Дастарханға бата – қазақтың ертеден келе жатқан ұлттық дәстүрлерінің бірі. Бата, тілек ақ дастархан басында, түрлі тойларда, жақсылықтарда айтылады. Сіздерге тәрбиелік мәні жоғары халқымыздың асыл қазынасының бірі бата туралы мәлімет беріп, үздік баталар топтамасын ұсынамыз. Қонаққа бәріміз барамыз, бірақ бәріміз дастархан басында жақсы батаайта алмай жатамыз. Не істеу керек? Әрине дастарханға арналған баталарды жаттау қажет!
Мұрагерлік - қайтыс болған азамат (мұра қалдырушы) мүлкінің басқа адамға (адамдарға) - мұрагерге (мұрагерлерге) ауысуы. Қайтыс болған азаматтың мұрасы басқа адамдарға әмбебап құқық мирасқорлығы талаптарымен, егер осы бөлімнің ережелерінен өзгеше туындамаса, бірыңғай тұтас нәрсе ретінде және бір-ақ мезгілде ауысады. Мұрагерлік Азаматтық Кодекспен, ал тікелей өзі белгілеген жағдайларда өзге де заң актілерімен реттеледі. Мұрагерлік өсиет және (немесе) заң бойынша жүзеге асырылады. Өсиет қалдырылмаған не бүкіл мұраның тағдыры айқындалмаған кезде, сондай-ақ Азаматтық Кодексте белгіленген өзге де жағдайларда мұрагерлік заң бойынша орын алады. Мұраның құрамына мұра қалдырушыға тиесілі мүлік, сондай-ақ оның қайтыс болуына байланысты қолданылуы тоқтамайтын құқықтары мен міндеттері кіреді. Мұра қалдырушының жеке басына тығыз байланысты мына құқықтар мен міндеттер: 1) егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше белгіленбесе, заңды түлғалар болып табылатын ұйымдарға мүше болу құқығы; 2) өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеу құқығы; 3) алименттік міндеттемелерден туындайтын құқықтар мен міндеттер; 4) зейнетақы төлеу, жәрдемақы және еңбек пен әлеуметтік қамсыздандыру туралы заң актілерінің негізінде басқа да төлемдер төлеу құқығы; 5) мүліктік құқықтармен байланысы жоқ жеке мүліктік емес құқықтар мұраның құрамына кірмейді. ....
Гибридологиялық әдіс. Тұқым қуалаушылықтың заңдылықтарын зерттеудің ғылыми негізін Грегор Мендель қалады. Ол өз тәжірибелеріне қолайлы объект ретінде асбұршақты (Pіsum satіvum) алды. Себебі, басқа өсімдіктермен салыстырғанда асбұршақтың мынадай айрықша қасиеттері бар: 1) бірнеше белгілері бойынша бір-бірінен айқын ажыратылатын көптеген сорттары бар; 2) өсіруге қолайлы; 3) гүліндегі жыныс мүшелері күлтежапырақшаларымен толық қалқаланып тұратындықтан, өсімдік өздігінен тозаңданады. Сондықтан, әр сорт өзінше таза дамып жетілетіндіктен, белгілері ұрпақтан-ұрпаққа өзгеріссіз беріледі; 4) бұл өсімдіктің сорттарын қолдан тозаңдандыру арқылы өсімтал будандар алуға болады. Міне, сондықтан, Мендель асбұршақтың 34 сортынан белгілері айқын ажыратылатын 22 сортты таңдап алып, өз тәжірибелеріне пайдаланды. Ол өсімдіктің негізгі жеті белгісіне көңіл аударды: сабағының ұзындығы, тұқымының пішіні мен түсі, жемістерінің пішіні мен түсі, гүлдерінің реңі мен орналасуы. Мендель тәжірибелерінің келесі бір ерекшелігі белгілердің тұқым қуалауын зерттеуде гибридологиялық әдісті қолдану арқылы дәл және тиянақты нәтиже алуында болды. Бұл әдістің негізгі жағдайлары мыналар: ....
