Сабақ жоспары: Аңдар №1 (Қазақ тілі, 1 сынып, 4 бөлім )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4-бөлім
Сабақтың тақырыбы:Аңдар №1
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)
1.6 Түрлі құрылымдағы мәтіндерді түсіну.
1.1.6.1 Жаңа сөздердің мағынасы мен айтылуын түсінеді.
1.2 Сөздердің және сөз тіркестерінің мағынасын түсіну.
1.1.2.1 Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсінеді.
2.4 Диалогке қатысу.
1.2.4.1 Анық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді.
Сабақтың мақсаттары:Барлығы: Жаңа сөздердің мағынасы мен айтылуын түсінеді.
Көбі: Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсінеді.
Кейбірі: Анық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді. ....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Аңдар (2-сабақ) (1 сынып, 4 бөлім )

Пән: Қазақ тілі (екінші)
Сабақтың ТАҚЫРЫБЫ: Аңдар
ОҚУ МАҚСАТТАРЫ: Т 1 Сөзді зейін қойып тыңдайды, түсінеді және оларды дұрыс қабылдайды.
Ж 4 Дыбыстар мен әріптер арасындағы байланысты біледі, жазуда саналы түрде ескеріп отырады.
О 1 Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды және сөздердің мағынасын түсінеді.
САБАҚ МАҚСАТЫ:Барлық оқушылар:
Орманда мекендейтін жануарларды тани алады. Атауларын емлелік жағынан дұрыс жаза алады. Буынға дұрыс бөліп, оқи алады.
Оқушылардың көбі:
Аңдардың атауларын қайталап айтып, жаза алады. Суретті мәтінді құрастырып, оқи алады. Диалогқа қатысып сөйлей алады.
Оқушылардың кейбірі:
Мәтінде не туралы айтылғанды түсініп, қысқаша өз сөзімен айта алады ....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Көгершін туралы аңыз №7 сабақ (3 сынып, I тоқсан, 1 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат
Сабақ тақырыбы: Көгершін туралы аңыз №7 сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.5 Түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты алу
3.3.5.1 сөздіктер мен анықтамалықтардан қажетті ақпаратты табу және оны алу
2.2 Берілген тақырып бойынша сөйлеу
3.2.2.1 берілген тірек сөздер негізінде сөйлеу (3-4 сөйлем)
5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)
3.5.1.1 мұғалімнің қолдауымен заттың атын/сынын/санын/іс-қимылын білдіретін сөздер мен көмекші сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану
Сабақ мақсаттары:
• Тақырып бойынша қосымша ақпарат табу
• Тірек сөздерді қолданып сөйлеу
• Заттың санын білдіретін сөздерді дұрыс айту
Оқушылардың барлығы: мұғалімнің көмегімен қосымша ақпарат іздейді және қолдау арқылы тақырып бойынша сөйлейді
Оқушылардың көпшілігі: тақырып бойынша қажетті ақпаратты табады, тақырып бойынша тірек сөздерді сөйлеу барысында қолданады, қолдау арқылы заттың санын білдіретін сөздерді дұрыс айтады.
Оқушылардың кейбірі: тақырып бойынша қосымша ақпаратты орынды қолданып, сөйлеу барысында қолданады, тақырып бойынша білетін ақпаратымен бөліседі, заттың санын білдіретін сөздерді ауызша және жазбаша тілде қолданады....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Әкеме айтып қоймаңыз...

Олар өте бақытты отбасы болатын. Бірақ, бір күні анасы ауру себебінен сүйікті күйеуі және енді ғана үш жасқа толған сүйкімді қызын тастап, бұл дүниемен қоштасты. Сәби күн сайын әкесінен «Мамам қашан қайтып келеді?” деп сұрайтын. Ал әкесі қызын жұбатып, „Қызым, мамаң өте алыс бір жерге жұмысқа кетті” деп...
Махаббат хикаялары
Толық

Әкеме айтып қоймаңыз

Олар өте бақытты отбасы болатын. Бірақ, бір күні анасы ауру себебінен сүйікті күйеуі және енді ғана үш жасқа толған сүйкімді қызын тастап, бұл дүниемен қоштасты. Сәби күн сайын әкесінен «Мамам қашан қайтып келеді?” деп сұрайтын. Ал әкесі қызын жұбатып, „Қызым, мамаң өте алыс бір жерге жұмысқа кетті” деп құшақтап ұйықтататын.

Сөйте жүріп, қызы алты жасқа шыққан жылы, әкесі мейірбан, ақкөңіл бір әйелмен танысады. Бір күні әкесі қызына: “Қызым, мамаң қайтып келетін болды. Сен мамаңның түрін ұмытып қалған жоқсың ба?” деп сұрады. Кішкене сәби ары ойланып, бері ойланып, басын шайқайды. Әке қызын аяп кетті әрі бір жағынан сәл де болса жеңілдеп қалғандай сезінді. Ол әлі де бала ғой.

Дәл сол сәтте есік ашылып, әлгі әйел кірді де құшағын кең жайып, қыздың есімін шақырады. Сәл таңырқап, жатырқап тұрған қызына әкесі: „Қызым, мамаңды танымадың ба? Тез “мама” деп шақыра ғой” депті. Сәби ақырын адымдай басып барып, „мама” деп құшақтай алады .....
Махаббат хикаялары
Толық

Ілияс Жансүгіров («Жаңа тұрмыс»)

Келдім міне ауылға,
Ауыл жиын қоныпты.
Қонғанының мәнісі
Ауыл колхоз болыпты.
Колхозының есімін
«Жаңа тұрмыс» қойыпты.
Жұлдыз - жұлдыз қараша үй
Шиі қияқтан тоқыған,
Ауыл ада болыпты .....
Өлеңдер
Толық

Фариза Оңғарсынова (Шаңырақ)

Бас қатырма баққа да, бұйымға да:
тірліктегі жұмағың үйің ғана.
Шатынап тұр, ал, менің шаңырағым –
келін жуас, қыз ойсыз, қиын бала.
Жабуға әзір қымтанып қақпаны ерте,
бірін-бірі менсінбей – жатқан ерке.
Бірлік жоқта байлық та берекесіз,
бауырмалдық болмаса, бақ та келте.
Атамыз да, деп жүрген жайда, мықты
пәтуасыз бір шалға айналыпты.....
Өлеңдер
Толық

Фариза Оңғарсынова (Дауылды аңсау)

Ақтымық.
Теңіз-
Маужырап дел-сал жас келіншектей жар құшқан,
қымсынып жатыр, тұншығып жатыр рахат пенен
алғыстан...
Тәкаппар, тентек теңізге мынау
таңданып кетіп барады
ақ шағалалар таңда ұшқан.
Ұйқыда теңіз,
албырап жатыр қас арулардай құлпырып,
дүние-ай, қанша сұлулық деген, нәзіктік деген
тұр тұнып!
Әншейіндегі арман боп жүрген аспан да
бүгін қас қақпай
телміріп тұрды ынтығып.
Мен тұрдым сонда....
Өлеңдер
Толық