Автоматизация | Ақпараты толық емес техникалық жүйенің басқару заңын синтездеу

Соңғы жылдары күй кеңістігіне негізделген автоматты басқару теориясы кеңінен қолданыс тапты. Қазіргі заманға сай автоматты басқару теориясының негізгі ерекшеліктеріне болып мыналар саналады: объектінің күй жазықтығында дифференциалды басқару жүйесі ретінде жазылуы; анализ және синтездеу есебін шешу кезінде алгебралық әдістерді қолдану; процестерді уақыт аймағында көрсету. Бұл әдістер басқару жүйесін жобалау кезінде сапалы жаңа мүмкіншіліктерді береді. Мысалы, синтездеу есебін шешу кезінде басқару шарты жеткілікті ма және жеткілікті емес пе, сонымен қатар қажетті өлшегіштердің құрамын анықтайды. Қазіргі заманға сай автоматты басқару теориясы анализдеу және синтездеу есебін шешу үшін күй жазықтығының әдісін кеңінен қолданады. Бұл әдістерді қолдану ЭЕМ-де математикалық қамтамасыздандыруды дұрыс қолдануға мүмкіндік береді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Менеджмент | АҚ Каспий Нефть ТМЕ компаниясының инновациялық жобасын басқару

«Қазақстан—2030» ұзақ мерзімді бағдарламасында елімізді дамытудың стратегиялық мақсаты — қоғамда ғылыми-техникалық саясаттың рөлін көтеру және отандық ғылым мен технологиялық бәсекелестік қабілетін арттыру деп көрсетілген [1]. Қазіргі кезеңде тәуелсіз Қазақстанда ғылыми-техникалық саясатты дамыту, басым бағыттардың бірі болып саналады. Өркениетті елдер тәжірибесі көрсеткендей, ғылыми-техникалық саясаттың дамуы ел экономикасының іргетасы екендігін өмір өзі дәлелдеп отыр. Осы мақсатта елімізде ғылыми-техникалық саланы реформалауды және қайта жаңғыртуды қолға алу кезек күттірмейтін мәселе екендігі дау тудырмайды. Өнеркәсіптің басым салаларында қоршаған ортаға техногенді әсер етуді темендететін, ғылымды көп қажет ететін және ресурсты үнемдейтін технологияларды әзірлеу қоғам қажеттілігі екендігі сөзсіз.
Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық реформалардың ішіндегі ең кабілеттісі — ғылыми-техникалық, инновациялық өзгерістер. Бұл сала еңбекке кабілетті мәдениет пен білімді өркендететін потенциалды қамтиды. Дүниетанымы мен менталитеті қоғамға сай қабілетті адамдарды, әсіресе жастарды тәрбиелеуде, оларды нарық заманының талаптарына жауап беретіндей етіп еңбекке үйретуде ғьлыми-техникалық саясаттың атқаратын рөлі орасан зор. Инновациялық жаңартулар арқылы қоғамның іргетасын нығайтып, әлеуметтік міндеттерді жүзеге асыра аламыз. Мемлекеттік саясаттың ажырамас, құрамдас бір бөлігі болып отырған ғылыми-техникалық саясаттың қоғам мен мемлекеттегі ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Журналистика | Асқар Егеубаев публицист

Әрбір журналистің бүгінгі күнгі жанкешті еңбегі – ертеңгі ел тарихы. Бұл үрдіс сонау ертедегі жазу-сызу пайда болған күннен бастап жалғасын тауып келеді. Бағзы замандардан бізге жеткен балбал тастардағы жазбалар – тарихымыз бен мәдениетіміздің, рухани дүниеміздің қазынасына қосылған қаймағы қалың, құнарлы мұралар. Отандық баспасөз беттерін парақтап көрсек, елдің кешегісі мен бүгіні, ертеңі менен келешегі сара жолдай сайрап жатыр. Біздің осы өмір сүріп жатқан дәуірімізді ақпарат ғасыры деп ерекше әспеттеп жар салып жарнамалаймыз. Сонымен қатар жаһандану деген жаңа түсінік пайда болып, әлемдік ақпарат кеңістігінің өрісі кеңіп, дүниенің төрт бұрышындағы жаңалықпен танысуға мүмкіндік туды. Осындай ақпарат тасқынының толассыз ағынына төтеп беру үшін жаңалық пен хабарды екшеп қабылдап, асылдан жасықты айыра білетін білік пен талғампаздық тағы да қажет болады. Осы орайда қоғамдық сананы, қоғамдық ойды қалыптастыруға публицистер еңбегі елеулі қызмет атқарады. Сондықтан мен бітіру жұмысымның тақырыбын «Асқар Егеубаев – публицист» деп алдым. Бітіру жұмысының негізгі тақырыбына көшпес бұрын ең әуелі публицистика мәніне тоқталып, түсінік бере кеткенді жөн санадым. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Отбасылық бюджет қалай басқарылады

Қоғамның ең кіші және ең маңызды бөлшегі – отбасы. Бала ертең өскенде өзіне және қоғамға қалай пайдалы бола алатындығының алғашқы тұқымы отбасыда егіледі. Осы тұқымның дұрыс егілуі үшін отбасының психологиялық, әлеуметтік жағдайымен қатар, экономикалық жағдайының да әсері зор.

Экономикалық проблемаларға келіп тірелетін көптеген жағдайлар отбасыда айтарлықтай қиындық тудырады. Бұл қиындықтардың алдын алу үшін отбасы мүшелері бір-біріне қолдау көрсетуі қажет және отбасы бюджетін дұрыс жоспарлауы керек.
Отбасы бюджетін қалай дұрыс жоспарлай аламыз?

Отбасы бюджетін дұрыс жоспарлай алу үшін әуелі отбасының табыс көздері мен мөлшерін анықтау керек. Одан кейін отбасының бір айлық кіріс-шығыс кестесін дайындау қажет. Бұл кестеде,

• Пәтер ақысы, комуналды қызметтер, азық-түлік, бар болса несие секілді міндетті төлемдер;

• Киім-кешек, отын, көмір, машинаның дөңгелегі секілді маусымдық шығындар; .....
Әңгімелер
Толық

Эдгар По | Асқар таулар аңызы


1827 жылдың, күзінде, Виргиния штатындағы Шарлоттсвилл маңында біраз уақыт тұрған кезімде мистер Огетес Бедлоумен танысқан едім. Ол өзі барлық жағынан тамаша жігіт болатын, со себепті менің ынта-ықыласымды аударып, өзіне мені баурап алды. Оның сыртқы сымбаты да, рухани бейнесі де — екеуі де маған сырын алдырмас тұңғиық болып көрінді. Мен оның семьясы туралы да жөнді ештеңе біле алмадым. Қанша әлектенсем де оның қайдан келгені белгісіз боп қалды. Мен оны «жас жігіт» деп ағай тұрсам да. тіпті соның жасының өзі маған жұмбақ болатын. Әрине, түріне қарасаң жап-жас болып көрінетін, әдетте өзінің жастығын үнемі көлденең тартып отыратын, алайда кейбір сәттерде ол маған кемінде жүз жасаған қартамыс жандай болып көрінуші еді. Бірақ оның сырт тұрпаты әрқашан қайран қалдырады. Ол өзі сорайған ұзынтұра әрі тыриған арық еді. Үнемі жауырыны күржиіп, бүкшиіп жүреді, маңдайы — кең, сәл тайқылау келген Жүзі — құдды балауыз тәрізді сұп-сұр. Аузы — жайын ауыз, үлкен әрі үнемі жыбырлап тұрушы еді, тістері бүтін, мықты бола тұрса да, керемет қисық болатын, ондай ойқыш-ойқыш тісті мен өзге тірі пендеде сірә көрген емеспін. Әйтсе де түр-түрпатына қарағанда, күлкісін көңіл айнытарлық деуге әсте болмайды, бірақ сонда да ол сарсылған сары уайымның, айықпас зарығудың айтатындай қалпынан айнымаушы еді. Оның көзі әдеттен тыс үлкен, құдды мысықтың көзіндей дөп-дөңгелек. Мысық тұқымдастардың бәрінде байқалатындай оның жанары да жарық күшейсе немесе азайса бір үлкейіп, бір кішірейіп, құбылып тұрушы еді. Әлденеге толқып, қызбаланған сәтте жанары айрықша жалт-жұлт етіп шағылысқандай да емес, кәдімгі шамнан немесе күннен тараған шұғыладай арайлы сәуле шашатын; әйтсе де көбіне жанары өлген адамның көзіндей салқын, суалған, жансыз болып көрінетін-ді. .....
Әңгімелер
Толық

Асқар Алтай | Казино


І

Құдайсыз қоғамға, имансыз адамға бәрі рұқсат... ештеңе жат емес екен. Ал мұндай мұндар дүниеде өртті жүрек, дертті сана ақылға қонақ бермей, асау сезімге ғана бой алдырмақ.

Жошы “Пирамида” казиносына кіргенде алдынан еліктей елеңдеп Есілай мен құмархана иесі лақса кәрі, бірақ қытайдың өмір ұзартар “адам шөбін” үзбей қолданудың арқасында ширақ қимылдайтын, жұдырықтай ғана бұхарлық жебірей шалы жымиып қарсы алды. Төс қағысқан амандықтан соң Жошы сұңғақ та сұлу Есілайдың бетіне ернін тақап, ыстық демі балғын жүзін шарпып, аман-саулықтың мезіретін істеді. Есілай “майлы клиенттің” шынтағынан еппен ғана іліп алып, қудың қауырсынындай қалқып, “орыс рулеткасы” — орыс бәсі дейтін аты шулы үстелге әкелді. Үстел басында бұл бұрын кездестіре қоймаған ығай мен сығай қыз-жігіттер отыр екен. Бұлар әйгілі “алтын жастар” ғой.

Көң құны көтеріліп кетіпті...

Көңілі көшеден нілдей бұзылып келген Жошының жыны құрыстады да қалды. Аптаның жұмасында ғана ойнайтын, басқа күндері бас сұқса — Есілай үшін ғана... Жұмада таныстары да жолығып қалатын. Бүгін тіпті жым-жылас. Зауқы соқпаса да көңге қомақты бәйге тікті. Ойынды бірақ ұзаққа созғысы келмеді, бір айналымнан қайырып, қызыл шараптан екі тартып, Есілайды қолтықтап жоғарыға өрледі.

Екеуі де қолтықтасқан күйі темір бағанға қысыр жыландай оралған бұрама сатының шыны табанын басқан. Бұл бір ұшар басын үшкілдей қосып, үшбұрыштана біткен төрт қабырғасын қос қабат көк әйнекпен жапқан, Мысыр пирамидасы үлгісімен көтерілген көшірме ғимарат еді. Ішіндегі мүлік-мүкәммалына дейін әйнектен жасалған-ды. .....
Әңгімелер
Толық

Мұхтар Әуезов | Құм мен Асқар

I

Түн. Қойлы ауылдың қотаны. Түн аспанының қақ жартысын қаптаған қара қошқыл, түйдек-түйдек бұлттар ауыл үстіне қарай төніп келеді. Шаңдақ жерден топырақ борады. Түңліктер желпілдеді, жел көтеріле бастады. Алыста найзағай жарқылдайды. Күн күркірейді. Жалт еткен жарық ішінде ауылдың жеті үйі көрінді. Қалың қойдың шет-шеті тұрып, сілкініп, қозғалақтап абыржи бастады. Ала төбет пен қара қаншық ауылды айнала жүгіріп, арсылдап үреді. Қотан ортасында ескі жыртық жабу үстінде үлкен жыртық күпі шекпенге оранған Райқан отыр.

— Е-е-й, һайт, — деп айтақтап қойды.

Үлкен үйде жертөсекте ұйықтай алмай аунақшып жатқан бәйбіше сексиіп басын көтерді. Желпілдеген түңлікке, сықырлаған уыққа қарады. Құлақ салды. Киініп тысқа шықты.