Пародонт ауруларын комплексті емдеуде тістерді таңдап егеу негізгі шаралардың бірі болып табылады, окклюзиялық бұзылыстарды қалпына келтіру және тістерің тірек тіндерін жарақаттаушы окклюзияны реабилитациялау және алдын алу үшін стимуляциялы, функциональды қысымды қалпына келтіру болып табылады. Жарақаттаушы окклюзия – бұл бір тістің немесе бір топ тістердің функциональды қысымынан болатын тіс қатарының патологиялық жағдайы, ол пародонт тіндерінің өзгерісіне, бұлшық ет дисфункциясына, самай – төменгі жақ буынының ауруларына алып келеді. Жарақаттаушы окклюзия интакті пародонт кезінде де болуы мүмкін, тым көп немесе бағыты бойынша дұрыс емес окклюзиялық қысымнан және пародонт ауруларында тістің тірек тіндерінің әлсіздегенде болуы мүмкін. Бұл кезде қалыпты окклюзияның өзі де тіс тіндерін қоршаған толеранттылыған жоғарылап қарапайым окклюзияның өзі жарақаттаушы факторларға айналады. Комбинирленген жарақаттаушы окклюзияның жоғары қысыммен пародонт ауруларының бірігуінен пайда болады. Клиникада көбінесе тістердің ерте түйісуінен болатын травматикалық окклюзиямен науқастар кездеседі, ол керексіз бүйір қысымға алып келеді( горизонтальды және қисық), ол пародонт ауруының негізгі патогенетикалық факторы болып келеді. Окклюзиялық түйісудің үш класын ажыратады. Бірінші класс- төменгі моляр және премолярдың ұрт төмпешіктерінің вестибулярлы бетіндегі локализациясы, тағыда төменгі күрек және сүйір тістердің вестибулярлы бетінде. Екінші классқа жоғарғы моляр және премолярлардың таңдай бетіндегі таңдай төмпешіктерінің алдын ала түйісуі жатады. Үшінші класс- жоғарғы моляр және премолярлардың ұрт бетіндегі таңдай төмпешіктердің ерте түйісуі. Ерте түйісу дара тістердің немесе топ тістердің қажалуының болмауынан, тағыда породонттың зақымдалуынан тістердің орнының өзгеруінен болады. көрші тістің болмауы, антогонист тістің окклюзиялық бетінде пломбаның қатты қажалуы, жақтың дамуының аномалиясы тіс қатарының окклюзиялық бетінің деформациясына алып келеді. Бұл кезде тістерді таңдап егемейді оның орнына окклюзиялық бетті өзгертетін тіс бөліктерін егейді. Тістерді таңдап егеу тістемнің ақауында, тіс қатарының ақауында, тістің қатты тіндерінің бір қалыпты қажалмауында, төмпешіктердің физиологиялық қажалуының болмауында көрсетілген. Тістерді таңдап егеудің көрсеткішіне пародонт тіндеріне қысымның артық түсуінің клиникалық және рентгенологиялық әдістердің болуы: бөлек тістердің қатты қозғалғыштығы, тіс мойынының және түбірінің жалаңаштануы, жоғарғы немесе төменгі күрек тістердің алға шығуы, желпігіш(веер) тәрізді орналасуы, жақтардың түйісуінің орталық, бүйір және алдыңғы окклюзия кезінде тістердің ерте түісуі кезінде, жақтардың қозғалысына кедергі жасайтын тістердің окклюзиялық бетінің бөліктерінің болуы. Тістерді таңдап егеуді тіс қатарының көптеген түйісу нүктелері болу үшін жасалынады, пародонт тіндеріне функциональды көп қысымның түсуін жою үшін және төменгі жақтың свободной кинематикасы үшін жүргізіледі. Тістерді таңдап егеудің уақыты аурудың клиникалық суретіне байланысты. Жарақаттаушы окклюзиясы бар және пародонттың айқын қабыну симптомы бар науқастарда тістерді таңдап егеуді тек қабыну үрдісін жойғаннан кейін жүргізу керек. Егер клиникалық суретте сүйек қалталары бар сүйек тінінің деструкция симптоматикасы алда тұрса онда тістерді таңдап егеу операция алды кезеңінде немесе хирургиялық ем кезінде жүргізіледі. Себебі репаративті процесс кезінде окклюзиялық жарақатты болдырмау үшін.....
