Құлманов Бақтыгерей (1859 - 1919)

Құлманов Бақтыгерей Ахметұлы (1859 — 1919) — бірінші шығыстанушы-қазақ, шығыс ғылымының кандидаты, Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері. Құлмановтың арғы аталары Әбілқайыр ханның ұрпағынан тарайды.

Қазіргі Атырау облысы Теңіз ауданында дүниеге келген.

Б. Құлманов Орынбор гимназиясын күміс медальмен, шығыс тілдері мамандығы........
Рефераттар
Толық

Мәди Алшынбаев (1880 - 1921)

1880 жылы қазіргі Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында дүниеге келген.
Арғы атам – әулие еткен Ер Қазыбек,
Бекболат – оның ұлы болыпты бек.
Тіленші – одан туған абзал шері,
Қарадан хан боп туған бәрі асыл тек.

Атамыз одан кейін Алшынбай-ды,
Аруағынан естіген жан қалшылдайды.
Атағы Алатаудай бабаларым,
Көрдің бе осы күнде біздің жайды.

Сұрасаң Мәди еді менің атым,
Кем емес еш адамнан салтанатым.
Кешегі Бауыр-Бошан арасында,
Жаралған артық болып асыл затым, -
деп өзінің бекзадалық болмысын, Алашты билеген алыс-жақынға сөзі өткен асылдардың тұқымы еткенін жария еткен.
Мәди – арқалы ақын, әнші, композитор. Ғазиз басы отарлықтың ......
Рефераттар
Толық

Мәлік Ғабдуллин (1915—1973)

Мәлік Ғабдуллин - 15 қарашада Көкшетау облысының Зеренді ауданындағы Қойсалған ауылында дүниеге келді. 1935 жылы ҚазПИдің тіләдебиет факультетін бітірген. «Пионер» газеті жауапты редакторының орынбасары, КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалында кіші ғылыми қызметкер болып істеген. 1938–1941 жж. ҚазПИдің аспирантурасында оқыды.

Генерал И.В.Панфилов бастаған даңқты 28 гвардия дивизиясы құрамында Ұлы Отан соғысына бастанаяқ қатысты. 1автоматшылар ротасының саяси жетекшісі, 2атқыштар батальонының комиссары, полк үгітшісі.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық