Елімізде кәсіпқой бокстан WBA (Super), WBC, IBF және IBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинге арналған “Феномен GGG” фильмі жарыққа шықты.
Баланы анасының құрсағында жатқанда-ақ тәрбиелеу керек деген қағида қазір кеңінен таралып кетті. Мұны біреулер құптаса, біреулер жоққа шығарады. Әлі дүниеге келмеген бөбекпен сөйлесуге, оны тәрбиелеуге бола ма, оны қалай дұрыс жасаған дұрыс, соған үңіліп көрейікші.
Қай ұлттың ырым-жоралғылырын алсаң да ақшаға деген ерекше қатынасты байқайсыз. Барлығында да бір мақсат - ақша тапшылығын көрмеу, оны керісінше - көбейту. Ақшаның сиқырлы күші немесе энергетикалық қасиеті бар екендігі жайында соңғы кездері көп айтылып жүр. Қолыңызда миллион теңге тұрып.......
2017 жылдың 7 қаңтарынан бастап күшіне енген Қазақстан азаматтарын уақытша тіркеу туралы заң отандық желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті. Олар бір-бірінен қалай, қай жерге барып тіркелу керектігін сұрады. Сондай-ақ, астарлы қалжыңға құрылған жазба жариялап, жаңа заңды әзілге айналдырғандар да табылды деп хабарлайды NUR.KZ.
Ұялған кезде бір ойдың өзінен бұлшық еттердің дірілдеп, қалтырап жатқандығын сезінесіз. Барлығынан аз сөйлеп жатқандығыңызды да аңғарасыз. Не айтарыңызды білмей мазасызданасыз. Осындай аз сөйлеу немесе мүлдем жақ ашпаудан кейін өзіңіздің пікіріңізді қызықсыз санайды деп ойлайсыз.
Қазақстандық қыз-келіншектер арасында перзентті дүниеге әкелуге ерекше дайындалып, босанатын перзентханасы мен дәрігерін жан ұшыра іздеп, олардың қалтасын алдын ала қампайтып қою сәнге айналған.
Жаңа жылдан бастап жаңа заң! Елімізде бүгіннен бастап «терроризмге қарсы» заңға енген өзгеріс күшіне енді. Яғни, бұдан былай өзге аудан мен қалаларға қонаққа немесе жұмысқа бару қиындай түспек. Өйткені, ол жақта бір айдан артық болсаңыз, міндетті түрде уақытша тіркеуге тұруыңыз қажет. Заңға бағынбағандар жаппай айыппұл арқалайды. Қызу пікір талас тудырған ережені бүгін көші қон полициясы түсіндіріп берді.
Біз, қазақтар, қандаймыз? Таяу, алыс шетелдегі достарымыздан қазақтар жайлы қандай стереотиптер бар екенін сұрап көрдік. Олардың жауаптары төмендегідей болды деп жазады weproject.kz сайты.