Табиғат байлықтарының қымбатты түрлерінің бірі-су.Дүние жүзінде көптеген өнім мен тағамға айырбас боларлық заттар табылғанымен суды алмастыратын зат табылған жоқ.Су адамдар мен жануарлардың дене құрамына кіріп,онда болатын зат және энергия айналымына қатысады.Денедегі су мөлшері 10-12 процентке кемісе адам әлсіреп,шөлдеп,аяқ-қолы дірілдей бастайды,20-25 процентке кемісе өмір сүруі тоқтайды.Бір адам70жылда орта есеппен 50тонна су ішетіні көрінеді. Су-түсі,исі және дәмі жоқ сұйық зат,жақсы ерітуші,үстіңгі кернеуі өте жоғары,айқын капиллярлық(жіңішке түтікпен сұйық заттын жоғары көтерілуі)қасиеті бар.Осы қасиеті топырақтағысу ерітінділерін өсімдіктер бойына сорып алып күн көруі үшін өте қолайлы.Жер шарында сулар үнемі қозғалыста болып,барлық бос сулар.олардың агрегаттық(сұйық,бу, мұз түрлерінің,жиынтық атауы)күйіне қарамастан,жердің гидросфера деп аталатын қабатына жатады.Жер шарының сулы аудандарының жиынығын гидросфера деп атайды.Гидросфераға мұхиттар,теңіздер,өзендер,тоғандар,ми батпақ,топырақтығы,жер астындағы және атмосфералық ауадағы сулар кіреді.Дүние жүзінің3/4бөлігі су.Мұхит пен теңіздердің жалпы аудандары құрғақ территорияның ауданынан 2,5есе артық.Гидросфера биосфераның басқа бөліктері-литосфера(жер асты сулары),атмосфера(булы дымқыл)және оларда тіршілік ететін тірі организімдермен тығыз байланысты.Гидросфераның жалпы көлемі 1455миллион километр квадрат. Жалпы су қорының 97,5проценті тұзды минералды болып келеді.Теңіз(мұхит)суларын ерітінді деп есептеуге болады,себебі бұл сулардың құрамындағы тұздардың мөлшері орта есеппен 35г/кг.Менделеев периодтық системасындағы барлық элементтер жер бетіндегі сулардың құрамында кездеседі.Бірақ та олардың ішінде теңіз суларының негізгі тұздылығын құратындарға натрий,магний,кальций катиондары мен хлорид, карбонат…сульфат аниондарын жатқызуға болады.Басқа химиялық элементтердің мөлшері негізгі иондардікімен салыстырғанда анағұрлым төмен болғанымен,олардың теңізбен теңіздегі тірі организімдерде жүретін химиялық процестерге қосатын үлесі өте зор.Олардың ішінде тірі организімдер өз тіршіліктеріне пайдаланатын азотты,фосфорды,кремнийді ерекше атап өтуге болады.бұл элементтердің теңіз суындағы мөлшерін реттеп отыратын теңізде тіршілік ететін жан-жануарлармен өсімдіктер. Тұщы сулардың қоры жалпы су қорларының 2,5процентің құрайды,немесе35млн.км3.Бұл сулардың орташа тұздылығ 1г/л аспайды.Планетаның әр тұрғынына келетің тұщы су мөлшері шамамен 8 млн.м3.Тұщы сулардың 30проценті жер астындағы сулар.Тұщы судың негізгі қоры тау бастарындағы мұздықтар,Арктика мен Антарктида мұздарында-97процент.Антарктидада мұздың ең қалың 4.78 км тең қабаты және дүние жүзі бойынша ен таза суы бар теңіз Уэддела осы Антарктидада тіркелген.Оның мөлдірлігі тазартылған судікіндей.Жер шарыедағы барлық өзендер 650-700жыл ішінде қанша су берсе,тау мұздарында да сонша су бар ....
