жабайы жануарлардың қысқы тіршілігімен таныстыру. Табиғаттағы маусымдық өзгерістер жайлы білімдерін жетілдіру. Шығармашылық жұмыстарға қызығушылықтарын арттыру, ой – қиялдарын іс жүзінде көрсете білуге үйрету. Желіммен, қылқаламмен жұмыс жасау дағдыларын бекітуді жалғастыру. Жан – жануарларға қамқор болуға, ұқыптылық пен шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Құралдар: Ойыншықтар қоян мен тиін, кәрзеңке, жабайы аңдар суреттері, қоянның кескіндемелері (әр балаға) Сөздік жұмыс: Үлпілдек, мамық, түбіт, апан, ін.
Сабақ барысы: Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы бізге орманнан қонақтар келіпті, қане айтыңдаршы мынау не? Балалар: Тиін Тәрбиеші: Ал мынау не? Балалар: Қоян.
Тәрбиеші: Балалар мен қазір сендерге осы қоян мен тиін жайлы бір оқиға айтып берейін, мұқият тыңдап отырыңдар. Орманда қоян мен тиін өмір сүріпті, екеуі дос болыпты. Жазда олар алаңқайда асыр салып секіріп алаңсыз ойнапты. Күн суытып күз түседі, тиін өзіне ағаштың жіңішке бұталарынан кәрзеңке тоқып отырады, қоян келіп: – Бұл не? – деп сұрайды. – Кәрзеңке – деп жауап береді тиін. – Оны қайтесің – дейді қоян таңғалып. - Бұл жай кәрзеңке емес, бұл менің нағыз көмекшім – деп жауап беріпті тиін. – Сонда қалай, кәрзеңке қалай көмекші болады – деп қоян иығын бір көтеріп, ештеңе түсінбей өзінің ұяластарымен әрі қарай ойнап кете береді. .....
Тұғырың биік туған елім! Ақ басты бұлттары алыстан қол бұлғап шақыратын қасиетті Атамекенім! Сенің көсіліп жатқан дархан далаңда өзің үшін қасық қанын қиған не бір қасқалар өтті. Қиын-қыстау өткеніңді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізбекті өзіне мұрат тұтқан нендей данышпандар ғұмыр кешіпті сенде. Бағзы замандарда, сенің мейірімді анадай нұрлы жүзіңе қылышынан қан тамған қатыгездер де ат ойнатыпты-ау. Одан бері де талай көш жүріп өткен жолдар сенің бетіңе торлай әжім боп ұялапты.......
Қазақтың салт-дәстүрлері ежелден келе жатыр.Ол ұрпақтан-ұpпаққа ауыcып отырады.Қоғамдық ұйымдар мен адамдардың мінез-құлқын, іс-әрекетінің рухани негізі. Дәстүр мәдениетпен өте тығыз байланысты, cол себептімәдeниеті жоғары дамыған ел- дәстүргe бай. Ата-ананы құрметтеy, үлкенді сыйлаy, адалдық,шындық озық дәcтүрлeрге жатады.Дағды, әдeт-ғұрып дeген ұғымдар адaмның мінезі және қанғa сіңгeн қылықтарды білдіpеді. Уақыт өткeн сайын салт-дәстүрге өзгеріс енген.Салт-дәстүр қазақ үшін бұлжымас заңға айналған.......
Тақырыбы: Алуан-алуан кәсіп бар, таңдай біл де, талап қыл Мақсаты: оқушыларға мамандықтың түрлері, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік бере отырып, өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай білуіне ықпал жасау; оқушылардың қоғамға деген азаматтық позициясын қалыптастыра отырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу, кәсіби бағдар беру; түрлі жаттығулар арқылы таным процестерін дамыту, өз пікірін еркін айтып, өзгенің пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу. Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар Әдісі: тренингтер, әңгімелеу, сұрақ-жауап, топтық жұмыс Барысы І. Кіріспе. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды сабаққа дайындау. ІІ. Негізгі бөлім 1. Тренинг. – Балалар, бүгінгі сабағымыз ойдағыдай өту үшін, қол ұстасып алақан жылуымызды сезініп,, бір-бірімізге көтеріңкі көңіл күй сыйлайық. Және жанымыздағы адамның есіміне сол әріптен басталатын бір әдемі сын есім қосып айтайық Шарты: бір сөз екінші қайталанбауы тиіс. .....