— Тоқалдың қасында албырап жатырсың-ау, — деді. Жөткіреді, айтақтайды. Күндестің үйіне қарап үн бере береді. Жұдырығы құрысып, жағы тістенді...

Екінші ақ үйде Райқанның айтағымен оянып, тұра бастаған Жексенге тоқал қарайды... Жексен үйден шыға бастады. Тоқал артынан есікке таман ере барып:

— Жас тоқалға бой ұрды, — дейді. Бай Райқанды табады. Бұлтқа нұсқап, ұйықтама деді. Жауап жоқ. Иығынан тартады. Райқан сыртымен отырып, ояу екенін білдіреді. Анау зекігенде басын екінші жаққа бұрып күрсініп, тізесіне тағы сүйенеді. Бай ашулы түспен үңіліп тепсінеді. Райқан құнысып, бүкшиіп, тоңғанын білдіреді. .....
Әңгімелер
Толық

Асқар Алтай | Дық

Әнші Жәнібек Кәрменов аруағына бағыштаймын.

Автор.

...Қазыбек көз ілген жоқ.

* * *

Көз ілетін де жөні жоқ.

Белдеудегі бесіктей ырғалған вагонның нар төсегі мен тарсылдаған темір доңғалағы бір жақтан, өткен жылы жолыққан Арқа аруы Ақтілекке деген алаң көңіл екінші жақтан мазасын алды.

Түстіктен ащы ішектей шұбатыла шығып, Алматыға асыққан поезға әнші кеше кешігіп қала жаздаған. Апта бойы алақанында қондырған түстік өңір азаматтары да поез орнынан енді қозғалып бара жатқанда мінгізіп жіберді.

Қоңыр былғары қапты домбырасы мен көк сөмкесін көтеріп, купеге кіргенде еңгезердей қара шал мен қара көзі күлген қара торы бойжеткен бұны үнсіз қарсы алды. Шал бәкене бойлы бұған біртүрлі менсініңкіремей, одырая қарап қойды. Бұл да бірақ сыр берген жоқ. Астыдағы екі орынды да бұрын кіріп жайлап алған жандарға сыпайы ғана сәлемдесіп, сөмкесін жоғарыға қойып, домбырасын үстідегі бос орынға ұзынынан тастады. .....
Әңгімелер
Толық

Асқар Алтай | Прописка

Желтоқсанда із-түзсіз кеткендердің рухына бағыштаймын.

Автор.

Күн ұзарған, түн қысқарған көкектің кәрі қыздай қылтың-сылтың басы. Өскеменнен түсте шыққан автобус Ұлан арқылы Самарға тікелей асып, Ертіс түсіп, Күршімнен бір-ақ шығуға бел байлаған. Көкек келсе де наурыз жылымығының қайырма қызыл шұнағы қала ішін дірдек қақтырып, Ұлан асуына қарай созылған ұзақ жол беті сиыр жалағандай. Жып-жылмағай көк мұз. Алды-арты бірдей тартатын шағын сары автобус ішіндегі азғана жолаушыларды селкілдете ұрып, соқтырып келеді. Күн аяздан шаңытып тұр. Автобустағылар өзді-өзімен шүйіркелесіп, қайсыбірі жорта қалғып отыр. Жолаушылар арасында нәресте құшақтаған жас келіншек қыңқылдаған сәбиін уатумен әлек. Ең артқы орындықта отырған Архат олардың іс-әрекетіне көз жіберіп, көңілсіздеу күйде көзін жұмған.