Мектеп өмірінде мұғалім-басты тұлға. Мектеп мұғалімі балаларды оқытып қана қоймайды,сонымен бірге оларды тәрбиелейді. Ол белгілі бір сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие жұмысы ұйымдастырушысы әрі ұстазы, ақылшы-кеңесшісі болып саналады. Сондықтан да ол қиын да әрі жауапты міндетті іс.Соған қарамастан мұғалімдердің кейбіреуі бұл міндетті өздерінің білім беру қызметіне қосымша іс ретінде қараса,ал басқалары оны негізгі педагогикалық әрекеті ретінде қарастырады.Дегенмен,сынып жетекшісінің тәрбиелік қызметі қаншалықты қиын болғанымен де,әрине ол балаларға өте қажет.Себебі, мектеп құрылымындағы ең негізгі буын ол-сынып. Мұнда оқушылардың таным әрекеті ұйымдастырылып,олардың өзара әлеуметтік қатынастары қалыптасады.Балалардың болашақ әлеуметтік жағдайға бейімделуі, олардының демалысына қатысты мәселелері,алғашқыұжым болып қалыптасу дәрежесі,соған сәйкес сыныптың жағымды көңіл-күй жағдайы жүзеге асырылады. Олай болса, сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие әрекетін ұйымдастыру, тәрбиелік шаралардың ықпалын үйлестіру тек сынып жетекшілеріне жүктеледі.Ол оқушыларға қатысты мектеп өміріндегі мәселелерді шешуде нақтылы көмектесуге және оларды тартымды әрі қызықты ұйымдастыруға тырысады. Ол өзіне қатысты сыныпта оқушылар ұжымын ұйымдастыра отырып, осыған сол сыныпта дәріс беретін пән мұғалімдерін, оқушылардың ата-аналарын және жұртшылықтың бала тәрбиесіндегі ықпалын біріктіріп, балаға деген талаптарын ортақтастырып отырады. Сынып жетекшісі жұмысының негізгі мақсаты-мектеп оқушыларын қоғамның белсенді және саналы азаматы етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау.Сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүние танымының қалыптасуын, адамгершілік қасиеттерін, еңбекке деген сүйіспеншілігін қамтамасыз етіп, жан-жақты жарасымды дамуына жағдай туғызу.Сондықтан оның жұмысының мазмұны мен тәрбиелік шараларының бәрі осы мақсатқа бағытталуы тиіс. Атап айтқанда тәрбиенің негізгі салалары: ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, еңбек және дене тәрбиесіне, елжандылық т.б. тәрбие міндеттерін мектеп пен сыныптың нақтылы өмір жағдайларына байланысты қарастыру. ....
Салауатты өмір салтын қалыптастыруда әрқайсысымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткі, темекі мен алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға тікелей бағытталған. Соңғы жылдарда, әсіресе кейінгі он жыл ішінде дүние жүзінің барлық елдеріндегі, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы халық денсаулығының тым нашарлап кетуіне байланысты және адамдардың тіршілік ету мерзімінің қысқаруына сәйкес адамдардың денсаулығына көп көңіл бөліне бастады. Денсаулық - адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние. Өмірдің шаттығы мен қызығы денсаулыққа байланысты. Адам бақыты - денсаулығының мықтылығында. Дені сау адам көңілді жүреді. Дүние жүзілік медицина ғылымдарының ұлы өкілдері, денсаулық адамзат баласына тартқан үлкен сыйы деп түсіндіреді. Медицицна ғылымдарының пайда болуына,оның дамуы мен қазіргі кездегі жағдайына зер салып қарасаңыз, медицина ғылымы адамдардың денсаулығын сақтауға аурулардың алдын алуға, ауруларды емдеу әдістерін тауып оны жетілдірумен шұғылданып отырған ғылым екені байқалады. Медицина ғылымдары адамды және оның денсаулығын арттыруда ең басты рөл атқарады. Адамзат баласының тіршілік өмірінде ең бір бағалы нәрсе оның денсаулығы. Денсаулықты сақтап, үнемі денсаулықтың қорын көбейтіп,оған пассивті түрде емес активті түрде қарау керек. Денсаулықты сақтаудың жолын үйрену әрбір адамның басты міндеті. Халықтың денсаулығын сақтау аурулардың алдын алу мен оларды емдеу бағыттары мемлекеттік, әлеуметтік, экономикалық және медициналық, биологиялық, физиологиялық мәселе. Халықтың дене және рухани күшінің жан-жақты дами беруіне қолайлы жағдайлар туғызу, халыққа тегін, жалпыға бірдей, жоғары дәрежедегі мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету біздің тәуелсіз егеменді мемлекетіміздің аса маңызды міндеттерінің бірі. Өткен 2002 жылы-денсаулық жылы деп атаудың өзі осыны аңғартады. Қазіргі кезде мемлекетіміздің конистутциясына сәйкес денсаулықты сақтау мәселелері жөнінде мемлекеттік бағдарламалар әзірленіп, Қазақстан республикасының «Адам және азамат» бөлімінің 29 бабында адам денсаулығы жайында толық мағлұмат келтірілген. Ел басымыздың жолдауындағы бағыттардың бірі-денсаулықты нығайту,медициналық қызмет көрсету,сапасын жақсарту және денсаулықты сақтаудың жоғарғы техналогиялық жүйесін дамытуда біріншіден денсаулықты сақтау саласындағы басқаруды қаржыландыру,үйлестіру мен бақылау тетіктерін қайта саралау арқылы медициналық қызметтің нәтижелігі мен сапасын арттыру қажет болып табылады. Елімізде денсаулық сақтау ісімен денсаулық сақтау министрлігі айналысады. Облыстарда, аудандарда денсаулық сақтау бөлімдері жүргізіліп отырады. Кейінгі кезде халықтың денсаулығы өте нашарлап кеткен. Оның ең басты себептерінің бірі экологиялық басқа мемлекеттермен салыстырғанда өте қиын жағдай. Қазақстан Республикасында емдеу профилактикалық мекемелер арқылы барлық медициналық жәрдем көпшілік жағдайда тегін көрсетіледі. Мемлекеттік бюджеттен арнаулы түрде қаржы бөлініп отырады. Сонымен қатар медицина мекемелерінің қоғам алдындағы ашық есептілігі жүйесінде, әрі ішкі бақылау мен сыртқы аудит жүйесінде енгізген жөн. Орташа өмір жасының ұзақтығы деңгейін арттыру, ана мен бала өлімі көрсеткіштерін төмендету АҚТЖ\ЖКТБ дертіне шалдығудың етек алуын тежеуге бағытталған бағдарламалар әзірлеу керектігі басты назарда екендігі айтылады. ....