Қатысқандар: Қатыспағандар: Сабақтың тақырыбы: Шынықсаң шымыр боласың Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) ӘТН.4 Грамматикалық норма 5.4.4.1.Жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар орындай алады: Берілген мәтінді оқи алады. Мәтіннен туынды және күрделі сөздерді табады. Көпшілік оқушылар орындай алады: Мәтіннен туынды және күрделі сөздердің түрлеріне қарай ажырата алады. Кейбір оқушылар орындай алады: Қосымша тапсырмалар арқылы жұрнақ, туынды және күрделі сөздерді ауызша, жазбаша тілдесім барысында қолдана алады. Бағалау критерийі -Туынды және күрделі сөздердің т абады, түрлеріне қарай ажыратады. -Күрделі сөздерді ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолданады. .....
Дайындағандар: Орынгазиева Дамира Орынгазиевна, Бекмухамбетова Салтанат Койшыбековна, Саты ауылы, «Әйгерім» бөбектер бақшасы Тақырыбы: Қош келдің, Жаңа жыл! Өткізілетін күні: 28 желтоқсан Өткізілетін уақыты: Сағат 1100 Мақсаты: Жаңа жыл мерекесінің маңызын үйрету. Қатысатындар: Жүргізуші, Аяз ата, Ақшақар, Мыстан кемпір, сиқыршы, аю, қоян, клоун, пират, көбелек, гномдар. Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, қонақтар, «Әйгерім» бақшасының ұжымы мен кішкентай бүлдіршіндеріміз, сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүрегімізден құттықтаймыз! Жаңа жыл әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін дейміз. Балалар әндетіп, қол ұстасып кіреді. Шеңберге тұрады. Құттықтау сөз Ауыл әкімі Ербол Ғазизұлына беріледі. Балабақша меңгерушісі Дамира Орынгазиевнаға беріледі. Ата-ана Ләйла Ерсінқызына беріледі. Жүргізуші: Балалар, біз барлығымыз жаңа жыл мерекесін тойлауға жиналдық. Бүгін біздің мерекемізге кім келеді? Балалар : Аяз ата! Жүргізуші: Дұрыс балалар, ал Аяз ата не әкеледі? Балалар: Сыйлықтар. .....
Тәрбиешілер: Бақыт Сагдатовна Аубакирова, Шарипжанова Мейрамгуль Мырзабековна, Баскөл ауылы, Иманов ат. ЖОББМ жанындағы шағын орталық Тақырыбы: Жаңа жыл мерекесі. Жүргізуші: Міне, көптен күткен жаңа жыл босаған аттағалы тұр. Келе жатқан жаңа 2013 жылан жылы әрбір шаңыраққа шаттық пен береке әкелсін. Зор денсаулық, еліміздің жақсы азаматы мен азаматшасы болып өсіндер! Жаңа жыл көп куаныш әкелсін, бүгінгі шырша мерекесі сендерге жақсы әсер қалдырсын, деп тілейміз. Ал, енді, құттықтау сөз мектеп директоры Ш. Т. Қожахановаға беріледі. Құттықтау сөз ата аналарға беріледі. Бүгінгі біздің мерекеміздің демеушілері - ата аналар. Жүргізуші: Балалар, біз қандай мерекеге келдік? - Жаңа жыл. Жүргізуші: Қанеки, шеңберге тұрып, шырша әнін орындайық. Балалар шырша әнін орындайды. Сахнаға Мыстан кемпір кіріп келеді. Мыстан: Ой, қандай әдемі, қандай биік шырша. Мына шыршаны алып кетсем қайтеді. Мынау алынбайды ғой өзі, жарайды керек емес. Ой, мынау қандай әдемі қуыршақ, алып кетіп жесем бе? Жарайды керек емессің. Қойшы, жолдан шаршадым, біраз тынығып алайын. (Жерге отырып, сөмкесін ақтарады) Балалар, мынау сынған ойыншық керек пе? Жарайды, мен оны Аяз атаға сыйлаймын. Мен жаңа келе жатсам, мына етікті тауып алдым. Бұл сендердікі емес пе? (Сол кезде ол бала етігін танып қояды.) Өлең айт, сосын аласың. Мен жұмбақ жасырайын, кім шешеді соған сыйлықа кәмпит беремін.....