Ұйықтайын деп ойлаған, бірақ көзі ілінбей-ақ қойды. Амалсыз қырау тұрған терезеге таянып, ыстық демімен алақандай жерді ерітіп тысқа үңілді. Ұлан асуына көтерілер тұстағы тау ішіне дендеп енген екен бұлар. Ақтұмсық Алтайдың танауына әлі сірге жүгірмепті. Маңай мұрты бұзылмаған сере-сере қар. Алты ай қыс ағыл-тегіл аспаннан саулаған ақ тасқын қымтаған қалпы. Өлі дүниедей. Бойында бірақ белгісіз бір сес бар... Өзі кеше ғана аттанған Алматыны еске алды. Көкек астанада күшіне еніп, қызуы қоламтадай жүз шарпығалы Алатаудың да биік бауырындағы қалың қар лас лайсаңмен апыл-құпыл аттанып кеткен еді ғой. Биыл биік Алтайдың басындағы ұшпа бөркі тұрмақ, етегіндегі жел қағып, қар тоқтамайтын тастақ қыраттары да наурыздың ақша қарын жамылып, самарқау жатыр. Сырбаз Алтай тәрізі көктемге жонын бергісі жоқ. .....
Әңгімелер
Толық

Асқар Алтай | Түсік


Түлен түртті пендені...

Түсінде түсік көрді. Түсік — түсік емес, түсікке айналған мұның өзі. Бармақтай ғана жан иесі екен. Ештеңемен ісі жоқ. Жөнімен жүзіп жүр.

Жүзіп жүрген мекені — жатыр. Биттің қабығындай жұқа жатыр іші – жұмбақ әлем. Жұқа жарғақ жарылып кетердей толқып-толқып қояды. Жұмсақ құрсақ баяғы балалық шағында шаңырақта үрлеулі тұрған қарындай шайқала толқығанда, көгілдір әлемде балықтай жүзген бұл бесіктей тербеледі. Бірақ тұншықпайды. Емін-еркін тыныстайды.

“Япыр-ау! Баяғыда бұған тіршілік суда пайда болды деуші еді, сол рас болғаны да... Пенде де көлкіген көгілдір дүниеде жаратылады екен-ау!” деген бір сұм ой орала кетті. Денесіндей жіңішке, шағын емес, алдымен пайда болған жұп-жұмыр, жуан басына келген түсініксіз ойдан түсік селк ете түсті. “Астапыралла! Өзің кеше гөр, жаратушы ием! Мұндай мұндар ой қайдан ғана келеді, осы?! Осындай орнықсыз жерде... О, күнәһар!” деп өз-өзін жазғырып та қойды.

Әлгінде ғана адам еді.Түсік емес еді. Бауырымен жүзбей, аяғымен жорғалап жүрген: жер бетінде, күн өтінде... Енді мына бір көлкіген көгілдір әлемге тап болды. Не күн жоқ. Не ай жоқ. Не бір жұлдыз. Торғындай жұмсақ бірақ. Жанға жайлы, тәнге майлы. Емін-еркін жүзе бер, жүзе бер.

Түсікке айналған адам көк теңіздей көлкіген әлемде армансыз жүзе берді. Алаңсыз жүзіп жүріп: “Әлгінде ғана адам едім. Неге түсікке айналдым? — деген оқыс ойға тағы келді. — Ал енді, саптан қапқа тамып түсер тамшыдан емес, бірден адамнан айналған түсікті жайлы жатыры жатырқап, жатсынып қалса қайтеді?! Онда тұқымының тұздай құрығаны – жатсынған жатыр сылып тастағаны”.

Түсік дір ете түсті...

Құрсақ та кенет қуықтай қусырылып, жыландай жиырылып жазылды. Сонда ғана түсік ұлы қауіпті сезінді. Жатыр жатсынса, мұны бойға біткен арам без ретінде сылып тастайды екен. Ал арамның аты да, заты да арам. Бұл бірақ арам ба? Бұл адам еді ғой.

Адам еді...

* * *

Жатырдағы жұмбақ әлемде емес, жарығы мол жұмақ әлемде жүргенде ұрынды ғой бұл. Ұрынды. “Түсік” деген қол-аяғы жоқ домалақ пәлеге сонда жолықты.

Түсік түлкі бұлаңмен өткенін шолды...

Пендеге тән түлкі бұлаң тірлік кешкені рас. Түсікке айналмай тұрып жалғанды жалпағынан басты ғой, шіркін! Шіркіннің шылауына кім ілінбеді, шаңына кім ілесе алды?.. Құба күндер, құла түндер сынаптай сырғыды......
Әңгімелер
Толық