Жеуге жарамды саңырауқұлақтар – қозықұйрық (шампиньон) құрамында қарашiрiгi мол, ылғалды топырақта өседi, орманда, шалғындықта, бақша өсiмдiктерiнiң арасында кездеседi. Сондықтан оның кәдiмгi қозықұйрық, шалғындық қозықұйрық, орман қозықұйрығы деген түрлерi бар. Қалпағының үстiңгi бетi ақ, астыңғы жағы қатпарлы, қызғылт түстi. Қалпағының диаметрi 15 см, дiңгегiнiң ұзындығы 10 см, енi 2-2,5 см-ге жетедi. Құрамында 20-30% нәруыз, май, минералды заттар, дәрумендер, микроэлементтерден – темiр, кальций, мырыш, йод, калий, фосфор бар, сондықтан жеуге жарамды саңырауқұлақтардың 300-ге жуық түрлерi белгiлi. Ақ саңырауқұлақ қайың, емен, шырша, қарағай, шамшат, қарағаш, шаған ағаштарының астында өседi. Қайың маңында өскен саңырауқұлақ қалпағының үстiңгi бетiақшыл- сұрғылт, астыңғы жағы –ақ, хош иiстi. өсiп тұрған жерiне қарай түстерiде құбылмалы. Дiңгегiнiң ұзындығы 10 см, қалпағының диаметрi 20 см. Қайың саңырауқұлағы – қайыңды орманда топырақтың жылылығы 10 – 16 0 С-да, ылғалдылығы 53 – 98 % - ға жеткенде дами бастайды. Дiңгегiнiң биiктiгi 4 -15 см, жуандығы 1-3 см, қалпағының диаметрi 5 -15 см, 10 күн iшiнде терiп алмаса жеуге жарамсыз болып қалады. Қайынның тамырымен селбесiп микроза түзедi, ағашқа пайда келтiредi. Кептiрiлген саңырауқұлақтың қуаттылығы баклажан мен қарабидай нанының қуаттылығымен тең түседi. Қайың саңырауқұлағын кептiргенде қараяды. Күзгi түбiртек ( осенний опенок) - өте тез өседi, құрамында су – 91,4 % , нәруыз -2,6 %, крахмал, қант-3,8 %, май-0,4%, тұз – 0,8%, жасунық -0,9%. Түбiртегiнде ақтүстi жарғақты белдеушесi бар. Қуаттылығы сәбiз, орамжапырақ, қияр, қызаннан әлдеқайда жоғары саналады, ол айранның қуаттылығымен парапар келедi. ....
Мәнерлеп оқу дегеніміз — дауыс интонациясы арқылы автордың ойын білдіру, "мазмұндық ой екпінін дұрыс қоя білу, ақырында оқығанды түсініп, кейіпкердің көңіл-күйін сезіне оқи білу. Оқушылар сөйлемдегі сөздердің мәнін (әсіресе, омоним сөздер), шығарманың көркемдігін және оның әсерлілігін мәнерлеп оқу арқылы байқайды. Мәнерлеп оқу үшін әр сөздегі ойдың ара жігін ескере отырып, дауысты құбылтып, тиісті жағдайда сөздерге реңк беріп оқиды. Мұғалім кебінесе өзі мәнерлеп оқу арқылы оны оқушыларға үйрете алады. Мәнерлеп оқуды радио мен телевизорды, магнитофонды кең пайдалану арқылы да үйретуге болады. Мәнерлеп оқуды үйрету үшін әр мұғалім оқу сабағына немқұрайлы қарамай, жан-жақты дайындалуы керек. Ол үшін мұғалім қандай мәселені жете білуге тиіс? Мәнерлеп оқуды дұрыс ұйымдастыру үшін, оқушы сөйлемді немесе тексті оқығанда, қалай дем ала білу керек, дауыс қалай шығуға тиіс, дикцияның қандай болуы қажет — осының барлығын мұғалімнің өзі айқын білгені жөн. Өйткені мәнерлеп оқу үшін кеуде қуысына толған ауаны орынды пайдаланып, дұрыс дем ала білудің мәні зор. Өкпедегі ауаны сарықпай, оқу үнемі дер кезінде дем алып, ауаны керегінше жұтып отырған оқушы мәнерлеп дұрыс оқи алуына жағдайы бар. Мәнерлеп оқу дауыстың өзіне де қатысты. Дауыс неғұрлым таза, күшті шықса, оқу да мәнерлі болады. Ол үшін әр оқушы даусын күте білуі қажет. Дауыс желбезегіне онша күш келтірмеу, суық күндерде далада азырақ сөйлеу, суыққа шалдықпау — дауыс күші мен оның тазалығын, -үнін сақтаудың басты шарты. ....
Ертеректе айтылғандай , статистика көптеген құбылыстар мен процестерді оқытады. Осындай әрбір құбылыс барлық жиынтыққа ортақ ерекше, жекелей қасиеттері бар. Жекелей құбылыстар арасындағы айырмашылық вариация деп аталады. Егер ыстық суы бар ыдысқа суық су құйсақ , онда ыдыстағы бар судың температурасы бірдей болады. Балабақшадағы бір топқа немесе мектептегі бір сыныпқа барған балалар да ортақ , орташа деңгейдегі мінезге ие болады. Үлкен өнеркәсіптік өндіріс стандартталусыз болмайды , яғни жиналатын механизмдер, агрегатталусыз тетіктерінің орташа өлшемі . Сонымен , жиынтық элементтерінің өзара байланысуы вариацияның шектелуіне әкеледі. Бұл тенденция обьективті болып табылады. Сондықтан да орташа шаманың кең көлемде тәжірибе мен теорияда қолданылуы объективтілігіне байланысты. Жұмысшының көмегінсіз болған өндірістегі жұмыс ақысы орташа бағалау немесе жалақының орташа сағаты бойынша есептелетіні әрбір жұмысшыға мәлім. Емтиханда да орташа балл осындай екеніде әрбір студентке мәлім. Орташа шама әдісі арқылы статистика көптеген есептерді шығарады . Орташа шаманың басты көрсеткіші қорытындылау функциясында, яғни барлық құбылыс жиынтығын мінездейтін орташа шаманың көптеген әр түрлі белгілердің жеке көрсеткіштерінің ауыспалылығы. Қазіргі заман адамдарының ерекшелігі ол ұлдарының әкелерінен, сонымен қатар қыздарды да шешелерімен салыстырғанда ұзын болады. Бұл көріністі қалай өлшейміз? Әр түрлі жанұяда үлкені мен кішісінің бойларының сәйкестігі әр түрлі болып келеді. Әрқашанда ұл әкесінен, ал қыз шешесінен ұзын бола бермейді. Бірақ егер мыңдаған тұлғалардың орташа бойын өлшесе, онда орташа бой бойынша ұлдары мен әкелері, қыздары мен шешелері арасындағы бір ұрпаққа бой өсуінің орташа шамасын табуға болады . Бұған дейін де және қазіргі нарықтық экономикаға өту кезеңінде де статистиканы оқымаған халықтың ортасынан «орта» немесе «орта есеппен» деген ұғымды көптеп естуге тура келіп жүр. Яғни, бұл сөздерді қандай жағдайда қолдана аламыз деген сұрақ-сауалдың тууы мүмкін. Мысалы, бір институтта оқитын студенттердің стипендия ларының мөлшерін алатын болсақ , онда орташа шама әдісін қолданудың ешқандай да қажеттілігі болмайды. Себебі, сол жоғарғы оқу орнындағы стипендияның мөлшері барлық студенттер үшін бірдей, тек қана өте жақсы оқитын студенттердікі ғана өзгеше болады. Ал егер жұмысшылардың орташа айлық еңбекақыларын қарастыратын болсақ , онда олардың арасында түрлі себептеріне қарай жалақы мөлшері әркімде әрқилы болады. Мұндай жағдайда барлық жұмысшыларға тән сандық көрсеткішті есептеу үшін орташа шама әдісі қолданылады. ....